АННОТАЦИЯ
Жұмыстың мақсаты лоратадин таблеткасына құрамын таңдауға арналып жүргізілген сынамалардың ішінен ең тиімдісін таңдап алып, сол құрамнан жасалған таблеткаларға және таблеткалық ұнтаққа технологиялық сынамалар жасау және технологиясын құрастыру болып табылады. Елімізде өкінішке орай импорттық дәрілер өте жоғары пайызда тұр, ал ол дәрілер біздің еліміздегі науқастарға қалай әсер етеді, олардың климатқа, тұрған жерге, табиғатына байланысты өз ерекшеліктері болады. Ал шетелдің препараттары біздің ерекшеліктерге мән берілмей жасалып, сынақтар да жүргізілмейді. Елімізде халықтың табиғи ерекшеліктерін ескере отырып жасалған, отандық препараттар көптеп шығарылып, оларға мемлекет тарапынан қаржылай және моральды түрде қолдау көрсетілсе, ол препараттардың бізге тигізер пайдасы экономика жағынан да болсын анағұрлым көбірек пайда тигізері айдан анық [1].
Түйін сөздер: лоратадин, таблетка, аллергияға қарсы, препараттар,
Кіріспе. Аллергиялық аурулардың саны күн сайын өсуде. Көптеген адамдар осы аллергияның неше түрлі туындаған түрлерімен науқастанып, зардап шегуде. Ең өкініштісі, бұл індет жас талғамай, ересек болсын, бала болсын еш аяусыз өмірлеріне рұқсатсыз еніп, дұрыс ем- дом жасалмаса, мәңгілікке қоныстануда. Ал бұл өз кезегінде үлкен өкінішті салдарларға әкеп соғып жатқанын көре аламыз. Барлық адамдар өмірінде бір рет болса да тамақтан, киімнен, тазалық заттарынан, дәрілерден аллергиялық реакцияларға ұшырап жатады. Кейінгі отыз жылдың төңірегінде осындай жағымсыз аллергиялық реакциялардың саны екі еселеп көтеріліп жатыр. Жоғарыда келтірілген мәліметтердің негізінде келесідей мақсат қойылады: отандық және импорттық препараттарды зерттей отырып, отандық дәрілердің науқасқа тигізер пайдасының импорттық қымбат дәрілерден қарағанда емдік жағынан да, экономикалық тиімділік жағынан да жоғары орында тұрғанын дәлелдеп, зиянын емес пайдасын тигізетін препараттар жасау болып табылады. Жалпы аллергия дегенимиз не және қандай жолмен таралады:
Аллергия - әртүрлі заттардың ағзаларға әсерінен болатын жоғары сезімталдық салдарынан туындайтын патологиялық үрдіс [2].
Ағзаның бөгде заттарға сенсибилизациясы мен аллергиялық реакциялардың дамуы иммунды жүйенің қатысуымен жүреді. Ағзаға түскен бөгде заттар белгілі бір жағдайларда (мысалы, ақуыздармен байланысқан кездерде) антигендік қасиетке ие болады. Бөгде заттардың ақуыздары табиғи болған кезде (алдын ала айналусыз) өздері антигендік қасиетке ие болып келеді. Антигендердің айрықша ерекшеліктеріне - лимфоциттерді белсендіретін қабілеті жатады, яғни антиденелерді өндіретін пламоциттерге айналады [3].
Антиденелер ерекше ақуызды бөлшектер, олар ангигендермен әрекеттеседі және олармен тұрақты жиынтықтар түзейді. антиденелер сонымен қатар, ағза тіндерінің кейбір жасушаларында орнығатын қабілеті бар. Көп жағдайларда антиденелер месше жасушалардың беткейінде орнығады, оларды әртүрлі биологиялық белсенді заттар болады (гистамин, серотонин, простагландиндер, гепариндер және т.б.).
Материалдар мен әдістер. Бұл зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында статистикалық және технологиялық әдістер қолданылды [4].
Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, медициналық препараттардан туындауы мүмкін аллергиялық реакциялар тек бірден үш пайызға дейінгі көрсеткішті құрайды екен. Ал дәрілік препараттардың әсерінен туындайтын барлық жағымсыз әсерлердің ішінен аллергиялық реакциялар алтыдан он пайызға дейінгі көрсеткішті құрайды.
Таблетка жасау барысында келесідей қосымша заттар қолданылды және олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері және таблетканың жақсы сапалы шығуы үшін аса зор үлесі бар, таблетка жасау барысында қолданылыған қосымща заттардың әрқайсысының технологиялық және физико-химиялық әсерлеріне тоқтала кететін болсақ:
Микроцелак 100 (EPh/USP/JP) - өз алдында 75 % лактоза моногидрат және 25 % микрокристалды целлюлозадан тұрытын бүрку әдісімен құрғатылып алынған құрғақ заттардың қосындысынан құралған заттардан тұрады. Таблеткалау өндіріс өнімділігінің анағұрлым жоғары үнемділігін қамтамасыз ету мақсатында синергетикалық, яғни бір-бірінің қасиеттерін қоспа жасау арқасында жоғарылатуды алғы шарт ретінде ала отырып, толықтырғыш ретінде қоданылатын лактоза мен байланыстырғыш қасиетке ие микрокристалды целлюлозаны белгілі мөлшерде қосқан. Бұл қоспа әртүрлі қысым көрсеткіштерінде мүлтіксіз таблеттелу, себілгіштігін, таблетканың беріктігін, таблетканың тұрақты салмағын қамтамасыз етеді[5].
Кроскармеллоза натрия (EPhUSP) - ақ немесе ақ - сұр түсті иісі жоқ ұнтақ болып табылады. Таблетка, капсула және гранула сияқты ішке қабылдайтын дәрілік қалыптар өндірісінде ыдыратқыш зат ретінде қолданылады. Таблетка рецептурасында кроскармеллоза натрия тікелей престеу, сонымен қатар ылғалды грануляция әдісінде де қолданыла береді.
Кроскармеллоза натрия көбінесе таблетка салмағының 5 % - ға дейінгі көлемін құрайды.
- Бета-циклодекстрин (EPhUSP) - крахмалдын ферментативті жолмен алынатын көміртегі. Өз алдында ақ кристалды ұнтақ болып табылады, улы немесе токсикалық емес, мүлдем иісі жоқ деуге де болады. Кристалданған су мөлшері препараттың дайындалу әдісіне және құрғату әдістемелеріне байланысты 1 ден 18 % - ға дейін алмасып тұрады.
- Тальк (EPhUSP) - кристалды зат минерал. Сипаттамасына келетін болсақ қолға ұстағанда майлы әсер сезілетін себілгіш ақ түсті ұнтақ (кей кездерде жасыл түсті болуы мүмкін). Тальктың сапасы оның түсінің аппақтығына байланысты сыналады. Өндірістік мақсатта ұнтақталған тальк қолданылады, яғни микротальк. Тальк ұнтақ тәріздес зат болып табылады, таблеткалық массаға 1 пайыздан артық салуға рұқсат етілмеген, өйткені тальк адам ағзасының шырышты қабаттарына тітіркендіргіш әсер етеді. Ыстық суда өте жақсы ериді, спиртте мүлдем ерімейді [6].
- Starch 1500 (EPhUSP) - бойында бірнеше қасиеті бар бірден-бір ерекше фармацевтикалық толықтырғышқа жатады: байланыстырғыш, толықтырғыш және майландырғыш қасиеттерге ие.
- ПВП (поливинилпирролидон) (USP,EPh) -N-винилпирролидона мономерінен алынған суда еритін полимер болып табылады, сонымен қатар поливидон немесе повидон деген кең тараған атқа ие. Поливинилпирролидон суда және басқа да полярлы еріткіштерде жақсы ериді. Поливинилпирролидон құрғақ күйінде ақ немесе ақ-сары түсті қабаттарға бөлінген гигроскопиялық ұнтақ болып табылады, өз салмағынан 40% -ға дейінгі салмақты атмосфералық ауадан құрамына сіңдіре алатын қасиетке ие [7].
Кесте 1- Тікелей престеу әдісімен жасалған таблеткалардың модельдері
Шикізат атауы |
1 Модель |
2Модель |
3 Модель |
4 Модель |
5 Модель |
6 модель |
МКЦ |
190.0 мг |
- |
- |
180.0 мг |
5.0 мг |
10.0 мг |
Кроскармелоза 5% |
10.0 мг |
- |
5.0 мг |
5.0 мг |
- |
10.0 мг |
Магния стеарат 1% |
- |
- |
5.0 мг |
5.0 мг |
- |
2.0 мг |
Лактоза моногидрат |
- |
- |
- |
- |
180.0 мг |
8.0 мг |
Микроцелак 100 |
- |
190.0 мг |
180.0 мг |
- |
- |
150.0 мг |
ПВП |
- |
- |
- |
- |
5.0 мг |
- |
в-циклодекстрин |
- |
10.0 мг |
5.0 мг |
5.0 мг |
10.0 мг |
10.0 мг |
Крахмал |
- |
- |
5.0 мг |
5.0 мг |
- |
10.0 мг |
Таблетканың салмағы |
200.0 мг |
200.0 мг |
200.0 мг |
200.0 мг |
200.0 мг |
200.0 мг |
Ары қарайғы жұмыстарда ылғалды грануляция әдісін қолдана отырып, мүмкін сол әдістің лоратадин субстанциясына және субстанцияны қолнада отырып жасалған таблетканың сапасын тікелей престеу арқылы жасалған таблеткалардан сапасының жақсырақ болатынын көреміз.
Нәтижелер мен талқылаулар. Кестеде берілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, алты түрлі модель жасалып, олардың құрамына әртүрді қосымша заттар қолдананыла отырып құрастырылған, осы модельдердің ішінен алтыншы модель ең тиімді және соған жасалған барлық технологиялық зерттеулерден жақсы көрсеткіштер корінді. Сондықтан осы алтыншы модельге тоқтадық. Бұл модельге жасау барысында алдымен қосымша заттардың әрқайсысына, содан кейін таблеткалық массаға себілгіштік, тығыздық, престелу көрсеткіші, жасалған таблеткаға ыдырағыштық, үгітілгіштігі, орта салмағы сынды технологиялық параметрлеріне жүргізілген сынамалардан көрсеткіштері ең сенімді болғандықтан осы модель таңдалынды.
Қорытынды. Елімізде отандық аллергияға қарсы препараттардың мөлшерінің импортталатын препараттардан қарағанда әлде қайда төмен мөлшерде тұратынын көргенде бұл жағдайға жүрегіміз ауырмай қоймайтыны анық. Сондықтан еліміздегі жас зерттеушілердің жүмыстарына мүмкіндік беріп, өкімет тарапынан қолдау көрсетілсе, тек зерттеу жасалған орынға ғана емес, сонымен қатар еліміздің де экономикасына зор үлес қосатынына зор сенімдемін.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Simons FER, Fraser TG, Reggin JD, Simons KJ "Comparison of the central nervous system effects produced by six h-1-receptor antagonists." Clin Exp Allergy 26 (1996): 1092-7
- Monroe EW, Bernstein DI, Fox RW, Grabiec SV, Honsinger RW, Kalivas JT, Katz HI, Cuss F, Danzig MR, Garvin PR, et al "Relative efficacy and safety of loratadine, hydroxyzine, and placebo in chronic idiopathic urticaria." Arzneimittelforschung 42 (1992): 1119-21
- Clissold SP, Sorkin EM, Goa KL "Loratadine. A preliminary review of its pharmacodynamic properties and therapeutic efficacy." Drugs 37 (1989): 42-57
- Kay GG, Berman B, Mockoviak SH, Morris CE, Reeves D, Starbuck V, Sukenik E, Harris AG "Initial and steady-state effects of diphenhydramine and loratadine on sedation, cognition, mood, and psychomotor performance." Arch Intern Med 157 (1997): 2350-6
- Bender BG, McCormick DR, Milgrom H "Children's school performance is not impaired by short-term administration of diphenhydramine or loratadine." J Pediat 138 (2001): 656-60
- Ducic I, Ko CM, Shuba Y, Morad M "Comparative effects of loratadine and terfenadine on cardiac K+ channels." J Cardiovasc Pharmacol 30 (1997): 42-54
- Schiano TD, Bellary SV, Cassidy MJ, Thomas RM, Black M "Subfulminant liver failure and severe hepatotoxicity caused by loratadine use." Ann Intern Med 125 (1996): 738-40