Кіріспе. Иондаушы сәулелердің биологиялық жүйелерге әсері аса жоғары және күрделі, өйткені олар түскен тірі ортада иондау процесі жүріп, активтілігі жоғары еркін радикалдар түзіледі. Бүл радикалдар тірі жүйеге тән химиялық, биохимиялық реакциялардың ретін, жүру тәртібін бүзып. ағзаға тән емес функционалдық өзгерістер кіргізіп, соңында морфологиялық өзгерістерге душар етеді. Егер доза үлкен болса, тіршілік иесі өліп кетуі мумкін.[4]
Зерттеу мақсаты. Бүл зерттеу жүмысында қарастырылған мәселелер қазіргі таңда өзекті болып табылады. Зерттеу нәтижелері адамдардың осы мәселеге деген қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаның экологиялық мәселелеріне мән берулеріне септігін тигізеді.
Радиацияның биологиялық жүйелереге әсері толық анықталмаса да көптеген зерттеулердің нәтижесінде мына жағдайлар анықталған. Біріншіден, иондаушы сәулелер жүтылғанда жүтылған ортада иондар пайда болады. Екіншіден, химиялық, биохимиялық реакциялар кезінде еркін радикалдар бөлініп, ол радикалдар ортада бірсыпыра өзгерістер әкеледі. Үшіншіден, ортадағы өзгерістер клетка, үлпа, мүшелерінің функцияларын /атқаратын қызмет/ және өзгерген үлпада, клеткада қүрылым (қүрылыс) өзгерістерін туғызады. Биологиялық жүйелер өте күрделі болғандықтан иондаушы сәуленің әсер механизмін түсіну үшін, осы үш жағдайды бір уақытта, бір түрғыдан байланыстыра қарастыру керек.
Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді.
Қандай доза шегінде жүмыс істеуге болады, қандай доза денсаулыққа зиян немесе адам өміріне қауіпті деген сүрақтарға да жауап беруіміз керек.
Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жүмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бүлжытпай орындау керек.
Альфа-бөлшек парақ қағазға түтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы етіп кетсе, өте қауіпті.
Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жүтып алады.
Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады.
Тірі ағза клеткаларының радиациядан алған энергиясы мол болған сайын, олардың биофизикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бүзылуы арта береді. Сондықтан радиацияның ағзаға беретін энергия мөлшерін бағалай білудің маңызы зор.[2]
Шынында да, Күн бетінен келетін радиация біркелкі емес. Алапат қысым, ғаламат температура жағдайында Күн төсінен ыстық плазма оқтын-оқтын буырқана атқылап, жүздеген мың километрге шапшып, төңірегіне тарайды. Осындайда өте өтімді күн радиациясынан денені қорғамау денсаулыққа зиян келтіреді.
Радиоизотоптармен жүмыс жасайтын адамдар үшін бір жылдық шекті босатылған доза (ШБД) 0,05 Гр-ден аспауы керек. Қысқа уақытта алынған 3—10 Гр адам өміріне аса қауіпті. Елді мекен түрғындарының бір жыл ішінде алатын шекті босатылған дозасы 5 • 10~3 Гр = 5 мГр-ден аспауы тиіс.[3]
Материалдар мен әдістер. Зерттеу материалдары ақпараттық технологияларда өңделіп нәтижелері бойынша гистограммалар тұрғызылды.
Нәтижелер мен талқылаулар. Сауалнама нәтижелері бойынша сандық және сапалық талдау жүргізілді.
Қорытынды. Жүргізілген сауалнама қортындысы адамдардың осы мәселелерге көзқарасын арттырудың қажет екендігін көрсетті. Зерттеу барысында мекемедегі доза қуаты 20/25 мкР/с көрсетті және ол жергілікті жағдайға байланысты өзгеріп отыратындығы байқалды. бүл көрсеткіш қауіпсіздікті көрсеткенмен зиянды жағы туралы ойлануға мәжбүр етеді. Айналадағы ортаны радиация қалдықтарымен ластау - адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Міне, сондықтан қоршаған табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға зор жауапкершілік жүктеледі.[1]
Әдебиеттер
- Легеза В.И., Гребенюк А.Н., Бутомо Н.В. и др. Медицинские средства противорадиационной защиты: Пособие для врачей / Под ред. В.И.Легезы, А.Н. Гребенюка. - СПб.: Лань, 2001.
- Малаховский В.Н., Гребенюк А.Н. Проблема радона. Радиобиологические и гигиенические аспекты //Морской медицинский журнал. - 2001. - Т. 8, № 1.
- Нормы радиационной безопасности (НРБ-99). - М.: Госкомсанэпиднадзор РФ, 1999. 117 с.
- Садықов С.С. Иондаушы сәуленің физикалық және биологиялық негіздері: Оқулық. - Алматы, 2002.171 б.