Халықаралық қатынастар

Мақалада Дүниежүзілік кеден ұйымы шеңберінде тауарды кеден шекарасынан өткізу тәртібі бойынша мемлекеттер ынтымақтастығының кейбір мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар Дүниежүзілік кеден ұйымы салаларының белсенді қызметі; осы ұйымға мүше мемлекеттердегі кеден органдарының қызмет сапасын арттыру; кеден шекаралары арқылы тауар, адам және капитал айналымын реттеудегі үрдістерді жеңілдететін кедендік тетіктерді бірыңғайлаудың құқықтық қырлары және халықаралық кедендік стандарттарға байланысты мәселелер қарастырылған. Қорытындылай келе, авторлар Дүниежүзілік кеден ұйымы аясында кедендік істердегі халықаралық ынтымақтастық мүше мемлекеттер арасында халықаралық құқықтық және ішкі құқықтық жүйе арқылы кеден және сауда қатынасын жеңілдетуге қолайлы жағдай жасайды, халықаралық үкіметаралық ұйымдар қызметі мемлекеттердің экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді, ал Дүниежүзілік кеден ұйымы осындай ынтымақтастықтың институциялық негізі болып табылады деген пікірге келеді.
2015

Мақалада экономикалық өсудің теориялық мәселелері бойынша екі концепция – кейнстік және неоклассикалық концепцияның теориялық пікірталас мәселелері қарастырылған. Барлық неоклассикалық модельдер еңбек пен капитал өсудің, механизм мен бәсекелестерді, нарық агенттерінің нарық конъюнктурасының кез келген өзгерістеріне лезде және дәл жауап беруін жетілдірудің, еркін баға қалыптастыру мен бір фактордың басқасын еркін алмастырудың және капиталдың бір саладан басқа салаға еркін құйылуының факторы ретінде қарастырылатын өндірістік функциядан келіп шығады. Өсудің посткейнстік моделінде келесі байламдар жасалады: инвестициялар жинақтарды анықтайды, жинақтар шығындарға қосылған құнды анықтайды, қосылған құнның мөлшері қалыпты бағаны анықтайды. Көріп отырғанымыздай өсудің басты факторы рөлі инвестицияларға тиесілі, оларды жүзеге асыру іргелі белгісіздік факторларымен байланысты, яғни күтулер жиі-жиі ақтала бермейді. Нарықтық жүйе тұрақсыздығының себебі осында.
2015

Елдер экономикасын трансформациялау тәжірибесін қоса алғанда экономикалық жүйелердің дамуының тарихи тәжірибесі ұлттық шаруашылықтың іргелі мәселелерін шешуде универсалдық құралдар қолдану әрдайым бірдей нәтижелерге алып келе бермейтінін көрсетті. Экономикалық саясатты жүргізу – жүзеге асырылатын ортаның сипаттамаларын, соның ішінде институционалдық орта және қалыптасқан макроэкономикалық ерекшеліктерді мұқият зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты табиғи ресурстармен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуімен сипатталатын Қазақстан экономикасын зерттеу ерекше қызығушылық тудырады. Ресурс байлығы елдің индустриялық-инновациялық дамуына қандай әсер ететінін анықтау маңызды. Бұл мәселені анықтау қалыптасқан жағдайды түсіндіруге айтарлықтай үлес қосып, бір жағынан Қазақстанның экономикалық дамуын болжауға және табиғи ресурстарға бай елдегі экономикалық саясаттың бағыттарын түзетуге мүмкіндік береді. Шынында, экономиканың дамуына кедергі ресурстардың болуының өзі емес, оған сай келетін жауаптар іздеу қажет және солармен байланысты әрекет ету болып табылады.
2015

Мақалада Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы ынтымақтастықтың даму барысы қарастырылған. Соның ішінде екі ел арасындағы барлық салаларда қол қойылған екіжақты келісімшарттардың ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығы сараланған. Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты байланыстардың дамуы барысында дипломатиялық қатынастарды анықтайтын мәселелер де қарастырылған. Қазақстан  Республикасы  мен  Қырғызстан  Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық, тең құқықты әріптестік бағытында даму үстінде. Бұған екі елдің көптеген өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсас және бірдей екендігі дәлел бола алады. Болашақта Қырғызстан мен Қазақстан әрі қарай да өздерінің достастық қарым-қатынастары мен стратегиялық серіктестігінің тереңдетілуін көздеп отырған мемлекеттер екені сөзсіз.
2015

Бұл  мақалада Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа (ОА ЯҚАА) қатысты ядролық державалардың ұстанымына талдау жасалған. ЯҚАА құру жөніндегі келіссөздер барысындағы түйткілді мәселелер мен аймақтың өңірлік ерекшеліктері көрсетілген. Аталмыш аймақта ЯҚАА құрудың геосаяси маңызы оның орналасу жеріне байланысты екендігі атап өтілді. Сондай-ақ ОА ЯҚАА-ның халықаралық-құқықтық мәртебесін шартпен рәсімделу үдерісі талданған. Авторлар, ядролық қарусыз аймақтар идеясының дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ядролық қаруды таратпау тәртібін сақтауға жол ашады деген тұжырым жасайды. Сонымен бірге әлемнің басқа өңірлерінде құрылуы мүмкін осындай аймақтар ОА ЯҚАА тәжірибесін ескеруге болады, ал орталық-азиялық республикалардың өкілдері бұдан бұрын құрылғын әлем аймақтарының халықаралық тәжірибесін ескерді.
2015

Мақалада араб мемлекеттерінің қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі кейбір мәселелері қарастырылады. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс аймағы экономикалық, жағрапиялық және геосаяси, саяси, әскери, көші-қон секілді бірқатар факторлармен анықталады. Әлемнің ең бір тұрақсыз аймағы ретінде де танымал. Араб Шығысындағы аймақтық дағдарыс ақуалы осы аймақта орналасқан мемлекеттердің бір-бірімен мүдделерінің қарама-қайшы болу, аймақтық емес державалардың бәсекелестігі, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстармен де байланыс тапқан.
2015

Бұл мақалада Үндістан мен Бангладеш арасындағы өзекті мәселелердің кейбір астарлары қарастырылады. Үндістан мен  Бангла-  деш арасындағы қатынастарды күрделендіре түскен мәселелер үш санатты қамтиды. Олардың біріне Ганг өзенінің суын бөлісу туралы мәселе жатады. Екінші мәселе – Бангладештен ағылған заңсыз иммигранттар болса, Үндістан жағы олардан қорғану үшін сондай-ақ заңсыз иммигранттардың толқынынан қорғану үшін Үндістан тіпті тікенек сымдардан қорған салған еді. Қатынасты шиелендірген келесі бір мәселе Бенгал шығанағындағы кішігірім бір аралдың кімдікі екендігіне қатысты дау еді. Ол Нью-Мур аралы ретінде және Батыс Бенгалияда Пурбашеби деген атаумен, ал Бангладеште Талпатти деген атпен белгілі. Осы мәселелерді және екі елдің болашақ қатынастарын талқылай келе, мақалада осы мәселелердің шешілуіне кедергі келтіріп отырған факторлар қарастырылады және екіжақты қатынастарды Оңтүстік-азиялық қауымдастық шеңберінде дамытуы жөнінде кейбір  ұсыныстар жасалынған.
2015

Мақала қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі – Еуразиялық Одақ пен Қазақстан тақырыбына арналған. Ғылыми мақалада, автор, Еуразиялық Одақ идеясының пайда болуын, оның даму кезеңдерін, қазіргі кездегі жобаның жүзеге асырылуын, әлемдік саясаттағы маңыздылығын қарастырған. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен Қазақстанның экономикалық мүмкіншіліктерінің артуы мен одақ елдері арасындағы қатынастың дамуы көрсетілген. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін – жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтың тұтастығын, саяси егемендігін және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық одағының идеясы. Еуразиялық Одақтың басым бағыты – прагматикалық өзара тиімді экономикалық бірлесу негізінде болып  табылады.
2015

Бұл мақала қазіргі Қытайдағы ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық өлшемін сараптауға арналған. Ақпараттық индустрияның дамуы, оның ұлттық экономикадағы рөлінің өсуі осы саладағы қауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын арттырған болатын. Ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық өлшемін зерттеуде Қытайдың осы саладағы өзіндік ерекшеліктерінің бар екендігін ескеру қажет. Сонымен қатар, мақалада ҚХР-дағы экономика саласындағы басты қауіп-қатерлер, ақпараттық қылмыстардың негізгі түрлері мен мемлекеттің осы саладағы шараларына шолу жасалады. Қытай үшін ақпараттандырылған экономика өмірлік маңы-  зы бар сала болып табылғандықтан, оған қатысты тиімді саясат пен жауапты органдарды анықтаудың маңызы өте үлкен. Қытайдың бір ерекшелігі: ақпараттық қауіпсіздік саласында бірнеше мүдделі акторлардың болуы, мысалы олардың ішінде Коммунисттік партияның Орталық комитеті, министрліктер, құқық қорғау органдары мен әскери бөлімшелер кездеседі. Қазіргі таңда ақпараттық қауіпсіздіктің экономикалық аспектілерінде ҚХР басшылығы өзіндік саяси бағытты іздену үстінде.
2015

Бұл мақалада энергетикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері мәселесі қарастырылған. Энергетикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілеріне қатысты түрлі авторлардың еңбектері мен көзқарастары қарастырылып келтірілді. Энергетикалық қауіпсіздік халықаралық сауда, жеткізілім және бағамен байланысты бірқатар күрделі факторлардан шығады. Сол себептен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мәселенің шешу жолдарын іздестіруде оны жан-жақты, соның ішінде теориялық зерттеу маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, энергетикалық фактор бүкіл әлемге бірдей әсер етеді. Сондықтан энергетикалық қауіпсіздік мәселесі қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда ерекше назарды қажет етуде. Энергетикалық қауіпсіздік тұжырымдамасын өңдеуші халықаралық қатынастар теориясында реализм мен неореализм, либерализм мен неолиберализм ерекше бөлініп, соның ішінде реализм халықаралық қатынастардағы энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын үстем теория болып табылады. Теориялық  аспектілер Г. Моргентау,  К. Уолц, Р. Гилпин, Б. Бузан сынды тұлғалардың еңбектерінде көрінісін табады.
2015

Мақалада қазіргі кезеңдегі Human security шеңберіндегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының дамуы зерттеледі. Авторлар, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі аймақтың дамуына тікелей әсер ететін мәселелерді екі категорияға бөліп қарастырады. Бірінші категорияға жеке тұлғаның өмір сүруіне ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерді, ал екінші категорияға экологиялық қауіпсіздік мәселелерін  жатқызады. Мақалада, аталған әлеуметтік-гуманитарлық және экологиялық мәселелердің жеке тұлғаның өмір сүру деңгейі мен сапасына үлкен ықпал ететіні дәлелденеді. Босқындар, миграция, адам сату және денсаулық сақтау мәселелеріне кеңінен талдау жасалып, соңғы кездегі статистикалық мәліметтер көрсетіледі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың маңыздылығы анықталады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университетінің  мақсат-бағыттары айқындалады.
2015

Мақала тұтастай әскери күш-қуатты, оның ішінде қарулы күштерді қолданудың мақсаттарын, міндеттерін, нысандары мен тәсілдерін айқындайтын мемлекеттік саяси және қорғаныс құжаттарына (ұлттық қауіпсіздік, стратегияларына талдау жүргізудің негізінде Б.Обама әкімшілігінің әскери саясатының мәнін қарастыруға арналған. Жаһандық деңгейде превентивті әрекеттер доктринасын негіздеу мен оны жүзеге асыру жолдарын іздеу АҚШ қорғаныс идеологиясының жалпы үдерісі ретінде атап өтуге болады. Аталған құжаттардың басты нұсқауы – бұл соғыс сипатының өзгерісін, соңғы жылдары жиналған әскери әрекеттер тәжірибесін, соғыс пен бейбітшілік арасында-  ғы шектің жойылуын ескере отырып, қарулы күштердің жауынгерлік мүмкіндіктерін арттыру мен ұйымдастырушылық өзгерісі арқылы АҚШ қарулы күштерін жаңа шынайылылыққа бейімдеу.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.