Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері

Түйін

Бұл мақалада радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері және оның тірі ағзаларға зиянды әрекеттері туралы қарастырылады.

Кілт сөздер:Радиоактивті сәулелер,жұтылған доза, нейтрон, протон, ядро, атом.

Кіріспе. Адамзат баласын радияциядан қорғау - бұл еліміздің қазіргі таңда алдында тұрған аса өзекті мәселесінің бірі. Түрлі экологиялық мәселелер, әсіресе радиациялық экология өз тұрғысынан әлі де шешімдерін таппай келе жатқаны, әрі радиоактивті сәулелердің тірі ағза тигізетін әсері өте зор екендігі белгілі. Негізінен радиацияның көзі - күннің сәулесі, ғарыштық сәулелер, Жердегі радиоактивті заттардың сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар, рентгендік қондырғылар, телевизор т.б. болып табылады.

Радиоактивті сәулелер - бұлар нейтрондар ағыны қоршаған ортаға, әсіресе тірі ағзаға зиянды әсерін тигізеді. Атомның құрамы - ядроны орбита бойымен айнала қозғалып журетін теріс зарядтты электроннан, тығыз байланыстағы оң зарядтты протоннан және бейтарап нейтроннан тұратынын білеміз. Саны бірдей электрондар мен протондар атомның электрлік бейтараптылығын туғызады, ал нейтрондардың санының өзгеруінен изотоптардың тұрақтылығы өзгереді. Нуклид- тердің көп бөлігі (химиялық элементтердің барлық изотоптарының ядролары) тұрақсыз және үне- мі басқа нуклидтерге айналып отырады. Осы айналу тізбегі сәулеленуге алып келеді. Бұл сәулеле- ну иондаушы сәулелер немесе радиация деп аталады. [2,4]

Радиоактивті сәулелердің белгілі энергиялары бар және бұлар денелердің молекулалары мен атомдарын иондайды, олардың химиялық белсенділігін өзгертеді, жасушаларды мутацияға ұшыратады, хромосомодағы гендерді зақымдайды және түрлі физиологиялық күрделі ауытқуларға алып келеді. Сонымен қатар сәуле шығарудың интенсивтілігі күштірек болса, катерлі ісік және 170

сәуле аурулары дертіне шалдықтыруына және тірі ағзалардың өлуіне алып келеді. Радиациядан тірі ағза жасушаларының биофизикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бұзылуы арта беруі мүмкін. Сәулелердің ағзаға әсер етуіне байланысты екі түрге бөлуге болады:

1) Сыртқы ағзаға ғана әсер ететін сәулелер. Оларға рентген аппараттарымен және электрондық жылдамдықта жұмыс істейтін аппараттарды жатқызуға болады.

2) Ішкі және сыртқы сәулеленулерге ұшырайтын жұмыстар. Оларға реакторларда, ауыр бөлшектердің жылдамдатқыштарында, ашық көздермен манипуляциялар, яғни ұнтақ, ертінді, газ түріндегі радиоактивті заттармен жұмыстарды жатқызуға болады.[2,3]

Радиоактивтілік ағзаға ас қорыту, тыныс алу және тері арқылы түседі. Негізінен бұл мәселе- лерді зерттеумен радиациялық гигиенистер, радиотоксикологтар және физиктер, дозиметристер арнайы айналысады. Ағзаға қатерлісі - радионуклидтердің тыныс алу (ингаляция) жолы арқылы түсуі. Тыныс жүйесіне түскен радионуклидттердің мөлшері оның түйіршіктерінің көлеміне қарай, олардың физико - химиялық қасиеттеріне және ағза жүйелерінде тасымалдануына байланысты түрлі өзгерістерге ұшырайды. Жақсы еритін түйіршіктер біраз уақыттан кейін қан тамырлар жүйесіне еніп, заттар алмасуының нәтижесінде белгілі бір мүшелерде және мүшелер жүйесінде жинақталады да ағзадан сыртқа шығады.

Радиоактивтік заттардың ас қорыту жүйесінде болған кезінде ішектерге сәулелену әсерін тигізеді. Ерімейтін немесе нашар еритін радиоактивті заттар мұрын қуысында сілімей бөлігімен асқазан - ішек жолына түседі де, ішектердің қабырғасына жинақталады. Егер сәулеленуді шығаратын бөлшектердің энергиясы ішектің кейбір бөлігіне көбірек сіңсе, онда асқазан - ішек жолы қатерлі мүшеге айналады. Ал өкпе ұлпасының альвеолдарына түскен түйіршіктерді фагоциттер залалсыздандырып, сыртқа бөлініп шығуына әсер етеді, немесе лимфа түйіндеріне өтеді. Лимфа түйіндеріне өткен бұл бөлшектер бірнеше айға дейін, тіпті бірнеше жылға дейін жатуы мүмкін. Альфа және бета бөлшектері ішектің қабырғаларын сәулелендіреді, ал гамма - кванты ішкі мүшелерге (негізінен құрсақ) және кеуде қуысындағы мүшелерге сәулелену әсерін тигізеді. Адам ағзасының химиялық құрамы аса жетік зерттелгендіктен осы элементтердің қайсы қай мүшеде, ұлпада жинақталатынын болжауға болады.[3,5]

Радиоактивті сәулеленудің сезімталдығы әр мүшелерге әр түрлі әсер етеді. Сондықтан, қауіптілік дәрежесі бойынша ақпарат алу үшін, сәулеленудің эквивалент мөлшерін есептеуде ұлпаның сәйкес сезімталдық коэффициентін ескеру қажет: сүйек ұлпасы - 0,03; қалқанша безі - 0,03; жілік май - 0,12; өкпе - 0,12; сүт безі - 0,15; басқа ұлпаларда - 0,30; барлық ағзада -1,00.

Жұтылған доза мөлшері бірдей болғанымен әртүрлі сәулелердің биологиялық әсері әртүрлі болады. Мысалы альфа-сәуленің 1Гр-нің тірі организмге әсері гамма-сәуленің 20 Гр-нің әсеріндей болады. Әртүрлі сәулелердің әртүрлі биологиялық әсері k - сапа коэффициентімен сипатталады. Ұлпада немесе мүшеде қабылданған эквивалентті дозаны (H) мына өрнекпен анықтауға болады: H=D^ k. мұндағы D - ұлпада немесе мүшеде орташа жұтылған доза,Эквивалентті дозаның өлшем бірлігі зиверт (Зв). Адам ағзасы үшін k - сапа коэффициентінің 1 - ге тең екендігін ескеріп, осыны негізге ала отырып өзіміздің тобымыздағы (фармация мамандығының 102 а тобы) 11 студенттің шамамен ағзасына сіңірген эквивалентті дозасы мен оның ағзасынан бөлініп шығатын энергияны есептедік.

Әр студент орташа жуық шамамен 2 Гр - ге тең гамма сәулеленудің зақымдаушы дозасымен сәулеленгенде оның әрқайсысының ағзасына сіңірген эквивалентті дозасы H= D^k =2 Гр-ге, ал оның әрқайсысының ағзасынан шамамен (топтағы студенттердің салмағының орташасы 60 кг ) E=mD=60kr • 2Гр=120Дж энергия бөлініп шығатынын есептедік. Топтық эффективті эквивалентті доза берілген топтағы адамдардың әрқайсысының жекелеген эффективті дозаларының қосындысына тең: S= E Hi-Pi, мұндағы Pi - берілген топтағы эффективті доза қабылдаған жеке тұлғалардың саны. Міне осылай адамның болашақта қандай да бір радиация көзінен алатын топтық эффективті эквивалентті дозасын есептеуге болатынын түсіндік. [1,2]

Қортынды.

Қортындылай келгенде әр адам баласы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін бір- бірімен сабақтастыра отырып, дұрыс тамақтану, рационалды еңбек ету, ем алу және сәулелену мөлшерлерінің қалыпты нормадан аспауын алдын алу сияқты шараларды қадағалауы міндетті болып табылады. Сонымен қатар, біз - қазіргі жас мамандар келер ұрпағымыздың өмірінің жарқын да мәнді болуы үшін қоршаған ортамызды, яғни Табиғат - Анамызды аялай, қорғай білуіміз қажет.

 

Әдебиеттер

  1. С. Төлеуханов, Биофизика// оқу құралы.-2011-А. б 264-265.
  2. С.С. Садықов, Иондаушы сәуленің физикалық және биологиялық негіздері// - 2002-А. б- 125-126.
  3. А.Ж. Жаханов, С.Садыков, Медициналық радиобиология негізі//оқулық. -2014 -А. Бб.- 6667,70-71, 120-122.
  4. А.Ж. Жаханов, Радиациялық экология//оқулық. - 2011-А. б 23-32.
  5. З.Ж.Асқарова, Радиация және өмір//оқулық. - 2000-А. б 68-69, б 70-71.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.