Өзектілігі: КҚГҚ - трансмиссивті механизм арқылы, контактты және ауа-тамшылы жолмен жүғатын жоғары контагиозды зоонозды табиғи ошақтық арбовирусты аса қауіпті инфекция, ол жалпы интокцикация және вирустың тамырларға әсерінен қанның үю жүйесінің бүзылуы, тамырдың қабырғасының өткізгіштігінің жоғарлауы мен асқазанның кілегей қабатынан, ішектен көп мөлшерде қан кетумен, бас миы, бүйрек, өкпеден үсақ қан кетумен өлімге әкелетін аса қауіпті жүқпалы ауру [1]. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын эпидемиологиялық жағынан және өзекті ғылыми-зерттеп қарағанда әлеуметтік, экономикалық және экологиялық факторлардың өзгеруінен КҚГҚ-сы эндемикалық аймақтарда көптеп тіркеліп, жаңа мекендейтін жылы жайларға таралуына ықпал жасай алады. Инфекцияның эпидемиялық көріністері көктем-күз айларында сипатталады. Қазақстанда КҚГҚ Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі. Бүл өлкелер КҚГҚ табиғи ошақтығынан қолайсыз аймақ болып табылады. Індеттің
36
таралуына географиялық ландшафтың ерекшеліктері, жылы климат, мал басының көбеюі, вирусты жүқтырған кененің табиғатта таралуы ерекше себеп болуда [2].
Зерттеудің мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысында КҚГҚ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау, одан әрі жетілдіру
Әдістер мен материалдар: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Түтынушылырдың күқықтарын қорғау комитетінің ОҚО департаменті, карантинді және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандарымен 2016 жылдың 9 айлық есептері талқыланып, осы уақытта тіркелген КҚГҚ күдікті және расталған жағдайлардың нақастардың ауру тарихтары қоса көрілді.
Нәтижелер және талқылау: Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы 7 жылда КҚГҚ ауруымен ауырып, тіркелген науқастардың саны : 2009 жылы - 22, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші -0,88, 2010 жылы - 17 (100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші -0,66), 2011 жылы - 10(100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші -0,36), 2012 жылы - 3(100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші -0,11), 2013 жылы - 5(100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші -0,11), 2014 жылы - 8(100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші -0,29), 2015 жылы 6 анықталған жағдай тіркелсе(100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші -0,21) [3], 2016 жылдың 9 айында 15 зертханалық дәлелденген жағдай тіркеліп(100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші -0,53), 2015 жылмен салыстырғанда 9 жағдайға өсіп, яғни өсу деңгейі 60% қүрап отыр.
Осы 2016 жылдың 9 айында облыс бойынша КҚГҚ ауруына күдікті 72 жағдай тіркеліп,оның ішінде 15 жағдайда (Сайрам ауданында-1, Отырар ауданында-5, Ордабасыда-1, Сарыағашта-2, Кентау қаласында-1, Түркістанда-1, Түлкібаста-1, Шымкент қаласы Абай ауданында-1, Әл-Фарабиде-1, Бәйдібекте-1) диагноздары зертханалық жолмен расталып, өкінішке орай осылардың ішінде 2 жағдай (Ордабасы және Сарыағаш аудандарында) өліммен аяқталды. Науқастардың ауру тарихтарына шолу жасағанда анамнезінде кене шағу, науқаспен, кенесі бар жануармен қарым-қатынаста болу жағдайлары тіркеледі және инкубациялық кезеңнің сәйкес келуі сол өңірде иксод кенелері КҚГҚ ауруын тудыруға негіз болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде жыл сайын жоспарлы түрде көктем-күз айларында кенеге қарсы залалсыздандыру іс-шараларының жүргізілуіне қарамастан, облыс бойынша кене шағып, медициналық мекемелерге қаралғандар саны 2016 жылдың 9 айына 5784 жағдай, ал 2015 жылдың осы мерзімінде - 4037 жағдай тіркеліп, былтырғы 2015 жылмен салыстырғанда - 1747 жағдайға өсіп, яғни30,2 пайызға көбейген.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында КҚГҚауруының қоздырғышын анықтау мақсатында 2016 жылдың 9 айында облыстық аса қауіпті жүқпалы аурулар зертханасында - 51125 дана кенелер зерттеліп, 204 сынамалардан оң нәтиже беріп, яғни 0,4 % қүрады. Ал 2015 жылдың осы мерзімінде зерттелген кенелер саны - 53603 болса, оң нәтиже анықталғаны-135 сынама болып, ол 0,26 % қүраған. Бүл КҚГҚ ауруының қоздырғыштары анықталып, жүқпалылық пайызы былтырғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға өсіп - 2016 жылдың 9 айында 4,5 қүраса, былтырғы жылы осы уақытта жүқпалылық пайызы - 3,0 қүраған.
Қорытынды: Оңтүстік Қазакстан облысының аумағында КҚГҚ ауруы бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жағдайды және КҚГҚ ауруына карсы профилактикалык іс-шаралардың, оның ішінде кенеге карсы залалсыздандыру жүмыстарының жүргізілуіне қарамастан, бүгінгі таңда КҚГҚ ауруына расталған жағдайлардың тіркелуі және кенеден оң нәтижелердің көптеп анықталуын ескерсек, бүл КҚГҚ ауруына қарсы профилактикалык іс-шаралардың өз деңгейінде жүргізілмегенін көрсетіп, одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Яғни, барлык мүдделі органдар мен кызметтер: жергілікті аткарушы органдар, денсаулык сактау, санитарлык-эпидемиологиялык, ветеринарлык кадағалау, обаға карсы күрес стансасы қызметінің қатысуымен бірлескен кешенді жоспар қүрып, жоспар негізінде халыққа КҚГҚ-нан корғану шараларын, шаккан жағдайда дер кезінде медициналык көмекке жүгінуді, өлкенің барлык елді-мекендерін қамты отырып кенеге қарсы залалсыздандыру жүмыстарын толық қамтылуын және барлығының бір мезетте жүргізілуін үйымдастырып, халықтың белсенді сіңіру түрғысынан санитарлық ағарту жүмыстарын жүргізіп, профилактикалық шаралар кешенін жүзеге асыру кеңінен қолдансақ, түрғындар арасында КҚГҚ-ның тіркелу жағдайын азайтып, қажетті нәтижеге кол жеткізуге болады.
Әдебиеттер
1.Тулемирзаева А.Д., Абуова Г.Н. Табиғи ошақтарда Конго-Қырым қызбасын ерте диагностикалауда жедел жәрдем дәрігерлерінің ролі. / ОҚМФА хабаршысы - 2014. - №4 (69). Б.3.
2.Конго-Қырым қанды қызбасын эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру / Есенбаева А.Н., Алиев Д.С., Акимханов Б.С. Медетов Ж.Б., Абуова Г.Н. / ОҚМФА хабаршысы. - 2013. - №4 (65). - Б.200-201.
3.О состоянии заболеваемости Конго Крымской геморрагической лихорадкой в Республике Казахстан в эпидемический сезон 2016 года. / Ж.Ж.Жамалбекова, К.К.Кыраубаев, З.С.Турлиев
4. У.Б.Усенов, К.Р.Рахимов, О.М.Аханов, Т.А.Арынбаев /Қоршаған орта және халық денсаулығы/Окружающая среда и здоровье населения. - 2016. - №2. - С.40-45.