Тақырыптың өзектілігі: ОҚО бойынша ересектер және балалардың өкпе туберкулезі ауруымен сырқаттануы деңгейі төмен, бірақ жоғарғы эпидемиологиялық маңызға ие және бірден себебі оның жоғарғы жұқтырғыш қасиетінде болып табылады. Иммунитеттің төмендеуінен, дұрыс тамақтанбаудан, әлеуметтік жағдайдың төмендігінен, тұрғын үй жағдайынан, екпе жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен балалар мен жасөспірімдер, жалпы тұрғындар арасында туберкулез ауруы туындайды.
Зерттеудің мақсаты: 2012-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ересектер және балалар арасындағы өкпе туберкулезінің эпидемиологиялық жағдайына баға беру.
Кілт сөздер: балалар, туберкулез,аурушаңдық, өлім, ерте кезеңнен алдын алу, алгоритм, тиімділік.
Зерттеу нысандары мен әдістері. Жұмысты облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде, туберкулез ауруымен есепте тұрған науқастар арасында жүргізілді. Бағалауға 2012-2014 жылдардағы статистикалық есеп, ауру тарихы және бактериоскопиялық, флюорографиялық әдістер қолданылды.
Зерттеу нәтижелері мен оны талдау. Оңтүстік Қазақстан облысы ересектер мен балалар арасында өкпе туберкулезінің жағдайына статистикалық баға берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкпе туберкулезінің таралуына келетін болсақ: 2013 жылы Әл-Фараби ауданында 100000 адамға шаққанда (%- бен) жалпы - 3, Абай ауданында - 160, Сайрам ауданында - 10, Толе би ауданында - 7 жағдай тіркелген, абсолюттік жағдайы 20,4% кеміген. 2014 жылы Әл-Фараби ауданында 100000 адамға шаққанда (%-бен) жалпы - 3, Абай ауданында - 123, Сайрам ауданында - 6, Толе би ауданында - 4 жағдай тіркелген, абсолюттік жағдайы 29,3% кеміген.
Ал, балалар мен ересектер арасындағы өкпе туберкулезінің тіркелу жағдайы, 2013 жылы Әл-Фараби ауданында 100000 адамға шаққанда балаларда - 0, ересектерде - 177, Абай ауданында балаларда - 4, ересектерде - 288, Еңбекші ауданында балаларда - 2, ересектерде - 197, Сайрам ауданында балаларда - 0, ересектерде - 3, Толе би ауданында балаларда - 0, ересектерде - 9 жағдай тіркелген. 2014 жылы жылы Әл- Фараби ауданында 100000 адамға шаққанда балаларда - 0, ересектерде - 78, Абай ауданында балаларда - 3, ересектерде - 29, Еңбекші ауданында балаларда - 0, ересектерде - 84, Сайрам ауданында балаларда - 0, ересектерде - 19, Толе би ауданында балаларда - 0, ересектерде - 6 жағдай тіркелген.
Қорытынды. Зерттеу жүргізілген 2013-2014 жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында өкпе туберкулезі 29,3 % кеміген. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан зерттеулер өте сапалы әрі арзан бағада. Өкпе туберкулезі МТ+ ауруымен қайта науқастануы және де олардың 100% бактерия бөлушілігімен қарым- қатынастағы адамдарға қауіп төндіреді. Бұл орайда, науқастанған адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту (жеке тұрмыстық үй немесе бөлме, энергетикалық құнды тамақтану) мәселесін, сонымен бірге медициналық қамтамасыз етуін күшейтуді қажет етеді.
Табиғат экологиясы науқастарға әсер ететін бірден-бір фактор. Себебі лас ауа адам ағзасына кері әсерін тигізіп, адам иммунитетін әлсіретеді. Адам ағзасы инфекциямен күрес қабілеті төмендеген уақытта туберкулез жұқпалы ауруын тез қабылдайды. Біздің ауруханадағы науқастардың 80 пайызында қосымша аурулар табылады. Сондай-ақ аймақта ешбір кедергісіз бала тууға қабілетті әйелдер саны 20 пайызды ғана құрайды. Мұның бәрі табиғат экологиясының әсерінен туындап отыр. Ерлер арасында еңбекке жарамдылық 58,3%, ал әйелдерде 41,7% құрап отыр. Сондықтан аурушаңдықтың болуы экологиялық фактордан деп айтуға болады.
Әдебиеттер
- .Аймбеков А.К. К вопросам эпидемиологии внелегочного туберкулеза в ЮКО // Вестник ЮКГФА, -2012, №2(59), - С.219-221.
- . Аймбетова Л.А., Сергазина А.О. Структура заболеваемости туберкулезом у подростков по ЮкО // Вестник ЮКГФА, -2013, - №4(65) Том ІІ, - с.101-103.