Жер шарында емдік қасиетке ие өсімдіктердің алуан түрі өседі. Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге бай, сондай өсімдіктердің бірі күрделігүлділер тұқымдасына жататын - Arctium lappa [1].
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Arctium lappa өсімдігінің тамырынан пирогаллолды белу.
Зерттеу нысаны: 2015-2016 жылдың қыркүйек-қазан айларында Алматы қаласы, Медеу таулы аймағынан жинап алынған Arctium lappa есімдігінің тамыры.
Arctium lappa өсімдігінің тамырынан пирогаллолды бөлу үшін күнжараны бөлме температурасында кептіріп, 1 : 20 қатынаста, 70 % этанолмен, 6 сағат экстракциялайды [2,3]. Ерітіндіні сүзіп, буландырып, пирогаллол бөлініп алынады және тазаланады. Бөлінген пирогаллолдың шығымы - 5,6% .
Arctium lappa өсімдігінің тамырынан бөлінген пирогаллолдың балқу температурасы «Boetius» электронды қыздырғыш аппаратында және элементтік мөлшері «JSM- 6510 LA » маркалы төмен вакуумдағы электронды энергодисперсиондық рентген спектрометрлік микроскоппен, қүрамы мен қүрылысы ИҚ-, УК-, 1H ЯМР- спектроскопиялық анализ әдістері бойынша анықталды.
Arctium lappa өсімдігінің тамырынан бөлінген пирогаллолдың формуласы С6Н6О3. Оның балқу температурасы - 3000С, агрегаттық күйі - кристалл, түсі- қызыл қоңыр.
Пирогаллолдың ИҚ спектрінің сіңіру аймағында 3298,65 см-1 тербеліс жиілігі О-Н тобының валенттілік тербелісін көрсетсе, 1394,82 см-1 О-Н тобының деформациялық тербелісіне сәйкес келеді. 2925,22 см-1 С-О-Н тобының валенттілік тербелісін көрсетеді.
Бөлініп алынған пирогаллолдың ЯМР спектрін талдау нәтижесінде 1Н және 13С ядроларында спектрометрдің жүмыс жиілігі 400 және 100 мгц-ге сәйкес келеді. Бір өлшемді 1H және 13С сигналдарында пирогаллол спектрі жоғары жиілікті бөлігінде кездеспейді. Алифатты қосылыстардың резонансты сызықтары көрсетілген [4].
Қорытындылай келе, Arctium lappa өсімдігінің тамырынан пирогаллол бөлініп алынды. Бөлінген пирогаллолдың ИҚ-, УК-, 1H ЯМР спектроскопиялық анализ әдістері бойынша қүрамы мен қүрылысы талданып, элементтік анализі мен балқу температурасы анықталды.
Әдебиеттер
- Турсубекова Б.И., Арыстанова Т.А. Разработка методики количественного определения инулина в корнях лопуха гладкосемянного // 15 Российский национальный конгресс Человек и лекарство. - М., 2008. - С. 566 -567.
- В.Г. Григорьевский., Н.В. Комиссаренко., Дмитрук С.Е. Биологически активные вещества лекарственных растений. - Новосибирск, «Наука», 1990.
- Шматков Д.А. Изучение химического состава корней лопуха большого (Arctiumlappa L.) / Д.А.Шматков, Д.М.Попов // Соврем, проблемы фармац. науки и практики. Сб. науч. тр. НИИФ. М., 1999. - Т. 38. Ч. 2. - с 305-308.
- Казицына Л.Ф., Куплетская Н.Б. Применение УФ-, ИК-, ЯМР - и масс - спектрометрии в органической химии. Изд-во Моск. ун-та, 1979. — 240 с.