Филология

Дидактикалық ойындарды сабақта пайдаланудың маңызы зор, себебі ойындар тіл үйренушінің оқу материалын меңгеруіне қызығушылығын жоғарлатады, тілін дамытады, шығармашылық белсенділігінің артуына əсер етеді. Біздің зерттеу жұмысымызда дидактикалық ойындардың бір ғана түрі — коммуникативтік ойындардың тіл дамытудағы əдістемесін жасау.
2009

Сөз белгiлi бiр затты не құбылысты атап қана қоймайды, сонымен бiрге тiлiмiздегi басқа сөздермен байланысқа түсiп, ерекше образ жасап та қолданылып жатады. Кез келген қаламгер өзi өмiр сүрiп отырған қоғамдағы шындықты оқырманына жеткiзу үшiн бейнелi сөз орамдарын сомдап, белгiлi бiр жанрды, тəсiлдi қолданып, жалпыхалықтық тiлден өзiнiң ой-жүйесiне сай сөздердi таңдап алады жəне оларды тиiмдi, жүйелi түрде жұмсайтыны сөзсiз. Демек, суреткер өз ойын, көзқарасын, əлемдi түйсiнуiн басқаға дəл, нақты, əсерлi, бейнелi жеткiзуде тiлдiң экспрессивтi құралдарын өз қажетiне уəждi қолдануға тырысады. Мұндайда тiлдiң синонимия, антонимия, омонимия, полисемия, фразеология жəне экспрессивтi-эмоционалды потенциалы мол құралдары сезiмге, санаға əсер етеді жəне олардың стильдiк қызметi ерекше ескерiледi.
2009

Кейінгі жылдары қоғамымызда болып жатқан мəдени, саяси, əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысты біраз өзгерістерге ұшырап, қайта қарауды қажет ететін маңызды мəселелердің біріне тіліміздегі пəн атаулары (терминдер) жатады. Cондықтан терминология мəселесіне, оның ішінде салалық терминдерге аса көп көңіл бөлініп, жан-жақты зерттеу жұмысы жүргізілуде.
2009

Философия ғылымы əлемінде «объект» ұғымы «субъект» ұғымымен қатар қолданылып, философияның əр түрлі бағытта жауап беретін негізгі мəселесінің бірі деуге болады. Объект жəне субъект адам қызметінің, іс-əрекетінің екі негізгі жағы, негізгі айқындықтары, соны көрсететін философиялық категориялар. Антика философиясында, мысалы, Аристотельдің еңбектерінде субъект қасиеттердің, қозғалыстардың, белгілердің ненің қасиеттері, қозғалыстары, белгілері екенін көрсететін ұғым деген мағынада қолданған. Яғни субъект — солардың бəрінің негізі, немесе, иесі. Қасиет ненің немесе кімнің қасиеті болса, сол субъект. Ой, сөз не немесе кім туралы болса, сол субъект. Бұл тұрғыдан субъект «субстанция» ұғымына жақын болды.
2009

 Сөйлем — белгілі бір мағыналық жəне интонациялық тұтастыққа ие, грамматикалық тəртіппен байланысқан сөздер тізбегі ретінде көрінетін адамдар тілінің кіші бөлшегі. Жалпы тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде сөйлемге түрлі көзқарастар білдіріліп келді. Сөйлемге байланысты түрлі анықтамаларды қарастыра келе, сөйлемге жаңаша көзқарасты аңғардық. Осы анықтамаларды тиянақтай келгенде, сөйлем сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің, іс пен істің, ой мен ойдың қатынасын көрсетіп, белгілі бір ойды білдіреді десек, сөйлемді дұрыс түсінген болар едік.
2009

Қазіргі линвистикалық парадигмаға «гендер» ұғымы басқа гуманитарлық ғылымдарға қарағанда кейінірек, атап айтқанда, өткен ғасырдың аяғына таман енді. Бұл салаға қатысты еңбектер Батыс тіл білімінде пайда болып, əйел мен ер адамның тілдеріндегі ерекшеліктер туралы алғашқы жүйелі зерттеулер роман-герман тобындағы тілдерде жүргізілді. Ал орыс тіл білімінде осы тақырып бойынша тұңғыш зерттеулер тек өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдарының басында қолға алынып, 90-жылдардың ортасына таман іргелі ғылыми жұмыстар жазылып жарық көре бастады. Біздің республикамыздың отандық тіл білімінде де гендерлік қатынасқа байланысты зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында басталып, қазіргі уақытта жаңа бағыттағы жүйелі зерттеулер жалғасуда.
2009

Телехабарлар өзіндік түр, мазмұн, мақсаты мен берілу формасына қарай ерекшеленіп, əр түрлі жанрда жүзеге асырылады. Ғалым И.Петру бұқаралық ақпарат құралдары туындыларын олардың «адресатқа əсер ету мақсатына, ақиқат өмірді кең түрде ашуына, талдау тереңдігіне, жалпылауына, мəнерлілік-бейнелілік құралдардың қолданылуына байланысты ақпараттық, аналитикалық жəне көркем-публицистикалық жанрларға» бөледі [1].
2009

Ғылым тілі кең ұғым болғандықтан, оның терминдерден өзге де қарастырылуы тиіс мəселелері бар. Ғылым тілі — кең мағынасында ғылыми ойды, ғылыми ақпараттар мен мəліметтерді жеткізу үшін қолданылатын тіл, сондықтан ойлаумен де, ғылым саласындағы адамның іс-əрекетімен де тығыз байланысты. Ғылым тілі — əдеби тілдің жетілгендігін, дамығандығын танытатын оның құрамдас бөлігі. Акад. Ə.Қайдардың сөзімен айтсақ, «ғылым тілі — бүгінде əдеби тіліміздің ең сүбелі саласы, жон арқасы», «ғылым тілі қалыптаса алмаған əдеби тілді толыққанды əдеби тіл деп айтуға болмайды» [1]. Ө.Айтбайұлының ғылым тіліне берген анықтамасына назар аударайық: «Ғылым тілі — ғылыми негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше əдеби тілдің бір түрі. Əдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы.
2009

Экспрессия — латын сөзі, орысшасы — выразительность. Тіл ғылымында экспрессивтілік тура- лы дөп басып айтатын пікір жоқ. Мысалы, француз ғалымы Марузо сөздігінде  экспрессивтілік «мəнерлі» деген ұғымды білдіретіні көрсетіледі де, оған «элементтің, не құбылыстың айтылатын ойға бағалық сипат үстейтін қасиеті» деген анықтама беріледі. Дəл осындай екінші сөздікте экспрессия анықтамасы былай беріледі: «Экспрессия — сөздің мəнерлілік, суреттілік қасиеті. Ол сөзді қарапайым лексикадан ерекшелеп, оған бейнелілік пен эмоционалдық реңк үстейді. Бірақ əрқашан экспрессивтілік бар жерде бейнелілік пен эмоционалдық реңк бола бермейді». Осы сияқты пікірлер көптеп кездеседі.
2009

Қазір біздің университетте де осы əдістеме деңгейлеп оқыту деп енгізіліп, тəжірибеден өтуде. Жалпы əдістемеші-ғалымдар бұл тəсілді үш, бес, тоғыз деңгей деп беріп жүр. Ал біз бүгінде кредиттік жүйедегі осы үш деңгейлі оқыту əдістемесімен химия факультеті студенттерін оқытып, тəжірибеден өткізудеміз.
2010

Асқар Егеубаевтың есімі қалың жұртқа таныс. Ғылыми зерттеулерінен, көркем-əдеби туындыларынан бастап оқырман назарында, жұрт аузында. А.Егеубаев өз заманының сауатты, талантты ақыны болды. Əйтсе де, Асқар Егеубаев дегенде ойыңа, тіл ұшына бəрінен бұрын «Құтты білік», «Диуани лұғат ат-түрк» оралады. Осы еңбектерді тұңғыш рет ана тілімізге аударып жариялатты, зерттеді, ғылыми айналымға қосты. Бұл əдеби мұралардан еліміздің рухани, ақиқатты- этикалық тұлғасын, мəдениетіміз бен əдебиетіміздің тарихы мен дəстүрін көреміз. Ал қалың оқырман үшін қаламгердің шығармашылығы «Мөлдір тұма», «Жүректегі жұлдыздар», «Құс жолы» атты жинақтарға топталған өлең-жырлардан басталады.
2010

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығындағы қоғамдағы өзгерістер ұлт тарихына жаңаша қарауды, сондай-ақ ұлттың мəдени-рухани құндылықтарын тиісінше бағалауды қажет етіп отырғаны мəлім. Аталған мерзімнен басталып бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан құндылықтарды бағалаудың кезеңі қазақ зиялы қауымын алуан ізденістерге апарып отыр. Негізінен, бұл кезеңді ғылыми жағынан нəтижелі ізденістер кезеңі деуден гөрі, жоғалтқанды табу, өшкенді тұтату, көмескіленгенді айқындау — бір сөзбен айтқанда, ұлттың болмысын қалыптастыратын рухани қазынаны түгендеу жылдары деуге болады. Мұндай шақта шынайы көңілден, ыстық ықыластан оралған мұраның орнын тезірек айқындасақ деген асығыстықтан туған асыра немесе жеткізбей бағалау, байыбына жетпеу немесе біржақтылық сияқты жайттар болып жатады.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.