Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттану кезіндегі салыстырмалы әсері

АННОТАЦИЯ

Зертеу мақсатымия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттану кезіндегі салыстырмалы әсері.

Рувимин-фитопрепаратының емдік әсерінен 55,2%-ға өсіп, жоғарлау деңгейі МТСЭ емдік тобына қарағанда 25%-ға тең болды. Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 25мг/кг мөлшеріндегі әсерінен 34%-ға жоғарылап, ал 50 мг/кг мөлшеріндегі әсерінен өсу деңгейі ем алмаған топқа қарағанда 65,5%-ға тең болып, бақылау топтың көрсеткішіне жақындай түсті. Зерттеу барысында алынған нәтижелер, мия және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының емдік әсерінен қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтардағы эритроциттердің жалпы мембрана тұрақтылығының өсуі жоғары деңгейде орын алып, олардың мембрана тұрақтандырғыштық қасиетін көрсететіні анықталды.

Қорғасын ацетатының уытты әсерінен эритроциттердегі, қанның сары суындағы уытты орта молекулалардың, мөлшері мен лейкоцитарлы уыттану көрсеткіші, тәжірибелік топта бақылау топпен салыстырғанда екі және төрт есеге дейін жоғарылады.

Кілт сөздер: қорғасын, мия тамыры, түйе жоңышқа фитопрепараттары, белсенділігі.

Кіріспе:Бауырдың антиасқын тотықтық қорғанысы миға қарағанда едәуір жетілген болып шықты. Әдебиетте көрсетілген ағзаға әсер етуші иондаушы сәуленің, пестицидтердің, нитраттардың, қорғасын және кадмий тұздарының әсерінен пайда болған ауытқулардың патогенезінде антитотықтық жүйенің маңызы жоғары екендігін анықтады. Кейбір авторлар химия өндірісіндегі жұмысшылардың қанының сарысуында малондық диальдегидтердің құрамы бойынша липидтердің асқын тотығу деңгейін анықтай отырып, тотығу антитотығу теңдігінің ЛАТ жағына қарай жоғарлауын және ЛАТ деңгейімен түзелетін микроциркуляцияның айқын бұзылыстарын анықтады[1,2,3].

Зертеу мақсатымия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттану кезіндегі салыстырмалы әсері

Зертеу әдістері.Эритроциттердің функционалды көрсеткіштері мен мембрана тұрақтылығын келесі формулалар бойынша анықтадық [1,2].

Эт Нвт КТКт

  1. ЭФК - Эб+Нвб+КТК6

3

Бұл жерде: ЭФК-эритроциттердің функционалды көрсеткіші; Э-эритроцит- тер; Нв - гемоглобин; ҚТК - қанның түсті көрсеткіші.

СГб 1 САТГб [ МГб

  1. ЭМТ - СГт САТГт МГт ;

Бұл жерде: ЭМТ-Эритроциттердің мембрана тұрақтылығы СГ- спонтан-ды гемолиз; САТГ- сутекті асқын тотығу гемолизі; МГ - механикалық гемолиз.

Зерттеу нәтижелері .Қорғасынның уытты әсерінен тәжірибелік егеуқұйрықтардың қызыл қан жүйесі депрессиялық жағдайға тап болып, онда гипохромды анемия орын алды.

Осы жағдайды ескере отырып зерттеуге алынған фитопрепараттардың тиімділігіне дұрыс баға беру үшін, қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтардың қанындағы эритроциттердің функционалды көрсеткіштерін (ЭФК) зерттеу барысында алынған мәліметтер (1-шы кестеде) көрсетілгендей зерттеудің 10-шы тәулігінде 0,72±0,04 шб құрды, бұл көрсеткіштің мәні бақылау тобында 1,0±0,06 шб көрсетіп, яғни ЭФК-ның төмендеу деңгейі 28%-ға тең болды.

Бұл ксенобиотикпен уыттанған жануарларды мия тамыры сулы экстрактысымен (МТСЭ)10 күн бойы емдегенде ЭФК-нің мәні ем алмаған тобына қарағанда 18%-ға жоғарылады, ал осы топтағы жануарларға рувимин-фитопрепаратын қолданғанда өсу деңгейі ем алмаған тобына қарағанда 33,3% құрап, дәрілік түйе жоңышқа сулы экстрактысының (ДТЖСЭ)25мг/кг мөлшеріндегі әсерінен 15%-ға, ал 50мг/кг мөлшеріндегі әсерінен өсу деңгейі ем алмаған топқа қарағанда 38%-ға жоғарылап бақылау топтың көрсеткішіне жақындай түсті. Сонымен, қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтарға мия және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарын ем ретінде қолданғанда МТСЭ-на қарағанда фитопрепарат-рувиминнің, ДТЖСЭ-ның 25мг/кг мөлшеріндегі әсерінен 50мг/кг мөлшеріндегі емдік әсері-нің тиімділіктері жоғары деңгейде орын алып, эритроциттердің функционалды қасиеттерін жоғарылауы анықталды.

Кесте 1- Мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардың қанындағы эритроциттердің жалпы функционалды көрсеткішіне әсері

Топтар

Көрсеткіштер

Эритроциттердің жалпы функционалды көрсеткіші

% бойынша

Бақылау тобы (БТ)

1,0±0,06

100

Қорғасын ацетаты (ҚА) (5%-100мг/кг)

0,72±0,04*

72

ҚА+ мия тамырының сулы экстрактысы (МТСЭ 30мг/кг)

0,85±0,05*

85

ҚА+рувимин 30мг/кг

0,96±0,06*,

96

ҚА+ дәрілік түйе жоңышқа сулы экстрактысы 25мг/кг (ДТЖСЭ)

0,83±0,05*

83

ҚА+ДТЖСЭ 50мг/кг

0,99±0,06*,**,***

99

Ескерту:

1 *р<0,05- бақылау топпен салыстырған дәлдік көрсеткіші;

2 **р1<0,05- қорғасынмен уыттанған топпен салыстырған дәлдік көр-ші;

3 ***р2<0,05 - МТСЭ және ДТЖСЭ мен салыстырған дәлдік көрсеткіші.

Жоғарыда айтылғандай қорғасын ацетатымен уыттанған жануарлардағы эритроциттердің мембранасының тұрақтылығы бақылау топпен салыстырғанда 41%-ға төмендеп, бұл ксенобиотиктің әсерінен қызыл қан жасушаларының био-логиялық мембранасының тұрақтылығының төмендеуі, липидтердің асқын то-тық өнімдерінің шамадан тыс топтасуының арқасында антитотықтырғыш жүйе-сінің депрессиялық жағдайға тап болғанын өзара байланыстылық көрсеткіштері мен дәлелденген болатын (r1 =+0,69±0,07, r2=-0,58±0,04).

Осы жағдайларды ескере отырып, қорғасын ацетатымен уыттанған жануар-лардың қанындағы эритроциттердің мембрана тұрақтылығына (ЭМТ) зерттеуге алынған дәрілік фитопрепараттардың емдік әсерлерінің белсенділігін салыс-тырмалы түрде анықтадық.

Зерттеу нәтижелері (2-шы кестеде) көрсетілгендей, қорғасын ацетатының уытты қасиетінің әсерінен тәжірибелік жануарлардың қанындағы эритроциттердің жалпы мембрана тұрақтылығы 42%-ға төмендеп, мия тамыры сулы экстрактысымен 10 күн емдегенде, емдік әсерінен бұл көрсеткіштің деңгейі ем алмаған тобына қарағанда 24,1%-ға жоғарылады.

Кесте 2- Мия тамыры және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтардағы эритроциттердің мембрана тұрақтылығына әсері

Топтар

Көрсеткіштер

Эритроциттердің мембрана тұрақтылығының көрсеткіші (шб)

% бойынша

Бақылау тобы (БТ)

1,0±0,06

100

Қорғасын ацетаты (ҚА) (5%- 100мг/кг)

0,58±0,03*

58

ҚА+МТСЭ 30мг/кг

0,72±0,01*,**

72

ҚА+рувимин 30мг/кг

0,90±0,05*,**,***

90

ҚА+ ДТЖСЭ 25мг/кг

0,78±0,01*,**

78

ҚА+ ДТЖСЭ 50мг/кг

0,96±0,05*,**,***

96

Ескерту:

1 *р<0,05-бақылау топпен салыстырған дәлдік көрсеткіші;

2 **р1<0,05- қорғасынмен уыттанған топпен салыстырған дәлдік көр-ші;

3 ***р2<0,05- МТСЭ және ДТЖСЭ мен салыстырған дәлдік көрсеткіші.

Рувимин-фитопрепаратының емдік әсерінен 55,2%-ға өсіп, жоғарлау деңгейі МТСЭ емдік тобына қарағанда 25%-ға тең болды. Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 25мг/кг мөлшеріндегі әсерінен 34%-ға жоғарылап, ал 50 мг/кг мөлшеріндегі әсерінен өсу деңгейі ем алмаған топқа қарағанда 65,5%-ға тең болып, бақылау топтың көрсеткішіне жақындай түсті. Зерттеу барысында алынған нәтижелер, мия және дәрілік түйе жоңышқа фитопрепараттарының емдік әсерінен қорғасын ацетатымен уыттанған егеуқұйрықтардағы эритроциттердің жалпы мембрана тұрақтылығының өсуі жоғары деңгейде орын алып, олардың мембрана тұрақтандырғыштық қасиетін көрсететіні анықталды.

Қорғасын ацетатының уытты әсерінен (2-ші кестеде) көрсетілгендей, эритроциттердегі, қанның сары суындағы уытты орта молекулалардың, мөлшері мен лейкоцитарлы уыттану көрсеткіші, тәжірибелік топта бақылау топпен салыстырғанда екі және төрт есеге дейін жоғарылады.

Қорытынды

  1. .Қорғасын ацетатымен уыттанған жануарларды мия тамыры сулы экстрактысымен 10 күн бойы емдегенде эритроциттердің функционалды көрсеткіштерінің мәні ем алмаған тобына қарағанда 18%-ға жоғарылады, ал осы топтағы жануарларға рувиминді қолданғанда өсу деңгейі 33,3% құрап, дәрілік түйе жоңышқа сулы экстрактысының 25мг/кг мөлшеріндегі әсерінен 15%-ға, ал 50мг/кг мөлшеріндегі әсерінен өсу деңгейі ем алмаған топқа қарағанда 38%-ға жоғарылап бақылау топтың көрсеткішіне жақындай түсті.
  2. . Қорғасын ацетатының уытты қасиетінің әсерінен тәжірибелік жануарлардың қанындағы эритроциттердің жалпы мембрана тұрақтылығы 42%-ға төмендеп, мия тамыры сулы экстрактысымен 10 күн емдегенде, емдік әсерінен бұл көрсеткіштің деңгейі ем алмаған тобына қарағанда 24,1%-ға жоғарылады. Рувиминнің емдік әсерінен 55,2%-ға өсіп, жоғарлау деңгейі МТСЭ емдік тобына қарағанда 25%-ға тең болды. Дәрілік түйе жоңышқа фитопрепаратының 25мг/кг мөлшеріндегі әсерінен 34%-ға жоғарылап, ал 50 мг/кг мөлшеріндегі әсерінен өсу деңгейі ем алмаған топқа қарағанда 65,5%-ға тең болып, бақылау топтың көрсеткішіне жақындай түсті.

ЛИТЕРАТУРА

  1. 1.Матюшин Б.Н., Логинов А.С. Активные формы кислорода: токсическое действие и методические подходы к лабораторному контролю при поражении печени // Клин лабор. Диагност. 1996 - №4 - С.51.
  2. 2.Орманов Н.Ж., Әділбекова Д.А.,Жұмабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Эритроциттердің функционалды және тұрақты көрсеткішін анықтау әдістері және олардың қалыпты, патологиялық жағдайларда өзгеруіне препараттардың дәреметтілігін зерттеу.// Инф.лист №33- 06.-Шымкент, 2006. 6 с.
  3. 3 .Орманов Н.Ж., Әділбекова Д.А.,Жұмабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Ағзаның қанындағы уытты көрсеткішін анықтау әдісі және оның мәнінің патологиялық жағдайларда өзгеруіне препараттардың әсері.// Инф.лист №32-06.-Шымкент, 2006. 7 с.
  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.