Халықаралық қатынастар

Бұл мақалада авторлар халықаралық дағдарыстарды реттеу институтының өзгерістерге ұшырауы аясында дамып отырған бітімгершілік саласында БҰҰ мен НАТО-ның өзара əрекеттесуі мəселесін талдау мақсатын қойған. Мақалада əмбебап халықаралық ұйым БҰҰ-ның бітімгершілік саласындағы қызметіне тарихи шолу қарастырылып, ұйымның бітімгерлік қызметінің НАТО сияқты аймақтық ұйымдармен ықпалдастығына сараптама жасалған. Солтүстік Атлант шарты ұйымының өзгеру үдерістері аясында қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету саласында қандай жаңа қадамдар белгіленгендігі айқындалды. НАТО-ның қазіргі заманғы өзгерістерге ықпал ететін нысаналы бағдарлары, құрылу үдерісінің инноваци- ялары көрсетілді. НАТО-ның бітімгершілік саласына байланысты көзқарасы мен қызметі талданды.
2014

Бұл мақалада еуропалық одақ мысалында жаңаратын энергия көздерін игеру, оларды пайдалануҚазіргі ресей-жапон қарым-қатынастарының ерекшелігі екі ел арасында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін   əлі күнге дейін бейбіт келісімге қол қойылмауында. Екі тарап арасындағы көптеген салалардағы ынтымақтастықтың толық мəнінде өз мүмкіндіктерін пайдаланбауына бүгінгі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан аралдар мəселесі өз əсерін тигізіп келеді. Оңтүстік Курил аралдары тобына енетін Хабомаи, Шикотан, Итуруп, Кунашир аралдарының тиістілігіне жапон тарабының өз талаптарын қоюы ынтымақтастықты нығайтуға бөгет жасауда. Алайда екі ел басшыларының аталған мəселе бойынша келіссөздер үстелінде бас қосуы мəселенің шешімін табуда алға жылжу болып табылады. Тек Ресей мемлекетімен ғана емес, Қытай Халық Республикасы жəне Оңтүстік Корея мемлекеттерімен аумақтық даулары бар Жапония үшін Ресеймен экономикалық, энергетикалық ынтымақтастықты үдемелі дамытуды көздеуде. Соңғы жылдары сауда-экономикалық қатынастарда жоғары көрсеткіштерге жетуі соның жарқын көрінісі болып отыр.
2014

Бұл мақалада  еуропалық  одақ  мысалында  жаңаратын  энергия  көздерін  игеру,  оларды  пайдалану-  ды ұйымдастыру жəне болашақ үдерісіне ғылыми талдау жасалынды. Еуропалық одақтың қазіргі энергетикалық саясатында энергияның балама көздерінің орны мен рөлін, осындай балама көздерді дамыту болашағы мен шегін көрсетуге талпыныстар жасалынады. Еуропалық одақтың энергияның балама көздеріне белсенді түрде көңіл бөлуінің себептері қарастырылады. 2008 жылы қабылданған «ЕО-ның жаңа энергетикалық саясатына» энергияны үнемдеу жəне игеру арқылы «ЕО-ның өз энергия ресурстарын барынша пайдалану» стратегиялық міндеті қойылған болатын. Дəстүрлі энергия көздерімен (қайта қалпына келмейтін, сарқылатын) қатар балама энергия көздерін энергия баланста 2020 жылы 20%-ға дейін жеткізу көзделді. Мақалада, сонымен қатар энергияның балама көздерінің негізгі түрлеріне (жел, күн, биомасса энергиясына, кіші су электр станцияларына), осы саладаға қол жеткізген жетістіктер мен оны игеруге қатысты болжамдарға талдау жасалынады.
2014

Бұл мақалада, негізінен, Қазақстан мен Түркия арасындағы серіктестік мəселесі қаралып, осы орайда қазіргі таңдағы екі мемлекет арасындағы басым бағыттар мен өзекті мəселелер сипатталған. Қазақстанмен тарихи байланысы тереңде жатқан Түркия бүгінде еліміздің Еу¬разия құрлығындағы маңызды əрі сенім¬ді əріптесіболыптабылатындығыдəйектеледі. Осысебептендемақаладанегізіненқазақ-түрікқатынасындағы қарқынды дамып келе жатқан салалардағы ынтымақтастықтың даму деңгейі мен болашағына жан- жақты сараптама жасалынған. Сонымен қатар мақалада екіжақты инвестиция салу мəселесін жетілдіру қажеттілігі де қарастырылады. Мақаланың соңында қазақ-түрік қарым-қатынасының келешегіне деген болжау жасалынып, Қазақстан жəне Түркия арасындағы тарихи тамырластық, ортақ мəдени жəне рухани құндылықтар екі ел қатынастарының негізі болып қала бермек деген ой тұжырымдалған.
2014

Қазақстанның еуразиялық одаққа енуі объективті жəне субъективті факторларға байланысты болды. Интеграциялық үдерістердің күшеюі арқылы əртүрлі сұрақтар мен күдіктер де көбейді. Еуразиялық интеграцияның жылдам жүзеге асырылуында экономикалық себептермен қатар саяси, тіпті, геосаяси    да факторлар басым болды. Қазақстанды Ресеймен бірлесіп, одақ құруына қандай себептер итермеледі, интеграцияның философиясы неде, одақты экономика анықтай ма, əлде саясат анықтай ма? Мақалада осы жəне тағы басқа маңызды мəселелерді геосаясат философиясы тұрғысынан қарастырдық. Біздіңше, еуразиялық интеграцияда əзірше экономикадан гөрі, саясат басымырақ. Қазақстан мен Ресей еуразиялық одақтың идеологиялық негіздері, саяси идеалдары мен экономикалық құндылықтарына қатысты ортақ келісімге келуі тиіс. Əйтпесе, одақтың іргесі мықты болмайды, өмірі ұзаққа созылмайды.
2014

Манчжурлер құрған Цин патшалығы – Қытайдың ең соңғы (1644-1911 ж.) абсолютті феодалдық патшалығы. Қытайдың Қазақ хандығы жəне Орталық Азия елдерімен тікелей қарым-қатынастары мен мемлекеттік ше- карасы Цин билігі тұсында қалыптасқан. Цин империясы Жоңғар хандығын жою жəне ұйғыр көтерілісін жаныштау арқылы территория кеңістігін қазақ жеріне тіреген. Цин империясы жоңғарларға байланысты қазақтар туралы ең алғашқы ақпаратты 1697 жылы алған, содан кейін де мəліметтер алып тұрған. Бірақ оған назар аудармаған. Цин империясы Жоңғар хандығына жорық жасау қарсаңында қазақтар туралы əскери ақпараттар жинаған. Олар Əмірсананың мəліметі бойынша Абылай хан жөнінде алғашқы таны- мын жəне саясатын қалыптастырған. Цин империясы Абылай ханды Қазақ елінің ханы деп таныған жəне дипломатиялық қатынас орнатқан. Цин империясы өзінің жоңғар жеріне қоғамдық тыныштығын сақтау үшін Абылайдың талаптарын орындап отырған. Ал Абылай хан «жұмсақ» дипломатиялық тəсілдерді қолдану арқылы саяси-экономикалық жақтарда жеңіске жетті.
2014

Бұл мақалада Оңтүстік Еуропа мемлекеттерінің мұсылман көші-қон үдерісі мəселесі жəне оны реттеуге байланысты саясаты қарастырылған. Оңтүстік Еуропадағы мұсылман көші-қон үдерісіне тарихи шолу негізінде қазіргі таңда орын алып отырған мұсылман көші-қон мəселесі негізгі назарға алынады. Еуропа – иммигранттар үшін тартымды орталықтардың бірі. Оңтүстік Еуропадағы мұсылман миграциясы мəселесі араб əлеміндегі көтерілістерден кейін жаңа күшке ие болды. «Араб көктемі» миграция толқынына алып келді. Əрине, бірінші кезекте Италия, Грекия, Испания елдері Африкаға жақын орналасуына байланысты жапа шекті. Иммигранттар мемлекеттердің сыртқы, ішкі өміріне тікелей əсер етеді. Иммигранттардың келуін шектеуде Оңтүстік Еуропаның миграцияны қадағалау жүйесі əлсіз. Ал еуропалық одақтың иммиграцияға қатысты біртұтас саясаты əлі қалыптаспады. Бұл мəселе бірлікті қажет етеді. Кез келген мəселеге қатысты шешім қабылдауда Еуропа бірлессе, бұл бүкіл Еуропаның жарқын болашағының кепілі болмақ.
2014

Бұл мақалада интербелсенді оқудың әдістеріне қысқаша шолу жасалды. Интербелсенді әдістемені жоғарғы оқу орындарында қолдану мәселелері- шет тілі және өзге тіл тұрғысында оқыту жүйесінде соңғы жылдары кеңінен сөз бола бастады. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Кредиттік жүйеде студенттің өз бетінше дайындалуына көптеген жекеленген тапсырмалар беріледі. Сондықтан дәрісханада ұжымдық (жұптық, топтық) оқуға көбірек көңіл бөлу керек деп ойлаймыз. Шағын топтық (немесе жұптық) жұмыстар тіл үйренушілерде бірлік, бірегейлік (корпоративтік) сезім қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ұжым болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналады. Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің барлығы да өзара қарым- қатынасқа негізделген (интербелсенді) әрекеттерді (мәселен, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмілеге келу, туындаған дауларды шеше білу, бірлесе шешім қабылдау) атқарады. Мұнда біреудің жұмыстан тыс немесе қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады.
2014

Бұл мақалада студенттік ұжымдағы жеке тұлғааралық қатынастың өзара коммуникативті іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы толықтай қарастырылады. Демек, іс-әрекет адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуының ба- сты бағыты бола отырып, жеке адами қасиеттерінің жоғарғы оқу орнында оқу барысында анықталуы өзіндік өмірінің қалыптасуына студенттік ұжымның рөлі маңызды екендігі айқын белгіленген. Сонымен қатар, психо- логия саласының атақты ғалымдарының еңбектеріне көптеген талдаулар мен анықтамалар жасалған. Студенттік ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру деп оқытушының студенттік ұжымға оның мазмұны мен құрылымына әсер ету мақсатында арнайы педагогикалық жағдайларды жасауы және қарым-қатынасқа белсенді әсерін түсіру болып табылады. Ал, «Тұлғааралық қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы басынан өткізгендердің субъективті өзара байланысы, мінез – кұлқындағы объективті көрінетін және бірлескен іс-әрекет үдерісі барысында және қарым-қатынаста адамдардың бір – біріне өзара ықпал ету тәсілі». Яғни, студенттік ұжымдағы жеке тұлғааралық қарым-қатынас маңызды және мәнді.
2014

Бұл мақалада авторлар азаматтық жауаптылық негіздерінің бірі ретінде кінә және себепті байланысқа тоқталып, оларға анықтама беруге тырысқан. Ұзақ уақыт бойы кінә ұғымы туралы, кінә мен құқыққа қайшылық, себепті байланыс ұғымдарының ара қатынасы туралы ғылыми даулар толастамай келеді, сонымен бірге кейбір автор- лар кінәнің белгілері мен құқыққа қайшылық ұғымының белгілерін араластырып қарастырады. Мамандардың көпшілігі кінә ұғымына қатысты мынадай әділетті шешімге келді: кінә – жалпықұқықтық категория болғаны үшін ол барлық құқық салаларында бірдей мәнге ие болуы керек. Бұл сұрақтағы принциптік айырмашылықтар ежелден бастап екі басты тұжырымдамада көрініс тапқан, олардың негізінде зиян келтіру қағидасы мен кінә қағидасы жатыр.
2014

Бұл мақалада автор «унификация» мен гармонизациянға» анықтама беруге тырысқан, олардың нысандары мен әдіс-тәсілдерін қарастырған. Унификация да, гармонизация да зерттелуі мен қолданылуы жағынан біраз уақытты алса да тікелей реттеу саласы мен бағытына қарамастан әлі күнге дейін ортақ анықтама жоқ. Осы саланы зерттеушілердің көзқарастары әр-түрлі болғанымен, олар ұсынған тұжырымдар біркелкі болып келетінін байқауға болады. Сонымен қатар осы мақалада «унификация» мен «гармонизацияның» арақатынасы туралы түрлі көзқарастар талдаудан өткізілген.
2014

Мақалада халықаралық қылмыстық юстиция жүйесі қалыптасуының кейбір тарихи-құқықтық қырлары қарастырылған. Халықаралық қылмыстық сот органдарының маңыздылығы – олардың халықаралық құқық нормалар мен қағидаларды бұзатын, халықаралық қауіпсіздікке, бейбітшілікке, адамның басты құқықтарына, халықаралық қауымдастықтың өмірлік  маңызы  бар  мүдделеріне  қарсы  жасалатын  әрекеттердің  алдын  алу, күресу және жазалаудан тұратын қызметті жүзеге асыратындығында. Алайда бұл органдар жүйесінің қалыптасуы бір неше кезеңнен өтті және көптеген кедергілерді өткерді. Дегенмен халықаралық қылмыстық сот органдары жүйесі қалыптасуының жалпы заңдылықтары мен негізгі себептері бар. Осы заңдылықтарды тарихи-құқықтық қырларын көрсету арқылы қазіргі кездегі халықаралық қылмыстық сот органдары қызметінің ерекшеліктерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.