Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық даму көрсеткіштері қоршаған өмір сүру ортасының өзгерістеріне жіті жауап қайтаратын денсаулық көрсеткіштерінің біріне жатады (1). Бүл көрсеткіштердің қалыптасуына ерекше эсер ететін қатерліктер қатарына экологиялық жэне әлеуметтік себептерді жатқызуға болады. Шымкент қаласы Қазақстан Республикасының ауа райы қатаң континентальдық оңтүстік аумағында орналасқан. Бүл қаланың түрғын аумағында қоршаған өмір сүру ортасын барынша ластайтын қорғасын, химия-фармацевтика, машина жасау зауыттары бар. Ал қала көшелерінде күндіз-түні мыңдаған автокөлік ағылып жатыр. Олардан бөлінетін қалдықтар селитебтік аумақтағы ауаның, топырақтың ластануын одан ары арттыра түсуде. Осы қауіп себептерінің эсерін дүрыс бағалау үшін жергілікті аумақтағы балалар мен қыздардың физикалық даму көрсеткіштерінің орташа статистикалық деңгейін бағалаудың маңызы үлкен.
Материалдар мен әдістер. Физикалық көрсеткіштердің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында 7 жастан 15 жасқа дейінгі мектеп жасындағы 544 оқушыны таңдап алдық. Олардың 272 ер бала болса, 272- қыздар. Зерттеуге тартылғандардың 272 қаланың «таза» аумағында, 272-і қаланың өндірістік жэне автокөлік қалдықтарымен барынша
53ластанған аумағында өмір сүретіндер. Балалар мен қыздардың жастық топтарға бөлінуі де 17 санына туралап белгіленді. Сондықтан, зерттеуге тартылған статистикалық жиынтық репрезентативтік заңдылыққа және әрбір бала мен қыздың өз парымен топталуына баса көңіл бөлінді. Алайда әрбір парды қалыптастыру кездейсоқтық жолымен жүзеге асырылады. Қаланың экологиялық жағдайын және денсаулыққа қауіптілігін анықтау барысында қоршаған орта нысандарының химиялық поллютанттармен ластану дәрежесіне көңіл бөлдік. Қаланың солтүстік шығыс түрғын аумақтарындағы атмосфералық ауаның, жер беті суларының және топырақтың күрамындағы негізгі ластаушы поллютанттардың, оның ішінде қорғасын, мырыш, мышьяк, висмут және мүнай қалдықтарының шоғырлану мөлшері осы нысандарға арнап белгіленген шектеулі рүқсат етілген шамадан (ШРЕШ) төмен болып шықты.Сондықтан б>л түрғын ауданды салыстырмалы түрде таза аумақ деп белгіледік. Қаланың оңтүстік -батыс, орталық, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аудандары аты аталған химиялық поллютанттармен жоғары дәрежеде ластанған, сондықтан б>л түрғын аудандарды ластанған аумақтар деп белгіледік. Қоршаған ортаны ластаушы ең негізгі химиялық поллютантқа қорғасын жатады. Оның топырақ қүрамындағы шоғырлану мөлшері қаланың оңтүстік-батыс аумағында шектеулі рүқсат етілген шамадан 26,4 есе, орталық аумағында 16,1 есе, оңтүстік-шығыс аумағында 2,7 есе, солтүстік-батыс аумағында 5,6 есе жоғары болса, ал солтүстік- шығыс аумағында ШРЕШ-тен 0,8 есеге төмен болып шықты (сурет-1). Балалар мен қыздардың бойының үзындығы тек олардың жасына ғана байланысты емес, сонымен қатар қоршаған ортаның ластануына да тікелей байланысты екендігі әдебиеттерде жиі үшырасады. Осы заңдылықтарды зерттеу мақсатындағы нысан етіп «Дарын-2» мектеп-гимназияның оқушылары таңдалып алынды. Себебі б>л оқу мекемесіне тартылған балалар мен қыздар қаланың барлық түрғын аудандарынан қамтылған. Сондықтан оларды өмір сүру ортасының экологиялық жағдайына қарай топтау да жеңіл болып шықты. 1-сурет. Шымкент қаласы аумақтарындағы топырақтың қорғасынмен ластану деңгейі ШРЕШ-пен есептегенде (есе)
54
Балалар мен қыздардың бойының үзындығы олардың жасына тікелей байланысты екендігі анықталды. (1 кесте). 7 жастан 10 жасқа дейінгі ер балалардың бой үзындығы 118,92±1,54 сантиметрден 128,68±4,77 сантиметрге дейінгі аралықта орналасқан, ал қыздардың осы жас аралығындағы физикалық даму көрсеткіші 117,62±1,07 сантиметрден 122,30±1,64 сантиметрге дейінгі аралықта болып шықты. Басқаша айтқанда ер балалардың осы жастағы көрсеткіштері қыздардың көрсеткіштерінен нақты жоғары. 10-11 жастағы ер балалар (132,05±4,77 см) көрсеткішінің қыз балалардың (130,23±3,81 см) көрсеткішінен нақты айырмашылығы жоқ, ал 12-13 жастан бастап қыздардың (145,02±5,86 см) бойлары ер балалардың көрсеткішінен (139,79±5,37 см) айтарлықтай жоғары болып отыр. 14 жастан бастап ер балалардың бойларының үзындығы (154,52±7,31 см) қыздардың бой үзындығына қарағанда күрт жоғарылады. Сонымен, жастық және жыныстық ерекшеліктерге қарай анықталған оқушылардың бой үзындығы биологиялық өсу зандылықтарына сәйкес болып қалыптасқан деп айтуға болады.
Мектеп жасындағы ер балалар мен қыздарды өмір сүру ортасынын экологиялық жағдайына қарай топтастыра отырып зерттеу, экологиялық жайсыз ортанын физикалық даму көрсеткіштеріне айтарлықтай кері әсерін тигізетіндігін анықтады. 7-9 жас аралығындағы «экологиясы лас» аумақта өмір сүріп жатқан балалар мен қыздардын бойларынын үзындығы таза аумақта өмір сүріп жатқан осы жастағы оқушылардын көрсеткішінен орта есеппен 2,5-3,5 см қысқа болып шықты. Қалған жастық топтардағы таза аумақта өмір сүріп жатқан ер балалардын бойларынын үзындығы, лас аумақта өмір сүріп жатқан ер балалардын бой үзындығынан артық, ал қыздардын бойларынын үзындығы 11 жаста экологиялық ортанын жағдайына қарамай салыстырмалы түрде бірдей болып отыр. Екінші жастық-жыныстық қилыстан кейін қоршаған ортасы таза аумақта өмір сүріп жатқан ер балалар мен қыздардын бойларынын үзындығы, лас аумақтын түрғындарынын көрсеткіштерінен 4-6 см және 6-7 см-ге жоғары болып шықты.
Қорытынды. Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер төмендегідей қорытындылар жасауға негіз болды: Шымкент қаласынын түрғын аумақтары өндірістік қалдықтармен жоғары денгейде ластанған. Экологияға аса үлкен қатер туғызып отырған қорғасын тозандарынын ен жоғары денгейі қаланын онтүстік- батыс түрғын аумағында (ШРЕШ-тен 26,4 есе жоғары) қалыптасқан. Тек, қаланын солтүстік-шығыс аумағында экологияны ластаушы химиялық поллютанттардын шоғырлану денгейі ШРЕШ-тен төмен (таза аумақ).
Мектеп жасындағы балалардын бойларынын үзындығы биологиялық зандылықтарға сай қалыптасқан, алайда экологиялық ортанын химиялық поллютанттармен жоғары денгейде ластануы ер балалардын әрбір жастық топтағы бойларынын үзындығын орта есеппен 4-6 см, қыздардын көрсеткіштерін 6-7 см төмендетеді. Алынған ғылыми нәтижелер экологиясы нашар қала аумағында орналасқан қорғасын зауытынын жүмысын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық департаменттер қатаң бақылауға алу керектігін, ал мектеп жасындағы балалардын денсаулығын жацсарту үшін арнайы профилактикалық бағдарлама жасап, оны белсенді түрде жүзеге асыру қажеттігін көрсетіп отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Бөлешов М.Ә., Жақсыбергенов А.М., Адильбекова Г.С. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердін денсаулығы мен дене бітімінін даму мәселелері //Онтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы хабаршысы - Республикалық ғылыми журнал- Шымкент. 2008 №2 (39). Б. 45-46.