Филология

Ғұлама ғалым, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің морфологиясына 1915 жылы шыққан 2 жылдық «Тіл — құрал» оқулығын арнаған. Автор сөз таптарын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай деп 9 түрге жіктейді [1; 199–262]. Мұнда сан жағынан қазіргі қазақ тілімен сəйкес келіп тұрғанмен, еліктеуіш сөздер жеке сөз табы ретінде айтылмаған. Демеу мен жалғаулықтар дербес сөз табы қатарына саналған. Ғалым зат есімдерге анықтама беріп, оларды мағыналық түрлеріне қарай деректі жəне дерексіз деп бөледі.
2009

Синкретизм кең мағынасында — əр түрлі мəдени шығармашылықтың алғашқы даму үрдісіне қатысты оның жіктелмеу құбылысы. Көбіне-көп бұл термин ғылым мен өнердің əр саласында тарихи дамуды айғақтау үшін қолданылады. А.Н.Веселовский анықтауынша: «Синкретизм — сочетание ритмованных, орхестических движений с песней-музыкой и элементами слова» [1].
2009

Əдебиет өнер шеберлері ішіндегі аса дарындыларының бірі жазушы Сəкен Жүнісов қаламынан туған шығармалар халық өмірінің көркем шежіресі іспетті. Сондай туындының бірі — халық жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналған, тың игерудің қуанышы мен қасіретін барынша терең қатпарларға бойлап көрсете білген, қаламгердің батыл қалпын танытқан «Жапандағы жалғыз үй» романы. Осы көркем туындыда С.Жүнісов қолданған тілдің бейнелеуіш-көркемдеуіш құралдарының ішіндегі ең пəрмендісі — теңеулерді функционалдық топтарға бөле отырып, жазушының сөз қолдану шеберлігіне талдау жүргізсек.
2009

Шəкəрім поэзиясында қазақтың дəстүрлі поэзиясында бұрын-соңды кездеспеген өзіндік болмысымен ерекшеленетін, ырғақтық-интонациялық жүйесі соны, үні мен əуені өзгеше өлеңдер баршылық. Бұл өлеңдердің ішкі табиғаты, яғни тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік жүйесі, ғана өзгеше емес, сыртқы құрылымдық сипаты да жаңа. Абай поэзиясының ішкі-сыртқы əлемін жүрегімен ұғып, терең түсінген ақын ұлы дананың ізімен кете бермей, өзіндік соқпағын салуды мақсат еткендігін ақынның осы «мінезі дара» өлеңдері байқатады. Шəкəрімнің Абайдан үйреніп, оның өлеңдерінен ұғынған басты сабағы — өлеңнің ішкі табиғатына сай сыртқы пішінін табу, ішкі сарайына сай сыртқы сымбатын салу.
2009

Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуы мен дамуының өзіндік заңдылықтары бар. Бұл мəселе назардан тыс қалмай, түрлі зерттеулер бағытында сөз болып келеді. Нақты тақырып ретінде күн тəртібіне түскен сəттерінде айта кетуге болады. Мəселен, қазақ фольклорына байланысты жазылған «Қазақ əдебиетінің тарихы» [1–3] атты еңбектердің бұл сауалдарға кезең жағдайының идеологиясының қиындықтары болса да, ғалымдардың ұжымдық зерттеулері арқылы жауаптар берілді. Сонымен қоса қазақ фольклорының типологиясы, тарихы, поэтикасына қатысты тексерулердің нəтижелерінде де көрініс тауып отырғаны мəлім [4–6].
2009

Ө.Тұрманжанов — І.Жансүгіров дəстүрін жалғастырушы ақын. Бұл ретте Жансүгіровтің қимыл- қозғалысқа, бояуға толы динамикалы «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» өлеңдерін еске түсірсек те жеткілікті. Ө.Тұрманжанов өлеңдерінде де сəбиге тəн бала тілі, асқақ сезім, романтизм, лиризм бар. «Тамаша ғой қыс деген», «Əн салайық айналып», «Балқаш көлге барайық», «Көк гүлдерді жұлмаңдар», «Жасыбайдың үңгірі» өлеңдері балаларға арнау түрінде жазылған. Автор «Тамаша ғой қыс деген» өлеңінде қыс тамашасын шаңғы тебу қызығымен байланыстырады. Алғашқы шумағында қыстың шұнақ аязын алға тартады. Бірақ «қызыл шұнақ аяз» ықшам киінген шаңғышы балаға бұйым емес. Кейінгі үш шумағы шаңғымен сырғыған баланың қимыл-қозғалысы мен оның физиологиялық, эмоциялық өзгеріске түсу жайын баяндайды.
2009

Қазақ өлеңінің сан ғасырлық тарихында үзілмей келе жатқан дəстүр — замана тынысын кең ауқымда көрсету, дəуір тудырған оқиғалар мен өзгерістерді айту, бейнелілік пен көркемдіктің ара жігі ажырамас бірлігі, ерлік пен өрліктің, батырлық пен батылдықтың буындас жүйесі замана сынынан сүрінбей өтіп, біздің уақытымызға өзінің бар-болмысын барынша сақтай жетті. «Қобыланды батыр» бастаған батырлар галереясы Алпамыспен астасып, Ер Тарғын мен Қамбарға, Қарасай-Қази мен Орақ-Мамайға, Қырымның қырық батырына, одан қала берді ерлік пен махаббаттың телқоңыр туындылары Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлуға, Қыз-Жібек пен Төлегенге, олардан кейін туған ғашықтық дастандар мен лиро-эпостық жырларға көшті.
2009

Ертеректегі аңыз-əңгімелердің бірінде егіз туған Қабыл (Каин) мен Ақлима, Абыл (Авель) мен Лабуда алғашқыда мейлінше түсіністікте тату-тəтті өмір сүріпті. Күндерде бір күн үй болу мəселесінің мезгілі жеткенде Қабыл өзінен бөлек туған Лабуданы емес, көркіне қызығып, өзімен бірге дүниеге келген Ақлимаға еріктен тыс үйленіпті. Бұрыннан мінезі кедір-бұдыр Қабылдың бұл əрекет ағайындылар арасына сызат түсірген. Екі жігіттің екеуі де қанша дегенмен ол үйленуден туған алакөздікті ұмытпапты. Əсіресе — Қабыл.
2009

Эпикалық жырлардың таралуына үлкен үлес қосқан оның айтушылары — жыршылар. «Сөз өнерінің дамуына, таралуына жəне сақталуына айрықша қызмет сіңіріп келген жыршылар еңбегі үлкен ілтипат көрсетуді, арнайы сөз етуді керек етеді. Əдетте жыр, толғау жəне басқа түрлі жанрдағы поэзиялық туындыларды жаттап алып, домбыра, қобызға немесе гармонға қосып айтатын дарын иелерін жыршы деп атайды. Елдің көбінің түсінуінше жыршылар тек белгілі текстерді жаттап, оларды жұрт алдында бұлжытпай, қайталап орындаушылар болып саналады. Бірақ жыршының тұлғасы да, сөз өнерінің өзге өкілдері секілді, сан қырлы. Жыршылар ертеден келе жатқан дастан, эпосты жаттап, таратушылар ғана емес, оны, белгілі дəрежеде дамытушылар да болып есептеледі» [1].
2009

Лирикалық прозаның маңызды бөлігінің бірі пейзаж болып табылады. Ол поэтикалық атмосфераны қалыптастыру құралы ретінде қызмет атқарады, оқырманды белгілі бір эмоционалдық толқынға дайындайды. Пейзаж кей жағдайда іс-əрекетті алмастырады. Ол арқылы лирикалық қаһарман шындықпен қарым-қатынасқа түседі, табиғатпен біртұтастықты сезінеді. Лирикалық прозада пейзаждың қызметі ғана өзгеріп қоймайды, сонымен қатар оның өзіндік принциптері де өзгереді. Мұндай шығармадағы автор құбылыстың өзінің толық ерекшелігіне емес, оның тудырған сезімін жеткізуге тырысады. «Эпикалық поэзия образдар мен суреттерді табиғат аясындағы образдар мен суреттерді бейнелеу үшін қолданса; лирикалық поэзия образдар мен суреттерді адамзат табиғатының ішкі негізі болып табылатын сезімді бейнелеу үшін қолданады», — деп жазады В.Г.Белинский [1].
2009

Өлеңнің дыбыстық жымдасуына (құрылымына) неге соншалықты терең назар аударылады? Себебі поэтикалық тіл фонетикалық деңгейде айрықша түрдегі жүйелілігімен (реттілігімен) ерекшеленеді. Бұл, ең алдымен, ырғақтық құрылым, лексика, интонациялық-синтаксистік жүйемен байланысты болатын ұйқастың көмегімен жүзеге асады. Ұйқас поэтикалық тілге тəн сипатымен ерекшеленетін дыбыстық қайталауға сəйкес келеді, сондықтан да, алдымен, ұйқастан тыс тұратын сөздердің қайталануы зерттеліп, танылады.
2009

Сөйлем — күрделі құбылыс. Сондықтан да қазіргі қазақ лингвистикасының маңызды мақсаттарының бірі сөйлемді жан-жақты зерделеу болып табылады. Сөйлемнің түрлі аспектілерінің ішінде құрылымдық-семантикалық аспектіні зерттеу қазіргі кезеңде өзекті мəселеге айналды. Сөйлемді құрылымдық-семантикалық аспектіде зерттеу əлемдік лингвистикада XX ғасырдың 50- жылдарынан, бұрынғы кеңестік орыс тіл білімінде XX ғасырдың 70-жылдарынан қолға алына бастаса, түркітануда, қазақтың тілтану ілімінде бұл əлі де тың жатқан тақырып.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.