Мидың қызметіне гипергликемияның әсері

Kipicne. Бүгінде қант диабеті ауруының қарқынды өсуі әлемдік денсаулық сақтау үйымдарының жаһандық проблемаларының біріне айналып отыр. Біздің ғаламшардың шамамен 200 миллион тұрғыны осы аурудың қүрығына іліккен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау >йымы сарапшыларының болжамына сәйкес, қант диабетімен ауыратындардың саны 2015 жылы 300 миллионға жетеді деген қауіп бар [1]. Олардың 80-90% қант диабетінің (ҚД) II типі қүрайды. Біздің елдегі жағдай да мәз емес. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, 175 685 адам қант диабеті диагнозымен тіркелген. Б>л — ресми есеп. Еліміздегі науқастардың нақты саны денсаулық сақтау мамандарының зерттеулеріне қарағанда 700 000-нан асып кетеді. ҚД мен ауыратындардың санының артуы қан-тамырлық асқынулардың жиілеуіне әкеледі [2].

Олар: көрудің нашарлауы, созылмалы бүйрек шамасыздығы, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, перифериялық полинейропатия, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, зейін қобдың нашарлауы және орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қызметінің бүзылысы [3, 4]. Осыларға байланысты Түркістан экологиялық аймағындағы қант диабетімен науқастар миының когнитивтік қызметін зерттеуді мақсат еттік. Біздің жүмысымыздың мақсаты: Қант диабеті ауруымен науқастарда мидың когнитивтік қызметін тексеру. Осы

мақсатқа жету үшін алдымызға келесідей міндеттерді қойдық: 1. Қант диабетімен ауыратын ерлер мен әйелдерің есте сақтау қабілетін тексеру. 2. Қант диабетімен ауыратын ерлер мен әйелдерің зейінін тексеру.

Зерттеу эдістері. Зерттеуге жалпы 13 ер және 13 әйел науқастар алынды. Олардың орта жасы ерлер мен әйеддерде 58-62 жас аралығын қүрады. Мидың когнитивтік қызметін зерттеу үшін арнайы нейропсихологиялық тесттер қолданылды. Оған әр түрлі 10 сөз айтқызу арқылы қысқа уақыттық есте сақтау қабілетін тексеру. Сонымен қатар, Шульте кестесі және Шульте-Горбовтың модифицирленген кестесі арқылы зейінді зерттеу. Зейінін тексеру үшін кестелерде 1-25 дейінгі әртүрлі орналасқан сандарды реттілігіне сәйкес уақытқа көрсету керек, сонымен қатар, керісінше көрсетіп беру керек.

Зерттеу нэтижелері жэне талқылау. Әр түрлі 10 сөз айтқызу арқылы қысқа уақыттық есте сақтау қабілетін тексеру барысында келесідей нәтижелер анықталды. Алғашқы айтқан кезде ерлер орта есепппен 4+2,00 сөз айтса, ал әйелдер орта есеппен 5,13+2,26 сөз айтты (қалыптыда 6-8 айту керек). Екінші рет қайталағанда ерлерде б>л көрсеткіш ерлерде 6+2,45, ал әйелдерде 7,00+2,65 сөзді қүрады (қалыптыда 9-10 сөз айтуы керек). Кейінгі 3-4-5 рет қайталағанда ерлердікі 5.4+2,32, 6,4+2,41, 9.2+2,30 сөзді қүраса, ал әйелдерде 7,88+2,81, 8,38+2,90, 9,50+2,93 сөзді қүрады. Үшінші қайталаған нәтижелер арасында статистикалық

айырмашылық анықталды. Нәтижелерден көрініп түрғандай қант диабетімен науқастардың қысқа уақыттық есте сақтау қабілеті төмендейді. Б>л қабілет әйелдерге қарағанда ерлерде айқын төмендейтіні байқалады. Науқастардың зейінін тексеру барысында келесідей нәтижелер анықталды (1 сурет). Шульте кестесі бойынша ерлер мен әйелдерді салыстырғанда, әйелдерде зейіннің бүзылысы жоғары екені анықталды. Нәтижелер сәйкес ерлерде - ауыр когнитивтік бүзылыстар, ал әйелдерде - деменция анықталды.

Науқастардың зейіндері күрделі Шульте-Горбовтың модифицирленген кестесі арқылы да тексердік. Тексеру нәтижелері бойынша бұл көрсеткіш ерлерде 558 сек қүрады, ал әйелдерде 524 сек қүрады. Бұл нәтижелер Шульте- Горбовтың модифицирленген кестесі бойынша ерлер мен =йелдерде 1 бал?а с=йкес келеді, ал ол бас миының когнитивтік 9ызметтерінің б>зыл?анын растайды.

Қорытынды. Қант диабетімен науқас ерлер мен әйелдердің қысқа уақыттық есте сақтау қабілеті төмендейді. Қант диабетімен нау9ас ерлер мен =йелдердің зейінінде мидың ауыр д=режедегі когнитивтік б>зылыстары бай9алады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Wild S, Roglic G et al. Global Prevalence of Diabetes. Estimates for the year 2000 and projections for 2030. Diabetes Care 2004; 27: 1047-53.
  2. Калинин А.П., Котов С.В. Неврологические расстройства при эндокринных заболеваниях. //Медицина, Москва, 2001, №3, 252 с.
  3. Stewart R., Liolitsa D. Type 2 diabetes mellitus, cognitive impairment and dementia. Diabetic Med 1999; 16 (2): 93-112.
  4. Яхно Н.Н. Когнитивные расстройства в неврологической клинике. //Неврология. Москва, 2006, №7, 314 с.
Жыл: 2012
Қала: Шымкент
Категория: Медицина