Психология

Ш. Əлжанов психология, педагогикалық психологияға қатысты «Халық ағарту қызметкерлерінің білімін көтеру жайындағы басты материалдардың жинағы» атты кітапта оның «Ес жəне есте қалдыру мəселелері. Ой мəселелері. Дағдылану мəселелері» деген еңбегі жарияланды, ол психологияға байланысты қазақ тіліндегі марксизм ілімі тұрғысынан жазылған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Ғалым оқушылардың жеке дара психологиясында кездесетін ерекшеліктері туралы  сөз қозғайды, эксперименттік зерттеулер мен бақылаулардың нəтижелерін ортаға салады. Оқушылардың ес жəне есте сақтау, ойлау, дағдылану ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімнің сабақты тиімді өткізе алуына үлкен мəн береді.  Материалды берік есте қалдырудың жолдарын ұсынады [1].
2010

Қазіргі білім беру үрдісінің негізгі міндеті – тұлғаның танымдық жəне интеллектілік əрекеттерінің, бəсекеге қабілетті шығармашылығын жəне теориялық білімдерін тəжірибеде ұштастыруын тиімді əдістер арқылы жетілдіруді көздейді. Оқу іс-əрекетінің нəтижесі дайын өнімді алуда емес, болашақта қайсібір өнімді алуға мүмкіндік беретін тəсілдер мен білімдерді меңгеруге бағытталады. Демек, жоғары мектептің басты міндеті студентті кəсіби маман дайындаумен анықталады.
2010

Қазақстан Республикасы өзін азаматтардың тең құқығы заңды тұрғыда бекітілген демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды. Оған Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың ОБСЕ-нің мəдениетаралық, дінаралық жəне этникааралық төзімділік бойынша жиналысындағы сөзі тағы да дəлел болады: «... Қазақстанда маңызды стратегиялық міндет шешімін тапты –  ұлттық  азшылықтардың  олардың  мəдени  жəне  ұлттық  бірдейлігімен  байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  максималды  түрдегі  барлық  жағдайлар жасалынды. Оның ішінде ең маңыздылары мəдениет жəне білім, туған тілін сақтауға қатысты. Қазақстанда қоғам мен мемлекеттің сұхбат ету қағидасы басшылыққа алынған ұлтаралық келісімді сақтаудың ұтымды жүйесі қалыптасқан» деген болатын [1].
2010

Қазіргі таңда қоғамда қазақ əйелдерін басқару саласында жиі көруге болады. Дамыған мемлекеттерде бұл таң қалдырарлық жағдай емес, норма болып есептеледі десек те қателеспейміз. Біздің мемлекетіміздегі қазіргі нарықтық жағдай əйел затына басқару  саласында жақсы мансап құруға кедергі келтірмейді. Дəл осы себептерден қазіргі таңда қазақ əйел тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, оның ішінде басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен қызығушылық тудырып отыр. «Қыздың қырық жаны бар» делінгендей, олардың тек қана басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктерін зерттеп қана қоймай, қазақ тарихымыздағы, салт  дəстүріміздегі, тұрмыстағы күш-жігерлерін, ақыл-даналықтарын қарастырмай кету мүмкін емес.
2011

Қазіргі күрделі əрі өзгермелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны  ерекше. Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтарға бағдарлануы мен жастардың өзіндік сезімінің қалыптасуы жəне қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық жақтары сапалы өзгерістерге ұшырады. Адамның əлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарға бағдарлану болып табылады. Олар адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестігін, олардың қызығушылықтарының келісуі мен күресуі жəне адамның мінез-құлқы мен тұлғаның əлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп отырады.
2011

Этнопсихологиядағы тұлғаның этностық бірдейлік мəселесі кеңес уақытынан кейінгі кезде кеңес өкіметінің құлауымен, тəуелсіз жəне өркениетті мемлекеттердің пайда болуымен, этносаралық шиеленістердің өсуімен байланысты ерекше өзекті тақырыпқа ие болды, ал қазіргі уақытта ол өзіне сай əлеуметтік мəртебе алып, қоғамның дамуына, бірігуіне септігін тигізетін ұлттық идеяларды іздеу барысында көрініп отыр. Қазіргі заманғы шетел, отандық əсіресе қазақ этнопсихологиясында тұлғаның этностық бірдейлігінің мəселесі, оны анықтайтын факторларды талдау этнопсихологиядағы теориялық жəне эмпирикалық зерттеулердің басты пəндерінің бірі болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда тұлғаның этностық бірдейлігінің даму ерекшеліктерін зерттеу барысы теориялық жəне практикалық аспектілерде өзекті болып отыр.
2011

«Жас отбасы» - күрделі жəне неке-отбасылық институтының тұрақсыз кезеңі болып табылады. Некеге тұрғаннан кейін, жас отбасында алғашқы тұрақтандыру процесі басталады яғни некенің алғашқы кезеңі отбасылық интеграциямен жəне адаптациямен сипатталады. Интеграция - бұл өз еркімен бірігу, ерлі-зайыптылар əртүрлі отбасылық өмірдің аспектісі бойынша позицияларын, көзқарастарын жəне пікірлерін сəйкестендіру. Осыған мынандай маңызды сұрақтар жатады: өзара қатынас жасау стилі; материалдық-тұрмыстық, отбасылық бюджет мəселелері; рухани өмір мен демалысты өткізу; интимды өмір, баланы күту жəне оның туылуы; ата-анамен өзара қатынасы, ерлі-зайыптылардың кəсібке жəне қоғамдық іс- əрекетке, қоғамдық құндылықтарға деген қатынасы. Отбасының интеграциясының сəттілігі бейімделусіз өтпейді [1].
2011