Түйін
Бұл мақалада Cichorium өсімдігінің 90% спиртті экстрактыларының компонентті құрамы анықталды. Анализ 5890 маркалы II HP газды хромотографында масс-селективті детекторында жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша cichorium өсімдігінің 90% спиртті экстрактыларының химиялық құрамы зерттеліп, ең көп кездесетін қосылыстар циклді қосылыстар, аминдер, амин қышқылдары, алкандар, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер т.б. табылады.
Кілт сөздер: Cichorium, спирт, аминдер, қант, экстракция, газды хроматография, циклді қосылыстар.
Cichorium - өзіне тән тәтті және дәмді қасиеттері бар моносахаридтер, соның ішінде фруктоза көмірсуының қайнар көзі болып табылады. Биіктігі 20-150 см тамыры жуан, тік өсетін сабағының сыртын сиректеу түк басқан. Сабақ түбіндегі топталып өсетін жапырақтарының сопақша, шеттері ойық, сабақ бойындағы жапырақтары отырмалы, жіңішке жиектері бүтін болады. Гүлдері қос жынысты, жапырақ қолтығынан өседі. Гүл шоғыры - себет. Күлтесі көгілдір, көк, ақшыл түсті, алдымен бірігіп бес тісті қуыс гүл құрайды да, гүлдеген кезде ұзынынан жарылып тілше гүлдерге айналады. Cichorium маусым - қыркүйек айларында гүлдейді. Жемісі қазанға дейін жетіледі. Таңертең күн астында көгілдір себеттері толық ашылып, кешке қарай жоғалып кетеді. Ал бұлтты күндері мүлдем ашылмайды.
Ислам рауаяттарында насихат етілген тағамдық шөптердің бірі - сісһогіит (цикорий). Ғылыми атауы intybus cichorium деп аталатын бұл тағамдық шөпті адамдар ежелден-ақ, мыңдаған жылдар бұрын қолданып келеді. Шашыратқының дәмі ащы, бірақ оның пайдасы сансыз. Имам Садеқ (ғ.) шашыратқыны ең жақсы шөп деп есептейді. Имам Әли (ғ.) оны жұмақтың өсімдігі деп таныстырған.
Зертханалық жануарларға жасалған зерттеулер бойынша, шашыратқы құрамындағы заттар ішек обырының алдын ала алады. Бұл өсімдіктің тағы бір пайдасы бауырды уланудан сақтайды. Бұл қасиет осы өсімдіктің құрамындағы Tetracholoride carbon атты затқа байланысты.
Имам Реза (ғ.) шашыратқының пайдасы жайлы: «Бұл өсімдікте мыңдаған аурудың емі бар. Ол емдей алмайтын адам денесінде ауру жоқ»,-деген. Мұсылман дәрігерлер Имам Резаның (ғ.) пікірін ғылыми зерттеулер нәтижесіне сәйкес келеді деп есептейді. Олардың айтуы бойынша, Имам Резаның адам ішіндегі ауру дегені бауыр ауруы. Шашыратқы бауырға ғажайып эликсирдей әсер етеді [1,2].
Х.Х.Холматов, Х.Ходжиматовтардың (1992) мәліметтері бойынша Cichorium Intubus L. тамырларының құрамында 56-65 % инулин, интибин, гликозидтер 0,1-0,2 % ащы заттар 9-9,5 % фруктоза, 10-12 % левлоза 0,6 % май және В1 витаминдер бар екендігі анықталды. Жапырақтарында май, инулин, қант, азотты заттар, С, Д витаминдер, каротиндер бар [3].
Cichorium өсімдігінің жапырақтарымен жас өркендерінде витамин С, органикалық қышқылдар болса, гүлдерінде цикорин гликозиді, сүт шіресі және ащы заттар тораксастерал және каучук заттары бар. Химиялық құрамы толық зерттелмеген өсімдіктердің қасиеттерін зерттеу, биологиялық белсенді заттарды бөлу биоорганикалық химия саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады [4].
Зерттеудің мақсаты: Cichorium өсімдігінің 90% спиртті ерітіндісіндегі комонентті құрамын газды-хроматографиялық әдіспен анықтау.
Зерттеудің нысаны ретінде ОҚО, Мақтаарал ауданының 2016-2017жж Cichorium өсімдігі (гүлі, сабағы, жапырағы) алынды [5].
Шикізаттың ылғалдылығы мен күлділігі гравиметриялық әдіспен анықталды, сулы ерітіндісінің РН - мәні «И-160 МИ» маркалы РН-метрмен, ал экстрактивтілігі суда және спиртте 2 сағатта 80-85 0C температурада жүргізілді [6].
Cichorium өсімдігінің жер үстіңгі бөлігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) 90% спиртті ерітінділері даярланды. Бір ай көлемінде қараңғы жерге қойылды. Қажетті мерзімі жеткенде ол ерітінділер сүзгі қағазы арқылы сүзілді. Сүзілген ерітіндіні 5890 маркалы II НР газ-хроматографында масс селективті детекторында анықталды [7]. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 1- кестеде көрсетілген.
Кесте - 1. Cichorium өсімдігінің физика-химиялық көрсеткіштері
№ |
Шикізат атауы |
рН |
n |
р, г/см3 |
|||
суда |
спирт,% |
суда |
спирт,% |
суда |
спирт, % |
||
90 |
90 |
90 |
|||||
1 |
Шашьрпкы гүлі |
5,50 |
6,61 |
1,6460 |
1,6500 |
0,9987 |
0,8177 |
2 |
Шашыратқы сабағы |
5,80 |
6,11 |
О о |
1,359 0 |
0,994 3 |
0,824 9 |
3 |
Шашыратқы жапырағы |
5,80 |
6,63 |
1,3310 |
О СП |
О о O4 |
0,8390 |
2 -кестеде көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, Cichorium сулы ерітіндісінің рН мәндері әлсіз қышқылдық ортаны көрсетеді.
Cichorium өсімдігінің жер үстіңгі бөлігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) 90% спиртті ерітінділері газды-хроматографиялық әдіспен анықталды. Зерттеу нәтижелері 2-3 кестеде көрсетілген.
2 Кесте - Cichorium гүлінің 90% этил спиртіндегі ерітіндісінің құрамындағы кейбір қосылыстардың мөлшері
№ |
Қосылыстың аты |
Мөлшері,% |
Уақыт, мин. |
1 |
D-Стрептамин, О-2-амино-2-деокси-а-О-глюкопиранозил-О-2-деокси- |
6,53 |
2,166 |
2 |
Аллоиноситол |
11,67 |
3,5 |
Миоиноситол |
|||
Формамид, N, N-Диметил |
|||
3 |
3-метил декан қышқылы |
2,50 |
7,71 |
Диметил-циано-фосфин |
|||
1,5 - Ангидроглюцитол |
Cichorium гүлінің 90% этил спиртіндегі ерітіндісінде 137 қосылыс бар екені анықталды. Оның ішінде күрделі эфирлер, фенол қышқылдары, ароматты қосылыстар т.б. көп кездеседі. Ал, сабағы мен жапырағының 90% этил спиртіндегі ерітіндісінде 116 қосылыс бар екені анықталды. Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе, жапырағы мен сабағының құрамында ең көп кездесетін қосылыстар циклді қосылыстар, аминдер, амин қышқылдары, алкандар, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, ароматты және т.б. табылады.
Қорытынды
- Алғаш рет, ОҚО, Мақтаарал ауданы, Ынталы ауылы шашыратқысының жер үстіңгі бөлігінің (Cichorium) (гүлі, жапырағы, сабағы) физика-химиялық қасиеттері анықталды.
- Cichorium өсімдігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) 90% этил спиртіндегі ерітінділерінің құрамы газды-храматографиялық әдіспен анықталып, жіктелді.
- Cichorium гүлінің 90% этил спиртіндегі ерітіндісінде 137 қосылыс бар болса, сабағы мен жапырағында 116 қосылыс екендігі анықталды. Олардың ішінде ең көп кездесетін қосылыстар циклді қосылыстар, аминдер, амин қышқылдары, алкандар, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер т.б. табылады.
Әдебиеттер
- Юрий Константинов «Цикорий от ста недугов» 12 марта 2016ISBN: 978-5-227-06322-9, 10-13с 25
- Кенесарина Н.А. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Ақмола. Аграрлық университеті, 2005 ж.
- В.А. Вильчик ‘ Цикорий’ - Ярославль: Верх.-Волж. кн. изд-во, 1982. - 80с.
- Введение фитохимические исследования и выявление биологической активности веществ растений. Алматы, 2008 ж.
- Яшин Я.И., Яшин Е.Я., Яшин А. Я. Газовая хроматография. - М., 2009. - 528с
- Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А. «Основы химии природных соединений», Алматы: Қазақ университеті, 2010, с.389-490
- М.Б.Ахтаева, Г.Е.Азимбаева, Б.М.Бутин., «Шашыратқының жер үсті бөлігінің (гүлі, сабағы, жапырағы) құрамындағы макро-микроэлементтердің таралу заңдылығын зерттеу», Хабаршы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, 67бет, Алматы, 2014жыл, ISSN 1563-0218.