Түйін
Зерттеуде Шымкент қаласында және оның әкімшілік аудандарында тұратын халықтардың жарақаттануынан және оның асқынуынан туындаған мүгедектігінің қатерлі себептері және алғашқы мүгедектіктің қалыптасу заңдылықтары туралы айтылған. Осы көрсеткіштерді туындататын негізгі денсаулыққа зиянды себептердің қауіп-қатерлілік дәрежесіне сандық баға берілді және ғылыми тұрғыда негізделген ребилитациялық шаралар туралы тәжірбиелік ұсыныс жасалды.Бұл жұмыстың тәжірбиелік маңызы халықтардың жарақаттануынан және оның асқынуынан туындайтын алғашқы мүгедектіктің профилактикасына және реабилитациясын жасауға арналған ғылыми тұрғыда негізделген тәжірбиелік ұсыныстарды емханалық медицициналық ұйымдарға енгізіп, мүгедектік оқиғаларының деңгейін барынша азайту болып отыр.
Кілт сөздер: Шымкент қаласы, әкімшілік аудандар, асқыну, мүгедектік, зиянды себептер, реабилитация, емханалық медициналық ұйымдар.
Жарақаттану оқиғалары тұрғындар арасында өте жиі кездесуде және оның асқынуынан тұрғындардың арасында туындайтын созылмалы аурулары мен мүгедектігі жылдан жылға арта түсуде. Ал жарақаттарға байланысты алғашқы аурушандық пен мүгедектік оқиғаларының еңбек ету жасындағы тұрғындардың арасында жиілей түсуі, өнеркәсіптік өндірістің дамуына және экономикалық-әлеуметтік ақуалдың жақсаруына еңбек етушілердің қосатын үлесін барынша азайтуда. Республика ғалымдарының ғылыми деректеріне қарағанда еліміздің тәуелсіздік алған жылдары (1991-2016 жылдары) алғашқы мүгедектікке ұшыраған тұрғындардың үлес салмағы 17,8% дейін артқан. Басқаша айтқанда, оның деңгейі әрбір 10000 еңбек ету жасындағы тұрғындар- ға балап есептегенде 32,9 оқиғадан 58,56 оқиғаға дейін жетті.
Сондықтан да жарақаттануға байланысты ұзақ ауыратын пациенттер мен мүгедектікке ұшыраған тұрғындардың арасында ұйымдастырылатын профилактикалық, емдеу және реабилита- циялық шаралардың сапалы болуының маңызы арта түсуде. Емханалық және стационарлық меди- циналық ұйымдарда ұзақ жүретін жарақаттардың асқынуынан туындайтын созылмалы аурулар- дың алдын-алу, емдеу және реабилитациялау шаралары арнайы құрастырылған бағдарлама арқы- лы жүзеге асырылады.
Елімізде және шет елдерде мүгедектікке алып келетін жарақат арулары профилактикасы- ның және реабилитациясының тиімділігін арттыруға бағытталған және ғылыми тұрғыда негіздел- ген көптеген бағдарламалар қолданысқа ендірілген. Респбуликамыздың ірі мегаполисі саналатын Шымкент қаласында ғылыми тұрғыда негізделген жергілікті денсаулыққа зияндылықтарды тудыратын қауіптіліктер есепке алынған арнайы профилатикалық және реабилитациялық іс шаралардың бағдарламасы осы күнге дейін жасалмаған.
Зерттеу мақсаты. Шымкент қаласы тұрғындары арасында мүгедектікке алып келетін жарақаттануға байланысты туындайтын аурулардың қалыптасу заңдылығын анықтап, осы патологиялардың кешенді профиликатикасын және реабилитциясын ғылыми тұрғыда негіздеу.
Тәсілдер. Диссертациялық жұмыстың орындалуы бірнеше кезеңде жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысының барысында қолданылған материалдар 2010-2016 жылдарды қамтыды. Бақылау бірлігі ретінде статистикалық жиынтықтарды бағытталған және типологиялық таңдау әдісін қолдану арқылы сүйек бұлшық ет жүйесінің аурулары (СБЖА) және әртүрлі себептердің нәтижесінде пайда болған мүгедектіктің әрбір оқиғасы алынды. Зерттеу нысаны ретінде Оңтүстік қазақстан облысының емдеу -профилактика ұйымдарында қойылған диагнозы мен науқастың амбулаториялық картасы (форма №025/у) сонымен бірге медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама» 088/у формасы болып табылады. Алынған -мәліметтер Оңтүстік Қазақстан облысының ересек тұрғындардың мүгедектігін зерттеу картасында тіркелінді.
Социологиялық зерттеу жұмысының барысында жоғарыда аталған аурулардан зардап шеккен мүгедектердің пікірі алынып, сарапталды. Респонденттер толтырған сұрақнамада өздері- нің денсаулық жағдайларын, емханаларда көрсетілген медициналық көмек түріне және сапасына қанағаттану дәрежесін, денсаулық көрсеткіштерінің қалыптасу заңдылықтары туралы және мүгедектерді мемлекеттік қолдау бойынша пікірлерін көрсетті.
Сауалнамаға осы мәселерді қамтыған 71 сұрақ кіргізілді.Алынған деректерді медициналық -статистикалық тұрғыда өңдеу және сараптау жұмыстары зерттеу жұмыстарының барлық кезеңде- рінде белсенді түрде жүзеге асырылды.Қажетті материалдарды медициналық-статистика-лық жинақтау және өңдеу IBM- «Pentium» класындағы компьютерлерді қолдану және Statistica for Windows (Release 5.1); Statgraphics Plus for Windows 3.0, Microsoft Exel бағдарламаларына сүйену арқылы жүзеге асырылды. Қортынды мен тұжырымдау кезеңінде алынған нәтижелерді жан- жақты сараптап, қажетті тәжірибелік ұсыныстар жасалынды. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы -Шымкент қаласының амбулаторлық-емханалық ұйымдарының жұмысын жақсартуға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар дәрігерлердің жұмысына еңгізілді.
Қазақстан республикасында жарақаттанудан туындайтын аурушаңдық көрсеткішінің деңгейі. Жалпы аурушаңдықтың құрамында екінші рангалық орын алса, осы аурулардың асқынуынан қалыптасатын алғашқы мүгедектік жалпы мүгедектіктің құрамында үшінші рангалық орында жайғасқан.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы қалаларында қалыптасқан жалпы мүгедектік көрсеткіші- нің деңгейі соңғы 5 жылда орта есеппен алғанда 10000 адамға балап есептегенде 418,7±29,5 оқиға- ны құраса, оның құрамындағы біріншілік (алғашқы)мүгедектігі орта есеппен алғанда 232,4 ±17,3%о0 болып шықты.
Біріншілік мүгедектік көрсеткішінің жоғары деңгейі 2015 жылғы деректерде анықталды және 10000 тұрғынға балап есептегенде 248,3± 19.5%<0 құрады. Ал оның ең төменгі деңгейі 2010 жылы қалыптасты және 10000 тұрғынға балап есептегенде 196,5± 12.8%<О дейін төмендеді. Ал 2005 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,7 есеге дейін азайды. Алынған нәтижелерге сәйкес ересек тұрғындар және аудандар мен қала тұрғындары арасында қалыптасқан алғашқы мүгедектік көрсеткіштерінің едәуір айырмашылықтары сезіледі. Бұл әртүрлі себептер есебінен болуы да мүмкін. 2001-2016 жылдары қол жеткізген деректерге қарағанда ауыл тұрғындары арасындағы жарақаттардан туындаған алғашқы мүгедектіктің деңгейі 189,2±12,8%0 болса, қала тұрғындары арасында оның деңгейі едәуір жоғары (242,6 ±23,7%о0) болып шықты.
Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда ірі қала (халқы 1000000 асатын мегаполистерде) тұрғындары арасындағы жарақаттардың асқынуынан мүгедектікке ұшы- рау деңгейі аса жоғары. Шымкент қаласы тұрғындары арасындағы осы себептерден туындаған алғашқы мүгедектік көрсеткішінің деңгейі 2010-2016 жылдарда 10000 адамға балап есептегенде орта есеппен 371,4 ± 29,9%0 құрады. Осыған қарағанда мегаполистердегі тұрғындардың жарақат- тануы және оның асқыну оқиғалары кіші және орта қалалар халқының көрсеткіштерінен мүлдем өзгеше болып шықты. Оның негізгі себептеріне автокөлік, өндіріс және тұрмыстық жарақаттану оқиғаларының мегаполистерде жиі болатындығына байланысты деп есептеуге болады.
Жарақаттанған тұрғындардың мүгедектік көрсеткішінің қалыптасуында жыныстық және жастық ерекшеліктер бар екендігі де айқын. Бұл көрсеткіштің ең төмеңгі деңгейі 0-14 жастағы балалар арасында қалыптасқан және оның деңгейі орта есеппен алғанда 48,2%00 түзеген. 15-19 жастағы тұлғалар арасында 54,6 дейін артса, 20-29 жастағыларда күрт ұлғаяды да, 10000 тұрғынға балап есептегенде 334,2%00 - ге дейін жетеді.
Алайда, алғашқы мүгедектіктің ең жоғары деңгейі 30-39 жастағы тұрғындардың арасында қалыптасқан (502,7%00) болып шықты. Осы жастағы тұрғындардың жарақаттануына алып келетін негізгі себептердің ішінде автокөліктен апатқа ұшырау мен өндірісте жарақаттану қауіптілігі күрт ұлғаяды. 40-49 жастағы тұрғындардың арасындағы жарақаттанудан туындаған мүгедектіктің дең деңгейі алдыңғы жастық топқа (30-39 жас) қарағанда біршама төмендесе (487,3%00 - ге дейін, немесе 3,2% ға), 50-59 жаста 393,1%00 - ге (27,9% - ға), ал 60 жастан асқан тұрғындарда 296,2%00 - ге дейін азайған (69,7%).
Сонымен, мегаполис тұрғындары арасындағы жарақаттан туындайтын мүгедектің ең төменгі деңгейі 0-14 жастағы балалар арасында қалыптасса, ең жоғары деңгейі 30-39 жастағы тұрғындарда түзелген. Айта кететін жағдай, ересектер арасындағы мүгедектің көрсеткіші (20 жас және одан жоғары), балалар мен жасөспірімдер арасындағы көрсеткіштен 9 есе жоғары болып шықты. Жарақаттануға байланысты мүгедектікке алып келетін негізгі себептерге тұрмыстық, жол- көлік апаты, өндірістік жарақат, алкогольдік ішімдік пен наркомания салдары, шабуыл, бақытсыздық жағдайлар жататын болып шықты.
Осы себептердің ішінде, адам өміріне жиі қауіп-қатер төндіріп, мүгедектікке алып келетін тұрмыстық жарақаттар болып шықты (53,6%). Тұрғындардың арасында жол-көлік апатына ұшырап, мүгедектікке ұшырау оқиғалары да өте жиі кездеседі (21,3%). Бақытсыздық жағдайда жарақат алудан туындаған мүгедектіктің деңгейі де аз емес (9,4%). Еңбек ету ортасының қауіптілігі де өте жоғары. Осыдан жарақат алып, мүгедектікке ұшырау деңгейі жалпы жарақаттардан туындайтын мүгедектің 8,2% құрады.
Тұрғындардың салауатсыз өмір сүру себептері де жарақаттанудан мүгедектікке ұшырау оқиғаларын арттырады (5,9%). Мүгедектікке ұшырағандардың 1,6% - на қарақшылық шабуыл жасалып, денесіне ауыр жарақаттар түсірген болып шықты. Мүгедектікке ұшырағандардың әлеуметтік жағдайын зерттеу, олардың басым бөлігінің (42,3%). Өндірістік өнеркәсіпте еңбек ететіндігін көрсетті. Мүгедектердің 24,4% жеке кәсіпкерлер болса, 19,7% ірі фирмалар мен мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқарушылар болып шықты. Мүгедектікке алғаш рет шыққан мегаполис тұрғындарының арасында зейнеткерлердің де үлес салмағы аз емес (10,1). Олар көбнесе көздің нашар көріп, құлақтың дұрыс есітпеуінен, жүрудің координациясын сақтай алмау себептерінен құлап немесе соғылып ауыр жарақаттар алады.
Жарақаттардан мүгедектікке ұшырағандардың білім алу дәрежесін зерттеу, олардың 40,4% - ы орта білімді тұрғындар екендігін көрсетті. Орта арнайы білімділердің үлес салмағы 29,7% жетеді. Ал жоғары білімді мүгедектердің үлес салмағы 28,4% дейін жетті. Оқушы және студент жастардың үлес салмағы 0,6% түзесе, төмен деңгейде білімділердің үлес саны 0,9 құрады.
Жарақаттану салдарынан болған мүгедектер осы патологияның маңыздылығын есепке ала бермейді. Сонымен қатар, 40,6% респонденттер мүгедектік себебін өз денсаулығын жете бағаламаудан туындаған деп есептейді. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес жарақаттану салдарынан біріншілік мүгедектікке ұшыраған адам үшін санитарлық-ағарту жұмысының аясын кеңейту қажет.
1 Шымкент қаласы тұрғындары арасындағы жарақат ауруларынан туындаған мүгедектік көрсеткіші орта есеппен 2010 жылы 10 000 адамға балап есептегенде 368,1 оқиғаны құраса, 2016 жылы оның деңгейі 374.5%о0 дейін жетті. Бұл аурудан туындаған көпжылдық мүгедектіктің динамикасы (2010-2016 жылдары) көрсеткіштің тоқтаусыз ұлғайып жатқандығын көрсетті.
Алғашқы мүгедектік оқиғаларының тұрғындардың жасы бойынша таралуын зерттеу нәтижелері де оны жан-жақты сараптауды қажет етеді. Бұл көрсеткіштегі негізгі заңдылық, жарақаттану бойынша алғашқы мүгедектік тұрғындардың жасы ұлғайған сайын тоқтаусыз өсуі болып табылады. Жарақат аурулары бойынша алғашқы мүгедектікке шалдыққан тұрғындардың арасында үйленген және отбасы толық тұрғындардың үлес салмағы (43,9%) басым екендігі анықталды.
Осы ауру бойынша мүгедектікке шыққан тұрғындар арасында үйленбегендер (39,3%) мен ажырасқан тұлғалар (14,7%) да аз емес. Жарақат аурулары бойынша алғаш рет мүгедек болғандардың 1 отбасы мүшесіне балап есептегендегі орташа табысы айтарлықтай жоғары емес.
1 отбасы мүшесіне балап есептегенде отбасында 25 000 теңге табысы бар мүгедектердің үлес салмағы 38,7% құраса, 20000-25000 теңгеге дейін қаржы табатындар 34,2%, 15000-20000 дейіңгі табысы барлардың үлес салмағы 15,4%, ал 15000 теңгеден артық табатындар 11,7% түзеді.
Жеке әлеуметтік топтарда қалыптасқан мүгедектік көрсеткіштерінің айырмашылығы айтарлықтай жоғары болып шықты.
Алғаш рет мүгедек болғандардың ең төмеңгі деңгейі коммерциямен айналысатындар арасында анықталды (10000 адамға балап есептегенде 27,4 оқиға). Оның ең жоғары деңгейі жұмыссыз тұрғындарда (538,7%оо) қалыптасқан,оның ішінде жұмысшылар арасында алғашқы мүгедектік көрсеткіші 421,6%оо болса, қызметкерлер арасында оның деңгейі 171,3%ооо жетеді.
Жарақатқа ұшыраудың басты себебінің бірі алкогольдік ішімдікке салыну болып табылады. Осы себептің мүгедектердің арасындағы таралу ерекшеліктерін зерттеу, алкогольдік ішімдікті қабылдау жұмыссыздар арасында жиі кездесетіндігін көрсетті (76,4%). Бұл себептің таралуы қызметкерлер (62,3%) мен жұмысшыларда да (54,3%) аз емес. Зерттеу нәтижесінде салауатты өмір сүру салтына мектеп жасынан және студент жастардың арасында белсенді жүргізу қажеттігін көрсетеді.
Медициналық көмекті беру сапасы кез келген жарақаттың емдеу-профилактика және реабилитация шараларының тиімділігіне әсерін тигізетін себептердің қатарына жатады. Әсіресе жарақат алған тұрғындарға жедел медициналық жәрдем көрсету, олардың болашақтағы денсаулық жағдайына аса маңызды шара болып табылады. Респонденттердің берген жауаптарына қарағанда жедел медициналық жәрдемінің сапасы толығынан жақсы деп айтуға келмейді. Олардың тек 28,9% ғана оның сапасын жақсы деп көрсетті. Ал, сұрақнамаға тартылғандардың 29,4% жедел
медициналық жәрдемінің сапасы нашар, дер кезінде берілмейді деп көрсетіп отыр. Олардың 41,7% - ы жедел медициналық жәрдемнің сапасын орташа деп бағалады.
Мүгедектерді жедел медициналық жәрдемнің тым кеш беретіндігі мазалайды (61,2%). Медициналық ұйымның жарақаттарды емдеу бөлімінің қызмет, сапасы да аса жоғары деуге келмейді. Респондеттердің тек 53,7% - ғана оның сапасын жақсы деп бағаласа, 8,4 - нашар деп есептейді. Ал респонденттердің 37,9% оны орташа деп бағалады.
Мүгедектерді емханада ұйымдастырылған реабилитациялық көмек сапасы аса қанағаттан- дырмайды (54,1%), ал олардың 9,1% бұл көмектің сапасы нашар деген баға берді. Жарақаттың ушығып, аурудың мүгедекке айналуына диспансеризациялық көмекте өзіндік үлесін қосады. Ал, амбулаториялық дәрігерлердің диспансеризациялық көмегін нашар деп бағалаған респонденттер- дің үлес салмағы 21,4% болып шықты. Бұл көмектің сапасын жақсы деп есептегендер бар болғаны 29,3% құрады.
Қол жеткізген деректер көмегімен медициналық көмек сапасы мен мүгедектердің денсаулы- ғы арасындағы корреляциялық байланысты анықтадық. Жарақат алғандардың денсаулығына бірінші кезекте жедел жәрдемнің дер кезінде көрсетілуі аса бағалы болып табылады (R=0,91), ал оның сапасы жарақаттың асқынуынның алдын алуда ерекше роль атқарады. Жарақатты емдеу бөліміндегі қызмет сапасы аурудың денсаулығын толық қалпына келтірудің кепілі деуге болады (R=0,76). Емханадағы жарақатты реабилитациялау (R=0,57) және диспансеризация (R=0,42) аурулардың болашақтағы еңбекке жарамдылығын анықтайтын шаралар болып табылады.
Жарақат ауруымен мүгедектікке ұшыраудың ең басты себептерінің біріне жол ережесін сақтамаудан (r= 0,97) автокөлік апатына ұшырау болса, өмір сүру салтының денсаулыққа зиянды себептері мен туындайтын мүгедектіктің арасындағы корреляциялық байланысты зерттеу, оның ең қауіптісі алкогольдік ішімдікті қабылдау (r=0,84), темекі шегу (r=0,76) және наркомания екендігін (r=0,63) көрсетті.
Медициналық көмек сапасы мен жарақаттану бойынша мүгедектіктің арасындағы корреля- циялық байланысты зерттеу, оның ішінде медициналық көмектің сапасы (r=0,98), диспансеризация (r=0,62), скринингтік тексеру (r=57,6) шараларының қуаты күшті екендігін көрсетті. Мүгедектіктің қалыптасуының айтарлықтай әсер ететін себептерге санитарлық ағарту жұмысы (r=0,49), және салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру деңгейі (r=0,44) жататындығын көрсетті
Қорытынды
- Шымкент қаласы тұрғындарының жарақаттардан алғашқы мүгедектікке ұшырауы 10000 адамға балап есептегенде 371,4±29,9 оқиғаны құрады. Бұл көрсеткіштің деңгейі ОҚО (248,3±19,5%о0), ауылды жер (189,2±12,8%о0) және кіші қала тұрғындарының (242,6±23,7%о) алғашқы мүгедектік көрсеткіштерінен нақты жоғары.
- Мегаполистегі жарақаттанудан мүгедектікке шығудың ең төменгі деңгейі 0-14 жастағы балаларда (48,2%0) қалыптасса, оның ең жоғары деңгейі 30-39 жастағы (502,7%0) тұрғындардың арасында түзелген. Ал бұл көрсеткіштің жыныстық ерекшелігіне ер кісілердің жарақаттан мүгедектікке шығу деңгейінің әйелдер көрсеткішіне қарағанда барлық жастық топтарды жоғары болып түзелуі жатады.
- Тұрғындардың жарақаттануынан мүгедектікке алып келетін негізгі әлеуметтік- гигиеналық себептерге тұрмыстық жарақаттар (53,6%), жол-көлік апатынан жарақаттану (21,3%), бақытсыздық жағдайдан жарақаттану (9,4%), алкогольдік ішімдік пен наркомания салдарынан жарақаттану (5,9%), қарақшылық шабул салдарынан жарақаттану (1,6%) жатады.
- Жарақаттану салдарынан мүгедектікке шыққандардың басым бөлігін (42,3%) жұмысшылар мен жеке кәсіпкерлер (24,4%) құрайды. Оның құрамында қызметкерлер (19,7%) мен зейнеткерлердің (10,1%) де үлесі аз емес. Мүгедектердің 40,4% орта білімді, 29,7% орта арнайы білімді азаматтар болып шықты. Олардың 43,9% үйленген отбасы иелері, 39,3% бойдақтар және 14,7% ажырасқандар.
- Мүгедектердің басым бөлігінің 1 отбасы мүшесіне балап есептегендегі табысы 15000 теңгеден 25000 теңгеге дейін жетеді (61,3%). Жарақатқа байланысты мүгедектің деңгейі жұмыссыздар арасында өте жоғары (538,7%0) болса, коммерсанттарда ең төмен деңгейде (27,4%0) болып шықты. Жұмыссыздар арасында алкогольдік ішімдікке салыну деңгейі 76,4% дейін жетеді. Осындай өмір сүру салты қызметкерлер (62,3%) мен жұмысшыларда да (54,3) аз емес.
- Мүгедектер арасындағы айтарлықтай бөлігі медициналық жедел жәрдемнің (29,4%) сапасын, дер кезінде берілуін (61,2%), жарақатты емдеу бөлімінің қызмет көрсету сапасын (8,4%), емханадағы реабилитациялық көмек (9,1%) пен диспансеризациялау сапасын (21,4%) нашар деп көрсеткен.
- Мүгедектердің денсаулық жағдайының қалыптасуына жедел медициналық жәрдемнің дер кезінде көрсетілуі (R=0,91), оның сапасы (R=0,82), жарақатты емдеу бөлімшесінің қызмет көрсету сапасы (0,76) өте жоғары дәрежеде әсерін тигізсе, емханада көрсетілетін реабилитациялық көмек (R=0,57) пен диспансеризациялау сапасы (R=0,42) орташа дәрежедегі әсерін тигізеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Тоғызбаева Г. Қ. Тірек-қозғалыс аппараты ауруларынан туындайтын мүгедектіктің әеуметтік-медициналық қырлары//Магистр академиялық дәрежесін иеленуге арналған диссертациялық еңбек. -Шымкент, 2016, 62 бет.
- Ширинова М.К. Медико-социальные аспекты инвалидности вследствие болезней костномышечной системы и соединительной ткани среди взрослого населения // Диссертация на соискание академической степени магистра. -Шымкент, 2016, с.63
- Андреева, О.С. Организационные и методические основы формирования и развития государственной службы реабилитации инвалидов в РФ: Автореф. дис. д-ра мед. наук / О.С. Андреева. -М., 2002. 52 с.