Кіріспе. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен, оқу процесінде жүзеге асырылады. Оқушылардың қызмет қабілетінің дұрыс болуы, негізінен, гигиеналық тұрғыдан дүрыс жасалған сабақ кестесіне байланысты болады. Қазіргі таңда көптеген мектептерде осы айтылған қиыншылықтар әсерінен сабақ кестесінің дұрыс қойылмауын кездестіріп жатамыз және осы мәселені шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Сабақ кестесінің оқушылардың денсаулығына кері әсерін зерттеп, оқушылардың күн тәртібіне сәйкес қойылуын қадағалау және сипаттама беру.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы әдістер, сондай-ақ талдау және жүйелеу әдістері қолданылды. Зерттеу жүргізу арқылы сабақ кестесінің оқушылардың денсаулығына әсерін анықтап, көрсеткіштерін салыстыру арқылы денсаулық жағдайына баға беру.
Нәтижелер мен талқылаулар. Зерттеу нәтижесі бойынша, дүрыс қойылмаған сабақ кестесінің әсерінен оқушылардың денсаулығында ауытқулар анықталды, соның ішінде күрделі сабақтарды дүрыс қоймауының салдарынан оқушылар арасында қателіктер жіберуі көбейгендігі, оқуға ынтасының төмендеуі, зейінінің нашарлауы, ойлау қабілетінің төмендеуі, шаршау, қажу анықталды.
Қазіргі ғылыми зерттеу жүмыстары бойынша оқушылардың биоритмді жалықпауы- жүмысқа қүштарлығы И.Г.Сивков кестесіне сай, сабақтың тек қиындығына қарап қоймай, оқушы денсаулығына қанша күш түсіріп, оның шаршамауына әсер ететінін ескеру керек.
1 Кесте - Жалпы білім пәндерінің күрделілігі туралы дәреже шкаласы (И.Г.Сивков.1975)
Пән |
Балл |
Математика,орыс тілі(үлттық мектептер үшін) |
11 |
Шет тілі |
10 |
Физика,химия |
9 |
Тарих |
8 |
Қазақ тілі,әдебиет |
7 |
Жаратылыстану,география |
6 |
Денешынықтыру |
5 |
Еңбек |
4 |
Сызу |
3 |
Сурет сабағы |
2 |
Ән сабағы |
1 |
Сабақ кестесін жасағанда қиын пәндерді,сонымен қатар алтыншы, жетінші баллдық жүйесіне байланысты аптаның ең жемісті күндері сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндеріне қоюға болады. Аптаның соңғы күндерінде, оқушылардың еңбек қабілеттігі төмендеген кезде, сабақ кестесіне жеңіл сабақтар қойылады. Қиын пәндерді сабақ кесте бойынша бірінші және соңғы сабаққа қоймауға тырысу керек. Сонымен қатар, сабақтың, үзіліс уақытының үзақгығына мән беру керек.
2 Кесте - Жалпы орта мектебінің 5А сыныбының сабақ кестесі
5А |
||||||
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жүма |
Сенбі |
|
1 |
Тарих |
Орыс тілі |
Тарих |
Ағылшын |
Орыс тілі |
Қазақ тілі |
2 |
Орыс тілі |
Қазақ тілі |
Ағылшын |
Математика |
Математика |
Д —т |
3 |
Еңбек |
Жаратылыс т |
Математика |
Жаратылыс т |
Қазақ тілі |
Д Тарих |
4 |
Бейнелеу |
Қазақ тілі |
Еңбек |
Қазақ тілі |
Қазақ тілі |
Математика |
5 |
Оқн/жже |
Математика |
Д-т |
Өзін-өзі тану |
Бейнелеу ф |
ДТарих ф |
6 |
Ән күй |
Ағылш ф |
Д.-т |
Тәрбие сағ |
||
7 |
Сабақ кестеден көріп отырғанымыздай дүйсенбі күніне аса қиын сабақтар қойылмаған,яғни бүл И.Г. Сивков баллдық жүйесіне сәйкес келеді. Сондай-ақ аптаның екінші, үшінші, төртінші күндеріне қиын сабақтарды қоюға рүқсат етілгендіктен, бүл күндеріне қойылған сабақ кестесі дұрыс деп есептеледі. Алайда аптаның соңғы күндері оқушының ойлау және еңбек қабілеті төмендейтіндіктен сабақ кестесінің сенбі күніне математика пәнін қоймауы керек еді.
Қорытынды. Сонымен,сабақ кестесінің оқушылардың денсаулығына әсері зерттеліп анықталды және денсаулық жағдайына баға берілді. Дүрыс қойылған сабақ кестесінің оқушылардың денсаулық жағдайына оң әсер ететіндігі,яғни ойлау, еңбек қабілеттерін,ынтасын жоғарылататыны анықталса, дүрыс емес қойылған сабақ кестесі қарама -қарсы көрсеткіштерді көрсететіні анықталды.
Әдебиеттер
- Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
- Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,
- Бөлешов М.Ә.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:оқулық -Эверо,2015
- И. Г. Сивков. Сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптардың мөлшері.