«Жалпы білім беретін жэне интернат мекемелерін жабдықтауға, пайдалануға жэне білім алу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы ҚР ДСМ 25.10.2010ж. № 834 бүйрығына сэйкес жалпы білім беретін жэне интернат мекемелері жеке ғимаратта орналасып, өз алдына жер телімі бөлініп, қызыл сызықтан 25 метрден кем емес, ал ауылдық жерлерде 10 метрден кем емес арақашықтықта орналасуы қажет. Мектеп территориясы 1,5 метрден кем емес биіктікпен қоршалауы керек, бүған қоса, келесідей аймақтарға бөлінеді: оқу тэжірибе алаңы, спорттық алаң, демалу алаңы жэне шаруашылық алаңы. Жалпы білім беретін жэне интернат мекемелерін салу барысында жылыту, желдету, сумен қамту жэне жарықпен қамту жүйелері міндетті түрде қарастырылады.
Мектептерде орталықтандырылған сумен қамту жүйесі, орталық жылыту жүйесі мен канализация болмаған жағдайда шаруашылық аймақта қазандық, насосты су жинайтын бак жэне септик қарастырылады. Елді мекенде жергілікті сумен қамту жүйесі қолданылатын жағдайда мектепке арнайы жабдықталған көлікпен су тасымалданады. Тасымалданатын судың сапасы орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қойылатын талаптарға сай болғаны жөн. Жалпы білім беретін жэне интернат мекемелерінде сумен қамту тэртібі төмендегідей түрде үйымдастырылады: түрақты су бүрқақтары (фонтанчик); арнайы ыдыстардағы сулар.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы білім беретін жэне интернат мекемелерінің жағдайын санитарлық - гигиеналық түрғыда сипаттасақ: Облысымызда жалпы білім беретін мектептер саны-1030 қүрап отыр, оның ішінде жалпы білім беретін мектептер саны - 998, мектеп-бала-бақша кешені - 9, жалпы білім беретін мектеп-интернаттар саны - 23. Жобалық қуаты - 486015, оқушылар саны - 526688. 24175 орындық жаңа 43 ғимараттың арқасында 3 ауысымда оқитын мектептер саны 35-тен 6-ға төмендеді. Типті жобамен салынған мектептер саны- 499-дан 529-ға көбейіп, ыңғайластырылған мектептер саны 2009 жылы 522 болған, ал 2010 жылы олардың саны - 501 болды, яғни 50,1% қүрады.
Пешпен жылытылатын 246 мектептің саны 200 болып, тасымалды суды қолданатын 134 мектеп 106 болып азайды.Жаңа оқу жылында 775(75,2) мектепте оқушыларға ыстық тамац үйымдастырылды, 311 мектепте буфеттік өнімдермен аралас тамақтандырылды. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны-362278, ол 69,1 қүрайды. 23592 аз қамтылған отбасы балалары тегін тамақтанады. 2010 жылы облысымыздағы бала- бацшалар саны 273 болды, б>л көрсеткіш 2009жылы 208 болаған. Орта оқу орындарының саны-82, жоғары оқу орындарының саны-16 болды. Облыс көлемінде есеп беру жылында жер белу туралы 2532 қорытынды беріліп, 62 (2,44%) санитарлық қорғау аймағы сэйкес келмегендіктен келісілмей кері қайтарылған (2009ж 2299/592,6%). Соның ішінде: белінген жер телімдерінің барлығы зертханалық аспаптық тексерумен 99,7% қамтылған (2009ж - 99,4%); облыс бойынша 1238 (2009ж-846) жоба қаралған оның ішінде: келісім берілмей кері қайтарылған жобаның облыс бойынша салмақтық үлесі 5,5 (2009жылы -7,5%). Санитарлық-эпидемиологиялық бацылауда жыл келемінде 775 (2009ж-808) қүрылыс жэне қайта қүрылымдау нысандары бақылауда болған, тексерумен 658 нысан қамтылған. Жыл бойында 535 нысан пайдалануға беріліп (2009ж - 469) барлық нысан
90
100% зертханалық-аспаптық тексеруден өткізілген, тексеру барысында жобадан ауытқу 30 рет анықталған, 2009 жылы б>л көрсеткіш -78 болған. Анықталған кемшіліктер бойынша 21 айыппүл салынған (2009ж - 44 айыппүл), 8 >сыныс беріліп, 1-нысанның қүрылысы тоқтатылған. Нәтижесінде, МСЭҚД жүмысы басым бағыттағы “100 мектеп, 100 аурухана бағдарламалары” барысын бацылауға алып, қадағалауға бағытталды. “100 мектеп” бағарламасы бойынша облыста 39 мектептің қүрылысы жүргізілуде. Қазіргі кезде оның 38-і пайдалануға берілді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- «Жалпы білім беретін және интернат мекемелерін жабдықтауға, пайдалануға және білім алу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы ҚР ДСМ 25.10.2010ж. № 834 бүйрығы.
- Ш.И. Иманалиев. Балалар және жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, «Ғылым». 2008.
- М.Ә.Бөлешов. Балалар және жасөспірімдер гигиенасы. Алматы. 2010.