Филология

Бұл мақалада антропоөзектік парадигмадағы когнитивтік линг­ вистика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, ғылыми парадигмалар­ дағы орны мен қызметі туралы баяндалады. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұр­ ғысынан қарастыру болып табылатындығы, ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағаланып, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталғандығы айтылады. Ког­ нитивтік лингвистика ғылымының теориялық бағыттары, отандық, шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі зерттелуі жан­жақты қамты­ лады. Когнитивтік лингвистика ғылымының базалық ұғымдары (кон­ цепт, стереотип, фрейм, гештальд, ойбейне, сценарий, т.б.) , негізгі ұстанымдары сөз етіледі. Қазіргі когнитивтік лингвистика ғылымының негізі тіл білімінің дәстүрлі зерттеу нысандарына сүйене отырып анықталатындығы айталады. Ондағы ұғым­түсініктің базалық сипатына тілдік­таным­ дық тұрғыдан қорытынды жасауға болатындығы баяндалады. Ког­ нитивтік лингвистиканың жеке ғылым ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән категориялары болуы шарт екендігі қа­ растырылған.
2015

Мақалада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін­ дегі терістеу арқылы берілетін бағалау концепті талданады. Көркем шығармадағы теріске шығару – өзіндік ерекшелігі мол, күрделі де кешенді құбылыс. Теріске шығарудың лебіздегі бейнесінің өзіндік ерекшелігін саралау, сөздегі мағыналық және мәндік құрылымын зерделеумен тікелей байланысты. Лебіздегі модальдылық, эмо­ ционалды­экспрессиялық, бағалауыштық, байланыстылық, шарт­ тылық мағыналар кейде теріске шығарумен қойындаса жымдасып, араласып кетеді. Мақалада қазақ тіліндегі семантикалық теріске шы­ ғарудың бірнеше грамматикалық тұлғалану жолдары бар екені талда­ нады. Коммуникативтік қызмет атқарушы кез келген мәтін сияқты, өзіндік эмотивтік, апеллятивтік, прагматикалық қызмет атқара оты­ рып, терістеу концепті де үнемі алдыңғы сапта қолданылып, жалпы ішкі мазмұн бірлігінің үндестігін, гармониясын құрайды. Абай өле­ ңінде терістеудің биік үлгісі бар. Мұнда жекелік (жеке бір кісіге ар­ нау мағынасы) сипат жоқ, әлеуметтік негізі ерекше терең. Қай тілде оқылса да, берер түсінік ортақ, терістеудің эмоциялық қабылдануы – ортақ. Авторлық интенция нақты ақпараттарға сәйкес құрылған­ дықтан, ортақ қабылдау мен ортақ түсінікке оңай қол жеткізіледі
2015

Мақалада түркі халықтарының фетиштік қалдықтары, әулиелі, қасиетті орындарға, киелі жерлерге сыйыну, әулиеге табыну салты жайлы айтылады. Әулие культіне байланысты фразеологизмдер және пайғамбар, періште, хор қызы сөздерінен туындаған культтік фразе­ ологизмдердің этнолингвистикасы талданады. Халықтың көптеген ырымдары фетиштік қасиеті бар әулиелі, киелі жерлерге табыну салтына байланысты. Қазіргі діндердегі әулие ұғымы алғашқы қауымдағы адамдардың ата­бабаға табынуынан шыққан. Әулиеге табыну ислам, христиан діндерінде көп тараған. Әулиелерге табыну ата­бабалар әруақтары мен киелі жерлерге табы­ нумен тығыз астарласып кеткен. «Әулие» деп аталатын мекендер өте көп. Сайрам қаласында ондаған «әулие» жерлер бар. «Сансыз бап» деп аты шыққан мұндағы көп «әулие» жерлердің бірі біздің заманы­ мыздың ХІ ғасырының соңы мен ХІІ ғасырдың басында өмір сүрген дінбасылары. Әулие культіне байланысты әулие болса, әулие тұтты, кімнен әулие еді, әулиеден әулие қоймады, әулиеге сыйну, әулиеге түнеді, әулие­әнбие, әулие ата, әулиесу, әулиеден сұрау, әулие ағаш­ қа шықты, әулие алдында, әулиешілік, әулиелі және т.б. сөздер мен сөз тіркестері пайда болған. Сонымен қатар, «пайғамбар, періште, хор қызы» сөздерінен туындаған культтік фразеологизмдердің қол­ данысы туралы да айтылады.
2015

Мақалада саяси лингвистика саласындағы зертттеулердің жаңа бағыттары қарастырылады. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы және ХХІ ғасырдың басында әлемнің саяси құрылымында радикалды өз­ герістер болды. Бұған мысал ретінде бір­біріне дұшпан екі лагерьдің (социалистік және капиталистік) күйреуі, сондай­ақ жаҺандану үдері­ сінің нәтижесінде Европада басталған интеграцияны атауға болады. Саясат, оның институттары мен үдерістері тілге және қоғамдағы тіл­ дік үдерістерге қатыссыз жүрмейді. Саяси институт коммуникация­ сыз өмір сүре алмайды. Сонымен, саяси мәтіндер мен айтылымдар идеологияны, қоғамның табиғи­тарихи даму жүйесін көрсетеді және қоғамдық санаға әсер етудің құралы болып табылады, яғни қоғамды басқару қызметін атқарады. Осыған орай, саяси тілді зерттеу саясат­ тану мәселелерімен, қоғамдағы ойшыл жандардың саяси коммуника­ цияны манипуляциядан құтқаруға ұмтылыстарымен, сондай­ақ, линг­ вистикалық теориядағы саяси өмірдегі лингвистикалық феноменнің (эвфемизмдерді, метафораларды қолдану) ролін анықтау қажеттігі­ мен анықталады.
2015

Мақалада көне түркі жазба ескерткіштерінде ұшырайтын қазіргі түркі тілдерінің тұрғысынан ескірген, архаизмге айналған сөздердің қалай вариантталғаны баяндалған. Қазақ тілінде бұрынғы тұлғасын өзгертіп барып қалыптасқан бірқатар көне түбірлер жайында сөз болған. Мұндай өзгерістерге дауысты, дауыссыз дыбыстардың түсі­ рілу, еріндіктердің езуліктерге айналу, қатаң дауыссыздардың ұяң­ дануы сияқты заңдылықтардың елеулі роль атқарғандығы нақты мы­ салдармен түсіндірілген. Атап айтқанда, қапуғ, қапағ, қапығ, қапы, қабық, қақпа, қап формаларының бір ғана қап көне түбірінен шық­ қандығы негізделген. Сондай­ақ оғыз тілдеріндегі туғур >туғул>то­ ғул >оғул; туғуш>тоғуш>оғуш тұлғалары мен қыпшақ тілдеріндегі туғур>туғул>уғул>уул>ұл; туғус>туғыс>туыс тұлғаларының да даму жолдары қызғылықты түсіндіріледі. Бұл айтылғандардан сөз құрамындағы белгілі бір дыбыстың түсіріліп айтылуы оның түр­тұр­ патын мүлдем өзгертіп, адам танымастай етіп жібергені байқалады. Мұның өзі бұрын жиі қолданылыста болған сөзді архаизмге айнал­ дырған. Мақаладағы мысалдар көне түркі жазба ескерткіштірінің қолжазбаларынан және туыстас түркі тілдерінің материалдарынан теріліп алынды.
2015

Мақала ағылшын тілді балалар әдебиеті туралы жалпы мәлімет­ тер мен бірге әдебиеттің осы саласының бүгінгі даму сатысына жету себептерін талқылаған. Автор алдымен балалар әдебиеті анықтама­ сын беруде көптеген зерттеушілер пікірлері қарастырып, олардың әрқайсысына жеке тоқталған және осы ұғымға түсінік беруде отан­ дық, кеңестік, тіпті шетелдік әдебиетшілердің көзқарастары мен пікірлерін жете қарастырған. Бүгінгі қоғамда әдебиеттің ішінде ба­ лалар әдебиетінің рөлі мен орны туралы кең тоқталып өз талдаула­ рымен бөліседі. Балалар әдебиеті жүйесіне тоқталып, нақты балалар әдебиеті анықтамасын қарастыруда көптеген мысал, анықтамалар­ ға сүйенеді. Ағылшын тілді балалар әдебиеті оның ішінде ағылшын және американ балалар әдебиетінің қалыптасу тарихын сонау халық ауыз әдебиеті тұсынан қазіргі заманғы өкілдеріне дейінгі болған та­ рихи аралыққа шолу жасайды және ондағы өзгерістер, қиындықтар мен даму туралы көптеген мәліметтер береді. Автор заманауи ағылшын тілді балалар әдебиеті зерттеушілері еңбектеріне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы ағылшын тілді балалар әдебиеті жағдайы баяндалынса, кеңестік балалар ақындары, зерт­ теушілері, аудармашылары тарапынан ағылшын тілді балалар әде­ биетінің өзге ұлт балалар әдебиетіне әсері мен дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен тоқталады.
2015

Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны, импровиза­ торлық өнердің өрен жүйрігі Сүйінбай Аронұлының туғанына 2015 жылы 200 жыл толады. Осы айтулы мерекенің қарсаңында біз Сүйін­ бай ақынның шағын көлемді айтыстарын талдап ұсынуды мақсат ет­ тік. Өйткені бұған дейін, негізінен, Сүйінбайдың Тезек төремен және қырғыздың атақты ақыны Қатағанмен болған көлемді, ірі айтыстары­ на көп көңіл бөлінді де, ал шағын айтыстары назардан тыс қалып кел­ ді. Аталған мақалада біз осы бір олқылықтың орнын толтыруға күш салдық. Сөйтіп ұлы жыраудың қазақтың аты көпке мәлім Қаңтарбай, Жантай, Майлықожа сынды жыр жүйріктерімен қысқа­қысқа қағыс­ қан, сөз таластырған, жауаптасқан мөлтек айтыстарын жан­жақты саралап шықтық. Нәтижесінде қалың ел айтқандай, майталман жазу­ шымыз Мұхтар Әуезовтің оны «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп дәріптегеніндей, Сүйінбайдың шынында да алдына жан салмаған азулы айтыскер ақын екендігіне көз жеткіздік. Және де ақынның тілі суретті, бейнелі, өте көркем болып келетіндігін байқадық. Мақаланы жазу барысында тарихи­функциональды, тарихи­генетикалық зерт­ теу тәсілдері қолданылды.
2015

Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының азаттық күрес ұстанымдары, «Қазақ» газеті арқылы азаттық, ағартушылық мұраттарды өрістету өнегесі зерделенеді. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде түрік­ шілдік идеяның көрініс табуын алғаш рет мақсатты, жүйелі зерттеу ауқымында тарихи алғышарттар, мұсылмандық ағартушылық, жә­ дитшілдік ықпалы, Ресей түркілерінің азаттық күрес ұстанымдары мәнінде көркемдік таным зерделеу болып табылады. Қазақ әдебиеті тарихының елеулі кезеңі – ХХ ғасыр басында­ ғы әдеби дамудың айқын көркемдік өрісі – поэзиядағы түрікшілдік идея нақты ақындардың әдеби мұрасы ауқымында талдауға тарты­ лып, жинақтаушылық мәнде сараланды. Жалпытүркілік­жалпыадам­ заттық азаттық мұраттардың рухани кеңістіктегі көркемдік, тарихи­ әлеуметтік әлеуеті айқындалды.
2015

Мақалада С. Елубайдың «Жалған дүние» романының тақырып­ тық­идеялық, көркемдік ерекшеліктері, экзистенциалистік мәсе­ лелер қарастырылады. «Ақ боз үй» трилогиясының үшінші кітабы болған романдағы заман шындығы, образдардың көркемдік жүйесі туындыдағы әдістік сипатпен, эсхатологиялық сарынмен сабақтас­ тықта қарастырылады. Романның бас кейіпкері Едігенің адам бол­ мысы сыналар сын сағатта, шекаралық жағдайдағы экзистенция мәні турасындағы толғанысы, жан дүниесі талданады. Қаламгердің мисти­ ка­философиялық желі мен символдық образдарды, түстерді пайда­ лану тәжірибесі талданып, жаңашыл ізденістері айқындалады.
2015

Автор мақалада К. Қазыбаевтың «Сұрапыл» романындағы за­ ман шындығы мәселесін қарастырады. Кәкімжан Қазыбаев – әде­ биет тарихындағы өз орны, өзіндік қолтаңбасы бар жазушы
2015



Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.