Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотығу өнімдерінің өкпе туберкулезді инфильтраты таралған сырқаттар ацетилдеу түріне байланысты жағдайы

АННОТАЦИЯ

Жұмыстың мақсаты: Өкпе туберкулезді инфильтраты таралған сырқаттар қанының эритроциттеріндегі липидтердің асқын тотығу өнімдерінің ацетилдеу түріне байланысты жағдайын зертеу,

Алынған мәліметтер өкпе туберкулезінің инфильтраты таралған түрімен ауыратын сырқаттар қанының эритроциттерінде липидтердің асқын тотығу(ЛАТ) өнімдерінің көрсеткіші науқастардың ацетилдеу үрдісіне байланысты болып, әлсіз ингибиторлы типті сырқаттарда ең үлкен мәнге ие болады.Диенді қоспаның деңгейі, әлсіз ингибиторлы науқастардың көрсеткіші күшті және орта ингибиторлылардың деңгейінен бір еседен жоғары (185%) және 86,5%-ға өседі .ЛГАТ концентрациясы күшті және орта ингибиторлы сырқаттардың көрсеткішіне қарағанда екі еседен артық (238%) және 110%-ға жоғарылайды,ТБК-ӘӨ эритроциттеріндегі концентрациясы ең үлкен мәнге ие болады және жоғарылау деңгейі сәйкес дені сау адамдардың көрсеткішімен салыстырғанда екі еседен артық (203,4%) жоғарылайды

Кілт сөздер: Өкпе туберкулезі , ацетилдеу, липидтердің асқын тотығы,қан, эритроцитер.

Кіріспе.Ғылыми-практиқалық медицинаның өзекті мәселелерінің бірі туберкулезге қарсы күрес болып табылады. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары туберкулезімен ауырған науқастардың саны 113%-ға дейін көтеріліп, оның қүрделі асқынған түрлері жыл сайын адам өліміне әкеліп соғуда [70]. Туберкулезбен ауыратын нуқастарды емдеу барысында туберкулостатиктердің кейбір жағымсыз әсерлері байқалады. Ғылыми дәректер бойынша туберкулезге қарсы химиотерапиялық заттардың теріс, жағымсыз жанама әсерлерi 13% және 61,3%-да орын алады [1].

Химиотерапияның әсерінен өкпе туберкулезді таралған науқастардың қанындағы липидтердің еркін радикалды асқын тотығуы мен антитотықтырғыш жүйесінің интегралдық көрсеткіші 1, 2 және 3 айлық емнен кейін күшті ингибиторлы топта 20,4%, 47,2% және 86%-ға ғана өссе, орта ингибиторлы топта 48,6%, 82% және 167,4%-ға, ал әлсіз ингибиторлы науқастарда 64,5%, 94,5% және 209,9%-ға сәйкес жоғарылады[2,3].

Жұмыстың мақсаты: Өкпе туберкулезді инфильтраты таралған сырқаттар қанының эритроциттеріндегі ЛАТ өнімдерінің ацетилдеу түріне байланысты жағдайын зертеу

Зерттеу әдістеріНауқастардың қан эритроциттершдегі ДҚ, ЛГАТ, ТБК-ӘӨ Арутюнян А.В., Андреева Л.И. [4], әдктерімен анықталды,

Зерттеу нәтижелеріСырқаттардың күшті ингибиторлық типінің эритроциттеріндегі диенді қоспаның деңгейі дені сау адамдардағы мөлшеріне қарағанда 41,6%-ға жоғарласа, орта типінлегі науқастардың эритроциттерінде өсу деңгейі бір еседей болады, әлсіз ингибиторлы сырқаттардың қанының эритроцитеріндегі концентрациясы сәйкесінше дені сау адамдардың көрсеткішінен екі еседей (203%) жоғарылайды, әлсіз ингибиторлы науқастардың көрсеткіші күшті және орта ингибиторлылардың деңгейінен бір еседен жоғары (185%) және 86,5%-ға өседі (1-ші кесте).

Күшті ингибиторлы типті науқастардың эритроцитеріндегі ЛГАТ концентрациясы сәйкесінше дені сау адамдардың көрсеткішімен салыстырғанда 39,8%-ға жоғары болса, орта ингибиторлы типті сырқаттарда өсу деңгейі бір еседен артық (109%) болады, әлсіз ингибиторлы тобында бұл көрсеткіштің мәні дені сау адамдардың эритроциттеріндегі ЛГАТ деңгейімен салыстырғанда 203,4%-ға жоғарлайды, ал күшті және орта ингибиторлы сырқаттардың көрсеткішіне қарағанда екі еседен артық (238%) және 110%-ға жоғарылайды.

ЛАТ көрсеткішінің соңғы өнімдерінің бірі ТБК-ӘӨ-нің эритроциттеріндегі концентрациясы күшті ингибиторлы типті сырқаттардың сәйкес дені сау адамдардың деңгейінен 34,9%-ға жоғарыласа, орта ингибиторлы сырқаттарда бұл көрсеткіштің деңгейі 99,9%-ға өседі,әлсіз ингибиторлы сырқаттарда ТБК-ӘӨ эритроциттеріндегі концентрациясы ең үлкен мәнге ие болады және жоғарылау деңгейі сәйкес дені сау адамдардың көрсеткішімен салыстырғанда екі еседен артық (203,4%) жоғарылайды.

Алынған мәліметтер өкпе туберкулезінің инфильтраты таралған түрімен ауыратын сырқаттар қанының эритроциттерінде ЛАТ өнімдерінің көрсеткіші науқастардың ацетилдеу үрдісіне байланысты болып, әлсіз ингибиторлы типті сырқаттарда ең үлкен мәнге ие болады.

Кесте 1 - Өкпе туберкулезді инфильтраты таралған науқастар қанының эритроциттеріндегі ЛАТ өнімдерінің ацетилдеу түріне байланысты өзгеруі

Көрсеткіштер Топтар

ДҚ (отб.мг/ липидке)

ЛГАТ (отб. мг/ липидке)

ТБК-ӘӨ ммоль/мг

Бақылау тобы (жалпы)

0,27 ± 0,003

2,25 ± 0,13

40,2 ± 2,1

Күшті ингибитор

1

2

0,24 ±0,01

0,34 ±0,03*

1,86 ±0,09

2,60 ±0,03*

32,9 ±0,21

44,4 ±3,12*

Орташа ингибитор

1

2

0,26 ±0,01

0,52 ±0,03*

2,00± 0,01

4,19 ±0,25*

41,5 ±1,10

82,6 ±4,3*

Әлсіз ингибитор

1

2

0,32 ±0,01

0,97 ±0,04*

2,90 ±0,22

8,8 ±0,34*

47,4 ±2,60

143,2±16,3*

Нұсқама: * - р<0,05 - сәйкес бақылау тобымен салыстырғандағы дәлдік көрсеткіш; 1- бөлшектің алымында дені сау адамдардың көрсеткіші; 2- бөлімінде ӨТ ИТ сырқаттардың көрсеткіші.

Сонымен, өкпе туберкулезінің ИТ науқастар қаны құрамындағы ЛАТ-өнімдерінің шамадан тыс топталу сырқаттардың ацетилдеу түріне тікелей байланысты, күшті ингибиторлы типінде шамасы жоғарыласа, әлсіз ингибиторлы түрінде өте жоғары деңгейде болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. .Ташбулатова Ф.К. Профилактика побочных реакции противотуберкулезных препаратов при туберкулезе легких у больных с различным генетическим фоном// Проблемы туберкулеза и болезней легких. -2003. - №6. - C. 17-20.
  2. . Панова Л.В., Овсянкина Е.С. Частота развития и виды побочных реакций на химиотерапию у подростков, больных туберкулезом /Проблемы тубер кулеза, 2003, № 1.- С. 2830.
  3. .Бисимбаева С.Б., Орманов Н.Ж. Инфильтраты шектелген өкпе туберкулезді науқастардың эритроциттеріндегі ЛАТ өнімдерінің ацетилдеу типіне байланысты өзгеуі// «Қазақстан Фармациясы: ғылым,білім және өндіріс интеграциясы» Халықаралық ғылыми тәжірибелік конфер. матер. ОҚММА. -Шымкент. -2009(2). -341-342 бет.
  4. . Бисимбаева С.Б., Орманов Н.Ж. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар жағдайының «Прооксидант-Антиоксидант» жүйесінің ацетилдеу түріне байланысты өзгеруі // Здоровье и болезнь -2009. -№4(80)-С.113-115.
  5. .Әділбекова Д.А., Орманов Н.Ж.,Жумабаев У.А. Использования хемилюминесцентного свойства сыворотки (плазмы) крови для диагностики хронической интоксикации соединениями фосфора// Методическая рекомендация. -Шымкент,1993.-16с.
  6. . Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 с.

 

  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина