Кіріспе. Қазіргі кезеңде білім беру үдерісіне инновациялық ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу қажеттілігі, бір жағынан, қоғамды толық технологияландыруға және ақпараттың жылдам жинақталуына, екінші жағынан, материалдарды жеткізу сапасын жақсартуға және оны игерудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін мультимедиялық оқу құралдарының мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Студенттер оқу материалдарының 70-80% -ын өз бетімен меңгеруі қажет [1].
Бакалавриат бағдарламасында жоғарғы мейіргер тәрбиесінің ерекшелігі науқаспен және манипуляция әдістерімен жұмыс істеуді үйрететін клиникалық пәндердің болуы. Білім алушыбілім туралы ақпаратты ғана біліп қана қоймай, алған білімін,құзыреттіліктерініс жүзінде жүзеге асыруды үйреніп, оларды кәсіби құзыреттілікке айналдыруы керек.
Қазіргі кезде білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың келесі салалары: әңгімелесу, интерактивтік, телекоммуникациялық, мультимедиалық білім беру ресурстары қолданылады [2]. Ұзақ уақыт аралығында (10-15 жыл) технологиялар мен олардың элементтері белгілі бір дәрежеде білім беру үдерісінде қолдануға ие болды. Мәселен, Краснодар қалалық жоғары медицина институтында 5 жылдан астам уақыт бойы түрлі электронды құралдарда оқитын студенттерге әдістемелік материалдар (оқу құралдары, бірнеше пәндер бойынша дәрістер курсы, тестілік бақылау және т.б.) беріледі немесе электрондық почтаға жіберіледі. Соңғы жылдары кәсіптік білім беру мақсаттарын анықтауда студенттердің білімі мен құзыреттіліктерін кәсіби біліктілік ретінде осындай интеграцияланған құрылымды қалыптастыруға ауысып отыр [3]. Шет елдік білім беру жүйесінде кеңінен таралған бұл тұжырымдама,Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта еуропалық қоғамдастыққа біріктірілген, ол отандық білім беруде жалпы және кәсіби білім беру стратегиясын ғана емес, сонымен қатар тәсілдерді, әдістерді, оқыту құралдарын таңдау үшін негіз болып табылады.
Сондықтан да,«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) 2017 негізінде білім алушылардың даярлық деңгейіне, білім беру мазмұнына, олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, жоғары оқу орындарында білім алушылардың оқу жүктемелерінің ең көп көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды [4].
Зерттеудің мақсаты: Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясының «Мейіргер ісі» мамандығы бакалавриат бағдарламасына қабылдаған студенттердің негізгі құзыреттіліктерін МЖМБС- 2017 бойынша бағалау.
Зерттеу материалдары мен әдістері. МЖМБС-2017 негізінде «Мейіргер ісі» мамандығына бірнеше элективті клиникалық пәндер енгізілді: әлеуметтік маңызы бар аурулар, психикалық денсаулық және аддикция, геронтологиядағы мейіргерлік күтім, созылмалы аурулар кезіндегі мейіргерлік күтім, денсаулық сақтаудың электронды жүйесі, медициналық сақтандыру, мейіргер ісіндегі көшбасшылық, ішкі аурулар пропедевтикасы. Осы енгізілген клиникалық пәндердің бастапқы нәтижелерін, студенттердің оқу, тәжірибелік қабілеттерінің қаншалықты өзгергендігін бағалау мақсатында 2 курс - 25, 3 курс - 32 және 4 курс - 15 студенттерімен сауалнама жүргізілді. Сауалнамада студенттердің клиникалық базаларда жұмыс жасау дағдылары мен науқастарға дұрыс мейіргерлік күтім көрсете білулерін, база қызметкерлерімен қарым-қатынастары барысында кәсіби этика ережелерін сақтау дәрежесін анықтайтын сұрақтар қойылып, олардың білім дәрежелерін, кәсіби құзыреттіліктері анықталды.
Зерттеу нәтижелері және талқылау. Зерттеулерді талдау кезінде біз келесі нәтижелерді алдық: МЖМБС-2017 негізінде енгізілген элективті пәндер клиникалық бағыт алып және бұл пәндер студенттердің семинар сабақтарында өтілген мәліметтерді тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндіктерін арттырғандығын жүргізілген сауалнама нәтижелерінен байқауға болады. Нәтижелер 2017-2018 оқу жылында 2 курс арасында 88% - 22 студентте тәжірибелік дағдыларының жоғарлағанын, құзыреттіліктерінің артқанын;
3 курс арасында 78%-25 студентте тәжірибелік дағдыларының жоғарлағанын, құзыреттіліктерінің артқанын; 4 курс арасында 66%-10 студентте тәжірибелік дағдыларының жоғарлағанын, құзыреттіліктерінің артқанын көрсетті. Жүргізілген бұл зерттеулерден енгізілген пәндердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерінің бар екенін көреміз. Артықшылықтары: мейіргерлердің құзыреттіліктерін арттырып,олардың қоғамда алатын орны маңызды екенін үйретеді,студенттердің клиникалық базада көп уақыт болуларын қамтамасыз етіп қоймай,сонымен қоса дәрігерлермен тікелей қарым-қатынас орнатуларын, келешекте белсенді жұмыс жасап кетулеріне мүмкіндік береді. Кемшіліктері: базалық және кәсіптендіру пәндерінің жаңа бағытта болғандығы үшін керекті әдебиеттердің орыс және ағылшын тілінде болуы.
Қорытынды. Тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мақсатында, мамандықтың траекториясын және МЖМБС 2017 негізінде элективті клиникалық пәндердің тізімін ескере отырып, оқу процесіне енгізу орынды деп санаймыз. Себебі,оқу бағдарламасына енгізілген элективті клиникалық пәндердің бастапқы нәтижелерін бағалау барысында студенттердің тәжірибелік қабілеттерінің 50% жоғарылағанын, құзыреттіліктерінің артқандығын, коммуникативті дағдыларының едәуір жетілгендігін байқадық.
Әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 27 шілде 2007 жыл № 319
- Ж.Т.Жетмекова., Ж.К.Маженова. Наука и Здравоохранение медицинский научный-журнал, Анализ формирования компетенции практические навыки на факультете «Сестринское дело», 2014 г № 3.с-12-13.
- А.К.Наркозиев. Alma mater вестник высшей школы, Компетентностный подход в высшым образовании:соотношение и взаимосвязь понятийного аппарата, №7 июль, 2016 г с-53-58
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 175- бабының 3-тармағы 2009 жыл 18 қыркүйек.