Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Түлкіше таспа экстрактысының индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлардың қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің мөлшеріне әсері

АННОТАЦИЯ

Зерттеу мақсаты: Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысының индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлардың қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің мөлшерлеріне әсерін анықтау.

Тибетте таспа экстрактысын жүрек және тамыр ауруларында, ісінуде, асқазан мен көкбауырдың ауруларында, асқорытудың басқа да ауруларында асцитте және зат алмасудың бұзылуында, жараның бетін өңдеуде қолданады. Монғолияда тамыр қайнатпасын қатты шаршауда тонусты күшейтетін зат ретінде сондай-ақ физикалық жұмысқа қабілеттілікті күшейту үшін қолданады.

Түлкіше таспа өсімдіктерінің экстрактысын 200мг/кг масса дозасында 10 күн бойы ауыз қуысы арқылы енгізгенде тәжірибелі жануарлардың қанындағы диенді қоспаның, липидтердің гидроасқын тотығының және тиобарбитурат қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің эритроциттерде қоюлануы индометацинді ем алмаған тобына қарағанда 55,2%-ға, 26,5%-және 23,1%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда диенді қоспаның деңгейд 19,6%-ға жоғары болады.

Кілт сөздер: Түлкіше таспа, экстракт, индометациндік ойық жара, липидтердің асқын тотықтары.

Кіріспе. Таспа өсімдігінің тамырынан 2001ж. калифорниялық ғалымдар, теломераза ферментін белсендендіретін циклоастрагенол затын бөліп алған. Ғылыми деректердегі мәліметтерден жасушаның қартаю үрдісін хромосомалардың ұштарын қорғап тұратын РНҚ-ның акуыз кешені теломерлерінің қысқаруымен байланыстырады. Теломераза зақымданған теломерлерді қайта қалпына келтіріп, ағзаның қартаю үрдісін баяулатады, ағзаның функционалдық қорын жақсартып, жасушаның өмір сүру уақытын ұзартады [1,2].

Қытай медицинасында таспа өсімдігін жүрек қантамыр жүйесінің және асқазанның ауруларын емдеу үшін, сонымен қатар несеп айдайтын, тер айдайтын, жалпы ағзаны нығайтатын, қанның түзілуін қуаттандыратын зат ретінде қолданады; эклампсияда, қант сусамырында, алапесте, қатерлі ісіктерде, атеросклероз және гипертониядан болған асциттерде, фурункулезде және т.б ауруларда қолданылады. Тамырынан дайындалған сулы экстрактысы жұқпалы жарақаттарда жараны жазатын өте жақсы зат болып табылады, оны жараның бетін өңдеуде компресс үшін қолданады [3-5].

Өсімдік құрамындағы флавоноидтар, қалыпты және патологиялық жағдайдағы жасушалардағы рецепторлардың түрлі жүйелерін бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын өсімдіктердің екіншілік метоболиттері болып табылады. Қабынумен байланысты, иммунологиялық және нейродегенеративтік ауруларды, қант диабетін емдеуде, алдын алуда қолданылады [6]. Флавоноидтардың айрықша қасиеттеріне антитотықтырғыш - атерогенді липидтердің асқын тотығуын тежеу қасиеті жатады. Сонымен қатар, эйкозаноидтар синтездейтін (фосфолипазаА2,циклоокигеназа, липоксигеназа) ферменттердің түзілуін тежеп қабыну тудыратын молекулалардың экспрессиясын азайта отырып, қабыну үрдістеріне қарсы әсер көрсетеді [6,7].

Жұмыстың максатына орай, Түлкіше таспа өсімдігінің индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің мөлшерлері анықталды.

Зерттеу әдістері. Қанның құрамындағы эритроциттеріндегі липоасқын тотықтығу өнімдері: диенді қоспаның (ДҚ), липидтердің гидроасқын тотығының (ЛГАТ) және малондық диальдегидтер (МДА) қарқынының деңгейі спектрофотометрия әдісімен анықталды [8].

Зерттеу нәтижелері: Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысының әсерінен индометациндік ойық жарамен жараланған жануарлар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотық өнімдерінің өзгеруі 1-кестеде көрсетілген.

Тәжірибелі индометацинді ойық жарасымен зардап шегетін жануарлардың қанындағы эритроцитттерде липидтердің асқын тотығу өнімдерінің деңгейі әр түрлі дәрежеде жоғарылайды. Диенді қоспаның (ДҚ) мөлшері интактылы топқа қарағанда өсу деңгейі 166,6%-ға тең болды, ал липидтердің гидроасқын тотығының (ЛГАТ) және тиобарбитур қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) мөлшері 40,6%-ға және 32,6%-ға өседі. Алынған мәліметтер, индометацинді ойық жарасында липидтердің асқын тотық өнімдерінің деңгейінің өсуін дәлелдеп,бұл патологияда «гиперпероксидациялық» синдром орын алатын көрсетеді және алынған деректер ғылыми әдебиеттерде кездесетін мәліметтерге сәйкестігін көрсетеді . Индометацинді ойық жарасындағы орын алатын липидтердің асқын тотығу үрдісіне әсерін зерттеу үшін бақылау топ ретінде «Асқазан» таблеткасын қабылдаған топтар алынды. «Асқазан» таблеткасының әсерінен ойық жаралы жануарлардың қанының эритроциттерінде диенді қоспаның, ЛГАТ және ТБҚ-ӘӨ-нің

қоюлануы индометацинді ойық жаралы жануарларға қарағанда 10,3%-ға, 8,5% және 11,6%-ға төмендейді, бірақ интактылы (І-ші бақылау тобы) қарағанда олардың мөлшері жоғары деңгейде орын алады. Оның ішінде ДҚ қоюлануы 139,2%-ға, ЛГАТ мөлшері 28,8%-ға және ТБҚ-ӘӨ деңгейі 17,4%-ға жоғарылайды.

Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысын 200мг/кг масса дозасында 10 күн бойы ауыз қуысы арқылы енгізгенде тәжірибелі жануарлардың қанындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің қоюлануы индометациндік топқа қарағанда біршама төмендейді. Диенді қоспаның эритроциттерде қоюлануы индометацинді ем алмаған жануарлар тобына қарағанда 55,2%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда 19,6%-ға тең деңгейде орын алады. Липидтердің гидроасқын тотығының эритроциттердегі қоюлануы индометацинді ем алмаған тобына қарағанда, 26,5%-ға азайып, бақылау тобының деңгейіне жақындай түседі. Тиобарбитур қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің (ТБҚ-ӘӨ) эритроциттегі индометацинді бақылау тобына қарағанда мөлшері 23,1%-ға төмендейді, бақылау тобының деңгейіне жақындай түседі (кестеде берілген ).

71

1. Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысын 200мг/кг масса дозасында 10 күн бойы ауыз қуысы арқылы енгізілді, тәжірибелі жануарлардың эритроциттерінде диенді қоспаның, липидтердің гидроасқын тотығының және тиобарбитур қышқылымен әрекеттесетін өнімдердің қоюлануы индометацинді ем алмаған топқа қарағанда 55,2%-ға, 26,5%-ға және 23,1%-ға азайып, бірақ бақылау тобына қарағанда диенді қоспаның мөлшері 19,6%-ға тең жоғары деңгейді көрсетеді, ал баска көрсеткіштері бақылау тобының деңгейіне жақындайды.

2. Түлкіше таспа өсімдігінің экстрактысын 200мг/кг массасына тең дозасын 10 күн бойына ауыз қуысы арқылы индометацинді ойық жаралы жануарларға ем ретінде енгізілді, бұл экстракттың антиоксидантты әсерге ие болатын дәлелдейді және «Асқазан» таблеткасын қабылдаған топқа (ІІ-ші бақылау тобы) қарағанда белсенділігі орта есеппен 36,5%-ға жоғары мәнге ие болды.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Jang H., Ju Z., Telomere shortening and aging. Z.Gerontol Geriat.2007. 40:314-324.
  2. Geron CorporatioiiForm 10-K - Februaru 26, 2010. http: www. fags. org/sec - filings/100226 GERON-CORP_10-K
  3. Bensky D, Clavey S, Stoger E. Materia Medica. 3rd edition. Seattle, USA: Eastland Press, 2004. P.718-722.
  4. Шретер А.И., Валентинов Б.Г., Наумова Э.М. Природное сырье китайской медицины: Справочник. Т. 1. М.: Теревинф, 2004. 506с.
  5. Chen John K., Chen Tina T. Chinese Medical Herbology and Pharmacology. City of industry, California: Art of Medicine Press. 2004. P. 847-853.
  6. Jeong E., Lee J.Y. / Yonsei. Med. J. 2011. V. 52. № 3. P. 379-392.
  7. Sies H. / Arch. Biochem. Biophys. 2010. V. 501. №1. Р.2 -5.
  8. Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 c.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина