Фармакоэкономикалық талдаудың әдістері

АННОТАЦИЯ

Зерттеудің мақсаты: Helicobacter Pylori инфекциясымен ауырған ойық жара ауруының фармакотерапиялық нәтижесін «шығын-тиімділік» фармакоэкономикалық талдау әдісі арқылы анықтауды ұсыну. Стационар жағдайында фармакоэкономикалық бағалау негізінде ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруына қарсы дәрілік заттарды қолдануының тиімділігі саналады. Қазақстан Республикасындағы ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруына байланысты талдау жүргізу, аталған аурумен аурушаңдықтың өсу қарқынын анықтау. Стационарлық деңгейдегі емдеу кезінде ұлтабар және асқазан ойық жарасына қарсы қолданылатын препараттарды қолданудың фармакоэкономикалық бағалауының тиімді әдістемесін айқындау.

Кілт сөздер: шығын-тиімділік, фармакоэкономика, талдау, ұлтабар, асқазан жарасы.

Кіріспе.

Елімізде аталған ойық жара ауруларымен ауыратын адамдар өткен 50-100 жылдардағыдан жиі кездеседі. Егер өткен жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1914 жылға дейін ойық жарамен науқастар барлық терапевтік аурулардың 0,07% құраса, 1920 жылы 12%-ға жетті. Бұл тек ауру диагнозын анықтаудың жақсарғандығымен емес ойық жара ауруының шынайы көбейгендігімен байланысты [1].

Ал асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы ауруымен ауыратын аурулар саны керісінше жыл сайын өсу үстінде (1-сурет).

Ал қазіргі таңда соңғы бес жылдықта сырқаттанушылық деңгейі Қазақстан Республикасы бойынша 9,5%-ға өссе, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 83%-ға өсіп отыр [2].

Осыған байланысты аурушаңдықты төмендету мақсатында тиімді емдеу схемасын таңдау және сапасы, бағасы жағынан тиімді дәрілік препараттарды қолдану, фармакоэкономикалық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.

Экономикалық зерттеу әдістерінде фармакоэкономикалық талдаудың негізгі бес түрі қолданылады: 1)«шығын-азайту» талдауы (СМА - cost-minimization analysis); 2)«шығын-тиімділік» талдауы (СЕА - cost-effectiveness analysis); 3)«шығын-пайдалылық» талдауы (утилитарность) (CUA - cost-utility analysis); 4) «шығын-нәтижелілік» талдауы (СВА - cost-benefit analysis); 5) Аурудың құнын талдау (COL - cost of illness) [3,4,5].

Сонымен қатар зерттеудің қосымша әдістері де қолданылады: модельдеу, сезімталдық талдауы, дисконттау және т.б. Модельдеу - бұл әртүрлі объектті, үдеріс және құбылысты математикалық (логикалық) модель негізін қолдана отырып зерттеу әдісі [6].

Материал және әдістер.Зерттеудің әдістемелік негізі болып, фармацевтикалық маркетинг, Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қаулылары және де жүйелі талдау теориясы саналады. Зерттеу объектілері болып, ұлтабар және асқазан ойық жарасымен ауырған науқастарды дәрілік қамсыздандыру бойынша стационарлардың қызметінің көрсеткіштері, гастроэнтеролог, фармацевт және провизорларға, дәріхана тұтынушыларына жүргізілген сауалнама нәтижесі саналады.

Нәтижелер және талқылаулар. Денсаулық сақтау саласын стандарттауды дамыту жүйесін- де, медициналық көмек сапасын басқаруда фармакоэкономика маңызды элемент болып табылады. Фармакоэкономикалық зерттеудің негізгі мақсаты қоғамға медициналық көмек көрсету негізінде мейлінше шығындарды азайтуда тиімді бағдарламаларды қамтамасыз ету [7].

Нақты нәтижелер көмегімен фармакоэкономикалық зерттеулер арқылы келесідей мәселелерді шешуге болады: науқастың әлеуметтік-экономикалық шығындарын анықтау;

альтернативті емдеу әдісінің клиникалық және экономикалық тиімділігін бағалау; науқастың өмір сапасы өзгерісін бағалау; денсаулық сақтау жүйесінде шығындарды бақылауды оңтайландыру.

Ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруына қарсы қолданылған дәрілердің фармакоэко- номикалық талдануын жүргізу үшін, біз шығын-азайту талдануы әдістемесін, яғни шығындарды барынша азайту әдісін қолдандық. Бұл ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруын емдеуде мүмкіндігінше бюджеттік қаржыны үнемдеу үшін тиімді талдау әдісі.

Фармакоэкономикалық зерттеуді жүргізу барысында біз, науқастардың сырқатнамаларын- дағы ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруын емдеуде қолданылатын препараттардың тағайындалу құрылымы мен стационардағы науқастардың жатын күндерінің ұзақтығы негізінде есептеулер жүргіздік. Ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруын емдеу схемасы 1-кестеде ұсынылған.

Кесте 1 - Helicobacter pylori инфекциясына эрадикациялық терапия жүргізу схемасы

Бірінші тізбектегі терапия: Үшіншілік терапия

Омепразол 20 мг күніне 2 рет немесе Рабепразол 20 мг күніне 2 рет Лансопразол 30 мг күніне 2 рет Пантопразол 40 мг күніне 2 рет + кларитромицин 500 мг күніне 2 рет + Амоксициллин 500 мг күніне 2 рет немесе + Кларитромицин 500 мг күніне 2 рет + Метронидазол 500 мг күніне 2 рет

Ранитидин висмут цитрат 400 мг күніне 2 рет + Кларитромицин 500 мг күніне 2 рет + Амоксициллин 500 мг күніне 2 рет + Кларитромицин 500 мг күніне 2 рет + Метронидазол 500 мг күніне 2 рет

Екінші тізбектегі терапия: Квадротерапия

Омепразол 20 мг күніне 2рет немесе Рабепразол 20 мг күніне 2 рет немесе Лансопразол 30 мг күніне 2 рет немесе Пантопразол 40 мг күніне 2 рет +

Висмута субсалицилат/субцитрат 120 мг күніне 4 рет + метронидазол 500 мг күніне 3 рет + Тетрациклин 500 мг күніне 4 рет

Коллоидты висмут субцитрат негізіндегі үшіншілік терапия схемасы

Базисті препарат

Антибактериальды препараттар

Коллоидты висмут субцитрат 240 мг күніне 2 рет

Тетрациклин 2000 мг/күніне+метронидазол (тинидазол) 1000-1600 мг/күніне немесе

 

Амоксициллин 2000 мг/күніне+ метронидазол 1000-1600 мг/күніне немесе

Амоксициллин2000мг/күніне+кларитромицин+500 мг/күніне немесе

Кларитромицин 500 мг/күніне+метронидазол 1000-1600 мг/күніне немесе

Амоксициллин 2000 мг/күніне+фуразолидон 400

мг/күніне немесе

Кларитромицин 500 мг/күніне+фуразолидон 400 мг/күніне

Біз, ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруына қарсы қолданылатын препараттарды тағайындау кезінде терапия схемаларында қолданылған, зерттеу барысында таңдалынып алынған препараттар тізімін ұсынып отырмыз. Осы ұсынылған мәліметтер аясында біз, мүмкіндігінше төмен бағадағы емдеу схемасының құнын есептеп шығардық. Шымкент қаласында көтерме саудамен айналысатын фармацевтикалық фирмалардың 2015 жыл сәуір айындағы прайс-парағы бойынша дәрілік препараттардың орташа бағасы алынды (2-кесте).

Кесте 2 - Ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруын емдеудің құнын есептеу үшін қажетті мәліметтер

Препарат атауы

Дозасы

Фирма, өндіруші ел

Жалпы орта бағасы және қораптағы бір дана бағасы, (тг)

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі

Ден-нол (висмут субсалицилаты)

120мг, №112

Астеллас форма Юроп Б.В., Нидерланды

3589,25 тг (1таб- 32,04)

Омепразол

20 мг, №30

Синтез ОАО, Ресей

133 тг (1 таб-4,43)

Париет (рабепразол)

20 мг, №14

Эсай Ко, Жапония

5649,25 тг (1таб-

403,51)

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі

Амоксициллин

500 мг, №10

Химфарм АО, Қазақстан

311,5 тг (1 таб-31,15)

Метронидазол

250 мг, №10

Борисовский ЗПМ, Беларусия

26,8 тг (1 таб-2,68)

Тетрациклин

100 мг, №20

Биосинтез ОАО, Ресей

53,5 тг (1 таб-2,67)

Кларитромицин: Клабакс

Клацид

500 мг, №10

500 мг, №14

Ранбакси лаб.Лтд., Индия Эббот лаб.Лтд., Ұлыбритания

2232 тг (1 таб-223,2)

5120 тг (1 таб-365,7)

Қазіргі таңда фармацевтикалық нарық қарқынды дамуда, бұл дегеніміз дәрілік ассортименттің күннен-күнге ұлғаюымен түсіндіріледі, сонымен қатар бәсекеге қабілеттілік те жоғарылауда. Алайда дәрі-дәрмектердің сан түріне қарамастан олардың өндіруші елдеріне де назар аударған дұрыс, өйткені өзіміздің отандық және ресей елінің дәрі-дәрмектері баға жағынан басқа өндіруші елдерге қарағанда едәуір төмендеу болып келеді.

Әрі қарай біз есептеу кезінде препарат құнын таңдап алынған емдеу схемасы бойынша бір науқасқа кететін дәрі құнын есептедік, бұл жерде препараттар бағасы емдеу схемасына сәйкес салыстырмалы түрде де көрсетілген, ол 3-кестеде ұсынылған. Осы көрсеткіш негізінде емдеу схемасына кеткен жалпы қаражат көлемі сомасын есептеп шығаруға болады.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша ұлтабар және асқазан ойық жара ауруын емдеуде фармакотерапиялық жағынан тиімді дәрілік препараттардың фармакоэкономикалық тұрғыдан тиімділігін анықтау, яғни гастроэнтерологтарға, фармацевт және провизорларға, сонымен қатар дәріхана тұтынушыларына жүргізілген зерттеулер нәтижесінде анықталған дәрілік препараттар негізінде алынған көрсеткіштер (3-кесте).

Кесте 3 - Үш тізбек бойынша емдеу терапиясы және емдеуге кеткен препаттар құны

Бірінші тізбектегі терапия (Омепразол 20 мг күніне 2 рет + Амоксициллин 500 мг күніне 2 рет + Метронидазол 250 мг күніне 2 рет, емдеу ұзақтығы 7 күн) салыстырмалы түрде (Париет 20мг күніне 2 рет + Амоксициллин 500 мг күніне 2 рет + Клабакс 500 мг күніне 2 рет, емдеу ұзақтығы 7 күн)

Бір науқасқа жұмсалған препарат құны

540,54

9214,8

Екінші тізбектегі терапия (Омепразол 20 мг күніне 2рет + Де-нол 120 мг күніне 4 рет + Метронидазол 500 мг күніне 3 рет + Тетрациклин 500 мг күніне 4 рет, емдеу ұзақтығы 7 күн)

Бір науқасқа жұмсалған препарат құны

1150,88

Үшіншілік терапия (Де-нол 240 мг күніне 2 рет + Амоксициллин 500 мг күніне 4 рет + Клацид 500 мг күніне 2 рет, емдеу ұзақтығы 7 күн)

Бір науқасқа жұмсалған препарат құны

6898,92

Есептеу нәтижелері көрсеткендей «Омепразол+Амоксициллин+Метронидазол»

фармакоэкономикалық жағынан бағасы өте тиімді екендігі айқындалды. Бұл фармакоэкономикалық шығын-тиімділік баға тұрғысынан өте оңтайлы болып келеді.

Әрі қарай экономикалық тиімділікті бағалау бойынша «шығын-тиімділік» талдану әдісі таңдалып алынды. Препараттардың шығын-тиімділігін есептеуде мына формуланы ұсынып отырмыз:

СЕА = (DC+IC) / Ef

СЕА - «шығын-тиімділік» қатынасы;

IC (indirect cost) - тікелей емес шығындар;

DC (direct cost) - тікелей шығындар;

Ef (effectivness) - емдеу тиімділігі.

Қорытынды.

Препараттардың бағалық тұрғыдан айырмашылығы, яғни де-нол препараттары ПНИ препараттарынан бірнеше есе қымбат екендігі фармакоэкономикалық зерттеулер барысында айқындалды.

Ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруына қарсы қолданылдатын препараттарды тағайындау кезінде терапия схемаларында қолданылған, зерттеу барысында таңдалынып алынған препараттар тізімін ұсынып отырмыз. Осы ұсынылған мәліметтер аясында біз, мүмкіндігінше төмен бағадағы емдеу схемасының құнын есептеп шығардық. Дәрілік препараттардың бағасы көтерме саудамен айналысатын фармацевтикалық фирмалардың 2015 сәуір айындағы прайс- парағы бойынша алынды.

Қазіргі таңда фармацевтикалық нарық қарқынды дамуда, бұл дәрілік ассортименттің күннен-күнге ұлғаюымен түсіндіріледі, сонымен қатар бәсекеге қабілеттілік те жоғарылауда. Алайда дәрі-дәрмектердің сан түріне қарамастан олардың өндіруші елдеріне де назар аударған дұрыс, өйткені өзіміздің отандық және ресей елінің дәрі-дәрмектері баға жағынан басқа өндіруші елдерге қарағанда едәуір төмендеу болып келетіндігі айқындалды.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мәдікенұлы Ө., Хирургиялық аурулар. - оқулық дәрістер. - Қарағанды - 2008. - 306 б.
  2. Дилданов М.К. Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы ауруына қарсы қолданылатын дәрілік заттардың тиімділігін айқындау жолдары // ОҚМФА Хабаршысы. - 2014. - №3. 4244 б.
  3. Васькова, Л.Б. Методы и методики фармакоэкономических иссле-дований : учеб. пособие / Л.Б. Васькова, Н.Э. Мусина. - М. : ГЭОТАР- Медиа, 2007.- 112 с.
  4. Бекетов, А.С. Применение анализа «затраты-эффективность» для выбора препаратов из группы аналогов /А.С. Бекетов // Качеств, клин, прак-тика. - 2002. - № 2. - С. 12-24.
  5. Воробьев П. А. Экономическая оценка эффективности лекарственной терапии (фармакоэкономический анализ) /П.А. Воробьев - М.: Нъю-диамед, 2000.-80 с.
  6. Ткачев, А.В. Применение клинико-экономического анализа в гастроэнтерологии / А.В. Ткачев // Рос. журн. гастроэнтерологии, гепатологии, колопроктологии. - 2004. - Т. 14, № 4. - С. 71-79.
      1. Кобина С.А. Экономика здравоохранения: введение в фармакоэкономику /С.А. Кобина, П. А. Воробьев //Ремедиум. - 1999. - № 4. - С. 38-44.
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011