Және құрамы, құрылысын зерттеу

Дүниежүзі ғалымдарын толғандыратын маңызды мәселелердің бірі - фармацевтикалық препараттардың негізгі бөлігін өсімдіктерден алу болып табылады. Өсімдіктерден табиғи өнім әрі арзан шикізат көзі, өзге мемлекеттен сүраныс қажет етпейтінін ескермеген, еліміздегі зерттелмеген өсімдік туыстарының бағалы да емдік қасиеттері отандық және шет елдік ғалымдардың назарын аулауда.

Қазақстан территориясында табиғи флорадан үлкен орын алатын өсімдіктерге күрделігүлділер түқымдасы (Asteraceae) жатады.

Сондықтан фармацевтикалық химия, медицина, биология, биотехнология және басқа да ғылымдар үшін күрделігүлділер түқымдасынан полимерлік негізде жаңа дәрілік препараттар алу өзекті мәселе болып қала бермек.

Сондай өсімдіктердің бірі - күрделігүлділер түқымдасына жататын, көпжылдық өсімдік - топинамбур -Helianthus tuberousus.

Топинамбурды әр түрлі мақсаттарға қолданады, әсіресе медицинада, мысалы қант диабеті, дисбактериоз, гастрит, остеопороз және т.б. салаларда үлкен маңызға ие.

Биологиялық активті қоспалар мен дәрілік препараттар алуда қолайлы да қүнды шикізат қатарына топинамбур да кіреді. Топинамбурдың басқа көкөністерден ерекшелігі қүрамында белок пен пектинді заттарының көп болуында (3,2-11%) [1].

Жүмыстың мақсаты топинамбур жемісінен пектинді заттарды бөліп алу мен қүрамы, қүрылысын зерттеу болып табылады.

Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысы Қарасай ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының топинамбурының күздік жемістері алынды.

Біздің алдыңғы жүмыстарда топинамбур өсімдігінің химиялық қүрамы зерттелген [2]. Сонымен қатар топинамбур жемісінен пектинді заттарды бөліп алудың технологиялық сызбасы жасалды және оның қүрамы мен қүрылысы физика-химиялық әдістермен зерттелді.

Зерттеу нәтижесінде Қарасай ауданынан бөліп алынған пектиннің шығымы 17-18% қүраса, Мақтаарал ауданынан бөліп алынған шығымы 20% қүрайды. Бөлініп алынған пектиннің формуласы Ходневтің формуласына С14Н21О12 сәйкес келді. Алынған пектиннің балқу температурасы анықталды. Пектинді заттың қүрамы УҚ-, ИҚ-, ЯМР спектрлік және элементтік анализ әдістерімен идентификацияланды [3, 4].

 

Әдебиеттер

  1. Топинамбур. http/www/aif.Ru7/online/helth/417/10.01/
  2. Б.М.Изтелеу, Г.Е.Азимбаева, Г.Н.Қудайбергенова Топинамбурдың жер үсті бөлігінің қүрамындағы биологиялық активті заттарды анықтау/ Химический журнал Казахстана. -2013 . №2 (42). 121-125 бб.
  3. Донченко Л.В. Технология пектина и пектинопродуктов. Москва. Дели. 2002. С.11-12.
  4. Wang X.-S., Dong Q., Zuo J.-P., Fang J.-N. Structure and potential immunjlogical activite of a pectin from Centella asiatica (L.) Urban // Carbohyd. Research. - 2003. - Vol. 338. - P. 2393-2402.
Жыл: 2016
Қала: Шымкент
Категория: Медицина