Кіріспе. Қазіргі уақытта негізгі өзекті мәселенің бірі қалдықсыз технология жасау арқылы жаңа өнімдер шығару, табиғи шикізатты тиімді өңдеу және металл жабдықтары мен құрылғыларды коррозиядан сақтау болып саналады. Қазақстан Республикасында металлургия өндірісі қарқынды дамыған және олардың қатарына жататын Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Оңтүстік полиметалл» АҚ түсті металдар шығару жағынан ірі өндіріс орны болып табылады. Бұл өнеркәсіпте С0, С1 маркалы рафинирлі қорғасын, жоғары тазалықты металдар және басқада да көптеген маркалы металдар өндірумен қатар үлкен мөлшерде қалдық ретінде құрамында мырыш, темір, қорғасын т.б. металдары бар өндіріс қалдықтары шлак шығады. Мұндай өндіріс шлактарынан алынған хлорлы 138
айдамаларды металл фосфаттарына өңдеп, коррозияға қарсы қаптамаларды алу технологиясы ғылыми тұрғыдан өзекті мәселе болып табылады. Фосфатты қаптамалар конверсионды, яғни металды негізгі ерітіндімен әрекеттестіру нәтижесінде алынатын қаптамалар болып табылады. Олар суда қиын еритін, кристалды қабықша тәрізді темір мен мырыштың немесе темір мен марганецтің фосфорлы-қышқыл тұздары болып келеді. Метал бетінің сипаттамасына және фосфаттау шарттарына байланысты қалыңдығы 1-10 мкм құрайтын, бағалы қасиетке ие, майда және ірі дәнді қабықшалар пайда болады [1].
Зерттеу мақсаты: Негізінен хлорлы тұздар тәжірибе жүзінде өндіріс қалдықтарының құрамындағы хлорлы айдамаларда кездеседі. Шлакты хлормен өңдеу арқылы хлорлы тұздарды алу үшін оның құрамындағы металдардың мөлшерін және шлактың қасиетін зерттеу қажет [2].
Материалдар және зерттеу әдістері. Зертханалық жағдайда қорғасын зауытының қалдығынан алынған хлорлы айдаманы фосфор қышқылымен ыдырату арқылы мырыш және темір фосфаттарын алу үрдісі зерттелді. Зерттеу нәтижесінің негізгі мақсаты - үрдістің тиімді көрсеткіштері ыдырату кезіндегі температура, үрдістің жүру уақыты, фосфор қышқылының шоғыры және хлордың газды күйге өту дәрежесін анықтау. Зерттеу 4(Н140°С температураларда және уақыт 30, 60, 90, 120 минут аралығында жүргізілді [3].
Зерттеу нәтижелері және талқылау. Алынған өнімдердің сапасын бақылау химиялық, рентгенофазды (РФТ) және дифференциалды-термиялық талдау (ДДТ) әдістермен жүзгізілді.
Рентгенофазды талдау (РФТ) ДРОН-3 құралында 20-68° бұрыш аралығында жүргізілді (1 сурет), дифференциалды-термиялық талдау дериватографта (Паулик, Пулик-Эрдей) 20-10000С температура аралығында, 10 град/мин қыздыру жылдамдығында жүргізілді. Индуктивті-байланысты плазмалы масс- спектрометриялы детектірлі VARIAN 820-MS спектрометр құралында элементті және изотопты талдау жүргізілді.
Жазықтық аралық қашықтықтардың мәндеріне сәйкес (d,A) рентгенофазды талдаудың мәндеріне және үлгінің қатысты интенсивтілігінде (1/11) дифрактометрдің мәндеріне сәйкес Zn(H2PO4)2-2H2O моноклинді түрінің бар екендігі дәлелденді (А 3,67, 3,31, 2,93,2,78, 1,97).
Қорытынды. Зерттеуде алынған нақты тәжірибелік көрсеткіштерді пайдалана отырып, металл хлоридтерін өңдеудің тиімді көрсеткіштері анықталды.
Әдебиеттер
- Хайн И.И. Теория и практика фосфатирования металлов.-Ленинград: Химия, 1973.-307 с.
- Анарбаев А.А., Кабылбекова Б.Н., Айкозова Л.Д. Металл хлоридтерін фосфор қышқылмен ыдыратудың термодинамикасы мен кинетикасын зерттеу //Труды международной научно-практической конференции «Современные проблемы инновационных технологий в образовании и науке». - Шымкент, 2009.- С.52-55.
- Анарбаев А.А., Кабылбекова Б.Н., Айкозова Л.Д. «Мырыш-, темір- хлоридтерін фосфор қышқылымен ыдыратудың кинетикасы //Наука и образование ЮК. - 2009. - №1 (74). - С.88-90.