Құқық

Қазақстан либералдық сипаттағы саяси жүйеге Кеңес Одағы толық күйремей жатып-ақ бетбұрыс жасай бастады. Ескі саяси жүйені демонтаждау, демократиялық саяси жүйеге қарай түбегейлі бетбұрыс жасау шаралары 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациядан бастауын алды. Декларацияда Қазақстанда алғаш рет билік тармақтарын заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөлу қарастырылды. Президентке  Республика басшысы ретінде ең жоғарғы əкімшілік-атқару билігі жүктелді. Осы құжаттан бастап Қазақстанда шешуші мемлекеттік тұлға Президент болды деп есептеуге болды. Сонымен қатар биліктің негізгі тірегі Қазақстан халқы екендігі жəне биліктің негізгі органдары халық атынан қызмет ететіндігі атап көрсетілді. Биліктің халық алдында толық жауаптылығы белгіленді [1].
2010

Қазақстан Парламенті Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Заңды 2007 жылғы мамырдың 17-сінде қабылдады. Конституциялық реформа авторы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болды. Ол мемлекеттік комиссияны жəне кейін Жұмыс тобын тікелей басқарды. Бұл шешімді ол еліміздің болашағы үшін жəне демократиялық ел ретінде гүлденіп даму үшін қабылдады. Бұл — еліміз экономикасының теңдессіз өркендеуі, неғұрлым өзекті əлеуметтік проблемаларды шешу дəуірі [1]. Бұл құжат саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын іске асырудың, еліміздің құқықтық кеңістігінде терең өзгерістер жасаудың заңды нəтижесі болып табылады. Еліміздегі экономикалық табыстар, қазақстандық əрбір отбасының əл-ауқатының артуы, өмір сүру стандарттарының өсуі Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа кезеңіне берік тұғыр жасап берді. Біздің елімізде саяси жаңару үдерісі бірте-бірте, қажетті экономикалық жағдайлар жасалуына орай, Қазақстан тəуелсіздік алған сəттен бастап бүкіл ретте біз өзіміздің дербес, қазақстандық даму жолымен жүріп келеміз, бір кездері таңдап алған сол жолмен содан бері келеміз. Əлемдік практиканы зерделеп, талдай келіп, біз нақ осы эволюциялық жолды таңдап алдық.
2010

Заңсыз (қылмыстық) табыстарын легализациялау үшін жауаптылық орнататын шет елдердің қылмыстық заңнамасын зерттеп, игеру отандық қылмыстық құқық ғылымы мен тəжірибесі үшін маңыздылығы зор, өйткені бұл бағыттағы қоғамдық қауіпті əрекеттерді шет мемлекеттердің криминализациялау бойынша заңнамалық тəжірибесі еліміздегі құқықтық жүйенің спецификасын ескере отырып, заңнаманы жетілдіру бағыттарын айқындауға көмектеседі. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасы экономикалық, саяси жəне мəдени салаларда ынтымақтасуды  көздейтін жəне айтарлықтай экономикалық, құқықтық салада жетістіктерге қол жеткізген шет елдердің заңсыз (қылмыстық) табыстарды легализациялауға қарсы қылмыстық құқықтық күрес негіздерін игеру жəне бағалау қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге қарастырылып отырған қылмыс құрамы отандық қылмыстық құқық практикасы үшін айтарлықтай жаңа құбылыс, мұнда шетелдік тəжірибеге назар аудармастан, əрі қарай жетілу қиынға соғатыны анық.
2010

Құқықтық сана құқық қолданумен тікелей байланыста жəне арақатынастары өте тығыз. Құқық қолданатын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға құқықтық сана деңгейін пайдалана отырып, өз құзыры шеңберінде арнайы нормативтік-құқықтық кесімдер, шешімдер, үкімдер, бұйрықтар шығарады. Бірақ құқықтық сананың негізгі идеялары  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін нормаларда бекітілген, жарияланған. Сонымен қатар құқық салаларында көрсетілген қағидалар құқықтық сананың негізгі талаптары болып саналады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы: «Судья істе бар дəлелдемелерді олардың жиынтығымен əділ, жан-жақты жəне толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады». Бұл норма судьяны істі «жан-жақты», «толық» қарауға міндеттеп тұр жəне заң судьяға дəлелдемелерді «өзінің ішкі сенімі  бойынша»  бағалауға,  бұл күрделі жағдайда тек «заң мен ар-ұятты басшылыққа алуды» міндеттеп тұр. Құқық қолдану барысында да, яғни əділ шешім қабылдау үшін, судья заңға бағынып, ар-ұяттың негізінде шешім шығару тиістігі көрсетілген. Ал, əділеттілік əрқашан жоғары, кəсіби дəрежедегі құқықтық сананың қалыптасуын талап етеді [1].
2010

Қазақстанның демократиялық жолмен құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет орнатуы қазіргі өркениетті əлемдік тəжірибеде нық қалыптасқан билік бөлу принципіне негізделеді. Билік бөлу принципіне сəйкес Республикадағы біртұтас мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік əрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сəйкес жүзеге асырылады. Айтылған билік тармақтарының ішінде заң шығарушы билік негізгі орынды иемденеді. 1995-жылғы Республика Конституциясында заң шығарушы билікті жүзеге асырушы жаңа орган — қос палаталы Парламент бекітіліп, бүгінгі күні ол өз əрекетін жүзеге асыруда. Бұл — бұрын-соңды Қазақстан тарихында болмаған жаңа институт.
2010

Қоғамға қауіпті іс-əрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын объективті түрде жалғастыратын себепті байланыс болады. Бұл материалдық құрамға жататын қылмыстардың объективті жағының міндетті белгісі болып табылады. Қылмыстық құқық принципі бойынша қоғамға қауіпті іс-əрекеттен туындаған зардап үшін адам оның əрекеті немесе əрекетсіздігі сол зардаппен себепті байланыс болғанда ғана оған жауаптылық жүктеледі. Қылмыстық құқықта себепті байланысты дұрыс анықтау үшін бірнеше критерийлерді пайдаланады. Оның ең біріншісі мезгіл (уақыт) жөнінен. Белгілі бір нақты қылмыс істегені үшін адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ең алдымен осы қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс-əрекет мезгіл жөнінен қоғамға зиянды зардаптың алдын алу қажет. Себепті байланыстың тағы бір белгісі — істелген іс-əрекеттің нəтижесі ретінде заңда көрсетілген қылмысты зардаптың нақты орын алуы. Сол зардапты туғызуға нақты мүмкіндік жасаған жағдайда ғана адамның əрекеті зардаптың себебі болып табылады. Мұндай жағдайға кінəлі түрде іс-əрекет жатады.
2010