Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік қазақстан облысындағы вирустық гепатиттер бойынша эпидемиологиялық жағдай

Түйіі: Қазақстан Республикасы вирустық гепатиттердің таралуы бойынша жоғарғы эндемиялық аймаққа жатады. Жыл сайын 13 мыңнан 30 мыңға дейін науқастар тіркеліп отырады. Қазақстан Республикасы бойынша ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркеліп отырады.

Кілт сөздер: жедел вирусты гепатиттер, аурушаңдық, А гепатиті, В гепатиті, балалар аурушаңдығы.

Кіріспе: Вирусты гепатиттер - бауырдың зақымдалуымен жүретін, кең таралған, адамның жұқпалы ауруы. Гепатит сөзі латын тілінен аударғанда «бауырдың қабынуы» дегенді білдіреді. Жұғу механизмі мен берілу жолдарына байланысты вирусты гепатиттер екі топқа бөлінеді: бірінші топ - су, тамақ, лас қолдар, ойыншықтар, ыдыстар арқылы берілетін (А және Е гепатиті); екінші топ - инфекцияланған қан арқылы, жыныстық қатынас арқылы, сонымен қатар жүктілік немесе босану кезінде анасынан баласына берілетін (B,C,@G гепатиттері).

Зерттеу материалдары меі әдістері: Оңтүстік Қазақстан облысы «Тұтынушылардың құқұғын қорғау басқармасының» және Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасының 2013 және 2014 жылы гепатиттермен сырқаттанушылықтың статистикалық мәліметтері.

Нәтижелер меі талқылаулар: Оңтүстік Қазақстан облысындағы вирусты гепатитпен аурушаңдық көрсеткіштеріне қарайтын болсақ, жедел вирусты гепатиттермен ауырғандар саны 2014 жылы 2013 жылға қарағанда 10,5%-ға көбейіп отыр, яғни 2013 жылы 156 адам ауырса, 2014 жылы 178 адам жедел вирусты гепатитті басынан өткерген.

Аурушаңдықтың жартысынан көбі (56,1%) 14 жасқа дейінгі балаларда тіркелген. Облыс бойынша тіркелген жедел вирусты гепатиттердің ішінде Шымкент қаласында 2014 жылы 83 аурушаңдық оқиғасы тіркеліп, ол 46,6%-ды құрап отыр. Екінші орында 37 аурушаңдық оқиғасымен 20,7%-ды құрап Сарыағаш ауданы тұр. Жалпы тіркелген жедел вирусты гепатиттердің 37,6%-ы ауыл тұрғындарының аурушаңдығына тиесілі.

Барлық вирусты гепатиттерді қарастырғанда А гепатиті 155 оқиғамен 87,1%-ды алып отыр. Ал В гепатиті 17 оқиғамен 9,55%-ды, С гепатиті 4 оқиғамен 2,24%-ды құрайды.

Жедел вирустық гепатиттердің ішіндегі көп таралғаны А гепатиті. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда жыл сайынғы тіркелетін вирусты гепатиттердің 80-85%-ын А гепатиті, 10-15%-ын В гепатиті, 2-2,5%-ын С гепатиті және 1,4-6,5%-ын типтік емес гепатиттер құрайды.

А гепатиті - бұл шұғыл және міндетті түрде госпитализацияны қажет ететін күрделі ауру болып табылады. Науқас адаммен қатынастағыларға жедел вирусты А гепатитін жұқтыру ықтималдығы жоғары.

Басқа вирусты гепатиттердің ішінде гепатитті салыстырмалы түрде қатерлі емес ауру: клиникалық көріністер 2 аптаға созылады, бауырдың қызметі 1 ай көлемінде қалпына келеді, емдеу күрделі терапевтикалық әрекеттер немесе сирек фармацевтикалық дәрілерді қажет етпейді, ауру созылмалы нәтижелерді қалдырмайды. Дүниежүзілік әдебиеттердің мәліметтері бойынша летальдік жағдай 0,1-0,4%-ды құрайды және негізінен қосымша патологиялық жағдайлары бар тұлғаларда орын алады.

Басты қиындықты А гепатитінің барлық аймаққа таралуы және бір мезгілде мыңдаған адамдарды зақымдап нағыз эпидемия сипатындағы жоғары аурушаңдық жиілігі құрайды.

Қорытынды: Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел вирусты гепатиттер бойынша

эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі болып отыр. Жоғары аурушаңдықтың негізгі себептері тұрғындардың сапасы төмен ауыз суын қолдануы. Гепатитпен аурушаңдық су құбырлары мен құрылғыларының қанағаттанарлықсыз жағдайымен, ауыз судың нашар сапасы мен санына тікелей байланысты. Еліміздің қалаларында ауыз судың техникалық қамтамасыздандырылуы мен залалсыздандырылуы шешімін тауып отырғанмен, ауылдық аймақтардың су құбырлары оларды қамтамасыздандыратын арнайы қызметтердің жоқтығынан қараусыз қалып отыр.

Тағайындалмаған жерлерде тағам өнімдерінің көптеген ретсіз базарлары мен сату орындарының болуы аурушаңдықтың жоғарғы дәрежесіне ықпал етуші фактор болып табылады. Нәтижесінде гепатиттердің алдын алу шараларын жетілдіріп, халықтың санитарлық-гигиеналық білімін және әлеуметтік- экологиялық жағдайын жақсартуды қажет етеді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.