Түйін
Мүгедектік және оның барлық сипаттамалары негізгі демографиялық көрсеткіштердің арасында алдыңғы қатарда болып табылады, сонымен қатар, кез келген әкімшілік және географиялық аймақ пен тұтастай алғанда халықтың денсаулығы мен әлеуетін анықтайтын негізгі фактор. Мүгедектерді оңалту көрсеткіштері де денсаулық сақтау саласындағы маңызды көрсеткіштер қатарында [1.2].
Кілт сөздер: мүгедектік, оңалту, жарақат, ОҚО.
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті деректері бойынша медициналық оңалтуға мүмкіндігі шектеулі адамдардың 97,7% талап етсе, кәсіби оңалту шараларын - 62,6%, ал әлеуметтік оңалтуды - 78,3% қажет етеді. Тұрақты мүгедектіктің құрылымын алып қарастыратын болсақ, жұмысқа қабілетті ер адамдардың ішінде алғашқы орынды жарақаттар алып отырса, әйел адамдармен қоса алғанда жүрек-қантамыр аурулары мен онкологиялық ісіктерден кейінгі үшінші орында [3].
Жарақат алу қоғамдық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің бірі. Дегенмен, қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін аталған мәселе маңыздылығына баға беру жеткіліксіз дәрежеде. Жарақат алуды профилактикалық шаралар мен оған қарсы күрес шараларын қабылдау арқылы алдын алуға болады. Травматизм себептері көп қырлы және бір-бірімен байланысты, сол себептен кең масштабты стратегиялық шешімдерді қажет етеді. Жыл сайын Республикамыздағы тұрғындар арасында тірек-қимыл жүйесімен жарақаттану деңгейі жалпы жарақаттардың шамамен 13%-ын құрайды, оның ішінде 1,7 мыңнан астам адам қайтыс болады, ал 3 мыңнан астам адам мүгедектер қатарына қосылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2003 жылы жариялаған мәліметтеріне қарағанда, жыл сайын жол-көлігі жарақатынан бүкіл әлемде 1,2 миллион адам қайтыс болса, 50 миллион адам мүгедек болып қалады екен. Еуропа мемлекеттерінде соңғы 10 жылда жарақаттанғандарға көрсетілетін медициналық көмек сапасы айтарлықтай жоғарылап, жарақаттан туындайтын өлім деңгейі 30%-ға дейін төмендеді. Тұрмыстық жарақат алған науқастарға барлық сатыда көмек көрсетуді оңтайландырудың ең басты жолы - ауруханаға дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмектен бастап, науқастардың саулығы қалпына келгенше денсаулық сақтау ұйымындағы қызметкерлермен профилактикалық- реабилитациялық бағыттағы медициналық көмекті жүзеге асыру болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Жарақат салдарынан туындаған мүгедектікті оңалтудың оңтайлы шешімдерін ғылыми тұрғыда негіздеу, тәжірибелік медицинаға тиімді жолдарын ұсыну.
Зерттеу әдістері мен деректері. Зерттеуге ОҚО бойынша Статистика комитетінің деректері қолданылып, математикалық-статистикалық, сараптамалық әдістермен өңделді.
Зерттеу нәтижелері және талдау. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі халық санының 3,2 пайызын құрап отыр. Мүгедектерге көрсететін көмектердің түрлері кеңейтіліп, әлеуметтік жәрдемақылар төлемдерімен шектелмей, оларды оңалту, қоғамға интеграциялау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шаралары жасалынуда. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша бөлініп отырған қаржының көлемі жылдан-жылға артып келеді. 2016 жылы мүгедектерді оңалтуға 1218,0 млн. теңге бөлінді, 2015 жылмен салыстырғанда 52,0 млн. теңгеге көбейді.
Облыс тұрғындарының 2005 - 2014 жылдардағы жарақаттанудан туындаған аурушаңдығы 372,2%о00-ден 346,0%о00-ге дейінгі аралықта орналасқандығы белгілі болды. Осыған қарағанда тұрмыстық жарақаттануға байланысты қалыптасқан алғашқы аурушаңдық көрсеткішінің төмендегені байқалады. Осы жағдайдың қалыптасуына бірінші кезекте қала тұрғындары арасындағы тұрмыстық жарақаттанудан туындаған аурушаңдығының 528,0%о00 -ден 427,5%о00-ге дейін төмендегендігі себеп болды.
Жергілікті медициналық мекемелердің деректеріне сай жарақат салдарынан пайда болған мүгедектікті оңалту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы жылда (2015-2016 жж) 1052 адам емдік- оңалту орталықтарына жіберілсе, 250-ден астам адам толықтай сауыққан. Ресми статистикалық деректерге сай 2016 жылы гигиеналық құралдармен 2898 адам, санаторлық-курорттық емделумен 570 адам, жеке көмекшінің қызметімен 1624 мүгедек қолданылған.
Сауықтыру шараларын және төсек-орын айналымын зерттей келе толықтай травматоло- гиялық бөлімнің жоқтығы, білікті травматолог-ортопедтердің жеткіліксіздігі, сонымен қатар травматологиялық бөлімнің толық көлемде жабдықталмауы мүгедектерді оңалту шараларына біршама тосқауыл болып отыр.
Қорыта Келе тұрғындардың өмір сүру салтын салауаттандыру және білімділігін арттыру керек. Жарақат алған науқастардың өмірін сақтап қалу үшін барлық сатыда көмек көрсетуді оңтайландырудың ең басты жолы - ауруханаға дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмектен бастап, науқастардың саулығы қалпына келгенше денсаулық сақтау ұйымындағы қызметкерлермен профилактикалық-оңалту бағыттағы медициналық көмекті жетілдіру болып табылады
Әдебиеттер
- Андреева, О. С. Потребность инвалидов Москвы в медико-социальной реабилитации / О. С. Андреева // Медико-соц.экспертиза и реабилитация. - 2014. - № 1. - С. 6-11.
- Гесува, Н. К. Организационно-методические подходы к формированию территориальной модели реабилитации инвалидов / Н. К. Гесува, И. А. Соколова // Медико-социальная экспертиза и реабилитация. - 2015. - № 1. - С. 21-24.
- Оңтүстік Қазақстан тұрғын халықтарының тұрмыстық жарақаттарынан туындайтын әлеуметтік- гигиеналық мәселелер А.М. Булешова соавт-мен. ҚазҰМУ Жаршысы. 2016 ж.