Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының XXI-ші ғасырдағы экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары

Кіріспе. Глобалды мәселелердің бірі - ауаның ластануы. Ол дегеніміз - әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Олар жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді.Әсіресе біздің Ақтөбе қаламызда оның деңгейі жоғары.

Транспортты - автомобильдер, ауа, кеме транспорттарының газдары. Өндірістік - технологиялық процестерден пайда болатын қалдықтар (металлургия, мұнай-газ, химия және т.б өнеркәсіптер). Тұрмыстық - тұрмыстық жағдайдағы қалдықтар бөлігі. Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаға келеңсіз әсер етудің жетекші факторларының бірі болып қалуда[1] .

Зерттеу мақсаты. Қазақстан Республикасының XXI-ші ғасырдағы экологиялық мәселелерін болдыртпау және оларды шешу. Қалдықсыз технология немесе аз қалдықты технологияны қолға алу.

Материалдар мен әдістер.

Зерттеу құралдары:ауыр металдар тұздары, өсімдіктер, пробиркалар.

Зерттеу әдістері: Мониторинг, лабораториялық зерттеу( ауыр металдардың өсімдіктерге әсерін), экологиялық баға беру.

Атмосфералық ауаға жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндіру және тау-кен өндісі, қара және түсті металлургия неғұрлым теріс әсер етеді.

Нәтижелер мен талқылаулар. USAID-тің бағалауынша, Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздық қатеріне аса бейім аймақтарға жатады. Республикада атмосфераға таралған шығарымдылар 2005 жылдан бері бір деңгейде қалып отыр (2,9 млн.тонн), әлемдік дағдарыс орын алып, жекелеген өнім түрлеріне деген сұраныс азайған тұста, яғни 2008 жылдан бастап өндіріс көлемі қысқарды, бұл шығарындылардың төмендеуіне себеп болды[2] .

2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2,2 млн. тоннаны құрады, сонымен 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың деңгейі 4%-ға кеміді[1].

Ластағыш заттардың негізгі көлемі Қарағанды (661,2 мың тонна), Павлодар (572,5 мың тонна), Шығыс Қазақстан (146,9 мың тонна), Ақтөбе (125,3 мың тонна), Қостанай (114,4 мың тонна) және Атырау (114,4 мың тонна) облыстарының аумақтарында қалыптасқан. Атмосфералық ауаға таралған ластағыш заттардың жалпы көлемінің (2226,6 мың т.) 71,3%-ын газ тектес және сұйық заттар және 28,7%-ын қатты заттар құрайды[2] . Ауаның ластану жай-күйін бағалау кезінде елді мекендердегі ауаға таралған ластағыш заттардың шекті мөлшерінің көрсеткіштері (ШМК) негізгі сапа өлшемдері болып табылады. Атмосфераның ластану деңгейі атмосфера ластануының кешенді индексінің (ИЗА5) шамасы бойынша бағаланады, ол қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ШМК-ның ең көп нормаланған көрсеткіштері бар бес зат бойынша, сондай-ақ ШМК-ның асып кетуі бойынша есептеледі.Атмосфера құрамында шекті мөлшерден асатын ластағыш заттардың аса жоғары деңгейі - 17 қалада, орташа деңгейі 7 қалада тіркелген[2].

Қорытынды. Ақтөбе қаласы экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі. Қала аумағындағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшері байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді ірі өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағында көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен3].

2013 жылы сантарлық-эпидемиологиялық бақылау қала ауасын азот диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутек және тағы да басқа заттарға тексергеннен кейін ауаны басты ластайтын себеп қаланың кәріз жүйесі екені анықталды12]. Кәріз жүйесіндегі күкіртсутектің үлесі 2—16 % жетуі мүмкін, оған қоса ағын судың құрамында сульфидтер көп. Осының кесірінен түнде және таңғы мезгілде қаланың бірнеше ауданының тұрғындары жағымсыз иістен қорлық көріп жүр. 2013 жылы қаладағы автокөлітер саны 178 мыңға жетті. Бұл да қала ауасының ластануына өз үлесін қосады^4].

Көп уақыт бойы қала маңымен ағып өтетін Елек өзені Алға химиялық зауытының бор қалдықтарымен және Ақтөбе хром қосындылары зауытының алты валентті хром қалдықтарымен ластанды, бұл өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізінің ластануына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы ескірген тазарту құрылғыларының кесірінен Елек өзеніне жылына 10 млн м3 дұрыс тазартылмаған ағын су төгеді. Ағын судың белгіленген мөлшерден асқаны үшін «Ақбұлаққа» әкімшілік шаралар қолданылғанымен, жағдай оңалар емес. Ақтөбе облысы өнеркәсіп дамыған өндірістер экономикалық жағынан дамып жатқанымен экологиялық жағынан қоршаған ортаны ластауда. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін біз, болашақ ұрпақ қалдықсыз технология немесе аз қалдықты технологияны дамытуымыз қажет[4] .

Әдебиеттер тізімі

  1. Акимова Т.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для студентов вузов/ Т.А.Акимова, В.В.Хаскин; 2-е изд., перераб. и дополн.- М.:ЮНИТИ, 2009.- 556 с. Рекомендован Минобр. РФ в качестве учебника для студентов вузов.
  2. Бродский А.К. Общая экология: Учебник для студентов вузов. М.: Изд. Центр «Академия», 2006. - 256 с. Рекомендован Минобр. РФ в качестве учебника для бакалавров, магистров и студентов вузов.
  3. Воронков Н.А. Экология: общая, социальная, прикладная. Учебник для студентов вузов. М.: Агар, 2006. - 424 с. Рекомендован Минобр. РФ в качестве учебника для студентов вузов.
  4. Николайкин Н.И., Николайкина Н.Е., Мелехова О.П. Экорлогия. 2-е изд.Учебник для вузов. М.: Дрофа, 2008. - 624 с. Рекомендован Минобр. РФ в качестве учебника для студентов технич. вузов.