АННОТАЦИЯ
Зерттеу мақсаты: біржапырақты таспа өсімдіктерінің индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлардың қанындағы антитотықтырғыш жүйенің көрсеткіштерінің әсерін анықтау. Біржапырақты таспа өсімдіктердің экстрактысының 200мг/кг массасына тең дозасын 10 күн бойын ауыз қуысы арқылы индометацинді ойық жаралы жануарларға ем ретінде енгізгенде, олардың эритроциттеріндегі антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің белсенділігі жоғарылап, бұл препараттың антиоксидантты әсерге ие болатын дәлелдейді және «Асқазан» таблеткасына (ІІ- ші бақылау тобы) қарағанда белсенділігі орта есеппен 15,3-37,2%-ға жоғары деңгейде орын алады. Алынған деректер, Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысы антирадикалды антитотықтырғыш қасиеттерге ие болатын дәлелдейді.
Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының 200мг/кг массасына тең дозасын 10 күн бойына ауыз қуысы арқылы индометацинді ойық жаралы жануарларға ем ретінде енгізгенде, олардың эритроциттерінде липидтердің уытты асқын тотық өнімдерінің топтасуы едәуір төмендеп, бұл препараттың антиоксидантты әсерге ие болатын дәлелдеді және «Асқазан» таблеткасына (ІІ-ші бақылау тобы) қарағанда белсенділігі орта есеппен 27,4-15,2%-ға жоғары деңгейде орын алады.
Кілт сөздер: біржапырақты таспа, индометациндік ойық жара, эритроциттер, антиоксидантты жүйе.
Кіріспе: Флавоноидтар - өсімдіктің құрамында болатын фенолдық қосылыстардың кең тобына жатады. Адамның тәуліктік рационындағы жинынтық саны 1г құрайды, ол биологиялық рөль атқару үшін бұл мөлшер толық жеткілікті [1]. Флавоноидтар аскорбин қышқылымен бірге тотығу - тотықсыздану үрдістеріне қатысады, тотығуды тежейді, осыған орай, адреналиннің әсерін ұзартады, жасушаларының антитотықтырғыш қорғанысының құрамына кіреді [2].
ФЛ антитоқтырғыш белсенділігі олардың құрылымындағы қозғалғыш сутек ионының болуымен жүзеге асады. Ол ЛАТ инициаторлары болып табылатын еркін радикалдарды жою үшін жұмсалады. Олар ФЛ әрекеттескенде еркін радикалды тізбектік үрдістің жалғасуы және жүруі мүмкін болмайтын энергия қоры аз жетіхинонды радикал түзіледі. Сонымен қатар оңай тотыға отырып, тотығу-тотықсыздану серпілістерінің жұптасуынан өсімдік ФЛ ақуыздардың тиолды топтарының түрлі субстраттарының, ферменттердің, төмен молекулалы заттардың тотықсыздануын қамтамасыз етеді, тотығу күйзелістерінен ағзаның қорғау деңгейі жоғарылайды. Сондай-ақ өсімдіктер құрамындағы фенолдық қосылыстардың физиологиялық белсенділігінің маңызды қасиеті - жасуша - қан тосқауылдарының және жасушалық мембрананың тығыздануы, қан тамырларының қабырғаларының резистенттілігінің жоғарылауы, мембрана өткізгіштігінің төмендеуі нәтижесінде қол жеткізген антиуытты әсер көрсетуі [3,4].
Зерттеу мақсатына орай, Біржапырақты таспа өсімдіктерінің индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлардың қанындағы антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің әсеріне зерттеу жүргізілді.
Индометацинді ойық жара кезінде гиперпероксидациялық синдромының орын алу механизмдерін және зерттеуге алынған Біржапырақты таспа өсімдігінің антитотықтырғыш әсерін толық анықтау үшін, зерттеу міндеттеріне байланысты тәжірибелі жануарлардың қанында антитотықтырғыш жүйелердің көрсеткіштерін анықтадық.
Зерттеу әдістері. Қанның құрамындағы антиоксидантты жүйе ферменттері - каталаза мен супероксиддисмутаза белсенділіктерін зерттеу әдісі бойынша анықталды.
Зерттеу нәтижесі: Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер 1 - кестеде және 1 - суретте орын алды. Индометацинді ойық жаралы жануарлардың қанында антиоксидантты жүйенің мөлшерлері депрессиялық жағдайға тап болады. Негізгі асқын тотық өнімдерінің уытты заттарын заласыздандыратын ферменттердің бірі каталазаның белсенділігі интактылы тобына қарағанда плазмада және эритроциттерде 30,5%-ға және 30,9%-ға төмендейді. Индометацинді тобындағы эритроциттердегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің топтасуына кілттік ферменттің бірі - супероксиддисмутазаның белсенділігі интактылы бақылау тобына қарағанда 50%-ға төмендейді.
Кесте 1 - Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының әсеерінен индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанындағы антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің өзгеруі.
Көрсеткіштер |
Топтар |
||||
ИТ |
ИмОЖ |
ИмОЖ+АсТ |
ИмОЖ +БЖТЭ |
||
Плазмадағы Каталаза (мкат/л) |
% |
1,67±0,06 100 |
1,16±0,05 69,5 |
1,3±0,06* 77,8 |
1,50±0,08* 89,8 |
Эритроциттердегі Каталаза (шб/106кл) |
% |
13,3 ±0,4 100 |
9,2±0,5 69,1 |
11,1±0,3* 83,4 |
12,1±0,4* 90,9 |
СОД (шб/106кл) |
% |
0,76±0,03 100 |
0,38±0,03 50 |
0,45±03* 59,2 |
0,47±0,03* 61,8 |
ИТ- интактлы топ; ИмОЖ - индометацинді ойық жара; ИмОЖ+АсТ- индометацинді ойық жара+«Асқазан» таблеткалары; ИмОЖ +БЖТЭ - индометацинді ойық жара+Біржапырақты таспа экстрактысы;*-р <0,05 - ИТ салыстырғандағы нақты көрсеткіш;**- р<0,05- индометацинді ойық жаралы топтың көрсеткішімен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; СОД - супероксиддисмутаза; |
Алынған мәліметтер, индометацинді ойық жара кезінде антитотықтырғыш жүйенің көрсеткіштерінің деңгейі едәуір төмендеп, депрессиялық жағдайға тап болатынын негіздейді.
Индометацинді ойық жаралы жануарларға «Асқазан» таблеткасын ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде, плазмадағы және эритроциттердегі каталазаның белсенділігі 12%-ға және
20,6%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 18,4%-ға өседі. Индометацинді ойық жаралы жануарлардың Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысын 200 мг/кг дозасында ауыз қуысы арқылы 10 күн бойы енгізгенде каталазаның плазмадағы және эритроциттердегі белсенділігі 29,3%-ға және 31,5%-ға жоғарылайды, ал СОД белсенділігі 23,7%-ға өседі, бірақ зерттеуде қолданған көрсеткіштердің деңгейі бақылау (интактылы) тобына қарағанда 10,2%-ға, 9,1%-ға және 38,2%-ға төменгі деңгейде орын алады [5].
Қорытынды
Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер, Біржапырақты таспа өсімдігінің экстрактысының 200мг/кг массасына тең дозасын 10 күн бойын ауыз қуысы арқылы индометацинді ойық жаралы жануарларға ем ретінде енгізгенде, олардың эритроциттеріндегі антиоксидантты жүйенің көрсеткіштерінің белсенділігі жоғарылап, бұл препараттың антиоксидантты әсерге ие болатын дәлелдейді және «Асқазан» таблеткасын қабылдаған топқа (ІІ- ші бақылау тобы) қарағанда белсенділігі орта есеппен 15,3-37,2%-ға жоғары деңгейде орын алатыны байқалды. Алынған деректер, Біржапырақты таспа өсімдіктерінің экстрактысы антирадикалды, антитотықтырғыш қасиеттерге ие болатын дәлелдейді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- .Рочинский В.А. Фенольные антиоксиданты. Реакционная способность и эффективность. - М.: Медицина - 1998. - 110с.
- . Воскресенский О.Н., Туманов В.А. Ангиопротекторы. - К.: Здоров’я, 1982. - 120с.
- .Барабай В.А. Растительные фенолы. - М.: Наука, 1984. - 160с.
- .Марчишин С.М. Эффективность фенольных соединений арники при токсическом поражении печени // Фармакология и токсикология. - 1983. №2. - С. 102-104.
- . Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 c.