Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өсоа-мен науқастар организмінің реактивтігі мен микроэлементтер арасындағы байланысты бағалау

ТҮЙІН

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастардың қанындағы 12 микроэлементтерді патологияның ағымын, аурудың жүру ұзақтығын және организмінің реактивтілігін есепке ала отырып зерттеуді жүзеге асырдық.

Кілт сөздер: өкпе ауруы, микроэлемент, иммуноглобулин

Кіріспе. Қоршаған ортада жүріп жатқан экологиялық-гигиеналық өзгерістер адам организміне микроэлементтердің көптеп түсуіне жол ашады. Осы микроэлементтердің құрамы мен организмге түскен көлемі адамдардың иммунологиялық реактивтілігіне кері әсерін тигізіп, әртүрлі патологиялық жағдайдың қалыптасуына себеп болады. Себебі қоршаған ортадан организмге түскен микроэлементтер қан құрамындағы микроэлементтердің сандық және сапалық қасиеттерін өзгертеді. Біздің жүргізген ғылыми әдебиеттерге шолу өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бар адамдардың иммунологиялық реактивтеріне қоршаған ортадан организмге түскен микроэлементтердің тигізетін әсері туралы әдеби мәліметтер мүлдем жоқ деуге болады.

Зерттеу мақсаты.Микроэлементтердің дәнекер тіндердегі белоктардың жетілуіне әсері (мыс), клетка ішіндегі және плазмадағы белоктармен мырыш микроэлементтерінің байланыс тығыздығы, темір мен марганец микроэлементтерінің тотығу-қалыпқа келу үрдістеріне белсенді қатысуы ӨСОА-ның дамуындағы осы микроэлементтердің атқаратын ролін зерттуге ұйытқы болды.

Материал және тәсілдер. Бұл зерттеуге ӨСОА-сы бар 112 науқас тартылды. Олардың 56 ер кісілер болса, 56 әйелдер және олардың жасы 20-дан 60 жылдың арасында орналасқан. Ал науқастану ұзақтығы 1 жылдан 20 жылға дейін созылған болып шықты. Барлық аурулардың қанындағы микроэлементтер эмиссионды спектрлі сараптау әдісімен зерттелсе, В-лимфоциттердің қызметтік белсенділігі (IgA, IgG, IgM,) Манчини әдісімен анықталды. Организмнің жалпы реактивті НТС-сынақ арқылы зерттелді. Бақылау ретінде 80 донордың қаны қолданылды. Бақылау тобы қанының құрамымен салыстырғанда ӨСОА-ы бар науқастардың қанында марганец микроэлементінің деңгейі 2,5 есе жоғары, ал темір мен мыс микроэлементтері 1,3 және 1,5 есе артық болып шықты. Темір, мыс, марганец, кремний микроэлементтерінің тіндердің тыныс алуына жауапты екендігін есепке алсақ, онда осы микроэлементтердің ӨСОА-мен ауырғандардың қанындағы көлемдерінің жоғарлауы организімнің қорғаныс орнын толтыру реакциясы деп қарастыру қажет. Ал, қанның құрамындағы магний, мырыш, қорғасын, фосфор және күміс микроэлементтерінің шоғырлану мөлшерінің төмендеуі (ретіне қарай 20,35,40,20 және 15%-ке) тіндердегі энзимдердің алмасу үдерісін нашарлатты. ӨСОА бар науқастардың қанында темірдің шоғырлану мөлшері қалыпты деңгейден ауытқиды. Осылайша науқастардың 56,3%-ында темір микроэлементінің шоғырлануы жоғарылап, 43,7% төмендеген. Айта кететін жағдай, ӨСОА мен науқастанғандардың қанындағы осындай өзгерістер тотығу және ферментативті үдерістердің барысына зиян келтіріп, гипокцияның туындауына және аурудың созылмалы түрге айналуына алып келеді.

Микроэлементтердің қандағы шоғырлануының төмендеуі дәрежесі науқастану ұзақтығына тікелей байланысты. ӨСОА-мен сырқаттанған бастап 5 жыл өткен аурулардың эритроциттердің магний, кальций, алюминий, мырыш, фосфор микроэлементтерінің шоғырлануы қалыпты деңгейден орта есеппен 25% төмендесе, 5-10 жыл өткен ауруларда 32% дейін азайған. ӨСОА-мен ауырған науқастардың қанындағы иммуноглобулиннің және бейспецификалық реактивтігін зерттеу нәтижесін аурудың клиникалық ағымы мен микроэлементтердің қандағы шоғырлану деңгейін есепке ала отырып сараптадық (кестеде).

Кесте - Микроэлементтердің иммуноглобулиндермен НСТ-сынақтың арасалмағына

ӨСОА-ы бар науқастардың қан құрамында темірдің артық шоғырлануының әсері (м±т)

Микроэлементтердің деңгейі

Иммуноглобулиндердің шоғырлануы

(г/л).

Нейтрофильдік лейкоциттердің белсенділігі (НСТ- сынағының %

есептелуі бойынша).

IgA

TgG

IgM

1

Марганец: жоғарылаған

1,27±0,13

8,24±0,79

1,41±0,12

25,94±2,43

Төмендеген

1,31±0,12

9,68±0,92

0,62±0,04

27,86±2,63

2

Кальций: жоғарылаған

1,58±0,14

8,56±0,68

0,34±0,02

31,19±2,38

Төмендеген

1,29±0,11

8,32±0,79

1,38±0,13

24,29±2,31

3

Мыс: жоғарылаған

1,21±0,10

9,36±0,87

1,48±0,12

23,69±2,25

Төмендеген

1,34±0,12

8,37±0,76

1,14±0,11

26,62±2,43

4

Мырыш: жоғарылаған

1,59±0,14

8,53±0,73

0,4±0,02

36,24±3,28

Төмендеген

1,24 ±012

7,69±0,62

1,43±0,12

24,56±2,31

Бақылау тобы

3,35±0,32

8,24±0,71

1,12±0,10

11,32±1,09

Кестеде келтірілген деректерге қарағанда, қандағы микроэлементтердің шоғырлану деңгейі өзгергенде иммуноглобуминдердің әртүрлі топтарының деңгейі де өзгеріске ұшырайды. Кестедегі деректерге сүйенсек, қандағы темірдің шоғырлануы жоғары, ал марганец, мыс, мырыш микроэлементтерінің төмен болған жағдайында IgA, IgG, иммуноглобулині жоғарылауға бет бұрған марганецтің қан құрамындағы шоғырлануы төмендегенде IgM, иммуноглобулині де азайғандығы анықталды. Кестедегі нәтижелерді сараптау барысында, қан құрамында темір микроэлементінің шоғырлану деңгейі төмендегенде, IgA, иммуноглобулиннің деңгейі 2 есеге дейін азайған.

Ал марганецтің қандағы шоғырлану деңгейінің азаюы IgM иммуноглобулиннің төмендеуіне алып келеді. Қанның құрамындағы темір микроэлементінің азаюы IgA иммуноглобулинінің 2 есеге төмендеуіне алып келеді және өзге микроэлементтердің деңгейіне еш тәуелді болмай шықты (p<0,5). IgG иммуноглобулинінің белсенділігі микроэлементтердің шоғырлану деңгейіне тәуелді болмай шықты. IgM иммуноглобулинінің шоғырлану деңгейі микроэлементтердің қандағы мөлшеріне тікелей байланысты екендігі байқалды. Сондықтан ӨСОА-ның одан ары дамуына алып келеді. Науқастардың қанындағы микроэлементтер мен гуморалдық иммунитеттің өзгерістері ӨСОА-ның қалыптасуына айтарлықтай әсерін тигізеді. Микроэлементтердің қан құрамындағы шоғырлану деңгейінің өзгеруі, олардың тіндегі және ағзалардағы шоғырлану деңгейін өзгертіп, арақатынасын бұзады. Осыдан биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) көптен бөлінуіне және организімнің иммунологиялық реактивтігін төмендетеді. Осы бұзылыстар ӨСОА-ның патологиялық генезінің қалыптасуына және бронх өкпе аппаратының қабынуын күшейтуге өзіндік үлесін қосады. Микроэлементтердің бейспецификалық резистенттікке тигізетін әсерін зерттеу барысында айтарлықтай өзгерістер анықталды.Барлық науқастарда нейтрофильді лейкоциттердің НСТ-сынақ бойынша алынған белсенділігі жоғары болып шықты. Алайда, осы көрсеткіштің деңгейі марганецтің, кальцийдің, мырыштың, мыстың қандағы шоғырлануы төмендегенде керсінше айтарлықтай жоғарылады. Осы жағдай микроэлементтердің бейспецификалық қорғаныс күшінің қалыптасуына ерекше әсерін тигізетіндігін көрсетті. Сонымен қатар нейтрофилдік клеткалар мен биоэлементтердің белсенділігінің артуы денсаулыққа жайлы жағдай деп бағаланып, организмнің өзін-өзі қорғау мүмкіндігінің жоғарлауы деп есептеуге болады.

Микроэлементтердің қанда шоғырлануын зерттеу ӨСОА-ның ағымына қарап биоэлементтердің шоғырлануы ауруды толық жазуға қарамай ұзақ мерзім төмен деңгейде қалып қоятындығын байқатты (2-3 ай). Бұл жағдайды бронх-өкпе жүйесіндегі қабыну үрдісінің ұзақ жүруімен және оның емдік шаралардың аяқталуына қарамай басылмайтындығын көрсетті. Осы жағдай ӨСОА-ның клиникалық ағымында айқын көрініс береді. Аурулардың қанындағы кальций, мыс, мырыш микроэлементтерінің шоғырлану деңгейінің төмендеуі ӨСОА-ның клиникалық белгілерінің тұрақты бола түсуіне себеп болды. Емдеу шараларына аса көнбейді және ауру ұзаққа созылады.

Қорытынды. Сонымен, қол жеткізген нәтижелер микроэлементтердің шоғырлану деңгейінің қалыпты шамадан ауытқуы ӨСОА-на байланысты В-лимфоциттің қызметінің төмендеуіне алып келеді. Денсаулыққа жайлы жағдай ретінде мыстың, мырыштың, кальцийдің және ағзаның бейспецификалық реактивтілігінің қатар жоғарлауын айтуға болады. Сондықтан, ӨСОА-мен сырқаттанған науқастардың қанындағы микроэлементтердің шоғырлану деңгейінің өзгерістері және оның организмнің реактивтілігімен байланысын емдік және профилактикалық шараларды жүзеге асыруда міндетті түрде есепке алу қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. 1. Cho MH, Boutaoui N, Klanderman BJ, Sylvia JS, Ziniti JP, Hersh CP, et al. Variants in FAM13A are associated with chronic obstructive pulmonary disease. Nat Genet 2010;42:2002.
  2. 2. Pillai SG, Ge D, Zhu G, Kong X, Shianna KV, Need AC, et al. A genome_wide association study in chronic obstructive pulmonary disease (COPD): identification of two major susceptibility loci. PLoS Genet 2009;5:e1000421.

 

  • Жыл: 2015
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.