Экономика

Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының қазіргі жағдайы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің пассивтік операцияларындағы депозит нарығына зерттеу жүргізілген. Сондай-ақ еліміздің депозит нарығы қатысушыларына талдау жасалған. Депозит нарығына халықтың қаржы ресурстарын көптеп тарту үшін салымдарға кепілдік беру қоры тарапынан өтелетін өтемақы да қарастырылған. Соның барысында екінші деңгейлі банктердің депозиттік базасындағы заңды жəне жеке тұлғалардың салымдарының үлесі зерттелген. Бүгінде еліміздегі депозиттер мөлшерлемесінің өсуіне валюталық депозиттердің қайта бағалануы мен мемлекеттің қаржы нарығына араласуы оңтайлы əсер етуде.
2016
Əлемдік туристік ағындағы отандық туризмнің даму жағдайы

Мақаланың басты мақсаты — Қазақстанда туризмнің заманауи жағдайын зерттеу жəне осы саланы дамыту бойынша ұсыныстар беру. Авторлар Қазақстанның туризм секторының заманауи жағдайы мен даму болашағына аналитикалық шолу жүргізді. Əлемдік туристік нарықтағы Қазақстанның ролі көрсетілді. Қазақстан Республикасының туристік саласы талданды. Халықаралық туризмнің ел экономикасын дамытудағы шешуші сала екендігі айтылды. Қазақстандағы туризмнің дамуын тежейтін негізгі мəселелер анықталды. Соның ішінде туристік инфрақұрылымның дамымауы, қызмет көрсету сервис сапасының төмендігі, азаматтардың материалдық мүмкіндіктерінің шектеулігі, мемлекет пен жеке сектор мүдделерінің келіспеушілігі, тағы басқа туризм саласының дамуын тежейтін бірқатар факторлар. Осы айтылғандар негізінде қорытынды жасалды.
2016
Ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін факторлардың ерекшеліктері

Авторлар ауылдық аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ортақ белгілерді қарастырды. Қазақстан Республикасының аймақтардың кең байтақ ресурстық əлеуеті бар, сондықтан оларды неғұрлым тиімді жəне ұтымды пайдалана отырып, олардың тұрақты дамуын, толық жұмыспен қамту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының жоғары өмір сапасы мен деңгейіне қолжеткізуге болады. Ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін əр түрлі факторлар арасындағы себеп-салдарлық байланыстар зерттелген. Қазақстан Республикасынның агроөнеркəсіптік кешенін мемлекеттік реттеудің басты мақсаттары тұрғысынан ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін факторлар анықталған. Авторлардың ойынша, аумақтардың ғылыми-техникалық жəне инновациялық əлеуеті, тиісті инновациялық инфрақұрылымы, инновациялық мəдениетін құру маңызды орынға ие. Мақалада инновациялық жəне экологиялық, экономикалық, демографиялық, əлеуметтік факторларды есепке ала отырып, ауылдық аймақтардың одан əрі қарай дамуының шаралары белгіленген.
2016