Қазіргі заманда дамудың негізгі мақсаттарының бірі- бала өлімін азайту және ана денсаулығн жақсарту. Дүниежүзілік денсаулық саетау үйымының «Әлемдегі денсаулық жағдайы» баяандамасында (2004) біздің білетініміз және біздің тәжірбиеде жасап жатқанымыздың арасында алшақтық бар екендігіне зор мән беріледі. 2015 жылға дейін денсаулықты сақтау мәселелері жөніндегі мақсаттарға жету ушін біз осы алшақтықты төмендетуіміз тиіс. Аталған мәселені шешу жолдарының бірі- ғылыми зерттеулерден алынған мәліметтерді денсаулық сақтау жүйесінде және адам денсаулығын жаксартуға бағытталған шараларда қолдану(1). Ана мен бала денсаулығын қорғау - біздің мемелекетіміздің басым мақсаттарының бірі.
Еліміздің барлық босану меКмелері Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының «Тиімді перинаталдық көмек» бағдарламасымен ж>мыс жасайды. Б>л бағдарлама көп қаражат пен қымбат жабдықтарды талап етпей, қарапайым әдістерді қолдануды көздейді. Бағдарламаның негізгі үстанымдары мыналар: әйелдер үйдегі жағдайға барынша жақын, физиологиялық табиғи және мүмкінгігінше ешкімнің араласуынсыз босануы қажет. Босындырушы мамандарының пікірі бойынша, босанудың 85%-ы ғана бақылауды қажет етеді, бірак 15%-ы асқынумен өтетіндіктен көмекке мәжбүр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының бағдарламасын босану үдерісіне дәрігерлердің қай кезде араласу немесе араласпау керектігін накты шектеулермен белгілейді(2).
Перинаталдық көмекті жақсартудың негізгі мақсаттары: -1990 жылдағы деңгеймен салыстыра отырып, 2015 жылға дейін ана өлімінің көрсеткішін 75%-ға төмендету; -1000 тірі туылған нәрестелерге шаққанда балалар өлімін 35-ке төмендету; -репродуктивті денсаулық қызыметін қажет ететіндердің барлығын осы қызметпен қамтамасыз ету; - 80% ана болуға дайын әйелдерді жоғары сапалы күтіммен қамту. Медициналық күтімнің ең жақсы үлгісінің шектеулері: -қауіпсіздік; -айғақты медицинаны қолдану; -сабақтастық және біртүтастық; -қолжетімділік; -науқастардың қүқықтарын ескерту; -тәртіпаралық қолайлылық. Медициналық қызметті тиімді бөлу-аймақтандыру, яғни аймақтың шегінде қамтамасыз ету: -көмектің қол жетімділігі; - көмектің тиімділігі; - көмектің қауіпсіздігі; - көмектің экономикалық тиімділігі. Аймақтық жүйе аналар мен жаңа туған нәрестелерді бірінші деңгейдегі көмекпен қамтамасыз ететін медициналық мекемелердің көп болуын, екінші деңгейдегі аудандық ауруханалардың аз жэне одан да аз үшінші деңгейдегі ауруханалардың болуын көздейді.
Қауіпсіз жэне тиімді медициналық көмекпен эр деңгейде қамтамасыз ету үшін бірінші, екінші, үшінші деңгейлер арасында тығыз байланыс болуы керек. Б>л эсіресе алғашқы деңгейдегі емдеу мекемесінен келесі деңгейдегі емдеу мекемесіне ауруханаға жатқызу мен тасымалдау кезінде өте маңызды. Қазіргі уақытта перинаталдық көмекті сапалы жүргізу-барлық жүкті эйелдер мен олардың отбасыларының жүктілік пен босану кезінде жэне босанудан кейінгі кезеңде ақпараттық, элеуметтік, эмоционалдық қажеттіліктерін, сонымен қатар, жайлылық пен қолдау қажеттіліктерін назарға алу. Мүндай күтім үлгісі мынадай сенімге негізделеді: бала туу- өмірлік қалыпты жэне қуанышты жағдай, б>л -«отбасына бағытталған босану»(3).
Антенаталдық күтім жүйесі Еуропада XX ғасырдың басында қалыптасты. Оның ең басты мақсаты ана мен бала өлімін төмендету болды. Өйткені жүкті эйел босану кезіндегімен салыстырғанда жүктілік кезінде үзақ уақыт акушер мен дэрігердің бақылауында болады, сол себептен б>л кезде асқынудың алдын-алу мүмкіндігі мол. Жүктіліктің барлық мерзімінде жүкті эйелдің бір ғана медицина қызыметкерінің антенаталдық күтімімен қамтамасыз етілуі өте маңызды. Әйел мен акушер немесе дэрігердің арасындағы тығыз байланыс өзара қүрмет пен сенімнің дамуына септігін тигізеді. Бүндай күтімнің мынадай ерекшіліктері бар: эйелді тыңдай жэне оның мэселелерін түсіне білу, оның жеке қажеттіліктерін ескере отырып, таңдауын қолдау. Әйел өзіне көрсетілетін таңдау кезінде шешім қабылдауға қатысуы керек. Антенаталдық күтімнің негізгі қырларының бірі - жүкті эйелдерді жэне олардың отбасыларын босануға психопрофилактикалық түрғыда дайындау. Сонымен қатар антенаталдық күтімге жүктіліктен сақтану шаралары туралы ақпараттарды тарату, жыныстық жолмен берілетін жүқпалардың алдын-алу, жеке бас тазалығы, жаңа туған нэрестелер күтімі, ана сүтімен тамақтандырудың артықшылықтары, бала өсіру мен тэрбиелеу жатады.
Тиімсіз түстары: қауіп тобы бойынша белу, салмақты қатал бақылау, пельвеометрия жэне т.б. Кейбір шаралар тым қымбатқа түсті жэне күтілген нэтижелерді бермеді, мысалы: қаназдықты анықтау мен оның алдын-алу, жыныстық жолмен берілетін жүқпаларға тексеру. Тиімді түстары: акушерлік асқынуларды жүргізудің клиникалық хаттамаларының эзірленуі, жүкті эйелдер мен оның отбасыларына ш>ғыл жағдайда кеңес беру, нақты дайындалған қызметкердің кемегімен ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін науқастарды белу (кемектің аймақтандырылуы). Жүкті эйелдерді теменгі жэне жоғарғы топтарға белу уақытылы жэне нақты кемек керсету үшін қажет. Кемек жоғары қауіп тобындағы жүкті эйелдерге бірінші кезекте керсетіледі. Кез-келген жүктілік қауіпсіз жэне асқынусыз болады деуге болмайды. Барлық уақытта үдерістің нашарлау қаупі бар. Жүктілікке бастапқы кезден қалыпты (физиологиялық) түрғыда қарау керек, бірақ медицина қызметкері байқалған белгілерге немесе тенетін қауіпке аса сақ болуы тиіс. Осыған байланысты, қазіргі таңдағы перинаталдық күтімнің негізгі үстанымдары мынадай болуы қажет: -эрбір эйелге ілтипатпен қарау; - күтімнің жеке хаттамаларын қолдану; -эр қабылдауда ана мен бала жағдайын жіті бағалау.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Руководство по Безопасному материнству. Под редакцией Кулакова В.И. и соавтор., M.: из-во «Триада- X». 1998г, 531стр.
- Розенсон Н.Г., Чимбаев Г.Н., Бадигова Е.А. Партнерские роды //Астана медициналық журналы №5(50), 2008.-С.128-130.
- Библиотека Кохрейна. Hodnett E.Caregiver Support for women during childbirth.