Ұсынылып отырған тезисте Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер болғандықтан, баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылған. Электрлік автомобильдер тасымалы жүйесін салуды дамытып, іске қосу шаралары бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Қазіргі таңда Байқоңыр мен Қорқыт ата кесенесін тікелей байланыстыратын жаңа көлік жолын салу мәселесі туындап отыр. Екі аралықтағы жолдың үстін толықтай күн батареяларымен жауып, экологиялық таза энергия өндіру қажет. Қазіргі Күн батареясының ПӘК 8-10%, олай болса 1 м2 ауданға келетін қуат ~130 Вт-қа тең. Ұзындығы 60-70 километр, ені 8 метр болатын күн батареяларымен жол үсті толықтай жабылғанда 480 квадрат метр ауданды алады. Бүдан 62,4 Мега Ватт қуат өндіруге болады. Ол Байқоңыр қаласындағы электр қуатына сүраныс пен оған деген тапшылықты елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты. Космонавтика ғылымын дамыту арқылы оның елімізге тигізер экологиялық әсерін ескере отырып, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына ықпал ету, “ЕХРО - 2017” көрмесі аясында Байқоңыр қаласында “Ғарыш айлағы” туристік бағытын дамытуға үлес қосу.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында Байқоңыр кешені мен Қорқыт ата кесенесі нысандарына қатысты мәліметтерді жинақтау, қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау [1].
Нәтижелер мен талқылаулар. Байқоңыр айлағы мен Қорқыт ата кешенін тікелей байланыстыратын жол салып, оның үстін түтастай күн батареяларымен жабу, өйткені Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақүрылым қалыптастыруға жағдай жасау [2] .
Қорытынды. Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу- дің маңызы зор. Күннен - күнге дамып келе жатқан заманауи технологияларды тиімді пайда- лану қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендеуге мүмкіндік туатын еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жүмыс орнын қүрып, елімізде туристік инфрақүрылымның дамуына үлесімізді қоса аламыз.
Әдебиеттер
- «Байконур сегодня» (ПК «РекСлайд», г.Караганда; автор: В.ЕПетухов, 10,13 б - «Байконур»)
- «Ғарыштағы жаңа тәжірибелер» Ж.Жантаев. Физика және астрономия №1 2007. - 33-34 бб.
- Альперт Я.Л. Распространение радиоволн и ионосфера.Москва, 1960.
- Энциклопедия (Байқоңыр) - 59 - 60 бб.
- Чекалин С.В., Шатров Я.Т. «Космос и экология» Москва, «Знание». - 1991.
- Кабикызы С. «Казакстан - Космос» (изготовлен по заказу РГП «Инфракос» Аэрокосмического комитета Минерстерства образования и науки РК) - 3 - 10 бб.
- Бялко А.В. Наша планета - Земля. Москва, «Наука», 1983.
- Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауы - 2012.