АННОТАЦИЯ
Жұмыстың максаты. ишемиялық инсультті сырқаттардың қанындағы диенді қоспаның, орта уытты молекуланың мөлшерінің және супероксидисмутазаның белсенділігінің цитофлавиннің емдік әсерінен өзгеруін анықтау.
Ишемиялық инсульт науқастардың өліміне алып келетін ең көп таралған мәселе. Ғылыми деректерге қарағанда ишемиялық инсультте липидтердің асқын тотығу үрдістерінің үдеуі орын алуда, оның себебі антитотықтырғыш жүйесінің депрессиялық жағдайға душар болуы[1]
Он күндік емнен кейін цитофлавиннің әсерінен қанның сары суындағы және эритроциттердегі орта уытты молекулалардың мөлшері 45%-ға және 56,4%-ға төмендеп бақылау тобының көрсеткішіне теңеле бастады.
10 күндік емнен кейін цитофлавиннің әсерінен науқастардың қызыл қан түйіршіктеріндегі диенді қоспалардың мөлшері 35,5% -ға төмендеп,ал супероксидесмутазаның белсенділігі емге дейін көрсеткішке қарағанда 1,7 есе өсіп, бақылау тобының көрсеткішіне жақындайды. Супероксидисмутазаның диенді конъюгаттарға ара қатынасы емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 160,6%-ға өседі, бірақ бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 25,5% - ға жоғары деңгейде орын алады
Кілт сөздері: Ишемиялық инсульт, цитофлавин, қан, орта уытты молекула, диенді қоспа, супероксиддисмутаза.
Кіріспе: Ишемиялық инсультті емдеу үшін көптеген дәрілер қолданады, олардың саны 8- 12-ге дейін барады. Бұл дәрілерді науқастар қолданған кезде дәрілердің өзара әсерлесуі әруақытта орын алады, олардың жанама және жағымсыз әсерлері әруақытта жоғары деңгейде орын алады. Ишемиялық инсультті емдеу үшін, вазоактивті препараттар, антитромботикалық дәрілер, антиагреганттар, антикоагулянттар, фибринолитикалық дәрілер қолданады. Ишемиялық инсультті емдеуде фраксипариннің маңызды ролін клиникалық, клинико-биохимиялық емдеуде дәреметтілігін Г.А.Душанова, Н.Ж.Орманов толық дәлелдеген[1].
Цитофлавин іріңді менингиттерді емдеу кезінде оң емдік нәтижесін ЭЭГ аркылы дәлелдеген [2]. Ғылыми деректерде цитофлавиндердің ишемиялық инсульт кезінде липидтердің асқын тотық өнімдеріне әсері әле зерттелмеген. Осыған байланысты ишемиялық инсультті емдеу үшін цитофлавиндерді фармакотерапиялық кешендерге енгізіп, олардың аса уытты липидтердің асқын тотық өнімдерінің мөлшерінің деңгейінің өзгеруі біздің жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Сынама және зерттеу әдістері: Зерттеуге 40-60 жастағы ишемиялық инсультпен зардап шеккен 32 науқастар алынды. Цитофлавинді науқастарға 20,0 мл дозасында көктамыр ішіне тамшы түрінде 200,0 мл физиологиялық ерітінді аркылы 10 күн бойы берілді. Оларға емге
дейін және фармакотерапиялық емнен кейін клинико-биохимиялық зерттеулер жүргізілді. Бұл науқастардың қанының эритроциттерінде липидтердің алғашқы асқын тотық өнімдерінің бірі диенді конюгаттың және антиоксиданнты жүйенің негізгі энзимі-супероксиддисмутазаның белсенділігін анықтадық [3]. Супероксидисмутазаның диенді конъюгаттарға ара қатынасы Н.Ж.Орманов әдісімен анықадық[4]. Науқастардың қан сарысуында және қызыл қан түйіршіктерінде орта уытты молекулалардың деңгейін спектрофотометриялық әдіспен анықтадық[5 ]. Бақылау тобында дені сау 22 адам алынды.
Зерттеу нәтижесі: Емге дейін науқастардың орта уытты молекулалардың қанның сары суындағы мөлшері 0,331±0,01 тең болды және бақылау тобындағы адамдардың көрсеткішіне 197
қарағанда 32,4%-ға жоғарылдады. Науқастардың эритроциттеріндегі орта уытты молекулалар мөлшері 0,15±0,0007 тең болды және бақылау тобындағы адамдардың көрсеткішіне қарағанда 66,7%-ға жоғарылады. Науқастардың қанының уыттану көрсеткіші 31%-ға жоғарылайды.
Науқастардың қанындағы диенді конъюгаттардың мөлшері, сау адамдардың көрсеткішіне қарағанда жеңіл дәрежедегі науқастарда 66,6%-ға жоғарлады, антиоксидантты жүйелердің негізгі ферменттерінің бірі супероксидисмутазаның мөлшері, деңгейі 44,6% төмендейді. Супероксидисмутазаның диенді конъюгаттарға ара қатынасы 67%-ға азайады. Осыған байланысты ишемиялық инсульт ауруында негізгі патобиохимиялық ауытқулар липидтерінің асқын тотық өнімдерімен антитотықтырғыш жүйесінің депрессиялық жағдайына тап болуына байланысты. Оған дәлел науқастардың эритроциттеріндегі супероксидисмутаза ферменттерінің белсенділігінің төмендеуі негізгі себептер болып табылады. Липидтердің асқын тотық өнімдерімен және антиоксиданттық жүйенің дисбаланс болуы науқастардың өміріне қауіпті жағдайдың бірі болып табылады. Осы жағдайды ескеріп оңтүстік қазақстан облыстық клиникалық ауруханасының жүйке аурулар бөлімшесінде (м.ғ.к., проф., Жарқынбекова Н.А.) цитофлавиндердің емдік әсерін зерттеуге кірістік. Ишемиялық инсультпен ауырған науқастарға цитофлавинді әр күн сайын күре тамырға егу арқылы емдедік. Емнің алдында және емнен кейін науқастардың қанындағы липидтердің асқын тотық өнімдерінің бірі диенді конюгаттардың мөлшерін спектрофотометрлік әдіспен зерттедік.
Бес күндік емнен кейін цитофлавиннің әсерінен қанның сары суындағы және эритроциттердегі орта уытты молекулалардың мөлшері 24,7%-ға және 16,1%-ға төмендеп, бірақ бақылау тобының көрсеткішімен салыстырғанда қарағанда 25,5%-ға және 11,2%-ға тең жоғары орын алады. Науқастардың қанының уыттану көрсеткіші емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 10%-ға төмендейді, бірақ бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 18%-ға жоғары орын алады.
Он күндік емнен кейін цитофлавиннің әсерінен қанның сары суындағы және эритроциттердегі орта уытты молекулалардың мөлшері 45%-ға және 56,4%-ға төмендеп бақылау тобының көрсеткішіне теңеле бастады. Зерттеу нәтижесінен алынған нәтижелер цитофлавиннің ишемиялық инсультті науқастарды емдеу кезінде заласыздандыратын қасиетке ие болатынын көрсетті
Бес күндік емнен кейін цитофлавиннің әсерінен науқастардың қызыл қан түйіршіктеріндегі диенді қоспалардың мөлшері 16,6% -ға төмендеп, бірақ дені сау адамдардың көрсеткішіне қарағанда 40,7% -ға жоғары деңгейде болады. Супероксидисмутазаның
белсенділігі емге дейін көрсеткішке қарағанда 1,29 есе өсіп, бірақ бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 28,4%-ға төменгі орын алады. Супероксидисмутазаның диенді конъюгаттарға ара қатнасы емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 51,5%-ға өседі.
10 күндік емнен кейін цитофлавиннің әсерінен науқастардың қызыл қан түйіршіктеріндегі диенді қоспалардың мөлшері 35,5% -ға төмендеп дені сау адамдардың көрсеткішіне жақындайды. Супероксидесмутазаның белсенділігі емге дейін көрсеткішке қарағанда 1,7 есе өсіп, бақылау тобының көрсеткішіне жақындайды. Супероксидисмутазаның диенді конъюгаттарға ара қатынасы емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 160,6%-ға өседі, бірақ бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 25,5% -ға жоғары деңгейде орын алады.
Зерттеу нәтижесінен алынған нәтижелер цитофлавиннің ишемиялық инсультті науқастарды емдеу кезінде антиоксидантты қасиетке ие болатынын көрсетті
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Он күндік емнен кейін цитофлавиннің әсерінен қанның сары суындағы және эритроциттердегі орта уытты молекулалардың мөлшері 45%-ға және 56,4%-ға төмендеп бақылау тобының көрсеткішіне теңеле бастады.
2. 10 күндік емнен кейін цитофлавиннің әсерінен науқастардың қызыл қан түйіршіктеріндегі диенді қоспалардың мөлшері 35,5% -ға төмендеп,ал супероксидесмутазаның белсенділігі емге дейін көрсеткішке қарағанда 1,7 есе өсіп, бақылау тобының көрсеткішіне жақындайды. Супероксидисмутазаның диенді конъюгаттарға ара қатынасы емге дейінгі көрсеткішіне қарағанда 160,6%-ға өседі, бірақ бақылау тобының көрсеткішіне қарағанда 25,5% -ға жоғары деңгейде орын алады
Кесте - Ишемиялық инсультті сырқаттардың қанындағы диенді қоспаның (ДҚ), орта уытты молекуланың мөлшерінің (ОУМ) және супероксидисмутазаның(СОД) белсенділігінің цитофлавиннің(ЦФ) емдік әсерінен өзгеруі
Көрсеткіштер |
Топтар |
|||
Дені сау адамдар |
Ишемиялық инсульт,жеңіл дәрежесі |
|||
ИИ,емге дейін |
ИИ+ЦФ ,5-тәулік |
ИИ+ЦФ, 10-тәулік |
||
ЭОУМ (ш.б./мл) |
0,09±0,01 |
0,15±0,005 |
0,113±0,005 * |
0, 098±0,005 * |
ОУМ ((ш.б./мл)) |
0,250±0,005 |
0,331±0,02 |
0,278±0,02 * |
0,252±0,02 * |
УИ (ш.б.) |
1,0±0,05 |
1,31±1,0 |
1,18±1,0 * |
1,05±1,0 * |
Диенді конъгат(ДК) |
0,27 ± 0,003 |
0,45± 0,02 |
0,38± 0,02 |
0,29± 0,02 |
Супероксиддисмутаза (СОД.103// )5 |
69,9 ±4,0 |
38,7± 6,7 |
49,6 ± 2,9 |
64,4 ± 4,20 |
СОД/ДК |
1,0±0,05 |
0,33±0,05 |
0,50±0,03 |
0,86±0,05 |
Ескерту: 1- * р< 0,05 емге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда. |
ӘДЕБИЕТТЕР
- Дущанова Г.А., Орманов Н.Ж., Фармакотерапевтическая эффективность фраксипарина при ишемическом инсульте. «Человек и лекарство» Москва, 2000, стр 124
- Бузунова С.А., Архипов Г.С., Исаков В.А., Стуколкин К.О., Цитофлавин в комплексной терапии серозных и гнойных менингитов. ЦИТОФЛАВИН (Сборник научных статей, опубликованных в периодической печати в 2006-2007гг ). Научно-технологическая фармацевтическая фирма «Полисан». Санкт-Петербург. 2008.Стр 7-17.
- Арутюнян А.В., Дубинина Е.Е., Зыбина Н.А. Методы оценки свободнорадикального окисления и антиоксидантной системы организма. - Спб.: ИКФ-Фолиант, 2000. - 104 с.
- Орманов Н.Ж., Әдідбекова Д.А.,Жұмабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Ксенобиотиктердің әсерінен болатын липиттердің еркін радикалды асқын тотығу үрдістерінің және антитотықтырғыш жүйесінің ағзада болатын интегралды көрсеткішін және патологиялық жағдайға дәрілерді анықтау тәсілі. // Инф.лист №34-06.-Шымкент, 2006. 6 с.
- 5.Орманов Н.Ж., Әділбекова Д.А.,Жұмабаев У.А., Қорғанбаева З.С. Ағзаның қанындағы уытты көрсеткішін анықтау әдісі және оның мәнінің патологиялық жағдайларда өзгеруіне препараттардың әсері.// Инф.лист №32-06.-Шымкент, 2006. 7 с.