ТҮЙІН
Қорытындылай келе, балаларға күнделікті 3-3,5 келі жүк көтеріп сабаққа барып келу, дене конституциясына кері әсерін тигізеді. Ал, балалар мен жасөспірімдер денсаулығының жағдайы халық денсаулығының дамуының негізгі тенденциясын және оның болашақтағы еңбек потенциялын анықтайды. Сондықтан, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына күтім жасау - мемлекеттік мақсаттың ең маңыздысы болып табылады.
Кілт сөздер: ағза, өсу, даму, үдеріс
І. Кіріспе. Ағзаның жеке дамуы деп тұқым қуалау белгілерінің қалыптасуы және сыртқы ортаның әсерінен жасушалардың, мүшелердің және жалпы ағзалардың сан және сапа жағынан жетілуін айтамыз. Өсумен ағзаның дамуы да бірге жүреді. Өсу мен даму өмірдегі тұрмыс жағдайына, үй жағдайына, тамағына, гигиеналық жағдайына, еңбегіне, түрлі ауру түріне тағы басқаларға қарай тез не баяу болуы мүмкін.
Басқа ғылымдарға қарағанда, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы мен гигиенасында өсу мен даму ұғымдары айқын көрсетілген. Өсу - бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің өзгеруі. Мысалы, дененің ұзындығы мен салмағының артуы. Ол негізгі жастық және жыныстық белгілердің бірі бола отырып, ағзадағы сандық өзгерістерді сипаттайды. Даму - тіндермен мен мүшелердің және жүйелердің жалпы ағзалардың физиологиялық қалпын көрсетеді. Басқаша айтқанда белгілі бір уақыттағы олардың жетілуін сипаттап, сапалық өзгерістерді көрсетеді. Бала организіміндегі өсу және даму үдерістері бір - біріне барынша тәуелді болып келеді. Ағза неғұрлым жас болса, соғұрлым тіндері тез өседі. Қоршаған ортаның жайлы жағдайында ағзаның өсуі және дамуы қалыпты да үздіксіз жүреді. Алайда бұл екі үдеріс үнемі бір қарқында болуы мүмкін емес. Ағзаның өсуі мен дамуы бірде күшейіп, бірде баяулайды. Бұл жағдайды өсу және даму үдерісінің гетерохрониясы немесе әр уақытта әр түрлі жүруі деп көрсетіледі.
Жас баланың өсуі қарқынды даму үстінде болады. Олардың бойының ұзаруы, дене салмағының артуы бір мезгілде тепе - тең күйде жүруі, ол қалыпты. Алайда, қазіргі таңдағы баланың өсу мен даму үдерісінің кешеуілденіп, дұрыс болмауына өз септігін тигізетін қаншама факторлар бар. Біздің ғылыми жұмысымыздың мақсаты да сол, яғни баланың өсуіне кері әсерін тигізетін фактор ретінде, оқу құралдарының салмағын, сабақ кестесін қарастырдық.
Бастауыш сынып балалалары мектепке қанша сабақ болса сонша кітап, дәптер, қаламсаптарын сөмкелеріне салып тасымалдайды. Сол кітаптардың салмағының ауыр болуы баланың өсуіне, олардың дене конституциясының дұрыс қалыптасуына әсері жоқ емес.
ІІ. Зерттеу әдістері. Біз өз жұмыстарымызда бастауыш сыныптардың ішінен 3 сынып оқушаларын алдық. Зерттеуіміздің алғашқы сатысы ретінде, әуелі балалардың сабақ кестесімен таныстық. Сабақ кестесі келесідей болды. Дүйсенбі күні: Әдебиеттік оқу. Математика.Қазақ тілі.Ағылшын тілі.Сейсенбі күні: Орыс тілі. Математик. Қазақ тілі. Дүниетану..Әдебиеттік оқу.Сәрсенбі күні: Қызықты математика. Орыс тілі.
Бейнелеу өнері. Дене шынықтыру.Тәрбие сағаты. Бейсенбі күні:Әдебиеттік оқу. Қазақ тілі. Математика. Ағылшын тілі. Өзін өзі тану. Жұма күні: Қазақ тілі.Ән - күй сабағы. Математика.Еңбекке баулу.Дене шынықтыру.Сенбі күні:
Математика.Әдебиеттік оқу.Еңбекке баулу. Қол өнері. Дене шынықтыру. Ал, енді келесі зерттеу сатысы кітаптардың салмағын өлшеуге кірістік. Ол үшін біз арнайы электрондық таразыны қолдандық. Әрбір кітап өзіндік салмаққа ие. Әрине, қазіргі балалар білімін тереңірек жетілдіру үшін сол кітаптарға қосымша хрестоматиялар, арнайы жұмыс дәптерлері қолданылады. Олардың үлес салмағы жоқ емес. Ал, ендеше салмақтарға көшейік: атематика оқулығы - 285 грамм. Орыс тілі оқулығы - 250 грамм. Қазақ тілі оқулығы - 230 грамм. Әдебиеттік оқу оқулығы - 240 грамм. Ағылшын тілі оқулығы - 310 грамм. Дүниетану оқулығы - 230 грамм. Бейнелеу өнері оқулығы - 240 грамм.Еңбекке баулу оқулығы - 250 грамм. Өзін - өзі тану оқулығы - 230 грамм. Ән - күй оқулығы - 250 грамм. Қосымша христоматиялар - 225 грамм. Арнайы жұмыс дәптерлері - 160 граммнан.
Әрине, оқулықтарға қосымша сол пәндердің дәптерлері және қосымша оқу құралдары тасымалданады. Оларды өлшегенде: дәптерлер - 30 граммнан, күнделік - 235 грамм, түсті қағаздары - 60 грамм, қалам - қаламсаптары - 165 грамм, Спорттық киімі - 1200 граммды құрады. Келесі, зерттеу сатысында балалардың аптаның әр күнінде мектепке қанша салмақта оқулықтар тасымалдайтынына көңіл бөлінді. Яғни, есептеулер жүргізілді.
Апта күндері |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
Сенбі |
Т асымалданатын оқулықтардың салмақтары |
1,585 грамм |
1,725 грамм |
1,235 грамм |
1,885 грамм |
1,555 грамм |
1,325 грамм |
Нәтижелер. Бұл әрине оқулықтар мен оқу құралдарының салмағы. Алайда, балалардың дене конституциясының дұрыс қалыптасуына жоғарыдағылармен қоса, сөмкелерінің салмағы айтарлықтай әсер етеді. Сөмке мен оқу құралдарының қосарланған салмағы кестеде көрсетілген өлшемдерден жоғары болары анық.
Қорытынды. Қорытындылай келе, балаларға күнделікті 3-3,5 келі жүк көтеріп сабаққа барып келу, дене конституциясына кері әсерін тигізеді. Ал, балалар мен жасөспірімдер денсаулығының жағдайы халық денсаулығының дамуының негізгі тенденциясын және оның болашақтағы еңбек потенциялын анықтайды. Сондықтан, өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына күтім жасау - мемлекеттік мақсаттың ең маңыздысы болып табылады.
Әдебиеттер
- Гигиена детей и подростков: руководство к практическим занятиям: учебное пособие/ под. ред. Проф. В.Р. Кучмы. - М.: ГЭОТАР- Медиа Москва 2012г
- Б22 Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасзспірімдер гигиенасы. Оқулық. - Алматы: «Эверо», 2010 - 144б.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы.