Стандартталған науқас әдісін оқыту үрдісіне енгізу

Кіріспе. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында денсаулық сақтау жүйесін медициналық қызметкерлердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру міндетті болатыны туралы айтылған. Елімізде медициналық білім беру жүйесінде оқытудың сапасын арттыруға, оқу әдістерін жетілдіруге көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орнын бітірген студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар тәжірбиелік дағдыларды дамыту мақсатында науқастарды емдеуде және күтім көрсетуде студенттердің клиникалық ойлау қабілетін және өз пікірін жеткізуді дамыту болашақ мамандарды даярлауға оқыту үдерісінде көптеген әдістер қолданылуда.

Соның ішінде «Стандартталған науқас» әдісі оқыту барысына кеңінен қолданылса, болашақ маман иесінің тәжірбиелік және коммуникативті дағдылары, интеллектуалды ойлау қабылеті арта түседі. Бүл әдіс клиникалық жағдай бойынша арнайы дайындалған адам науқастың ролін орындауы керек [1]. Бүл әдіспен оқыту студенттердің интеллектуалды ойлау қабілеті және коммуникативті дағдыларын дамытуға үлес қосады. Сонымен қатар, студент науқастан ақпарат жинауды, тексеру өткізуді және де өзінің кемшіліктерімен жүмыс жасап, тәжірбиелік дағдыларын жетілдіреді [2,3].

Зерттеу мақсаты. «Стандартталған науқас» әдісі арқылы студенттердің тәжірбиелік және коммуникативті дағдыларын, дербес ойлау қабілетін жетілдіру және жеке жүмыс істегенде дербес шешім қабылдауда еркін меңгеруін зерттеу.

Материалдары және әдістері. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясын- да екі топқа зерттеу жүргізілді. І топта 2016 жылғы түлектер, яғни жас мамандар, ал ІІ топта Техникалық және кәсіби білім беру факультетінің студенттеріне тәжірбиелік және коммуникативті дағдылары бойынша сараптама жасалды. І топтағы жас мамандарға қарапайым оқыту әдістері қолданылған. ІІ топтағы студенттерге «Стандартталған науқас» (СН) әдісі қолданылған.

Стандартталған науқас әдісі бойынша тәжірбиелік сабақ барысында тақырыпқа сай клиника- лық жағдай беріліп, бір студент стандартталған науқас болып дайындалды. Стандартталған науқас тақырыпқа сай синдромды және симптомдарды нақты көрсетіп, берілген клиникалық жағдайдан ауытқымай орындап берді. Студенттердің стандартталған науқасқа шынайы адам ретінде қарап, тексерулер және күтім жүргізілді. Науқас тексеру немесе күтім жасау кезінде студентті бөлмеуі тиіс, сонымен қатар өзі сүрақ қоймағанынша, науқас өз бетінше берілген клиникалық жағдайдан ауытқып студентке ақпарат бермейді. СН әдісінде тәжірбиелік сабақтарда «жүмыс уақыты\үзіліс» (the «time in\time out» format) формасы таңдалды.

Нәтижесі және талқылануы. 2 топқа да бір клиникалық жағдай және бір тапсырма берілді: мейіргерлік кезең бойынша науқасқа күтім жүргізу.

Бағалауда рейтингтік жүйе алынды: 100-90 балл - өте жақсы, 89-75 - жақсы, 74-50 - қанағаттанарлық, 50-ден төмен қанағаттанарлықсыз.

Берілген тапсырма

1 топ

2 топ

1

Науқаспен танысып, денсаулығы туралы ақпарат жинады. Науқасқа зерттеулер мен тексерулер жүргізді.

90%

95%

2

Науқас мәселесін анықтап, мейіргерлік диагноз қойды.

85%

90%

3

Мейіргерлік күтім мақсатын анықтап, күтім жоспарын қүрастырды.

75%

88%

4

Жоспарды жүзеге асырды.

85%

95%

5

Мейіргерлік күтім нәтижесін бағалады.

80%

95%

Қорытынды. Студенттердің пікірі бойынша «Стандартталған науқас» әдісін оқыту процесінде қолданғанда өздерінің тәжірбиелік дағдыларының артқанын және де науқастармен қарым қатынас жасауды үйренгендерін байқады. Студенттердің клиникалық жағдайда СН-пен үйрену болашақта шынайы науқастармен жүмыс істей алатынына сенімділік пайда болды. Қорытындылай келе, берілген тапсырма бойынша орта есеппен алғанда 1 топ 83%, ал 2 топта 93% алды. Білім көрсеткіші бойынша СН әдісімен оқыған студенттер 10%-ға жоғары нәтижені көрсетті.

Әдебиеттер

  1. Д.Х. Дощанов.Стандартизированный пациент в системе медицинского образования, Алматы, 2015.
  2. С. Санов, Науқас адамдарды жалпы күту, Қарағанды, 2013 ж. 9 - 15 бет.
  3. Булатов С.А., Хамитов Р.Ф. Практические умения и навыки. Программа освоения практических умений по методике «Стандартизованый пациент» / Учебно методические пособие. - Казань: Бриг, 2006г.
  • Жыл: 2016
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011