Бутилденген ауыз сулар: сапасы және нормативі

АННОТАЦИЯ

Жұмыстың мақсаты: Бутилденген ауыз суларына қойылатын гигиеналық талаптарды зерделеу. Бутилденген ауыз сулардың физикалық, химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерінің нормаға сәйкестігін анықтау. Қазіргі кездегі өндірілген бутилденген ауыз сулардың сапасын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту және іске асыру.

Кілт сөздер: ауыз су, бутилденген ауыз сулар, нормативтер, гигиеналық талаптар, қадағалау

Денсаулықты қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Денсаулықтың ауыз судың сапасымен тікелей байланысты екендігі ғылымда және тәжірибе жүзінде белгілі жайт. Халықтың бутилденген таза суды тұтынуға көшуі адамның орташа өмір сүруін 5-6 жылға ұзартады деген мәлімет бар. Бутилденген су - бұл бөтелкеге немесе басқа да герметикалық жабық тұтынатын құрамы, пішіні және сыйымдылығы әр түрлі орағышқа және полиэтиленді пакеттерге құйылған, адамның одан әрі ешбір өңдеусіз қолдануына арналған су.

Адамзаттың бутилденген ауыз суды пайдалануының жүз жылдық тарихи бар. Бүкіл әлемде бутилденген суды қолданады. Еуропада осындай ауыз суды тұтынудың маңызын бірінші болып түсініп, әлем бойынша бутилденген ауыз суды тұтынудан еуропалық рынок алда тұр. Әдебиеттерге сүйенсек, бүкіләлемдік көлемнен бутилденген ауыз суды тұтынудың пайыздық (%) қатынасы: Батыс Еуропа - 64%, АҚШ - 21%, Шығыс Еуропа - 3,5%, қалған елдер -11,5% құрайды. Әр елде бір тұрғынға бутилденген ауыз суды тұтыну әр түрлі және халықтың экономикалық жағдайына байланысты. Батыс Еуропада бутилденген ауыз суды тұтыну жылына орта есеппен бір тұрғынға 70 литрден, ал Шығыс Еуропа елдерінде 40 литрден келеді. Әртүрлі дерек көздері бойынша Қазақстан, Ресей, Украинада бутилденген ауыз суды тұтыну жылына орта есеппен бір тұрғынға 2035 литрден келеді. Қазіргі кезде халықтың бутилденген ауыз суды пайдалануы жыл сайын 10-20% артып отыр. Халық бутилденген суды пайдаланғанда кепілді қауіпсіздікті ғана емес, жоғары сапалылықты, физиологиялық тұрғыдан пайдалы қасиеттерді көреді.

Қазақстанда ауыз суды бөтелкеге құйып, өндіру тағам өнеркәсібінің жеке саласы ретінде ХХ-ғасырдың 90-жылдарының ортасынан қолға алынған. Бутилденген ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар халықаралық, еуропалық және ұлттық стандарттарда берілген. Олар: Халықаралық стандарттар:- Guidelines for drinking-water quality. Fourth edition. WHO [1]. - CODEX STAN 227-2001 General standard for bottled/packaged drinking waters (Other than natural mineral waters) [2].- CODEX STAN 108-1981, Rev. 2-2008 Codex standard for natural mineral waters [3].

Еуропалық стандарттар: - Directive 98/83/EC of 3rd November 1998 on the quality of water intended for human consumption [4].- Directive 2009/54/EC of the European Parliament and of the Council of 18 June 2009 on the exploitation and marketing of natural mineral waters [5]. - Directive 2003/40/EC of 16 May 2003 establishing the list, concentration limits and labeling requirements for the constituents of natural mineral waters and the conditions for using ozoneenriched air for the treatment of natural mineral waters and spring waters [6].

Көрсетілген стандарттардағы талаптар ауыз суларға арналған. Ауыз су азық-түлікке жатқызылады. CODEX STAN 227-2001, CODEX STAN 108-1981, Directive 2009/54/EC құжаттар тарауларында азық-түліктің зат белгісіне арналған, онда бутилденген ауыз судың емдік және емдік- профилактикалық қасиеттері жөнінде жазуға тыйым салынады. Бутилденген ауыз судың зат белгісінде судың адам ағзасына пайдалы қасиеттері туралы, мысалы, «ас қорытуды реттейді», «денсаулыққа пайдалы», «құрамында кальций бар» деп жазуға болады [7].

Емдік сулардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ұлттық стандарттарда, сапа көрсеткіштері берілген. Емдік сулар азық-түлікке жатпайды, олар табиғи емдік заттарға жатады. Сондықтан бутилденген емдік сулардың зат белгісінде терапиялық көрсеткіші, пайдалануы, қарсы көрсеткіші, кері әсері туралы мәліметтер беріледі. Судың емдік қасиеті медициналық зерттеулермен дәлелденуі керек, сосын бальнеологиялық қорытынды беріледі.

Қазақстан Республикасы стандарттары:

  • Қазақстан Республикасы техникалық регламенті «Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» [8].
  • ҚР СТ 1432-2005 «Ыдыстарға құйылған ауыз сулар, табиғи минералды асханалық ауыз сулар. Жалпы техникалық жағдай» [9].
  • ҚР СТ 452-2002 «Минералды табиғи емдік-асханалық және емдік сулар. Жалпы техникалық жағдайр» [10].

Берілген стандарттарда бутилденген ауыз сулардың физикалық-химиялық, микробиологиялық, радиологиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіздігінің нормативтері келтірілген. Адам ағзасы үшін ең пайдалысы құрамында оңтайлы еріген тұздары мен биологиялық белсенді заттары бар ауыз сулар болып саналады.

Бүгінгі күні Ресей ғалымдары Д.В.Рахманин, Р.И.Михайлова өздерінің ғылыми зерттеулерінде бутилденген ауыз су сапасының физикалық-химиялық, микробиологиялық қасиеттері мен құрамдарына, қойылатын гигиеналық талаптардың құбырлық кәдімгі ауыз суына қойылатын талаптардан жоғары екендігін, оның маңызын ашып көрсеткен. Әсіресе микробиологиялық көрсеткіші бойынша қадағалайтын тізімді толықтыру керектігіне тоқталған, атап айтқанда қолдануға дайын бутилдеген ауыз суда E.coli және колиформды бактерияларды анықтау қажеттігін айтқан. Зерттеу кезінде сауда нүктелерінен алынып, зерттелген бутилденген ауыз су сапасының микробиологиялық және химиялық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай гигиеналық талаптарға сай еместігін анықтаған. Бұған қоса, ыдыстарға құйылған ауыз суды санитариялық-эпидемиологиялық зерттегенде, ыдысты жасауға қолданылған материалдан органикалық заттардың суға миграциялану мүмкіндігін бағалау үшін тағы 2-5 көрсеткіш бойынша талдау жүргізген дұрыс деген қорытынды жасаған(1кесте)[11].

1 кесте - Орағыш ыдыстан құйылған өнімге миграцияланатын химиялық заттардың индикаторлық көрсеткіші

Заттар

ШРЕК мг/л

Қауіптілік класы

полиэтилен

поликарбонат

ПЭТ

шыны

Бутанол

0,06

2

+

+

   

Формальдегид

0,05

2

++

+

+

 

Ацетальдегид

0,2

4

+

 

++

 

Ацетон

2,2

3

+

++

+

 

Фенол

0,001

4

 

++

   

Бор

0,5

2

 

++

 

++

Дихлорметан

0,02

3

       

Жерасты табиғи суларда кездесетін және оның құрамына әсер ететін аутохтонды және аллохтонды микроағзалар болады. Олар кей жағдайда минералды сулардың органолептикалық көрсеткіштерін нашарлатады. Аутохтонды микроағзалар - табиғи түрде қалпына келетін, патогенді емес бактериялар. Жерасты табиғи ауыз судың органолептикалық көрсеткіштерін нашарлататын микроағзаларға жатады: актиномицеттер, стрептомицеттер, микромицеттер, ұсақ саңырауқұлақтар, миксобактериялар, темір тотықтырғыш және марганец тотықтырғыш бактериялар. Сонымен қатар, жерасты ауыз суының сапасын жақсартатын микроағзаларға жататындар: гетеротрофты, сапрофитті, амилолитикалық, тионды, сульфатредуцирлеуші, көмірсутек тотықтырғыш және т.б. бактериялар. Тионды бактериялар сульфаттың пайда болуына алып келеді, оны гепатобилиарлы жүйені емдеуде қолданады. Көмірсутек тотықтырғыш бактериялар органикалық қышқылдар, спирт, В2 және В12 дәрумендерін жасайды.

Минералды сулардың құрамындағы микроағзаларды Украина ғалымдары зерттеп, өндірісте суды ыдыстарға құюда, ыдыстың жасалған материалына және сақтау мерзіміне байланысты бактериялар мөлшерінің өзгеріп отыратындығын анықтаған.

Қазақстан Республикасында бутилденген ауыз судың халықаралық және еуропалық жіктеуге сәйкес түрлері қабылданған: ауыз су, табиғи минералды су, бұлақ суы, асханалық су, тазартылған су, емдік су, емдік-асхана суы. Осы келтірілген ауыз сулары елімізде өндіріледі және халық қажетті дәрежеде, тағайындалуына сәйкес тұтынады. Олардың сапасы өндірілетін жерлерде және сауда нүктелерінде тексеріледі.

Қорытынды: бутилденген ауыз суды тұтыну қарқыны жылдан жылға артып келеді. Соған қарамастан бутилденген судың физикалық, химиялық, әсіресе микробиологиялық көрсеткіштерін санитариялық - эпидемиологиялық тексеруді қатаң қолға алып, тұтынушылар құқығын қорғау мекемелері тарапынан үнемі қадағалынып отырғаны абзал.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. .WHO, 2011. Guidelines for drinking-water quality. Fourth edition, Geneva, 541pp.
  2. .CODEX STAN 227-2001 General standard for bottled/packaged drinking waters (Other than natural mineral waters).
  3. .CODEX STAN 108-1981, Rev. 2-2008 Codex standard for natural mineral waters.
  4. .Directive 98/83/EC of 3rd November 1998 on the quality of water intended for human consumption. Official Journal of the European Communities, 05.12.1998, L330/32-54.
  5. .Directive 2009/54/EC of the European Parliament and of the Council of 18 June 2009 on the exploitation and marketing of natural mineral waters. OJ L 164, 26.6.2009, p. 45-58.
  6. .Commission Directive 2003/40/EC of 16 May 2003 establishing the list, concentration limits and labelling requirements for the constituents of natural mineral waters and the conditions for using ozone- enriched air for the treatment of natural mineral waters and spring waters. OJ L
  7. .Regulation (EC) №1924/2006 of the European Parliament and of the Council of 20 December 2006 on nutrition and health claims made on foods. OJ L 404, 30.12.2006, p. 9-25
  8. . Қазақстан Республикасы техникалық регламенті «Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
  9. . ҚР СТ 1432-2005 «Ыдыстарға құйылған ауыз сулар, табиғи минералды асханалық ауыз сулар. Жалпы техникалық жағдай»
  10. . ҚР СТ 452-2002 «Минералды табиғи емдік-асханалық және емдік сулар. Жалпы техникалық жағдайы»
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011