Халықаралық қатынастар

Бұл мақалада ядролық қарудан азат аймақтар құрудың халықаралық тәжірибесіне талдау жасалған. Латын Америкасы, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіндегі, Антарктидадағы ядролық қарудан азат аймақтардың (ЯҚАА) өңірлік ерекшеліктері және келіссөздер барысындағы түйткілді мәселелер көрсетілген. Аталмыш аймақтардағы ЯҚАА құрудың геосаяси маңызы олардың орналасу жеріне байланысты маңыздылығы атап өтілді. Ядролық қаруды таратпау мен ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ЯҚАА құру үдерісінің тарихи маңызы көрсетілген. Аталған аймақтар қалыптасуының халықаралық тәжірибесі сипатталып, әлемнің әртүрлі аймақтарында ЯҚАА-ның халықаралық-құқықтық мәртебесін шарттармен рәсімделуі талданған. Автор, ядролық қарусыз аймақтар идеясының дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ядролық қаруды таратпау тәртібін сақтауға жол ашады деген тұжырым жасайды.
2015

ЖОО-­ның тиімді дамуының қажетті алғышарттары, оның бәсеке­ ге қабілеттілігін көтеру, еңбек нарығының талаптарымен сәйкес мо­ дернизациялау инновациялық және әлеуетті интеграцияланған бір­ лестіктерге оқу орындарын жатқызу механизмдерін қалыптастыру болып табылады. Ол мақалада көрініс тапқан себептермен байланыс­ ты. Мәселені шешудің бағыттарының бірі – жекелей курстарды оқы­ ту, жоғары білім беру стандарттарын құру үдерісінде жұмыс беруші­ нің қатысуымен, алатын білім мен қабілеттіліктің тәжірибелік мәнін күшейту контекстінде еңбек нарығының қажеттілігіне бейімделген модульды білім беру бағдарламаларын жаңарту. Бұл орайда ЖОО­-да ең жоғары білікті кадрлардың қызмет атқаруы үшін еңбектерін мара­ паттаудың жағдайларын құру керек. Қалыптасқан жағдайда жоғары білім беру нарығының еңбек нарығымен өзара әрекеттестік механиз­ мін жетілдіру, білікті кадрларды дайындау қажет. Ол үшін әр тарап­ тың өзара мүдделерін ескеретін ынтымақтастықтың қазіргі заманға сай формалары мен институттары талап етіледі.
2015

Бұл мақалада тұрақсыз жұмыс мәселелері және оның пайда болу себептері мен әлемдік қауымдастықтың осы мәселені шешудегі тә­жірибесі қарастырылған. Халықаралық еңбек ұйымының осы әлемдік мәселені шешудегі рөліне ерекше орын берілген. Тұрақсыз жұмыс мәселесі әлемнің жаһандану салдарынан пайда болған құбылыс болып танылған. Әлемнің жаһандануына байланысты халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық бәсекелестік, еркін тауар қозғалысы, халықаралық капитал қозғалысы, трансұлттық компаниялар сияқты түсініктер пайда болды. Еңбек ету мемлекеттегі қоғамның айнымас бір бөлігі болғандықтан, экономикалық даму, макроэкономикалық тұ­ рақтылық, адами потенциалдың қалыптасуы мен дамуы, адамдардың өмір сүру сапасының өсуі, осының бәрі еңбек етумен байланыстыры­ лады. Тұрақты даму үшін адамдарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету керек.
2015

ХХ ғасырдың 60­70 жылдары ғылыми айналымға енгізілген «жа­ һандық мәселелер» түсінігі әрбір адам мен тұтас адамзатқа қатысты мәселе ретінде анықталады. Аталған мақалада жаһандық азық­түлік қауіпсіздігінің себептері мен өзекті мәселелері Қазақстан Республи­ касы агроөнеркәсіптік кешенінің нақты мысалдарымен қарастыры­ лады. Азық­түлік қауіпсіздігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер ре­ тінде азық­түліктің жан басына шаққандағы өндірісі мен тұтынылуы, азық­түлік импортының құрылымы мен импорттық азық­түліктің жан басына шаққандағы тұтынылуы, сондай­ақ республика тұрғындары­ ның азық­түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыздану деңгейі алын­ ған. Азық­түлік қауіпсіздігін орнықтыру мәселесінің негізгі қиыншы­ лықтары оларды шешуге аса зор қосымша шығындар қажеттілігімен байланысты болып отыр. Ал мұның өзі рыноктық қатынастар жағда­ йындағы бәсекелестік шығындарды кеміту арқылы максималды пай­ да алу заңдарымен үйлеспейді. Олай болса, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлеріндегі экономикалық және әлеуметтік мүдделер қайшылықтарын шешу жаһандық проблемаларды еңсерудің мән­ мазмұнын құрайды.
2015

Қазақстан өнеркәсібінің инновациялық дамуының жаңа тұжы­ рымдамалық тәсілдердің бірі кластерлеу болып табылады, оның шеңберінде биліктің, ғылымның, білім мен бизнестік байланысы то­ лық көлемде іске асырылады. Қазақстан өнеркәсібін инновациялық дамыту мақсатымен өнеркәсіптің барлық салаларында кластерлер құру қажет. Өнеркәсіптік өндірісті кластерлік ұйымдастыруды енгі­ зуден синергетикалық әсер көрсеткішін аталған көрсеткішке иннова­ циялар саласындағы, әлеуметтік сала, жаңару саласы мен бірлестік­ терді нарықтық позициялары саласындағы көшбасшылыққа қатысты деректерді кіргізе отырып, өнеркәсіптік кластерлердің экономика­ лық­экологиялық көшбасшылығы саласындағы өзгерістердің  сипа­ ты бойынша бағалауға болады. Осыған байланысты автор өнеркәсіп кластерлерін құрудың синергетикалық әсерін кластерлік бірлестік­ тердің қызметіндегі, не болғанда да болуы және синергетикалық әсерге қол жеткізу тұрғысынан олардың қызмет етуінің тиімділігі ту­ ралы дәлелдеуі тиіс өзгерістерді балмен есептеу негізінде бағалауды ұсынды.
2015

Мақалада Қытайдың Орталық Азия елдеріне экономикалық ену жолдары қарастырылған. Автор қазіргі таңдағы екі тараптың сауда­ экономика саласындағы ахуалы мен мәселелерін талдаған. Сонымен бірге, ҚХР мен ОА өңірі арасындағы қатынастардың Ұлы Жібек Жо­ лын қайта жаңғырту тұрғысындағы ұғыммен айқындалуы маңызды болып табылады. Ежелгі Ұлы Жібек Жолының тармақтарын заманауи талапқа сай құрылымдау екі жақтың мүдделерін тең  анықтайды. Орталық Азия өңірі елдерінің бірқатарында географиялық ал­ шақтық және «жабық есік» саяси ұстанымына байланысты жаһандық экономикалық ықпалдасуларға ену үрдісінде әлсіздік танытатын ел­ дер кешені ұшырасады. Алайда Қытай мен ОА өңірі елдерінің сау­ да­экономикалық қатынастарында бірсалалық тауар алмасу ағымы көрініс тауып, ол басым тұрғыда энерго­шикізат ресурстарымен шектелінеді. Қытайдың өңірді өзінің энергетикалық шикізат қоры ретінде қарау стратегиялық әріптестігіне жол  бермеудің  жан­жақ­  ты қадамдарын тұжырымдау қажет. ОА өңірі елдерінің Қытайға экспортталатын өнімдерінің басым бөлігін дайын өнімдердің құрау перспективасы алдағы уақыттары шешімін табуы тиіс.
2015

Мақалада әлем елдері дамуының біркелкі болмауынан туындайт­ын әлемдік экономиканың көпполярлығы мен тепе-­теңсіздік жағдайы қарастырылған және алдыңғы қатарлы елдердің құрамына кіру неме­ се периферия рөлін ойнау проблемасына талдау  берілген. Зерттеу барысында ұлттық шаруашылықтардың экономикалық даму тепе­теңсіздігі проблемасына көзқарастар эволюциясы, зама­ науи, сонымен қатар техногендік тұжырымдамалар, әлемдік эконо­ микалық даму тепе­теңсіздігінің жаңа нысандарын анықтау және пайда болу  себептеріне талдау жасалған.
2015

Ұсынылып отырған мақалада автор энергияны экологиялық­құ­ қықтық тұрғысынан қарастырады. Энергияның адамзат алдындағы стратегиялық қажеттілігін ескере отырып автор сонымен қоса энер­ гияны құқықтық зерттеу керектігіне назар аударады. Қазіргі уақыт­ тағы түсінік бойынша энергия материалдық зат болмағанын өзінде, адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне ие игілік болып табылады. Қойылған мақсаттарға жету үшін автор нәтижесінде тұ­ жырымдамалық қорытындылар жасалынатын нақты міндеттерді өз алдына қояды. Қорытындысында, экологиялық және энергетикалық заңнаманы интеграциялау мақсатында экологиялық­энергетиалық ресурс ұғымын интерпретациялауды ұсынады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі болып автордың энергия экологиялық құқықтық қа­ тынастардың объектісі бола алады деген тоқтамға келуі.
2015

Мақалада қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын тәр­ кілеу түсінігі мен оның негізгі түрлеріне талдау жасалып, «in rem» тәр­ кілеу түріне ерекше тоқталып өтілген. Бұл мәселенің қазіргі таңдағы халықаралық және ұлттық құқықтық реттелуіне талдау жасалынып, әлем мемлекеттері заңнамасы негізінде ақша қаражаттары мен мүлік­ ті тәркілеудің басты ерекшеліктері қарастырылған. Басты назар Қа­ зақстан Республикасындағы тәркілеу үдерісіне аударылып бұл инсти­ тутты елде жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалған.
2015

Мақалада Еуразиялық экономикалық одақ Сотының құқықтық мәртебесінің негізін белгілейтін нормативтік ережелер қарастырыла­ ды. Бұл ережелер Еуразиялық экономикалық одақ Сотының негізін қалаушы халықаралық­құқықтық құжаттарда: Еуразиялық экономи­ калық одақ туралы Шартта және Еуразиялық экономикалық одақ Со­ тының  Статутында мазмұндалған. Жүргізілген зерттеу барысында Еуразиялық экономикалық одақ­ тың қызмет етуінің қағидалары нақтыланды, Еуразиялық экономика­ лық комиссия шешімі Одаққа мүше­мемлекеттердің аумағында тіке­ лей қолданылуға тиіс болатын ЕАЭО­ң жалғыз жоғары органы болып табылатындығы анықталды, сондай­ақ құқықтық күшіне сәйкес Одақ құқығын құрайтын актілер иерархиясының бар екендігі белгіленді.
2015

Бұл мақала дипломатиядағы шешендік сөйлеу өнеріне арналған. Мақаланың кіріспе бөлімінде ежелгі Греция, Рим және Үндістанмен байланысты көне шешендік өнері – дипломатиялық  сөйлеу  өнерінің тарихы қарастырылады. Негізгі бөлімінде «риторика» сөзіне және қазақтың «шешен» сөзіне толық этимологиялық талдау берілген, шешендіктің қалыптасу тарихы баяндалады. Ежелгі риторика өнері өкілдерінің көзқарастары мен пікірлері қарастырылған, шешен тұлғасының сипаттамасы, сол дәуірдің аса әйгілі саяси қайраткерлері, дипломаттардың еңбектері мен қанатты сөздері талданады. Мақалада шешенге қатысты біліктілік пен дағдылар, көпшіліктің алдына шығып сөйлеуге қалай дайындалу, материал көздері қөрсетіліп, талданады. Қорытынды бөлімінде кез келген жағдайда қолданылатын пайдалы ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі, қазіргі риторикада сөйлеуге дайындалу кезеңдері, жоспар құрудың негізгі ережелері қарастырылады.
2015

Бұл мақаланың басты мақсаты қазіргі уақыттағы қоғамдық қатынастардағы құқық бұзушылықтың, жалпы оның  ішіндегі  меншікке қарсы қылмыстарды айқара ашып көрсету. Әрбір тәуелсіздігі бар мемлекет өзінің алдына қойылған мақсаты ол, құқық бұзу шараларымен толық қанды күрес жүргізу қағидасымен қамтылған. Сондықтан бұл мақалада меншікке қарсы қылмыстардың дәл уақыттағы дамуын, сонымен қатар, мемлекетке бұл қылмыстардың экономикалық жағдайына әсер етуіне ықпалын тигізуі жайлы айтылған. Қазақстан Республикасының басқа да шет мемлекет арасындағы құқықтық қатынастарды орнатудағы меншікке және жеке мүлікке деген қылмыстардың қадағалануы, сондай-ақ ол қылмыстарды болдыртпау салдарын қарастырдық. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке карсы қылмыстар-  ға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.