Филология

Мақалада ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарындағы қазақ əдеби сынының өзекті мəселелері сөз етілді. Көркемдік даму үдерісін, қаламгерлер шығармашылығын сын талқылауынан өткізудегі, тоталитарлық жүйе қысымындағы сын табиғаты жүйелі талданды. Əдеби сынның жанрлық тұрғыдан ізденістері қарастырылды. Сондай-ақ сынның проблемалық мақала, полемикалық мақала, əдеби шолу, тағы басқа түрлерінің жандана бастауы жан-жақты сарапқа салынды.
2012

Мақалада қазақ əдебиетінің көркемдік дамуының аса маңызды асыл арнасын құрайтын ежелгі дəуір рухани мұрасы жан-жақты қарастырылған. «Қорқыт ата кітабының» үлкен тарауы «Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жырда» бейнеленген ежелгі қазақ салттарының ұлттық тəлім-тəрбиедегі құндылығы талданды. Сондай-ақ əдеби дамудың көркемдік арналары тарихи сабақтастық тұрысынан сараланды. Бүгінгі күнге дейін жетіп қана қоймай, сан ұрпақты ұлттық рухта тəрбиелеп келе жатқан мəдени мұраның əдеби жəне тарихи бірліктегі өзектілігі қазақ жəне көне дəуір əдебиеті дамуының көркемдік үдерісімен бірлікте екшеленді.
2012

Мақалада XX ғасырдың бірінші жартысындағы қытай қазақ əдебиетіндегі əдеби үрдістің негізін қалаған ақындар шығармашылығындағы ыңғайластық жəне үндестік мəселелері қарастырылып, олардың бір бағытта, бір мақсатта қалам тартып ақындық үрдістің дамуына қосқан үлестері сараланды. Ақыт Үлімжіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Көдек Маралбайұлы, Асылхан Мыңжасарұлы, Шарғын Əлғазыұлы, Шылбы Көмекұлы, Досбер Сауырықұлы, тағы басқа ақындар шығармашылығындағы ағартушылық идеяның дамуы мен əлеуметтік сарынның көріну бағыттары əдеби жəне тарихи негізделген бір жүйелілікте зерттелді. Аталмыш ақындардың шығар- машылығындағы əдеби үрдіс пен жаңашылдық мəселесіне салыстырмалық тұрғыда талдау жасалды.
2012

Мақалада айтыс жырларының публицистикаға тəн ақпаратты, насихатшылдық қырлары сөз болып, оның тілдік-көркемдік ерекшелігі əсерлілік тұрғысынан қарастырылады.Сондай-ақ ұлттық тіліміздің ажарын көтерудегі айтыс жырларының журналистикаға тəн көптеген элементтері айқындалып, сөз өнерінің эмоционалды-экспрессивті сипаттары нақты мысалдар арқылы көрініс табады.
2012

Əрбір халықтың салт-дəстүрі, эстетикалық талғамы, əдеп нормалары уақыт өте өзгеріп отыратын тарихи құбылыс. Олар тілде көрінеді жəне сөйлеу əдебінің арнайы ережелері ретінде сөйлеу этикетін анықтайды. Ауызекі қатысым, немесе тілдік қатынас, адамдардың қоғамдағы əдебін қалыптастыратын маңызды үрдіс болса, тіл олардың объективті дүниетанымының деңгейін көрсетеді. Сөйлеу этикетінің табиғатына келсек, сөйлеу этикетінің микрожүйесі — тілдік қатынас барысында əлеуметтік-реттеу қызметін атқаратын тілдік амалдардың жиынтығы. Бұл жүйенің екі жақты бағыты бар, біріншіден, сөйлеу этикеті тілдік жүйеге жатады, оның бірліктері тілдік нормаға тəуелді. Ал, екіншіден, сөйлеу этикеті жалпы этикеттің құрамдас бөлшегі ретінде адамның тəртібін басқаратын əлеуметтік нормалармен тығыз байланысты.
2012

Мақалада қазіргі қазақ жазушысы Д.Исабековтің шығармаларындағы «əйел» концептісінің репрезентациясы қарастырылды. Бір жағынан, ол əмбебап концепт ретінде ментальді əлем бейнесінің барлығына тəн болса, екінші жағынан, ол əлем бейнесінің ұлттық ерекшеліктерін де қамтиды. Концепт тілдегі лексикалық бірліктердің, түрлі сөздіктер материалдары мен мəтіндер көмегімен беріле алады. Жазушы «əйел» концептісінің инвариант жəне вариант типтерін вербалдаған.
2012

Мақалада миф, оның жазба əдебиетіндегі қолданысы зерттелді. Мифтің жаңа дəуір əдебиетіндегі көрінісі жайындағы шетелдік ғалымдардың көзқарастары талданды. Мифтің қазіргі қазақ əдебиетінің поэтикалық құрылымындағы рөлі көрсетілді. Автор Дүкенбай Досжановтың, Тахауи Ахтановтың, Асқар Алтайдың, Б.Сарыбайдың шығармаларындағы мифтік образдар мен мифтік сюжеттерге тоқталды. Қазақ прозасындағы мифологизмнің зерттелуіндегі жаңа міндеттер анықталды.
2012

Мақалада ХХ ғасыр соңындағы қазақ əдебиеттануындағы күрделі өзгерістер Алаш əдебиеті тұлғаларының зерттелуі тұрғысынан қарастырылды, атап айтқанда, Алаш интеллигенциясының көрнекті өкілдерінің еңбектері негізге алынды. Аталмыш бағыт өкілдерінің əдеби жəне ғылыми мұраларын зерттеудегі басты қадамдар анықталып, белгіленді. Кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуімен сабақтас Алаш арыстарының əдеби жəне ғылыми мұрасын зерттеудегі маңызды қадамдар анықталып, сол кездегі қазақ əдебиетінің «алтын» бағыты болып табылатын Алаштану ілімінің ғылыми бағыт-бағдары талданды.
2012

Романтизмге қатысты мəселелер, оның жаратылысы, романтикалық жанрлардың даму барысындағы типологиясы, жекелей романтикалық шығармалардың поэтикалық жүйесін зерттеу қазіргі қазақ əдебиеттануында ерекше көзге түсіп отыр. ХХ ғасыр əдебиеттануында көркемдік əдіс ретінде «романтизм» деген толыққанды ұғым қалыптасты. Романтизм тарихи үрдіспен қалыптасқан, аса күрделі əдеби құбылыс бола отырып, тамыры терең типологиялық зерттеулермен тығыз байланысты, қазақ прозасында романтизм еуропалық контекст арқылы анықталуда, анығырақ айтатын болсақ, əлем əдебиетіндегі жаңашылдықты, дамуды, əр түрлі романтизм түрлерін, əдеби дамудың алдыңғы жəне кейінгі кезеңдеріндегі арақатынасын ескеретін тарихы үдерісте зерттеліп келеді.
2012

Мақалада А.Сейдімбектің күй аңыздарына арналған зерттеу еңбектері қарастырылған. Ол қазақ халқының əдеби шығармашылығындағы осы бағытқа баса назар аударған болатын. Қазақ фольклорындағы музыканың орны əсіресе күй аңыздары арқылы ерекше көрінеді, сондықтан да ол өзінің жұмысының үлкен бір бөлігін дəл осы тақырыпқа арнады. Күй аңыздарының тарихи кезеңдері мен тақырыптары жайлы айтылып, ғалымның ғылыми тұрғыда жанрлық ерекшеліктеріне қарай жіктелуі келтірілген жəне де күйшілердің өмірі мен шығармашылығы жайлы зерттеулері ескерілген.
2012

Мақалада тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы қазақ тіліндегі ата, ана, ұл, қыз атауларына талдау жасалған. Талдау барысында бұл сөздердің көне түркі тіліндегі қолданысы, этимологиясы сөз болып, қазіргі түркі тілдеріндегі нұсқаларымен салыстырылған. Көне түркілік қолданысының қарлұқ, ұйғыр- оғыз тілдерімен ортақтығы, ал фонетикалық өзгеріске түскен тілдер ретінде қыпшақ тобындағы тілдердегі көрінісі мысалдармен дəлелденген. Əр сөздің қазақ тіліндегі қолданысы жеке қарастырылып, жалпы түркі тілдеріндегі ортақтықтары мен ерекшеліктері көне түркі тілінің жəне түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері негізінде сараланған.
2012

Мақалада қазақ тіліндегі бастауыш пен баяндауышсыз толымсыз сөйлем жайы сөз болды. Автор сөйлем толымсыздығының басты шарты контекст екендігіне тоқталды. Тіл біліміндегі зерттеулерді басшылыққа ала отырып, бастауыштың түсірілу cебептері көрсетіліп, тілдік деректермен дəлелденді. Қазақ тілінде бастауыштың түсірілу жағдайы жиі кездесетіндігі сөз болды. Баяндауыштың түсірілуі контекст пен ситуацияға байланысты екендігі көрсетілді. Контекстік толымсыз сөйлемдер дербес сөйлемдердің арасын байланыстырудың амалы екендігі, олардың мəтін түзімдік қызметі ашылды.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.