Зерттеудің өзектілігі:Атеросклероз мәселесі қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып қала беруде. Атеросклероз - жүрек артерияларын, бас миы, аяқ, бүйрек және де басқада ішкі ағзалардың қантамырларын зақымдайтын ауру.[1,2,3,4] Атеросклероз кезінде қантамырлардың ішкі қабатында липидтер, нәруыздар жиналып қантамыр саңылауын тарылтады немесе толығымен бітейді. Цивилизация аурулары ретінде саналатын жүрек ишемиялық ауруы (ЖИА), артериялды гипертония (АГ), 2 типті қантты диабет (ҚД) және т.б. қантамыр аурулары кезінде кездесетін гиперлипидемия, гипергликемия, гиперинсулинемия, гиперкортизолемия, гиперурикемия, дислипидемия және т.б., атеросклероздың дамуына ықпал ететін процестер қатарына жатады[4,5,6,7,8,10]. Осыған байланысты клиникалық мәселерді шешумен күресуде осы аталған патологиялық процестердің бәрі әлеуметтік маңызы бар болып табылады, бұл тек медицина ғылымы алдында ғана емес, табиғи ғылымдар алдына да тұрған мәселе. Көптеген биохимиялық,
патофизиологиялық, морфологиялық, клиникалық зерттеулер және жан - жақты оқып үйренулер, атеросклероз процесінің ағымы, дамуы және даму заңдылықтарына байланысты сұрақтарды әлі күнге дейін шешуде. Қазіргі уақытта ең жиі кездесетін аурулар атеросклерозбен және оның асқынуларымен байланысты, әсіресе жүрек ишемиялық ауруы, ми қантамырлары ауруы (МҚА). Әлемнің көп елдерінде аурушандыққа, мүгедектікке және өлімге әкелумен байланысты осы ауру мемлекеттік, әлеуметтік және медициналық мекемелердің басты қызметтік мәселелері болып табылады. Кейбір зерттеу материалдарына сүйенсек соңғы 25 жылда атеросклероздың өршуі мен жиіленуі бойынша, сонымен қатар магистралды қантамырлар стенозының да жиіленуі және атеросклероздың жасаруы байқалуда. Атеросклероздың ер кісілер арасында жиі кездесуі байқалады. Атеросклероз - ауыр клиникалық асқынуларға әкелетін кең таралған аурулардың бірі. [7,8,9]Соңғы 20 жылдан астам уақытта аурулардың әлем деңгейінде өсуі байқалуда. Сонымен қатар атеросклероз асқынуларынан өлім-жітімде өсуде, 75-85 % құрайды. Соңғы 10 жылда науқастарда бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы байқалуда. Атеросклероздық зақымдалу нәтижесінде дамыған бүйрек артериясының стенозы ишемиялық нефропатияға әкелуде [11,12]. Қазіргі уақытта бүйрек жеткіліксіздігі дамуының бірден бір себебі 2-ші типті қантты диабеттің ересектер арасында жиі дамуы. Бірақ, бүйрек артерияларының атеросклероздық зақымдануының таралуы әлі күнге дейін толық анықталмаған. Көптеген жылдардағы атеросклероздық зерттеулерге қарамастан, атеросклероздық зақымданулардың кейбір морфогенездік күйлері сол күйінде анықталмай отыр. Атеросклероздың бастапқы көріністеріне көп қөңіл бөлінгенмен, фиброзды табақшадан кейінгі сатылары сол күйінде толық зерттелінбеген. Атеросклероздың өзектілігін зерттеуде Шымкент тұрғындарының өмір сүруі, тамақтануы және басқа жағдайлардың қаншалықты әсер ететіндігі көрсетіледі.
Зерттеудің мақсаты: 20 дан бастап 70-тен асқан жас аралығындағы Шымкент тұрғындарының атеросклероз эпидемиологиясы мен қауіп-қатер факторлары әсер етуі жағдайларын ескере отырып, қолқа және бүйрек артериялары атеросклерозының патологиялық анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері: Қолқа және бүйрек артерияларының атеросклерозының дамуына қауіп-қатер факторларының (артериялық гипертензия, қантты диабет, темекі шегу, алкоголь ішімдігін аса көп мөлшерде қолдану) әсер етуін бағалау.
Материалдар және зерттеу әдістері:
Зерттеуге материал болып табылғаны:
20-79 жастағы тұрғындардың
54 - кеуде және құрсақ қолқасы ;
34 - тұрғындардың бүйрек артериясы (оң және сол).
Материал атеросклероздың әртүрлі клиникалық-морфологиялық түрінің асқынуларынан, басқа аурулардан және дені сау (зорлық-зомбылық себептерінен) өлгендердің аутопсиясынан алынды.
Материалды жинауға Облыстық патологиялық-анатомиялық бюро, Қазақстан Республикасы сот медициналық орталығының Оңтүстік Қазақстан филиалы тартылды.
Әр бақылауға атеросклероздың патологиясы мен эпидемиологиясын зерттеу үшін арнайы клиникалық-анатомиялық мәліметтер картасы, қолқа атеросклерозы дәрежесін визуалды- планиметриялық бағалау картасы; бүйрек артериялары атеросклерозы дәрежесін визуалды- планиметриялық бағалау картасы толтырылды.
Өлім себебі бойынша барлық популяция үш негізгі топтан құралды:
- - атеросклероздық аурулардан өлгендер (ЖИА, МТА қолқаның атеросклероздық аневризмасы,
бүйрек , ми, аяқ артерияларының атеросклероздық зақымдалулардан бітеліп қалуы);
- - дені сау адамдар (зорлықтан өлгендер), ми және тәж артериялары қанайналымының бұзылуы
патологиясы жоқтар, сондай-ақ жедел аурудан өлгендер ;
- - өлімі басқа себептен болғандар (жүрек-қантамыр ауруларымен ауырмаған және өлімі зорлық-
зомбылық себебімен байланыссыз).
Зерттеудің негізгі әдісі ретінде атеросклероздың дәрежесін визуалды -планиметриялық бағалау болып табылады.
Препараттарды бояу үшін судан ІІІ, гемотоксилин-эозин қолданылды.
ШИК -реакциясы негізгі затты анықтау үшін қолданылды, гликозоаминогликандар, липидтер судан ІІІ қолдану арқылы анықталды.
Бұдан басқа, тікелей рентгенографияны қолдану арқылы кальцинозды зақымдалу аумағы мен жиілігі анықталды.
Артериалды гипертония 160-95мм.сын.бағ. және одан жоғары кезінде есепке алынды(екі рет өлшенген жағдайда). Бұл мәлімет аурудың стационарлық картасында көрсетілген.
Қантты диабет қанда глюкозаның құрамы 6,6 ммоль/л-ден жоғары жағдайда және ұйқы безінің морфологиялық зерттеу нәтижесі бойынша тіркелді.
Темекі шегу, қауіп-қатер факторы ретінде медициналық карта жазбасынан немесе туысқандарының айтуы бойынша алынды.Темекі шегушілерге бір күнде кемінде бір сигарет және үнемі шегетіндер жатқызылды.
Алкоголь қауіп-қатер факторы болып тұрақты түрде және көп мөлшерде үнемі қолданылуы (30 мл-ден көп этанол ) аптасына 1 реттен көп және одан да жиі қолданылған жағдайда есепке алынды, ал одан сирек қолдану алкоголді ҚҚФ(қауіп-қатер факторы) жоқ деп есептелді.
Алынған мәліметтерді өңдеу математикалық статистикалық әдістер көмегімен жүргізілді. Келесі статистикалық көрсеткіштер анықталды : орта арифметикалық (М), орта квадратты ауытқу (-’ ), орта
арифметикалықтың қатесі (m), нақтылық белдеуі Р<0,05 (кейбір жағдайларда өте жоғары белдеу таңдап алынды: Р<0,01 немесе Р<0,001). Стьюдент критерии көмегімен (t) белгілердің салыстырмалы жиілігінің арасындағы статистикалық маңызды айырмашылығы анықталды.
Қорытынды:Қауіп-қатер факторлар арасында ДЗ сатысындағы атеросклероз дамуына ең көп әсер ететін артериалды гипертония, одан кейін қантты диабет болып табылды. Темекі шегуді атерогенді әсері жастар арасында(20-39жас) айқын көрінді.
Алкоголь қауіп-қатер факторы ретінде шамадан тыс(100мл күніне және одаан жиі) қолданғанда жастарға (20-39жас) әсерін көрсетті: қолқада ДЗ жиі кездесті және ауданы 2 есе көп болды.
Әдебиеттер:
- .Абдуллаходжаева Д.Г. Патогенетические аспекты медикаментозной терапии облитерирующего атеросклероза гиполипидемическими препаратами: Дис. ... д-ра мед. наук. - Ташкент, 2003.- 314с
- . Relationship between insulin resistance and subclinical atherosclerosis in individuals with and without type 2 diabetes mellitus/ Hossein Fakhrzadeh, FarshadSharifi, MahtabAlizadeh, SeyedMasoudArzaghi et al. //Journal of Diabetes & Metabolic Disorders (2016)
- . Association of the RYR3 gene polymorphisms with atherosclerosis in elderly Japanese population / Ch. Zhao, Sh. Ikeda, T. Arai, et al. // BMC Cardiovascular Disorders. -2014. - Vol. 6. - N14. -P
- . The value of noncoronary atherosclerosis for identifying coronary artery disease: results of the Leipzig LIFE Heart Study / A.Weissgerber, M.Scholz, A.Teren et al. // Clin Res Cardiol. - 2016. - N.105. - P. 172-181.
- .Алексеев В.П., Аргунов В.А., Жданов В.С. Атеросклероз аорты и коронарных артерий у мужчин, проживающих в Якутии (эпидемиологическое патологоанатомическое исследование) // Арх. пат. - 1989. -Т.51, №4. - С.29-31.
- .Балтаг Р. Анализ смертности от церебральных инсультов в Республике Молдова // Журн. неврол. и психиатр. -2002. -Вып.7. -С. 62-63.
- .Вихерт А.М., Жданов в.С., Матова Е.Е. Динамика развития атеросклеротических изменений в аорте и коронарных артериях у практически здоровых людей - Арх.патол. - 1970. -Т. 32, №2. - С. 44-50.
- Изменения в течение атеросклероза, произошедшие за 25-летний период у мужского населения 9 городов СНГ стран Балтии - В.С. Жданов, А.М. Вихерт, И.Е. Галахов и др. // Тер. Арх. - 1995. -№1. -С. 26-30.
- Ишемическая болезнь сердца, атеросклероз, факторы риска и питание в популяциях мужчин с разной степенью неблагополучия эпидемиологической ситуации / В.В. Константинов, Г.С. Жуковский, В.С. Жданов и др. // Кардиология. -1996. -Т.36, №36, №11. -С.54-58.
- «Атеросклероз - результат старения липидов» К.П.Ошакбаев, А.Ш. Сейсенбаев, Л.М. Зинбаева, Б.С. Оскенбаева // CONSILIUM, №1, 2010г
- «Патология коллагеновых волокон в атеросклеротических бляшках в коронарных артериях при ишемической болезни сердца» В.С. Жданов, С.П. Веселова, И.П. Дробкова, И.Е. Галахов. // Морфология 2007г №5.
- Оболенский В. Н. и др. Хронические облитерирующие заболевания артерий нижних конечностей- диагностика и тактика лечения //Русский медицинский журнал. - 2010. - Т. 18. - №. 17.