ТҮЙІН
Осы жүмыста қазіргі уақыттағы балалар денсаулығын қорғау мен оны жетілдіру жолдары келтірілген. ҚР-да алдын алу жүмыстарын күшейту мақсатында перинаталдық қызмет көрсету алғашқы медициналық көмек көрсететін тиісті қүрылымдарымен және басқа да денсаулық сақтау қүрылымдарымен бірге жетілдіру керек. Балалар арасындағы мүгедектікті төмендету үшін денсаулықты нығайту стратегиясына негізделген профилактикалық әрекеттердің маңызы зор.
Кілт сөздер: балалар денсаулығы, аурушаңдық, мүгедектік, өлім көрсеткіші, профилактика
Өзектілігі: Түрғындардың денсаулығы қоғамның әлеуметтік жағдайын көрсететін басты өлшемі. «Денсаулық-2020» жалпыүлттық бағдарламасының бірден-бір негізгі мақсаты халықтың денсаулығын қорғау мен нығайту болып табылады. Денсаулық сақтаудың Бүкіләлемдік декларациясында көрсетілгендей, жоғары деңгейдегі денсаулыққа ие болу әрбір адамның негізгі қүқығы және бүл әр адамның қүндылығы мен бағалылығын, сонымен қатар, барлығының денсаулыққа байланысты тең міндеттілігі мен жауапкершілігін растайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы (ДДҰ) мәліметіне сай, Европалық аймақта балалардың 5 жасқа дейінгі өлім себебінде жетекші орынды неонатальді жағдай, пневмония мен диарея алады, алайда аурушаңдық пен өлім- жітімнің едәуір бөлігін аз шығынды және тиімді іс-шараларды қолдану арқылы алдын алуға болады. Ұрық пен нәрестелерді туылғаннан кейінгі бірінші сағаттарында уақытылы диагностика мен туа біткен кемістікті хирургиялық жолмен түзету арқылы кемістікке ие балалардың 40-50% өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар екені белгілі. ҚР демографиялық жағдайына келетін болсақ, он жылдай уақытқа созылған халық санының кемуі 2012 жылы туу көрсеткіштерінің жоғарлауы мен өлім көрсеткіштерінің төмендеуіне байланысты ауысты. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы елде халық санының жақсаруына жағдай жасады.
Қоршаған орта мен салауатты өмір салтын сақтамау да балалар денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Бүл жерде балаларға дені сау өмір жағдайымен қамтамасыз ететін стратегиялық тапсырманың мәні зор және балалар денсаулығын нығайтуды жетілдіру бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың да орны ерекше. Жеке түлғаның және қоғамның денсаулығын қалыптастырушы факторларды бақылауға денсаулықты нығайту стратегиясы мүмкіндік береді. Сондықтан, адам қүқықтарын сақтай отырып, денсаулықты қорғау бағыты стратегиялық тәсілдеме болып табылады, оны іске асыру жан-жақты талдауды қажет етеді.
70
Зерттеу мақсаты: Балалардағы аурушаңдық. мүгедектік, өлім көрсеткіштеріне таралуына талдау жасау.
Материал мен зерттеу әдістері: Біз осы жүмыста. «Мединформ» бағдарламасының статистикалық (2009-2013) және ҚРДСМ-ң «ҚР халқының денсаулығы және денсаулық сақтау үйымдарының қызметі» статистикалық жинағының (2009-2013) мәліметтері зерттеліп. талдау жүргізілді. Мәліметтерге сай статистикалық өңдеу жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері мен талдау: ДД¥ деректеріне сай. соңғы жылдары дамушы елдерде табиғи өсім жоғары. керісінше дамыған елдерде ол төмендеуде. ҚР бойынша 2009 жылы - 13,48%о; ал 2013 жылы - 14,18%о қүрап; 4.9%-ға өскен. ал Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) бойынша табиғи өсім деңгейі 23.88/2009/-24.04/2013/ қүрап. 0.66% өсу байқалды.
ДД¥ деректері бойынша. әлем бойынша туылудың орташа коэффициенті 2013 - 20.3%о-ге тең. Ал ҚР бойынша туу көрсеткішінде алға ілгерілеу бар (22.45/2009/-22.73/2013/). Туу көрсеткіштерін аймақтар бойынша қарасақ: жоғары көрсеткіш Маңғыстау (32.65/2009/-31.71/2013/). ОҚО (30,18/2009/-29.59/2013/) және Атырау (27.70/2009/-28.60/2013/) облыстарында байқалады. көрсеткіші төмен аймақтарға СҚО (13.52). Қостанай (13.93). Шығыс Қазақстан (16.69) облыстары жатады. Балалардың аурушаңдығы денсаулық сақтау саласы бойынша ең сынды бағыт болып табылады. ҚР 2009-2013 жылғы аурушаңдық қүрылымын талдасақ. нозологиялық тобы бойынша 100000 халыққа шаққанда. тыныс алу ағзаларының аурулары (67119.9/2009/-55095,8/2013/). қан және қан түзілу ағзаларының аурулары (11234.2/2009/-4577/2013/). жарақат пен улану (3501.9/2009/-3196,1/2013/) алдыңғы қатарды қүрап отыр. Ал барлық аурулар тобы бойынша балалар аурушаңдығы 30.1%-ға төмендеп. абсолюттік саны бойынша 2009 жылы - 5222780 болса. 2013 жылы 4011856 жағдай тіркелген. демек айтарлықтай оң өзгеріс бар.
ҚР-да 2009-2013 жылғы статистикалық деректерге сай 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар санының өсу үрдісі байқалады (44434/2009/-53955/2013). оның ішінде қүрылымы бойынша алдыңғы бірінші орынды туа біткен аурулар мен эндокринді жүйе аурулары. екінші - психикалық және жүйке аурулары . үшінші - тірек-қимыл аппараты аурулары жатады. Балалар арасындағы мүгедектік көрсеткішін аймақтар бойынша қарастырсақ: алдыңғы орынды ОҚО (9630/2009/-10402/2013/),
Алматы (4441/2009/-6328/2013/). Қарағанды (3733/2008/-3992/2013/) облыстары алып отыр. Яғни бүл көрсеткіштер бойынша жүргізілетін іс-шараларды жетілдіру жолдарын қарастыру керек және балалар арасындағы мүгедектікті төмендету үшін денсаулықты нығайту стратегиясына негізделген профилактикалық әрекеттердің іске асуы керек. Олар жекеленген адамдарға және қауымдастықтарға денсаулықты қалыптастыратын факторларды бағалауға мүмкіндік береді.
Ол өз кезегінде денсаулықты нығайтуға арналған бағдарламаларды және өткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді. Қауіп факторларға бағытталған профилактика денсаулықты нығайту бағытында ең тиімдісі болып табылады.
ДД¥ деректері бойынша. 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің абсолютті көрсеткіші 2013 жылы 6300000 қүраған. оның негізгі себептері уақытынан бүрын босану. пневмония. туылу кезіндегі асфикция. диарея мен безгек болып табылады. ал оның 45%-ы дүрыс тамақтанбаудың салдары деп есептелінеді. ДД¥ 2012 жылы 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің кездесу деңгейі түрғысында ҚР 119 орынды алып. ол 1000 тірі туғандарға есептегенде 27.0-ге тең болды. яғни бүл төмен көрсеткіш. Дерек көздеріне сай. біздің елде 5 жасқа дейінгі балалар өлімі 2009 жылы 21.28 қүраса. 2013 жылы 14.04 тең болған және ол оң бетбүрыс алып. көрсеткіш 48%-ға төмендеген. Біздің өңіріміздегі нәрестелердің өліміне тоқталатын болсақ. оның қүрылымында бірінші орынды - перинатальді кезеңдегі аурулар тобы. екінші орынға - туа біткен ақаулар жатса. үшінші топқа - тыныс алу жүйелері аурулары кіреді. Көрсеткіштер бойынша едәуір оң динамикалық өзгеріс бар. 1000 тірі туғандарға есептегенде біздің өңірде бүл көрсеткіш 36.2%-ға төмендеген (20.98/2008/-13,27/2013/). Бүл жағдай бүкіл әлемде. сонымен қатар ҚР балалар мен жасөспірімдер денсаулығын нығайтуға қатысты ДД¥ стратегияларының және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен байланысты деп айтуға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қорыта келгенде, ҚР-да зерттелген уақыт аралығында барлық аурулар тобы бойынша балалар аурушаңдығы 30.1%-ға. 5 жасқа дейінгі балалар өлімі көрсеткіші 48%-ға төмендеген. Демек. ДД¥ және «Қазақстан Республикасының ¥лттық Генетикалық Регистрі». Мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық тапсырмаларының орындалуына байланысты балалар өлімі біршама азайды. неонатальді балалардың денсаулық сапасына айтарлықтай әсер етті. Балалар арасындағы мүгедектікті төмендету үшін денсаулықты нығайту стратегиясына негізделген профилактикалық әрекеттердің іске асуында және профилактикалық әрекеттердің қатарында балалардың гигиеналық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған санитарлық ағарту мен санитарлық-гигиеналық тәрбие ерекше орын алуы қажет.