Филология

 Мақалада Көдек өлеңдерінде өзі жасаған дəуірдің қоғамдық бітімі айқын бедерленді. Ақын заманның сыр-сипатына үңіле отырып, оған өзінің тұрғы-танымдарын, байламын байыптап айтуды дəстүр тұтып, замана сыры, қорлық пен зорлық көріп, азып-тозған ел жайы, халықтың мұң-наласы мен ыза- кегі, арман-мұратының айнасы іспетті көркем туындылар жазды. Халық сөзін айтып, ел өмірінің жанды суретін өз өлеңдерінде бейнелеп берді. Қоғамның, əлемнің даму бағыттарын бағамдап қана қоймай, қоғамдық ой-санаға əсер етті. Оның өлеңдерінде əлеуметтік сарын молая түсіп, жан-жақты көрініс тапты.
2016

Мақала-пікірде Польшаның Краков каласында жарық көрген «Қазақша-полякша сөздіктің» көлемі, мазмұны мен кұрылымы талданып, оның саяси, димпломатиялық, мəдени, біліми, ғылыми мəні мен маңызы көрсетілді. Сөздік Шығыс пен Батыстың қарым-катынасы үшін қажетті еңбек ретінде сипатталды. Аталмыш сөздіктің лексикатану тарихында алатын орны бағаланып, тілтанымдық, лингвомəдениеттік, лингвокогнитивтік, тарихи, əдістемелік жақтары да талданды. Автор 2011 ж. жарық көрген «Қазақша-полякша сөздікті» қазіргі заманауи талаптарға сай екендігін айта келе, қостілді сөздіктің ішкі дүниесі, құрылымы əрі классикалық, əрі жаңашыл деп бағалады.
2016

Мақалада Қырғызстан елінің тəуелсіздік алғаннан кейінгі БАҚ даму жолы қарастырылған. 2011 ж. дейінгі елдің журналистика саласындағы тың өзгерістері мен жетістіктері жайлы сараптаулар жүргізілген. БАҚ-ның электронды жүйеге өту кезеңіндегі қиыншылықтар мен оларды жеңу жолдары баяндалған.
2016

Мақалада қазақ халқының басынан кешкен ірілі-ұсақты оқиғалар көптігі бүгінгі таңда жан-жақты бағасын ала бастағандығы, соның нағыз шынайы көрінісі, халықтың түрлі оқиғаларға деген ашу-ыза, көңіл-күйі шағын тарихи өлеңдерде сəулесін қалдырғандығы туралы айта келіп, айтылу барысында тарихи өлеңдегі арман-тілек, мақсат-мүдде бірте-бірте өсіп-өркендеу арқылы көлемді эпикалық жырлар туғызуға ықпал еткендігі туралы сөз болады. Оның нақты сыр-сипатын ашып, поэтикалық болмыс-бітімін саралаудың ең бір күрделі тақырып бола алатындығын осыдан аңғаруға болады. Себебі шағын тарихи өлеңдегі түйін елдің тағдыр-талайы, бастан кешкен тар жол, тайғақ кешуі екені анық.
2016

Мақалада cуырып-салма ақындарға тəн жыраулық жəне ақындық екі қасиетті де ұштастырған Жамбылдың шығармашылық қызметі суреттелген. Оның өз ұстазы Сүйінбай Аронұлының жарқын ақындық мектебінен жəне Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да белгілі ақындарының мектептерінен өткендігі дəлелденген. Жамбыл шығармашылығында айтыстың барлық түрлері кездесетіндігі көрсетілген. Жамбыл көптеген даңқты ақындармен поэзиялық тартысқа түскендігі жəне олардың бірде біреуінен жеңіліп көрмегендігі көрсетілген. Оның айтысқа мүлдем жаңа идеялар жəне тың тақырыптар енгізгендігі, айтысты рулық-тайпалық санадан жоғарлатқаны, жалпыхалықтық деңгейге көтергендігі, оған өткір əлеуметтік бағыт бергендігі туралы қорытынды жасалған. Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы нағыз ұлтжандылықтың, туған жерге данышпандылыққа шынайы сенімділіктің үлгісі болғандығы паш етілген.
2016

Мақалада соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нəтижесінде өніп шығып, əдеби тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой ағымы бүгінгі күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мəселелердің бірі қарастырылған. ХХ ғасырда пайда болған, өз идеялық бастауын Гуссерль, Кьеркегор еңбектерінен алатын əлемдік ой ағымындағы бұл бағытты Марсель, Ясперс, Бердяев, Шестов, Бубер, Сартр, Камю, Бовуар, Хайдеггер сияқты философтардың қолдағаны мəлім. Сондай-ақ авторлар О. Бөкейдің əлем мен жалғыздық арасындағы қарым-қатынасты көркем игеру барысындағы экзистенциалистік ой-пікірлерін талдап, О. Бөкей шығармаларындағы үлкен философиялық проблема – жатсыну мəселесін жан-жақты зерттеген.
2016

 Мақалада тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы қазақ тіліндегі кейбір атаулардың басқа түркі тілдеріндегі қолданысына талдау жасалған. Зерттеу барысында аталған сөздердің көне түркі тіліндегі қолданысы, этимологиясы сөз болып, қазіргі түркі тілдеріндегі нұсқаларымен салыстырылған. Көне түркілік қолданысының кей түркі тілдерімен ортақтығы, тілдің дамуына қатысты өзгеріске түскен тілдердегі көрінісі мысалдармен дəлелденген. Əр сөздің қазақ тіліндегі қолданысы жеке қарастырылып, жалпы түркі тілдеріндегі ортақтықтары мен ерекшеліктері көне түркі жəне қазіргі түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері, зерттеу еңбектері негізінде сараланған.
2016