Филология

Туыстас түркі тілдерінің сөздік құрамдарында олардың арасындағы жақындықты көрсететін лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ұқсастықтармен қоса, əрқайсысының өзіне тəн айырмашылықтары да айқын байқалып отырады. Осындай ерекшеліктердің бірі созылыңқы дауыстыларға қатысты болып келеді. Жалпы, дауыстылардың созылыңқы айтылуын ғалымдар түркі тілдерінің бəріне емес, алтай, қырғыз, гагауз, түрікмен, тува, хакас, шор, якут тілдеріне ғана тəн құбылыс екенін жазады [1; 29].
2011

Адамды антропологиялық-лингвистикалық концепт тұрғысынан қарастырғанда, ол — тілдің орталық тұлғасы. Э.Бенвенистше айтар болсақ, «человек в языке» деген ұғыммен синонимдес [1]. Бұл бағыттың негізін қалаушылар қатарына В.Гумбольдт, Э.Бенвенист, В.В.Виноградов, Ю.С.Степанов, Г.А.Золотова жəне тағы басқалар жатады. Сол себептен тілдегі өмір сүретін жəне функционалдық- мағыналық тұрғыдан аясы қарама-қарсы екі ұғымды, атап айтқанда, адам іс-əрекеті мен оның жай- күйін анықтап алған дұрыс.
2011

Қазіргі заманғы лингвистикада тіл біртұтас жүйе, қарым-қатынас құралы жəне таным мен əлемнің тілдік картинасын көрсетуші ретінде қалыптасты. Тілді антропологиялық феномен ретінде жете тануға бағытталған салыстырмалы фразеологиялық сипаттау тəжірибесі мен теориялық фразеологияда зерттеу нысанын кең лингвомəдени контексте қарастыруға талпыныстар жүргізіліп жатыр, «... тілдің рухани мəдениетті құруға қатысты аспектісі мен рухани мəдениеттің тілді қалыптастыруға қатысын қарастыруда».
2011

Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мəселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым- қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тəжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дəуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.
2011

Педагогикалық əдебиеттерде «оқыту əдісі», «оқыту тəсілі», «оқыту амалы» деген тіркесті термин сөздер қолданылады. Бұл сөз тіркестері бірінің орнын бірі басатындай көрінгенімен мағыналық жəне қолданыс жағынан бөлекше. «Оқыту əдісінің» «оқыту тəсіліне» жақын болатын себебі, педагогика еңбектерінде оқыту əдісі оқыту тəсілі деп түсіндіріледі. Мəселен, «[...] оқыту əдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тəрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-əрекетінің тəсілдері» [1; 263]. Тəсіл — оқу міндеттерін шешуге бағытталған амалдардың жиынтығы. «Оқытушы сабақ барысында нақты тақырыпты түсіндіру үшін көрнекі құралдарды, аудиоматериалдарды, түрлі ойын үлгілерін жүйелі түрде қолданса, бұны оқытушының өзіндік əдістемелік тəсілдері деп атауға болады» [2; 10].
2011

«Өнер алды — қызыл тіл», — деп білген халқымыз ежелден сөз өнерін қадірлеген. Мұралардың ең қымбаты, асылы — сөз өнері. Қазақ халқы қымбат сөздің, киелі сөздің құдіретіне бас иген. Сөз өнерінен аяулы, ардақты өнер жоқ, өйткені ол — ұлтымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы, абыройы. Сөз өнерінің негізін, əрине, сөз түзеді. Қазақтың киелі де, қасиетті шешендік өнері «бар өнердің биігі» ретінде саналған. Оған тағы да бір дəлел «Қазақ халқы сөз өнерін жоғары бағалаған. Ол өнердің ұшар биігі де, қоңыр жайсаңы да — біздің қазіргі өміріміз деп білем», — деп жазады ғалым М.Б.Балақаев [1] «Қазақ əдеби тілі» атты еңбегінде.
2011

Қай дəуірді алсақ та, жырауларды сөйлеткен, ақын-жазушылардың қолдарына қалам ұстатқан тақырыптың бірі — қорғансыз жетімдер өмірі. Бұл тақырып əлем əдебиетінде үлкен орынға ие. Дат жазушысы, ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің бір ғана «Шырпы сатқан қыз» деп аталатын ертегі- əңгімесін мысалға алсақ жеткілікті. Ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері», «Дэвид Копперфилд», француз жазушысы Виктор Гюгоның «Аластатылғандар» тəрізді көлемді шығармалары жəне американ жазушысы Джек Лондонның «Жолдан тайған», орыс қаламгерлері А.Чеховтың «Ванька», «Ұйқы келеді», А.М.Горькийдің «Жетімек», А.С.Серафимовичтің «Торғай түн» əңгімелері деп жəне жалғастыра беруге болады.
2011

Шортанбай Қанайұлы шығармаларының келер ұрпақтар үшін бағалы, таптырмас жақтары баршылық. Ең алдымен, ол өз кезіндегі əлеуметтік мəселені тұңғыш рет дерлік тиісті дəрежеге көтере білді. Сонымен қатар бұл мəселені шешуге, өзінің шама-шарқынша жауап беруге ұмтылған əдебиет қайраткерлерінің бірі болды. Ол, бір жағынан, халықтың бай ауыз əдебиетінен, оның тамаша дəстүрлерінен қол үзіп кеткен жоқ. Екінші жағынан — өз тұсында жаңа туа бастаған қазақ халқының жазба əдебиетінің іргесін калау ісіне ат салысты.
2011

Шортанбай Қанайұлы — XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірі. Оның мұрасы күні бүгінге дейін жұртшылыққа жаңсақ немесе жадағай ұғындырылып келді. Бұл түсінікті де. Данышпан жыраудың сөздері елдігінен, мемлекеттік жүйесінен айырылып, отарлық халге түскен арада жұрттың ащы зары, өшпес өкініші, арман-мұратынан нəр алған еді.
2011

Көркем өнердің түрлері мен оның жанрлары бойынша дүниеге келген елеулі туындылары ғасырлар қойнауында ғұмыр кешкен халықтың рухани айнасына айналары шындық. Əйтсе де бізде түрік халықтарының қара шаңырағын ұстап отырған қазақтардың көне заман мен бүгінгі дəуірдегі рухани əлемін танып-білу жолындағы ғылыми əрекеті тым кеш басталды. Бұл кезеңде халқымыз Ресей патшалығының отаршылдық жүйесінен босанып, кеңестік заманда тоталитарлық идеологияның қол астында ғұмыр кешіп жатты. Осы себептен де рухани əлеміміздегі құндылықтарды танып білу мəселесі кеңестік биліктің қызметі таптық таным тұрғысында пайда болған тұрпайы социологиялық көзқарастың шеңберінен шыға алмай тұншығумен келді.
2011

Кеңес дəуіріндегі маркстік-лениндік ілім түп-төркіні əлемдік өркениетпен тоғысатын терең тамырлы қазақ сөз өнерінің тарихи бастауларын айқындауға идеологиялық қысым жасап келді. 1970–80- жылдардағы ұлттық əдебиеттанудағы санаткерлік жəне зияткерлік ой-сана əлеуетінің өсуі тарихи танымға күштеп танылған еуропацентризм қалыбындағы қасаңдық сеңін бұза отырып, қазақ тілі мен əдебиетінің ғылыми өзекті арналарын филологиялық тұтастықта зерттеп зерделеу міндеттерін алға тартты. Ол əлемдік əдебиеттанудағы озық ғылыми-əдіснамалық талаптарға иек артқан жаңашыл ізденістерді қажет етті.
2011

Романтизм əдісі əсіресе поэзиялық жанрлардың құрылымынан маңызды орын алды. Өйткені поэзиялық дəстүрдің қуаты жаңа мүмкіндіктердің ашылуына ықпал етті. «Көркемдік дəстүр, көркемдік-эстетикалық сана өнердің күрделі құбылысы ретінде көрінеді. Бұл көне əдеби мектептермен, ағымдармен, бағыттармен жəне қазіргі көркемдік өлшемдермен арқаулас құбылыс»,— деп С.Негимов айтқанындай, халық ауыз əдебиетіндегі дəстүрлі романтизм, «Зар заман» ақындарындағы əлеуметтік-консервативті романтизм, Абай шығармаларындағы романтикалық бейнелеу қалыптары жаңа дəуірдегі поэзияның эстетикалық-философиялық тұғыры бола алды [1].
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.