Филология

ХХ ғасырдың басы қазақша ғылым тілінің қалыптасуындағы айрықша кезең болып табылады. Мəселен, 1905–1907 жылдардағы Ресей империясын қамтыған төңкеріс Қазақстандағы қоғам өміріне де демократиялық, əлеуметтік-саяси өзгерістер əкелді. Осы төңкеріске дейін қазақтарда ұлт тілінде жазылған бірде-бір оқулық болмаса, төңкерістен кейін ана тілінде газет, журнал, кітапшалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазуға мүмкіндік туды.
2010

Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі əрбір грамматикалық топтағы сөздердің семантикалық жəне грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Сөз тіркестерінің табиғатын құрылымдық (структуралық) жəне семантикалық аспектіде зерттеудің қажеттілігі мына мəселемен байланысты: сөздің байланысуында оның тұлғалық жағы ғана емес, сөздің ішкі мағынасы да маңызды роль атқарады. Яғни сөз тіркесінің құрамындағы сөздер мағына жағынан бір-бірімен байланысты болғанда ғана өзара тіркесе алады. Бұл жөнінде Л.Теньер былай деп жазады: «Синтаксической связи без связи семантической не существует» [1].
2010

«Пəннің тарихы болмай, пəн теориясы да болмайды, сонымен бірге пəн теориясынсыз оның тарихы туралы ой да болмайды, өйткені пəн туралы түсінік те жоқ, оның мəні де шекарасы да жоқ» [1], — деген ұлы ойшыл Н.Г.Чернышевскийдің тұжырымдамасын еске ала отырып, тарихқа қысқаша шолу жасаймыз. Мұнда біз драманың тарихи қалыптасуына дəстүрлі поэзияның, халық ауыз əдебиетінің, əдебиет дамуының белгілі бір деңгейі алғы шарт болғанын байқаймыз. Сонысымен белгілі бір дəрежеде əдебиеттің осы түрінің синтетикалық сипаты біріктірілген.
2010

Уақыт, заман алдындағы ақындық жауапкершілікті терең сезіну сол ақынды қайраткер тұлғаға айналдырады. Бірақ оған əуел бастан ақындық азаматтық болмыс іргетас болуы шарт. Қандай ақын болса да өнер жолын бастарда бата алады, өзіне серт беріп, жүрер жолын айқындап алады. Бұл қазақ поэзиясында ғана емес, жалпыадамзаттық қадам. Тіпті жалпы өнер атаулыға тəн қадам. Халық жазушысы Əбіш Кекілбаевтың «Əдебиет құрмет тақтасы да, мазақ тақтасы да емес. Ол тек біржақты мақталуға, не біржақты датталуға лайық адамдардан гөрі, өз басындағы драма халық басындағы драманы ашып бере алатын, өз тағдыры халық тарихына ұласып жататын, күрделі де қайшылықты тұлғаларға да көбірек көңіл бөледі» деп жазушының болашақ жүрер жолындағы кездесер кезеңдер мен болар баяндарға сілтеме жасайды [1].
2010

Еліміз еркіндікке қол жеткізіп, əлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне көтерілгелі мəдениетіміз бен əдебиетіміз қайта жаңғырып, театр өнері тарихи дамудың жаңа бір сатысынан көрінуде. Театрдың тірегі — драматургия. «Драма жоқ жерде театр өнерінің ғұмыры ұзаққа бармасы — аксиома. Яғни, театр негізі — əдебиет. Драматургия — əдебиет жанры. Осы ретте драмалық шығарманың екі бағыты айқындалады.
2010

Қазақ əдебиетінің ірі өкілі Мағжан Жұмабаев шығармашылығында тамыр тартып жатқан əдеби үлгілердің бірі символизм екендігі белгілі. Олай болса, «Ақын Мағжанның символизмге айрықша ден қоюының сыры неде? Бұл тарапта оны қызықтырған себептер қандай?» деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітіп көрелік.
2010

Адам образы — əрбір көркем шығарманың жан-жүйесі, негізі. Əдебиеттану ғылымында ұнамды тұлғаны зерттеу мəселесі ешқашан назардан тыс қалған емес. Ұнамды қаһарман бейнесін суреттеу — əдебиет тарихында көне дəуірлерден келе жатқан əдеби-эстетикалық үрдіс. Əр кезеңнің əдеби даму ерекшеліктеріне, халықтың ұлттық болмысына, сол дəуір мен қоғамның саяси-əлеуметтік ұстанымдарына қарай əдеби-көркем шығармалардағы ұнамды кейіпкер тұлғалары авторлардың өмірлік дүниетанымдары мен көзқарастарына сай əр алуан мазмұнда тұлғаланады.
2010

Қазақтың шешендік өнерінің бір арнасы діни шешендіктен желі тартады. Ал діни шешендіктің түп бастауы сонау Араб құрлығына барып тіреледі. Өйткені ежелгі Араб елі шешендігінің негізгі арқауын діни шешендік құрайды. Халықтың əл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігінің біте қайнасқан айнасы іспетті, наным-сенім негізінде пайда болған арабтың діни шешендігінің өзегінде ақ жүрек адалдық пен бəрін де қанағат тұтар қарапайымдылық сияқты халықтық абзал қасиеттерге толы келетін ықпалы күшті, əсері мол көркем тілмен əспеттелетін діни уағыздамалар жатыр. Діни шешендікті риторика ғылымында діни шіркеулік шешендік тұрғысынан «гомилетика» деп атайды.
2010

Сөздің контекстуалдық байланысы, түрлі сөз таптарының семантикалық жəне синтаксистік деңгейдегі тіркесімділігі мен валенттілігі сөз таптарын синтагматикалық тұрғыдан қарастыруда аса маңызды рөл атқарады. Валенттілік теориясындағы өзекті мəселелердің бірі — валенттіліктің сөз таптарына қатысты анықталуы. Жалпы лингвистикалық зерттеулердің басым көпшілігінде, оның ішінде неміс грамматикасында валенттілік құбылысы синтаксистік тұрғыдан етістікпен байланысты қарастырылып, нəтижесінде басқа сөз таптарының валенттілік сипаты назардан тыс қалды. Алайда сөз таптарының ішінде зат есім, сын есім, үстеулердің валенттілік құбылысымен байланысы, валенттілік теориясындағы орны, валенттілік құрылымы туралы мəселелердің зерттелуі Б.А. Адмони, О.И. Москальская, О. Бехагель, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.
2010

Кез келген тілдің сөздік құрамы үнемі жаңарып толығып, жаңаланып отырады. Елімізде соңғы жылдары жүріп жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық жəне басқа да салалардағы өзгерістер, Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдық-əлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне кіруі, сонымен қатар елімізде жүріп жатқан Үш тілдік тұғыр саясаты тілімізге де өзгерістердің, соның ішінде ағылшын тілінен енген кірме сөздердің пайда болуы арқылы толығуына əкелді.
2010

Қазақ тіл білімінде фразеологизм мəселесі негізінде І.Кеңесбаев, Г.Мұсабаев, К.Аханов, М.Балақаев, Ə.Қайдаров, Ə.Болғанбаев, К.Қожахметова, Е.Смағұлова, Р.Жайсақовалардың, неміс тіл білімінде М.М.Копыленко, К.Г.Крушельницкая, З.Д.Попова, А.Д.Райхштейн, Л.И.Ройзензон, А.В.Федоров, К.Флекенштайн, Р.Эккерттардың, француз тіл білімінде Ш.Балли, В.Г.Гак, А.Г.Назарян, Р.А.Будагов, А.Доза, Н.А.Катагощина, Ю.С.Степановтардың еңбектерінде де қарастырылған.
2010

Тіл қойнауында жасырын жатқан жəне бір қарағанда байқала бермейтін байланыстар мен қатынастарды зерттеу қазіргі лингвистикада біртіндеп тұрақты орын алып келе жатыр. Барлық тілдерге қатысты заңдылықтар мен жалпылық сипаттарды анықтаудың тіл теориясының дамуына өзіндік ықпал ететіндігі сөзсіз. Əрбір халық əлемді оларды қоршаған заттарды өзінше елестетіп, қабылдайды. Себебі əр елдің тарихы, төл мəдениеті, ұлттық таным мен талғамы, тілі, діні əртектес болып келеді. Əр тіл — өз ұлтының бойтұмарындай қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе. Тіл адам үшін қарым-қатынас жəне танымдық қызмет атқаратын механизм ғана емес, ақиқат əлемі туралы ақпарат беретін саналы құбылыс.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.