ТҮЙІН
Ацетилдеуде жеңіл күшті түрде ауру инфильтративным туберкулезде қанда қандарға және антиоксидантной жүйелерге липойдтарға бос радикалды тотығуға интегралды коэффициентке үлкейп жатыр 29, 0у орташа түрге 58а әлсіз тәулікке 100 мг дозаоларда ингибитор жасауда күшті түрде 142Включение рувимина, ағымға 10 күндерге 1-ом айда ИК СРОЛ-АОС деңгейге төмендетіп жатыр 36, 2после 2-х және 3-х айлық рувиминохимиотерапии 57,67 бақылау осы мәнге 7 жақындатылып жатыр. Тиімді мерзім үшін ауру орташа түр 20 күндер келіп жатыр, ингибитор жасаудан әлсіз түрмен ай сайынғы 30 күндердің келіп жатыр.
Кілт сөздер: өкпе туберкулезі, ацетилдеу, липидтердің асқын тотығы, қан, рувимин.
Ғылыми-практикалық медицинаның өзекті мәселелерінің бірі туберкулезге қарсы күрес болып табылады. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары туберкулезімен ауырған науқастардың саны 113%-ға дейін көтеріліп, оның күрделі асқынған түрлері жыл сайын адам өліміне әкеліп соғуда. Туберкулезбен ауыратын нуқастарды емдеу барысында туберкулостатиктердің кейбір жағымсыз әсерлері байқалады. Химиотерапияға дейін инфильтратты шектелген өкпе туберкулезді (ИШӨТ) науқастардың қанындағы липидтердің еркін радикалды асқын тотығуы (ЛЕРТ) мен антитотықтырғыш жүйесінің (АТЖ) интегралдық көрсеткіш (ИК) күшті, орта және әлсіз ингибиторлы топтарда 29,4%, 58% және 142% өседі. 1, 2 және 3 айлық химиотерапиялық емдерді рувиминмен қиылыстырылып қолданғанда дәрінің дозасына байланысты әр түрлі деңгейде өзгереді.
Жұмыстың мақсаты: Инфильтратты шектелген өкпе туберкулезді (ИШӨТ) сырқаттардың қанының липидтердің еркін радикалды асқын тотығуы (ЛЕРТ) мен антитотықтырғыш жүйесінің (АТЖ) интегралдық көрсеткіші (ИК) ацетилдеу түріне байланысты химиотерапияның және рувиминнің әсерінен өзгеруін зерттеу.
Зерттеу әдістері: Бауыр жасушаларының ацетилдеу белсенділігін стандартты изониазидті сынақ арқылы Киселева Т.А. [2006], әдісі арқылы анықталды. Науқастардың қанының липидтердің еркін радикалды асқын тотығуы мен антитотықтырғыш жүйесінің интегралдық көрсеткішін Н.Ж. Орманов [2005], әдкімен анықталды.
Зерттеу нәтижелері: ИШӨТ науқастарды ацетилдеу түріне байланысты ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы деңгейі әр түрлі болады, күшті ингибиторлы түріндегі сырқаттарда оның деңгейі бақылау тобына қарағанда 33%-ға өссе, орта және әлсіз түріндегі науқастарда 178%-ға және 305%-ға жоғарылайды.
ИШӨТ науқастарды туберкулезге қарсы химиотерапиялық препараттармен емдегенде ацетилдеу түріне байланысты ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы деңгейі әр түрлі болады. 1, 2 және 3 айлық антибактериалды химиотерапияның әсерінен ЛАТ-АТЖ көрсеткіштерінің науқастардың күшті ацетилдеу типіндегі химиотерапияның әсерінен бақылау топбының көрсеткішінің 163%, 267% және 346%-ын құрады, яғни жоғарылау деңгейі 63%-ға, 167% және 246% ға тең.
Орта ацетилдеу түріндегі науқастарда бұл көрсеткіштің деңгейі химиотерапиядан кейін емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 1, 2 және 3 айлық емнен кейін 318%, 369%-ға және 520%-ға өседі, әлсіз ингибиторлы топтағы ЛЕРТ-АТЖ-нің интегралды көрсеткішінің өсу деңгейі 1, 2 және 3 айлық
химиотерапиядан кейін 305%, 630%-ға және 820%-ға өседі.
Күшті ингибиторлы түріндегі сырқаттарды рувимин препаратын 100 мг айына 10 күн бойы бергенде ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы мөлшері 1 айдан соң 1,63±0,08 шб-ден 1,04±0,06 шб дейін төмендеді, яғни азаю деңгейі 36,2%-ға тең болды, екі және үш айлық рувиминохимиотерапиядан кейін 57%-ға және 67,7%-ға төмендеп, бақылау тобының көрсеткішіне теңеле түсті.
Орта ингибиторлы түріндегі сырқаттарды рувимин препаратын 100 мг айына 10 күн бойы бергенде ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы мөлшері 1 айдан соң 2,78±0,13 шб-ден 2,27±0,06 шб дейін төмендеді, яғни азаю деңгейі 18,4%-ға тең болды, екі және үш айлық рувиминохимиотерапиядан кейін 14,3%-ға және 46,8%- ға төмендеп, бірақ бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 127%-ға, 166%-ға және 230%-ға жоғарылады. Бұл сырқаттарды рувимин препаратын 100мг айына 20 күн бойы бергенде ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы мөлшері 1 айдан соң 2,78±0,13 шб-ден 1,12±0,06 шб дейін төмендеді, ал азаю деңгейі 59,7%-ға тең болды, екі және үш айлық рувимино-химиотерапиядан кейін 61,5%-ға және 61,2%-ға төмендеп, бақылау тобына тең болды.
Әлсіз ингибиторлы түріндегі сырқаттарды рувимин препаратын 100мг айына 10 күн бойы бергенде ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы мөлшері 1 айдан соң 4,05±0,13 шб-ден 3,33±0,06 шб дейін төмендеді, яғни азаю деңгейі 17,8%-ға тең болды, екі және үш айлықтан кейін сәйкес таза химиотерапиялық тобына қарағанда 62,7%-ға және 38,4%-ға төмендеп, бірақ бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 233%-ға, 350%-ға және 488%-ға жоғарылады.
Бұл сырқаттарды рувимин препаратын 100 мг айына 20 күн бойы бергенде ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы мөлшері емге дейін 4,05±0,20 шб-ден 1 айдан соң 2,2±0,11 шб дейін төмендеді, ал азаю деңгейі 45,7%-ға тең болды, екі және үш айлықтан кейін 44,5%-ға және 35,8%-ға төмендеп, бірақ бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 120%-ға, 125%-ға және 160%-ға жоғарылады.
Бұл сырқаттарды рувимин препаратын 100 мг айына 30 күн бойы бергенде ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы мөлшері емге дейін 4,05±0,20 шб-ден 1 айдан соң 1,02±0,05 шб дейін төмендеді, ал азаю деңгейі 74,8%-ға тең болды, екі және үш айлықтан кейін 74,2%-ға және 71,4%-ға төмендеп, бақылау тобының көрсеткішіне тең болды.
Сонымен, ИШӨТ сырқаттардың ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы мөлшері емге дейін күшті ингибиторлы науқастарда 33%-ға, орта және әлсіз ингибиторларда 178%-ға және 305%-ға өсті, ал 1, 2 және 3 айлық туберкулезге қарсы химиотерапиясының жанама әсерінен күшті ингибиторлы науқастарда 63%-ға, 167%-ға және 246%-ға, орта ингибиторлы науқастарда 318%-ға, 369%-ға және 520%-ға, әлсіз топта 494%-ға, 630%-ға және 820%-ға өсті.
Қорытынды. Рувиминохимиотерапияның әсерінен күшті ацетилдеуші науқастарда айына 10 күн бойы, орта ингибиторлі сырқаттарда 20 күн бойы, ал әлсіз сырқаттарға рувиминді 100 мг 30 күн бойы бергенде қанның құрамындағы липидтердің асқын тотығу өнімдерінің мөлшері төмендеп, антитотықтырғыш жүйесінің деңгей жоғарылап ЛЕРТ-АТЖ-нің ИК-ның қандағы мөлшері қалыпты жағдайға жақындай түсті.