Кіріспе. Қазақстанда артериялық гипертензия әлеуметтік- медициналық өзекті проблемалардың бірі. Гипотензивті эффектіні алуға бірнеше себептер бар соның бірі метереологиялық тәуелділік.
Ауа-райы өзгеруіне байланысты әрбір үшінші ер адам және әйлдер қауымының жартысы сезімтал. 65-75% жүрек- қантамыр жүйесінің ауруымен ауратын науқастар ауыр метео сезімталдықпен зардап шегеді. Жер және ғарыштық ауа райының, гипертониямен ауыратын науқастардың гемодинамикасына теріс әсерін төмендетуге ықпал ететін жоғары тиімді құралдармен әдістерді іздестіру заманауй профилактикалық медицина саласындағы басым бағыттардын бірі болып табылады [1].
Гипертониялық криздің (ГК) қолайсыз метереологиялық факторлардың (МФ) әсеріне тәуелділігін анықтауға талдау ауа райына тәуелді пациенттерді басқарудың алгоритімін құруға мүмкіндік береді, бұл АГ бар науқастарда ГК-дің тиімді екіншілік профилактикасы үшін қажет[2].
Демек тәжірбиелі медицинада дәрігер антигипертензивті құралдарды ұтымды әрі тиімді пайдалану мақсатында артериалды гипертониямен ауыратын науқастардағы МФ потогенді әсер ету мүмкіндігін гипертониялық криз жетілуіне жыл мезгілінің тәулік уақытының есер ету мүмкіндігін ескеру керек [3].
Зерттеудің мақсаты: Шымкенттің тұрғындарына түрлі мезгілдерде метеорологиялық факторлардың әсері мен сипатын анықтау болды.
Материалдармен әдістер. Зерттеу нысаны ретінде, Шымкент қаласы бойынша 2013-2015 жыл аралығында қан қысымының көтерілуімен (МКБ I10-I15) сипатталатын ауруларға шұғыл медициналық көмекке (122455 науқас) түскен. Халық топтарға бөлінді, жынысы, жасы бойынша. Артериалық гипертензия диагнозымен науқастарға айлар бойынша қоныраулар саны туралы анықтама Шымкент қаласының ЖМЖС- нің статистикалық бөлімінен алынды. Шымкент қаласының МҚ индикаторлары «Казгидрометтен» алынған. Фактрлардың әсері мен АГ науқастарына қоныраулардың саны арасындағы қатынасты зерттеу үшін корреляциялық талдау әдісі пайдаланылды.
Нәтежиелер мен талқылау. Тұрғындардың өтініштері бойынша жыл сайынғы динамикасының орташа айлық көрсеткіштеріне талдау көрсеткендей, қоныраулар санының өсуі қыс айларында көп ал жаз айларында аз.
МФ әсеріне АГ бар науқастардың Шымкент қалалық ЖМК-не өтініштері кезінде маусымдық көрсеткіштер бойынша ауаның орташа температурасы және қысымы бәсекелесті.
Корреляциялық талдау статистикалық күшті кері орташа жылдық ауаның орташа температура ұзақтығы және АГ өршу жыдамдығы 2011 жыл (r = -0,863, р <0,01), 2012 жыл (r = -0,788, р <0,002), 2013 жыл (r = -0,731, р <0,007). Атмосфералық қысымның артуы мен гипертензияның артуы арасындағы қатынастың тікелей сипаты 2011 жылы орташа және әлсіз күшті корреляциямен (r = 0,144, р <0,65), 2012 жыл (r = 0,695, р <0,012), 2013 жыл (r = 0,073, р <0,82). Артериалды гипертония кезіндегі желдің корреляциялық талдау әдәсәмен әсері 2011 жыл үшін статистикалық түрғыдан елеулі қатынастарды (r = 0,450, р <0,142), 2012 жыл (r = 0,461, р <0,131), 2013 жыл (r = 0,464, р <0,128).
Осылайша жүргізілген статистикалық талдау Шымкентте ЖМЖ үшін АГ бар науқастарды атмосфералық қысым және емдеу жиілігі арасындағы сенімді қарым- қатынасты көрсетті
Қорытынды. АГ бойынша ЖМК өтініштердің көпшілігі ауа температурасы атмосфералық қысымының және жел жылдамдығының өгеруіне байланысты әйелдерде тіркелді Атмосфералық ауа температурасының төмендеуі және атмосфералық қысым жоғарылауы кезінде АГ асқыну қауіпі бар.
Әдебиеттер
- Ботабекова А.К. Воздействие метеорологических факторов на течение артериальной гипертензии в разных регионах Казахстана / А.К. Ботабекова, Ж.А. Кауызбай, Э.К. Бекмурзаева // Вестник ЮКГФА. - 2015. - №4(73). -С. 74-77.
- Заславская Р.М., Щербань Э.А., Тейблюм М.М., Логвиненко С.И. Достоверность корреляционных отношений между погодными факторами и показателями гемодинамики у больных артериальной гипертонией и ишемической болезнью сердца при традиционном лечении и комплексном лечении с мелатонином // Клиническая медицина. - 2011. -№5(89). - С.49-53.
- Марченко Т.К. Влияние гелиогеофизических и метеорологических факторов на организм человека / Т.К. Марченко // Физиология человека. -1998. Т. 24, № 2. - С. 122-127.