Күнделікті емхана жүмысында буын синдромы жиі анықталатын патология. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДД¥) мәліметтер бойынша Жер шары түрғындарының 4 %-да буын, буын айналасы және омыртқалардың әртүрлі аурулары тіркеледі екен. Көптеген зиялылар соңғы жылдары буын синдромының тіркелу жиілігінің артуына назар аудартады және аурулардың диагностикасында, емінде қол жеткізілген табыстарға қарамастан адамдардың жасы өскен сайын оның кері қайтару мәселесінің шешімі соңына дейін табылмаған. Сүйек-буын жүйесінің аурулары қоғам мен жанүяның экономиксына, науқастардың денсаулығына және сапалы өмір сүруіне айқын эсер етуіне байланысты медициналық-элеуметтік өзекті мэселенің бірі болып саналады. Буын синдромы ревматологиялық аурулар кезінде жиі анықталады, олар дерттің клиникалық барысына эсер ете отырып, өмір сүру сапасы төмендетіп, кейде ерте мүгедектікке алып келуі мүмкін. Сондықтан буын синдромының эпидемиологиясын зерттеу ревматологиялық ауруларды ерте анықтауға жэне алдын алу шараларын дер кезінде үйымдастыруға көмек береді.
Мақсаты. Сүрақнама көмегімен Оңтүстік Қазацстан обылысы түрғындары арасында буын синдромының кездесу жиілігін зерттеу.
Материалдар жэне эдістер. Зерттеу жүмысында «Қазацстан Республикасында ревматологиялық көмекті көрсетудің ғылыми-негізделген шараларын жетілдіру» Мемлекеттік ғылыми бағдарламасын іске асыру барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы қызметкерлерімен қүрастырылған сүрақнама қолданылды. Сүрақнама паспорттық бөлімінен, буын синдромының клиникалық көріністерін сипаттайтын белгілердің сүрақтарынан, бүрын ауырған немесе кэзір ауыратын ревматологиялық аурулардың атауларынан жэне т.б. қүралған. Сүрақнамада кездесетін негізгі сүрақтарға жауап жазу ережелері дэрігерлерге алдын ала түсіндірілді. Буын синдромының эпидемиологиясын анықтау үшін Оңтүстік Қазақстан обылысының емханаларына тіркелген 15 жастан жоғары жастағы 7018 түрғындары осы сүрацнамаға жауап берді. Олардың 43 % (3021) ерлер жэне 57 % (3997) эйел болды. Алынған мэліметтердің статистикалық талдауын персоналды компьютерде Microsoft Access бағдарламасын қолдана отырып жасалды.
Нэтижелер мен талқылаулар. Оңтүстік Қазақстан обылысы түрғындары арасында сүрақнама көмегімен буын синдромының кездесу жиілігі ерлер арасында ол 18 %, ал эйел арасында 30,6 % қүрады. Б>л көрсеткіш Қазақстанның басқа, яғни солтүстік пен экологиялық қолайсыз аймақтармен салыстырған кезде едэуір темен екен. Мысалы Қостанай қаласында буын синдромы ерлерде - 32,7 %, эйелдерде - 48,1 % жиілікті қүраса, Қызылорда қаласында ерлерде - 34,5 %, эйелдерде - 40 % болды. Ерлермен салыстырғанда эйелдер арасында буын синдромы 1,7 есе жиі анықталды. Буын синдромының анықталу жиілігі респонденттердің жасына сэйкес тікелей артты. 1- суреттегі бын синдромының жиілігін анықтайтын қисықтар 40 жастан асқан адамдарда жоғарылауға бейімделіп, 60 жастан асқан қарттарда биктеу шегіне жетті. Ол «50 жастан асқан адамдарда остеоартроз жиі кездеседі» деген пікірге сэйкес келеді.
Шағым айтқан 1199 эйелдердің 71,3 %-ы буындардың, 28,7 %-ы омыртқа жотасы мен бел тұсының ауырсынуын керсетсе, 544 ерлердің 44,3 %-ы буындардың, ал 55,7 %-ы омыртқа жотасы мен бел түсының ауырсынуын атаған. Демек, эйелдерде буындардың, ал ерлерде омыртқа жотасы мен бел түсының ауырсынуын басым келеді 2- сурет. «Буындары бұрын ауырып, қазір мазаламайды» деген жауапқа 18,17 % эйел жэне 22,22 % ер кісі, «буындары бұрын ауырып, соң=ы жылдары мазалайды» деп 60,39 % эйел, 75,0 % ерлер керсеткен. «Буынның ауырсынуы соң=ы жылдары ғана пайда болған» деп 21,44 % эйел жэне 2,78 % ер кісі жауап берген. Осы сұрақтардың кемегімен буын синдромының созылмалы ағымда жүретін аурулары басым келетіні аны8талып т>р.
Сурет 2 - Жынысқа тэуелді буын синдромының ерекшеліктері
36
Буынның ісінуін 552 (13,81 %) әйел және 77 (6,45 %) ерлер белгілеген. Ол ерлермен салыстырған кезде әйелдерде 2,1 есе жиі кездесті. «Буындардың б>рын ісініп, бірац соңғы жылдары мазаламайды» деген сүраққа 27,1 % эйел және 24,6 % ер кісі, «бүрын буындары ісініп, соңғы жылдары мазалап жүр» деп 49,8 % әйел, 46,1 % ерлер белгіледі. «Буындардың ісінуі соңғы жылдары ғана пайда болған» деп 18,17 % әйел және 22,22 % ер кісі жауап берген. Буын синдромының ісінумен асқынуы науқастардың жартысында созылмалы ағыммен жүреді екен.
Қорытынды. Оңтүстік Қазақстан обылысында буын синдромы кең таралған, ол ерлермен (18 %) салыстырған кезде әйелдерде (30,6 %) 1,7 есе жиі кездесті. Буын синдромының жиілігі адамдардың жасына сәйкес жоғарылады. Әйелдерде буындардың, ал ерлерде омыртқа жотасы мен бел түсының ауырсынуы басым келді. Негізінен дерт созылмалы ағымда өтеді екен.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Эрдес Ш.Ф., Галушко Е.А., Бахтина Л.А. и соавт. Распространенность артралгий и припухания суставов в разных регионах РФ. Научно-практическая ревматология, 2004, №4, 42-47 с.
- Насонова В.А., Фоломеева О.М., Эрдес Ш.Ф. Ревматические заболевания в России в начале XXI века. Научно-практическая ревматология, 2003, №1, 6-10 с.
- Чичасова Н.В. Методы оценки поражения суставов, активности заболевания и функционального состояния больных ревматоидным артритом, Москва, 2003, С.32.
- Байжанова К.Т., Аяганова А.С., Ералиева Ш.У. жэне т.б. Қызылорда қаласының буын синдромыныц жыныстық-жастық қүрылымы/Z Международная научно-практическая конференция, Шымкент, 2008, 30-33 б.
- Байжанова К.Т., Есенбеков К.А. Қазақстан республикасының оңтүстік пен солтүстік аймақтарында буын синдромының кездесу ерекшелігі// Международная научно-практическая конференция, Шымкент, 2008, 33-36 б.