Халық арасында пайда болған аурудың 60% дүрыс тамақтанбаудан дамитындығы белгілі болып отыр. Ал дүрыс тамақтану мәселесі бүгінгі күннің маңызды мәселесі, өйткені түрғындардың тамақтануына әлеуметтік жағдай, уақыттың жетіспеушілігі, тамақтану мәдениетін жете білмейтіндігі, қазіргі заманғы өмір сүру қарқыны секілді факторлар әсер етеді. [1]
Тамақтану - ағзаның маңызды физиологиялық сүранысы, ол негізгі функцияларды, өсу- жетілу және қамтамасыз етуге бағытталады. Тиімді тамақтану деп ағзаның энергетикалық, пластикалық және басқада сүраныстарын қанағатттандыратын, зат алмасудың қажет деңгейін қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз. [2]
Жастардың арасында кең тараған, әрі тез дайын болатын, әр түрлі химиялық қоспаларға толы тағамдарды пайдаланатыны, сонымен қоса әртүрлі дүкен сөрелеріндегі дайын тағамдар мен жартылай дайын фабрикаттарды, кондитерлік өнімдерді түрақты түрде, үнемі пайдалану мамандарды ала4датып отыр. Сондықтан дүрыс тамақтанудың заңдылықтарын сақтамау көптеген қауіпті аурулар дамуының факторы болады. Өкінішке орай, соңғы жылдардың статистикасы бойынша жастар арасында артық салмақтан, жүрек-қантамырларының ауруларынан, қант диабетінен және т.б. азап шегетіндер саны артып келеді. Аталған аурулардың алдын алуға болады, ол үшін салауатты өмір салтын үстану қажет және ең бастысы дүрыс тамақтануды қолға алған жөн. [3]
Көп жағдайда жастар ретсіз, жол-жөнекей, қүрғақтай, күніне 1-2 рет тамақтанады, көбі асхана қызыметін қолданбайды, тағамдарында басым бөлікті көмірсулар алады, себебі олар арқылы қуат шығындарын толтыру жеңіл. Ағзаның дүрыс өмір сүруі үшін сәйкестендірілген тағаммен бірге: ақуыз, май, көмірсулар, дәрумендер, микроэлементтер түсіп отыруы қажет.[4]
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармация академиясының «Гигиена-2» кафедрасының мамандары 18-20 жас аралығындағы 120 студентке 25 сүрақтан түратын сауалнама қүрастырылып, тамақтану тәртібі мен денсаулық жағдайына зерттеу жургізген. Сауалнамаға қатысқандардың 24 үл бала, 96 қыздар. Сауалнаманың нәтежиесі бойынша студенттер арасында тамақтану тәртібін сақтамайтындар - 76,8% қүраса, тамақтану тәртібін сақтайтындар небәрі - 23,2%.[1]
Студенттер арасында тез дайындалатын тағамдарды жиі пайдаланатындар - 88,3%,
сонымен қатар «қандай азықты жиі пайдаланасыз?» деген сүраққа жауап бергендер: фаст-фуд өнімдерін пайдаланатындар - 25,8%, нан - 29,1%, сүт өнімдері - 2,5%, ет өнімдерін - 10,8%,
жеміс-жидектерді - 16,6%, тәтті тағамдарды - 15,2% қүрап отыр. [1]
Дүрыс тамақтануға кедергі жасайтын факторларды қарастырғанда сауалнама барысында әлеуметтік жағдай, уақыт тапшылығы, қымбатшылық себептер анықталды. Соның ішінде әлеуметтік жағдай - 19,2%, уақыт тапшылығы - 43,3%, қымбатшылық - 37,5% қүрады. Студент- тердің тамақтану тәртібін зерделегенде күніне 2 рет тамақтанатындар 45,9%, 4 рет тамақтанатындар 11,6% қүрады. Күніне 2 рет тамақтанатын студенттер себебін негізінен уақыт тапшылы- ғымен байланыстырды.
Ішімдікті пайдаланатындар - 15,8% қүраса, тағаммен бірге шайды - 60,8%, шырынды - 10%, газдалған сусындарды - 9,2%, кофені - 20% пайдаланатындығы анықталды. «Күнделікті жеп жүрген тағамыңыз сіз үшін маңызда ма?» - деген сүраққа студенттердің 69,8% - ол жағы маңызды емес деп, ал 30,2% - маңызды деп жауап берді. [1]
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармация академиясының «Гигиена-2» кафедрасының мамандары 21-22 жас аралығындағы 220 студентке 25 сүрақтан түратын сауалнама қүрастырылып, тамақтану тәртібі мен денсаулық жағдайына зерттеу жургізген. Сауалнамаға қатысқандардың 24 үл бала, 96 қыздар. Сауалнаманың нәтежиесі бойынша студенттер арасында тамақтану тәртібін сақтамайтындар - 42.3% қүраса, тамақтану тәртібін сақтайтындар - 57.7% .[5] Сауалнамаға қатысқан студенттер күніне бір рет тамақтанатындар саны- 18.6%, төрт рет тамақтанатындар саны -33%, 3 рет - 28%, 2 рет - 7.7%, 5 рет - 12.7% көрсеткіштерге ие екен. [5]
ОҚМФА-ның студенттеріне таратылған сауалнаманы талдау барысында аптасына 1 рет студенттердің негізгі тамақтық азық түліктердің ішінен ет өнімдерін пайдаланатындар - 60%, ал сүт өнімдерін пайдаланатындар - 40% қүраса, ең пайдалы, әрі қүнды болып саналатын балық пен көкөніс, жеміс-жидектерді пайдаланатындардың көрсеткіші төмен болып отыр. Бүл жас ағза үшін қүрамында маңызды тағамдық заттарға деген (ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералды заттардың) физиологиялық қажеттілікті айтарлықтай төмен деп айтуымызға мүмкіндік береді.[1,5]
Қорыта келе студенттер арасында дүрыс тамақтанбау көрсеткіші59,55% қүрады, бүл студенттердің өз денсаулығына немқүрайлы қарап, олардың психологиялық және физикалық денсаулығының нашарлауына соқтырады. Ал жастар болашағымыз екенін ескерсек, бүл үлкен мәселе туындатады.
Әдебиеттер
- Ескерова С.У., Сарсенбекова А.Б., Әлсеркеева З.И.//Студенттердің тамақтану ерекшеліктерін зерттеу және гигиеналық баға беру//ОҚМФА, Шымкент қ.// Вестник 2014
- Л.А.Проскурякова, Журнал гигиена санитария // М.: 2008ж. 49-51 бет
- Л.З.Тель, Е.Д.Даленов, А.А.Абдулдаева, И.Э.Коман, Нутрициология // А.: 2012 ж. 377-406 б
- А.А.Королев, Гигиена питания, Академия // 2008 ж. 399 б
- Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы // Ш.: 2009ж. 54 б