Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Гипербариялық оксигенация көрсетпесінұлғайту қажет

ТҮЙІН

Мақалада жедел уланған ауруларды гипербариялық оксигенация әдісімен емдеу бойынша, сонымен қатар басқа этиологиясы бар науқастанғандарға нақты дәлелдер келтірілген. Автор бірнеше аруларда гипербариялық оксигенацины қолдануға клиникалық тіркемелерге өзгеріс енгізуді үсынады.

Кілт сөздер: гипербариялық оксигенация, өлім-жітім, жедел улану.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тармағында сапалы және қол жетімді медициналық қызметтер көрсетуімен қамтамасыз ету жөнінде кеңінен тоқталып өтті. Осыған байланысты соңғы жылдары науқастарды емдеуде гипербариялық оксигенацияның емдеудің клиникалық тіркемелерінде гипербариялық оксигенацияның тек қана антидот ретінде пайдаланудан басқа кешендік емдеудің қүрамына ілінбей қалғаны жасырын емес.

Зерттеудің мақсаты. Гипербариялық оксигенацияның клиникалық тіркемелерде кездеспейтін жедел уланулардағы қолданысындағы нәтижесінің тиімділігін нақтылау. Оның өлім-жітім көрсеткішіне әсерін айқындау. Алынған деректерге сүйеніп, клиникалық тіркемелерге өзгеріс еңгізуге үсыныс жасау.

Зерттеудің материалдары мен әдістері. Т.О.Орынбаев атындағы Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы 2008-2012 жылдар аралығындағы токсикология бойынша жылдық есептері, науқастардың медициналық картасы және Қарағанды, Алматы қалаларының токсикология бөлімшелерінің бір- бір жылдық сапалық көрсеткіштері.

  1. Кесте -2008-2012 жылдар арлығындағы токсикологиялық қызметтің сапасы

Көрсеткіштер

Жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

Емделген науқастардың саны

2935

3101

2445

2273

2485

Төсек орын айналымы

107,5

118,4

94,2

87,5

117,9

Төсек орынның орташа үзақтығы

3,3

2,6

3,6

3,8

3,5

Өлім-жітім саны

39 (1,32%)

29 (0,93)

32 (1,3%)

23 (1,01%)

16 (0,64%)

  1. Кесте - Емделген науқастардың улану түрлері мен сандық көрсеткіштері

Уланудың нозологиялық түрлері

Жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

Күйдіргіш умен улану

187

187

186

220

247

Дәрі-дәрмекпен улану

546

559

440

532

655

Алкогольді ішімдіктермен улану

1538

1702

1334

875

790

Көміртегі тотығымен және табиғи газбен улану

266

254

217

327

430

ФОҚ-мен улану

2

4

11

7

-

Есітркілермен улану

18

16

19

10

22

Мүнай өнімдерімен улану

28

20

35

51

47

Жәндік улармен улану

251

178

109

163

178

Өсімдік уымен улану

34

88

51

60

35

Бояулармен улану

44

36

18

15

1

Уланудың басқа түрлері

21

57

4

13

81

Зерттеу нәтижелері. Науқастардың бөлімшеге түсіп емделуі алғашқы жылдармен салыстырғанда едәуір төмендегені байқалады. 2008 жылмен 2012 жылдың ішіндегі емделіп шыққан науқастардың саны 25%- ға азайғаны байқалады. Зерттелген жылдар аралығындағы жедел уланулардың ішінде 1-ші орынды алкоголь және оның суррогаттарымен жедел улану, 2-ші орынды дәрі-дәрмекпен жедел улану, ал 3-ші орынды көмір тотығы мен табиғи газбен улану иеленіп, олар бүрынғыша өз орындарын сақтап қалған. Алайда, жыл өткен сайын олардың сандық көрсеткіштері мен уланулардың өзара салмағы үлкен өзгеріске енген. Алкоголь және оның суррогаттарымен жедел улану 2008 жылы барлық жедел уланулардың 52,4% қураса, ал бул көрсеткіш 2012 жылы 31,7% төмендеген, дәрі-дәрмекпен жедел улану 2008 жылы барлық жедел уланулардың 18,6% қураса, ол 2012 жылы 26,34%-ға артқан. Сондай-ақ жиілігі жағынан 3-ші орынды иемдеген көмір тотығы мен табиғи газбен улану 9,6%-дан (2008 ж.) 17,29%-ға (2012 ж.), яғни екі есеге жуық артқан.

Өлім-жітімі жоғары болып келетін күйдіргіш улармен уланудың жиілігі барлық уланулардың ішінде 6,37%-ды (2008 ж.) 9,93%-ды (2012 ж.) қурап, яғни 1,5 есеге жуық артқаны байқалады. Алайда, осы улану

түрімен түскен науқастардың өлім саны бурынғыша болып келгенімен олардың арасындағы өлім-жітім 6,9%- дан (2008 ж.) 4,04%-ға дейін (2012 ж.) кеміген. Алкоголь және оның суррогаттарымен улануда өлім-жітім көрсеткіші 1,17%-дан 0,63 %-ға дейін азайған. Ал, дәрі-дәрмекпен жедел уланудағы осы көрсеткіш 0,54%-дан 0,15%-ға дейін кеміген. Осы көрсеткіштерді республикадағы көршілес ірі қалаларда орналасқан (Алматы, Қарағанды қалаларында) токсикология бөлімшелерінің сапалық көрсеткіштерімен салыстырғанда да оң нәтижені байқауға болады.Қолда бар деректерді салыстырып көргенде оған көз жеткіземіз.

Мысалы, 2013 жылы Қарағанды қаласындағы токсикология бөлімшесінде күйдіргіш улармен улануда өлім-жітім 6,3%, 2011 жылы Алматы қаласында 5,17% болған, ал сол жылдары зерттеудегі бөлімшеде осы уланудың түрі бойынша өлім-жітім 5,8% (2010 ж.) және 3,6%-ды (2011 ж.) қураған. Дәрі-дәрмекпен уланулардағы бул көрсеткіште солай бағыт алған. Яғни, Қарағандыда 0,89%-ға, Алматыда 1,26%-ға ие болса, Шымкентте ол көрсеткіш өз жылдарына сай 0,23%, 0,37% болған. Немесе алкогольды ішімдіктермен уланғанда сырт қалаларда 1,85%-ды және 1,43%-ды қураса, ол көрсеткіш зерттеліп жатқан қаладағы бөлімшеде жылдарына сай 1,43%-ды, 1,25%-ды қураған.

Зерттеу нәтижелерін талқылау. Зерттеудің алғашқы жылдарында жедел уланулармен науқастардың стационарлық көмекке жиі жүгінгендігі және олардың соңғы жылдары азаюының басты себебі турғындар арасында салауатты өмір салтының қалыптасуының алғашқы көрінісі екендігін мойындауымыз керек десек те, оның ішінде жедел уланудың басым көпшілігін қурайтын (52,4%) алкогольдік ішімдіктермен уланудағы алкогольдік заттардың сапасының жақсаруы, қолдан жасалатын ішімдіктердің азайып, оларға жүргізілетін қадағалау мен бақылау шараларының күшейтілгенінің жемісі болса керек. Жалпы уланулардың санының азаюын осымен де түсіндіруге болады. Жүргізілген зерттеу жылдар аралығында елдегі нарықтық экономиканың қалыптасуы мен психоэмоционалдық факторлардың күрделенуі, шиеленісуі дәрі-дәрмекпен суицидтік жолымен уланудың өсуіне алып келгенін жасыруға болмайды.

Ал, көміртотығы және табиғи газбен уланудың екі есеге жуық артуы бурынғыдай пеш муржаларының уақтылы тазаланбай, жаңа жылу қондырғылардың пайдалану технологиясын дурыс жүргізбеу мен оны толық меңгермеу болып отырса да, осы өңірге жаңадан қоныс аударған (Өзбекстаннан) турғындардың санының артуымен де түсіндіріледі. Емдеудегі өлім-жітім көрсеткішінің жоғары болып туратын күйдіргіш әсері бар улармен уланудың артуы әлі де болса жоғары концентрациялы сірке қышқылының сауда орындарында еркін сатылуы мен нарықтық экономикадағы адамдар арасындағы қарым-қатынаста кездесетін психоэмоционалдық ахуалдың турақсыздық салдарынан туындап отырған жағдай екені белгілі. Уланудың барлық түрлеріндегі емдеудің ең бағалы көрсеткіші болып есептелетін - өлім-жітімнің төмендегі стационарға дейінгі медициналық көмек пен стационарлық кешенді ем сапасының артуымен байланысты және соңғы жылдары клиникалық жағдайда экстракорпоральды детоксикациялық әдістердің кеңінен енгізілуі арқасында байқала бастады.

Бул мақсатта соңғы жылдары гипербариялық оксигенация сеанстары клиникалық тіркемелерде белгіленбеген жедел улануларда (жәндік және өсімдік улармен, дәрі-дәрмекпен, бояулармен ж.т.б. улануларда) және сонымен қатар басқа да этиологиялық себептері бар науқастарға (жүктілік гестозы, баланың жатыр ішілік гипоксиясы, фетоплаценталық шамасыздық, жатыр ішілік баланың гипотрофиясы, жүктілік кезіндегі экстрагениталдық паталогиялар, әр түрлі генездегі энцефалопатияларда, операциядан кейінгі ішек салдануы, постгеморрагиялық анемия, ишемиялық инсульт, сепсистік жағдай ж.т.б.) жүргізіліп оң нәтиже алынды. 2010 жылы барлығы 3610, 2011 жылы 5799 ал 2012 жылы 3356 баросеанстары жүргізілді.

Қарағанды және Алматы қалаларында бөлімшелердің сапалық көрсеткіштерімен салыстырғандағы оң нәтижені де зерттеген бөлімшедегі мүмкіншілігі мол, гипербариялық оксигенация жүргізуге арналған көп түрлі барокамерасы бар (көп орынды «Арыс-МТ» барокешені, «Қазақстан-МТ» жылжымалы транспорттық ауа-оттегі барокамерасы, «БЛКС-03» бір орынды барокамералары) мекемеде емделгенімен уғынуға болады. Әрине, барлық токсикология бөлімшелері стандарттық клиникалық тіркемелерді басшылыққа ала отырып емдеу шараларын жүргізеді. Ал, зерттеліп отырған токсикология бөлімшесінде уланудың көптеген түрлеріне экстракорпоральды детоксикация әдісі ретінде гипербариялық оксигенация кеңінен қолдана алады. Өлім- жітімнің төмен дәрежеде болуы да бір жағынан соның арқасында болса керек. Токсикологиялық зақымданудың патогенезінде жалпы гипоксияның орын алуы ерекше. Гипербариялық оксигенация гипоксияның барлық түрлерінде патогенетикалық негізделген ем болып есептелінеді.

Қорытынды. 1. Өткен жылдардың емдік көрсеткіштеріне шолу зерттеулерін жүргізу, оларға назар аудару келешектегі мақсатты шараларды уйымдастыруға, жоспарлауға тиімділік әкелуге өз ықпалын тигізеді. 2. Жедел уланулардың алдын алу мақсатында турғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларына көп көңіл аудару қажет. Бул шаралар жедел уланулардың алдын алуға үлкен ықпал етеді. 3. Өлім- жітімі жоғары болып табылатын күйдіргіш улардың ішінде сірке қышқылының жоғары концентрациялы ерітінділерін (70%) еркін сауда жүйелерінен сатуға тиым салынып, концентрациясы төмен, көп мөлшерін қабылдағанда жедел улануды шақырмайтын концентрациясы төмен ерітінді даярлау жолын қарастыру лазым. 4. Гипербариялық оксигенацияны кеңінен қолдану мақсатында көрсетпесі бойынша токсикологиялық науқастарды емдеу тіркемелеріне (баротехникасы бар емдеу мекемелеріне) өзгеріс жасау қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Голиков С.Н., Саноцкий И.В., Тиунов Л.Н. Общие механизмы токсикческого действия.Л.:Медицина, 1986. - 280с.,илл.
  2. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. Учебник. М.:Медицина, 1999. - 416с.
  3. Общая токсикология. Под ред. Курляндского Б.А. М.: Медицина, 2002. - 608с., илл.
  4. Руководство по гипербарической оксигенации. Под ред.С.Н.Ефуни.М.:Медицина,1986. - 416с., илл.
  5. Тулеев И. Клиникалық токсикология. Шымкент, 2013. - 592 бет.
  6. Клиническая токсикология детей и подростков. Часть вторая. Под редакцией Марковой И.В., Афанасьева В.В., Цыбулькина Э.К. Санкт-Петербург, 1999. -С. 115-123.
  7. Тулеев И. И др. Применение гипербарической оксигенации при остром отравлении алкоголем и его сурроготами. Гипербарическая физиология и медицина. М.:Медицина.- 2003.- №3.- С. 4-5.

РЕЗЮМЕ

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.